Қазақстан Рсепубликасындағы сотталғандардың құқықтық жағдайы



бет4/4
Дата31.12.2022
өлшемі184.95 Kb.
#405229
1   2   3   4
Байланысты:
3 takyryp
lekcija 4, lekcija 4, ашык жабык тест, 1неделя далелхан, 5практика Дәлелханқызы, Т здар гидролизі, Жапония мәдениеті мен салт-дәстүрлері, pygame, диссертация, Халықаралық теңсіздік — копия, Бағдарлама, задания, til bilimi 2 tapsyrma, Til bilimine kirispe 11-apta, Til bilimine kirispe 9-apta
жазалаудың 12 түрі белгіленген: а) айып; б) кейбір лауазымды орындарда істеу немесе тиісті жұмыспен айналысу құқығынан айыру; в) қоғамдық жұмыстар; г) түзеу жұмыстары; д) әскери қызметке шектеу; е) бостандықты шектеу; ж) қамау; з) тәртіпті әскери бөлімде ұстау; и) бас бостандығынан айыру; к) өлім жазасы.
Бас бостандығынан айырудан міндетті түрде еңбекке тартып шартты босату мен бас бостандығынан айыру органдарымен міндетті түрде еңбекке тартып шартты босату институттары жойылған болатын.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін дайындағандар жаңа жаза түрін – қамауды енгізді, оны бас бостандығынан айырумен байланстырмайды, дұрысында ол қылмыстық-құқықтық шара болғандықтан бас бостандығынан айыру болып қала береді.
Жазаны атқаруды түзеу шараларымен әсер етуді қосқанда біртұтас жазалау-тәрбиелеу процесін құрастырады.
Сонымен түзеуге әсер ету тәрбиелеу процессінің ерекше түрін көрсетеді. Ол сотталғандарға азап шегу негізі болмау керек. Түзеуге әсер ету педагогиканың жалпы принциптері мен әдісіне негізделеді.
Біздер жазалаудың алдына мақсат пен міндет қойғанда оның кейбір жағымсыз жағдайлардан құтылмайтындығын еске алуымыз керек, себебі бас бостандығынан айыру орындарында азаматтардың шамалылау бөлігі біріктірілген. Сотталғандар өзінше мәдениет құрмақшы (субкультура) болады. Сотталғандардың бұзақылары дұрыстау жағына зорлық көрсетіп, өздерінше «тәрбиелеу үшін» қысым жасайды. Бас бостандығынан айыру әлеуметтік пайдалы байланыстардың үзілуіне, отбасының ыдырауына әкеп соғады. Осының бәрі тәрбиелеу процесіне, сотталғандарды түзету әрекетіне қарсы әсер етеді.
Қылмыстық-атқару құқығы теориясында түзеу әсерінің маңызын құрайтын негізгі элементтерінің есебіне кіретіндері мыналар: қоғамдық пайдалы еңбек, сотталғандармен тәрбие жұмысы, жалпы білім мен мамандыққа үйрету. Ұстауда отырғандағы режимді сөз етсек, онда түзеуге әсер ету шараларының ұсталғандарға жазасын тарттырмайтын жағын жатқызуға болады, атап айтсақ, ол қоғамдық тұрмыс ережесін сақтау (мүлікке ұқыпты қарау, жеке басының тазалығын сақтау, тұрған бөлмесі мен аула ішін таза ұстау т.б.).
Әрине жазаны атқару шеңберінде қолданылатын түзеуге әсер ету, тиісті шегінде іске асырылады және құқықпен белгіленеді. Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандарға педагогикалық әсер еткенде оның түрін, әдісін, тәсілін тәрбиешінің өз бетімен еркін таңдауына қамаудағы ұстау режимінің ережелерін шек қояды. Мысалы, жолықтыру, демалыс беру, телефонмен өйлестіру заңмен белгіленген және олар тәрбие құралы ретінде қаралады. Бірақ оларды беру мезгілі және т.с.с. режим ережесінде көрсетіліп қатаң реттеледі. Сондықтан қылмыстық атқару құқығының нормалары түзеу әрекетін ұйымдастыруда белсенді әсер ететін тәрбиенің кейбір түрлеріе, әдісін, тәсілін қолдануға рұқсат етілетіндерін белгілейді.
Түзеу әрекеті шараларының құқықтық реттеуі, әрқайсысында әр түрлі. Сотталғандарды тәрбиелеу жұмысы, оларға жалпы білім беру және мамандыққа үйретуққұқықпен жалпылама түрде реттелген. Құқық нормасы үйретуге тиісті адамдарды және сотталғандарды жұмыстан босату тәртібі мен жағдайын, өтетін уақытын т.б. белгілейді. Құқықтық реттеудің көлемі шектелгендіктен, психология мен педагогиканың қарамағына әдістерін іске асыру үшін тиісті кеңістік береді.
Сотталғандарды түзеуге бағытталған тәрбие процесіне қылмыстық жазаны атқарушы органдармен бірге жалпы қоғам қатысады. Қылмыстық жазаны қолданудың теріс салдарын ескере отырып, оны қылмыспен күресудің универсалды амалы ретінде қарауға болмайды. Сондықтан тәрбиелеу процессіндегі жолын қуушылық жазаны өтету кезінде де, одан босатылғаннан кейін де әлеуметтік бақылау өте маңызды.

3.4 Бас бостандығынан айыру қылмыстық жазаның түрі ретінде.


Құқық бұзушыларға қазіргі күші бар Заңға сәйкес мемлекеттік құқықтың бірсыпыра шаралары қолданылады, соның бірі қоғамнан айыру (бас бостандығынан айырып) және азаматтық-құқықтық мәртебесін шектеу болады. Бас бостандығынан айыруды қолданудың негізі азаматтық құқыққа қарсы мінез құлық болып табылады. Ол істелген құқық бұзушылықтың қоғамдағы қауіптілігіне, құқық бұзушының жеке басын яғни басқа да себеп, сипатына, ауырлығына байланысты бостандықтан айырудың түрін - әкімшілік-құқықтық, қылмыстық іс жүргізу немесе қылмыс құқықтылығын белгілейді. Осыған байланысты бас бостандығынан айыру әкімшілік, қылмыстық іс жүргізу, немесе қылмыстық және қылмыстық атқару құқығына сәйкес реттеледі. Ал, бұл мәжбүр ету шарасын атқару үшін тағайындалған мемлекеттік органдары мен мекемелері арқылы іске асырылады.


Мемлекеттік мәжбүр етудің бұл шарасы, күші бар заңдарда әр түрлі аталады, яғни «ұстау», «қамауға алу», «бас бостандығынан айыру» және т.с.с. «Бас бостандығынан айыру» айтылған мемлекеттік мәжбүрлеу түрлерінің жалпы түсінігі.
Бас бостандығынан айыру қылмыстық жазаның түрі ретінде қылмыскерлерге әсер етудің әзірге ең басты амалы болып отыр.
Кейбір мемлекеттің өзінің жазалау саясаты сол мемлекеттің ұстаған бағытына байланысты, қылмыс істегендерге бас бостандығынан айыру жалпы жазалаудың ішінде аз орын алады (мысалы, Жапонияда – 5%, Германияда - 10% шамсында, АҚШ-та - 20% дейін, ал басқа елдерде – едәуір жоғары Қазақстан Республикасында барлық сотталғандардың 40% шамасында).
«Бас бостандығынан айыру» түсінігін қарай отырып, қылмыстық жазалаудың бұл түрінің мәні мен мазмұнын белгілеу керек. Әдетте мән деп заттың ішкі, ең басты жағы, оның негізі, онда жүріп жатқан терең процесстер сипатталады, ал мазмұн деп мәннің сырын ашуды айтады. Жазаның мәні бас бостандығынан айырып сазайын тарттыру терінде білдіріледі, ал оның әр түрлі элементтері оның мазмұнын құрайды.
Бас бостандығынан айыру – жазалаудың ең қатал түрінің бірі. Ол бас бостандығынан айыруға сотталғандардың құқық шектеуінің көлемінен, заңмен белгіленген және ең алдымен қылмыстық-атқару тағы басқа да нормативтік актілерден шығады. Бас бостандығынан айырудың мәні – қылмыстық жазаның түрі ретінде көрінгенімен, сотталған ерекше құқықпен, яғни мемлекеттің арнайы мекемесінде сот өкімі белгілеген мерзім кезінде тұруға міндеттеледі.
Заң міндеттеп белгілеген арнайы мекемеде тұру ықпалы элементіне алдымен кіретіндер: сотталғанды еркімен қозғалудан, тұратын жерін өз еркімен таңдаудан айыру, демалу мен білім алу құқығын шектеу, саяси құқығы мен демократиялық еркіндігін шектеу, бостандықта жүрген адамдармен еркін аралауды болдырмау, өзін өзі еркін билеу құқығын шектеу. Бас бостандығынан айыру қылмыс жазасы ретінде түзеу мекемелерінде орнатылған айрықша режимі блып сипатталады да, сонымн бірге режим талабын бұзушыларға мәжбүр ету шараларын қолдану мүмкіндігін береді.
Жазалау элементінің маңыздылығы – ол бас бостандығынан айыруға мәжбүр етіп зәресін алу, яғни соттың мемлекет атынан үкім шығаруы, болған істің шындығын жариялау, оны бас бостандығынан айырудың мерзімінен, түзеу мекемесінің түрі және оның орналасқан жеріне байланысты көпшілік алдында ұялту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы