Қазақстан Рсепубликасындағы сотталғандардың құқықтық жағдайы



бет2/4
Дата31.12.2022
өлшемі184.95 Kb.
#405229
1   2   3   4
Байланысты:
3 takyryp
lekcija 4, lekcija 4, ашык жабык тест, 1неделя далелхан, 5практика Дәлелханқызы, Т здар гидролизі, Жапония мәдениеті мен салт-дәстүрлері, pygame, диссертация, Халықаралық теңсіздік — копия, Бағдарлама, задания, til bilimi 2 tapsyrma, Til bilimine kirispe 11-apta, Til bilimine kirispe 9-apta
Субъективті құқық деп мемлекет кепіл болатын және құқық нормаларымен қамтамасыз етілген адамның белгілі бір кезеңдегі ісіне немесе тиісті игілікке ие болып пайдалануды айтамыз. Заңды міндет — ол құқық нормаларымен алдын ала жазылып қойылған объективті қажеттілігі, құқық қатынас субъектісінің құқықты өкілеттік адам тілегіне лайықты сипаты. Заңдылық міндет белсенді, жағымды әрекет жасауымен қатар, қандай да болмасын әрекеттен тартынуы да мүмкін. Заңды мүдде түсінігі дегеніміз — ол заңмен белгіленген құқық пен бостандықтын мазмұнын қамтымайтын, бірақ мемлекет жағынан қорғалуға тиісті және құқық нормаларымен сақталатын жеке адамның қажетті талабы.
Қылмыстык-атқару кодексі сотталғандардың негізгі міндеттерін былай белгілеген:
1. Сотталғандар осы Кодекспен, өзге де нормативтік-
құкықтық актілермен және үкіммен белгіленген құкықтық
шектеулерден туындайтын талаптарды сақтауға міндетті.
2. Сотталғандар өздеріне белгіленген мінез-құлық ережесін,
жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкімшіліктерінің
заңды талаптарын орындауға міндетті.
3. Сотталғандардың өздеріне жүктелген міндеттерді, сон-
дай-ақ жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар
әкімшілігінің заңды талаптарын орындамауы Қазақстан Рес-
публикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке
әкеліп соқтырады.
Сотталғандардың негізгі құқықтарына кіретіндер:

  1. Сотталғандардың сот тағайындаған жаза түрін өтеудін тәртібі мен жағдайлары, өздерінің құкықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға құқығы бар. Ақпаратты жазаны атқарушы мекеме немесе орган береді.

  2. Сотталғандар жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігіне, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардан жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, басқа мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адам құкығы мен бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстар, өтініштер жасауға, шағымдануға құқылы.

  3. Сотталғандар түсініктеме беруге және хат алысуға, сондай-ақ осы баптын 2-тармағында аталғанындай ана тілінде немесе өзі білетін кез келген басқа тілде ұсыныстар, өтініштер жасауға және шағымдануға, қажет болған жағдайларда аудармашының қызметін пайдалануға құқылы. Сотталғандарға жауап өтініш жасаған тілінде қайтарылады. Өтініш жасаған тілде жауап қайтаруға мүмкіндік болмаған жағдайда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде немесе халықаралық қолданыстағы орыс тілінде беріледі. Жауапты өтініш жасаған тілге аударуды жазаны атқарушы мекеме немесе орган қамтамасыз етеді.

4.Сотталғандар адвокаттардың, сондай-ақ осындай көмек беруге уәкілетті басқа адамдардың заң көмегін пайдалануға құқылы.
5.Сотталғандар әлеуметтік қамтамасыз етілуге, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнет ақы алуына құқығы бар.
6.Қамауға немесе бас бостандығынан айыруға сотталғандар өздерінің денсаулығын сақтау үшін кажетті материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық қамтамасыздандырылу құқығын пайдаланады.
7.Соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарды қоспағанда, сотталғандардың мемлекеттік органдарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
8.Жазасын өтеген және сотталуына байланысты атқарып жүрген қызметінен босатылған адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке орналасуға және тұрмыстық жағынан, әлеуметтік көмектің басқа түрлерін алуға құқығы бар.
9.Жазасын өтеп жүрген адамдардың қызметкерлер тарапы-
нан сыпайылық көру құқығы бар. Олар қатаң немесе адамшы-
лық қасиетін қорлайтындай жағдайға ұшыратылмауға тиіс. Сот-
талғандарға мәжбүрлеу шараларын заң негізінен өзгеше қол-
дануға болмайды.

  1. Қамауға, бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер өз мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдерімен және консулдық мекемелерімен, ал Қазақстан Республикасында дипломатиялық және консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтарының мүдделерін қорғауды өз мойнына алған мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланыс жасауға құқығы бар.

  2. Сотталғандардың құқықтарын іске асыру тәртібі Қылмыстык-атқару кодексімен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік-құқықтық актілермен, Қазақстан Республикасы бекіткен мемлекет аралық шарттармен белгіленеді.

Тыйым салынғанды бұзғаны үшін, яғни белгіленген ұстау режимінің міндеттерін орындаудан бұлтарғаны немесе әдейі міндеттерін орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы