Қазақстан Респуликасының Білім және Ғылым Минирлігі



Дата19.01.2023
өлшемі120.58 Kb.
#417071
Байланысты:
Қали Ерқанат СӨЖ Социология
Оқу сауаттылығы №32 МӘТІНДЕР, рубежка химия №1

Қазақстан Респуликасының Білім және Ғылым Минирлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ
Факультеті:Физика-техникалық


Кафедра:Электр техникасы және энергетикасы

Тақырыбы:Социологияның ғылым ретінде пайда болуы

Орындаған:Қали Ерқанат
Қабылдаған:Мамытканов Дархан

Алматы 2022 ж


Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
Негізгі бөлім............................................................................................................4
1. Социологияның ғылым ретінде пайда болуы...................................................4
1.1. ХХ ғасырдағы социологияның негізгі бағыттары.........................................8
Қорытынды............................................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................12

Кіріспе
Қоғам - бірқатар ілім салаларының зерттеу объектісі. Оны философия, тарих, экономика т.б. ғылымдарының зерттейтіні мәлім. Социология ғылымы да қоғамды өзіндік тұрғыдан қарастырады. Социология өз алдында әлеуметтік ілім ретінде ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты.Социология пәнінің ең түбірлі бір категориясы "әлеуметтік" деген ұғым. Оның мазмұнын дұрыс түсіну қажет. Социологиялық білімнің негізгі қызметі - әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.


Бұл ғылымның "социология" деген ұғымы латын, грек сөздерінен құралған: "societas" - латын тілінде қоғам, "logos" - грекше ілім деген сөз. Демек, социология қоғам туралы ілім деген сөз. Бірақ, біз айтқандай қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан социология - қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзінің объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.Социологияның басқа қоғамдық ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым екені мынадан көрінеді. Социология қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын әлеуметтік құбылыстар, процестер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық.
"Қоғам" деген термин социологияда адамдар арасында болатын алуан түрлі қарым-қатынастардың күрделі жиынтығын білдіреді. Сондықтан, жалпы алғанда, қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі бола отырып, сонымен қатар әрбір ғылым өзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады. Экономика ғылымдарының объектісі - өндіріс, өндірістік қатынастар. Экономика саласымен салыстырғанда, саясаттанудың өз ерекшелігі бар - ол саяси билік жүргізу мәселелерімен тікелей байланысты. Бұл саяси ғылымдардың объектісі. Сонымен бірге қоғамның рухани өмірін, адамдардың рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Социология қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді, адамдардың кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар және тағы басқа әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар т.б.) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды зерттейді. Социология адамдардың өзара қарым-қатынасында білдіретін мінез-құлқы жайлы ғылым деуге де болады.
Социология қоғам дамуының заңдарын да ашады және оларды зерттейді. Осыған орай, социологияны әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары туралы, сол заңдардың субъектілерінің, яғни әлеуметтік үлкен және кіші топтардың ғылымы ретінде сипаттауға болады.
Социология пәні жөнінде ғалымдар арасында жүзден асқан түрлі пікірлер бар. Оларды екі топ пен бағытқа сыйғызуға болады: 1) ғылымның пәнін анықтауды, ғылымның түбірлі ұғымын анықтаумен байланыстырып отырған ғалымдар тобының бағыты. Мысалы, П.Сорокин социологияның пәні тек адамдардың өзара қатынасын, Н.Смелзер - әлеуметтік қатынастарды, В.Ядов - қауымдастықты, Г.Осипов - әлеуметтікті қарастыру керек дейді; 2) социология пәнін өздерінің ғылыми зерттеу жұмысының нақты қортындысымен байланыстырған ғалымдардың пайымдауларын жатқызамыз. Мысалы Э.Дюркгейм - социология пәніне өз зерттеуінің нәтижесі болып табылатын - әлеуметтік фактіні, неміс ғалымы М.Вебер - адамның мінез-құлқын, К.Маркс - әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғамды және оның құрылымдық элементтерін қарастырған.Осы тұрғыдан қарағанда, социология пәніне мынандай анықтама беруге болады: социология - қоғамның құрылысы, өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы және сол заңдылықтардың адамдар мен олардың бірлестіктер және тұтас қоғамның өмірі мен өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары мен әдістері жайлы ғалым.

Негізгі бөлім


1. Социологияның ғылым ретінде пайда болуы
Социологияның алғаш негізін қалаушы француз ойшылы Огюст Конт (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары "Позитивті философияның курсы" деп аталатын алты томдық еңбегі жарық көрді. Осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады. Осы еңбегінен үшінші томында алғаш рет Кант "социология" деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын қойды. Ол социология фактыға негізделуі керек және ол әлеуметтік құбылыстарды жаратылыс ғылымындай тәжірибелік және аналитикалық зерттеу қажет деген.О.Конт социологияның қажеттілігін қалай негіздейді? Бұл мәелені Конт философия саласындағы өзінің адам ақылы дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық және позитивтік (ғылыми) сатылар.
Бірінші, теологиялық сатыда адам құбылыстарды діни негізде түсіндіреді. Ал екінші, метафизикалық сатыда діни негіздерден бас тартады да, құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға негізделеді. Позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылады деп көрсетеді. Содан кейін, ойлаудың қорытындысы ретінде биология пайда болды дейді Конт. Ал, социологияны позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, социология биологиядан кейін, пайда болды. Конт өзінің қоғам дамуы жөніндегі көзқарастарын жүйелей келіп социологияны екі маңызды тарауға бөлді: әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика. Әлеуметтік статика қоғам құрылымының жұмыс істеу заңдарын қарастырады. Бұл бөлімінде негізінен әлеуметтік институттардың, әсіресе: жанұя, мемлекет, дін сияқты институттардың қоғамдық қызметі және қоғамдық бірлікті қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Ал әлеуметтік динамика әлеуметтік жүйенің өзгеру және даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, мұнда Конт қоғамдық прогресс теориясын дамытады. О.Конт қоғамдық прогрестің шешуші факторы ретінде адамның рухани дамуын, ақылының дамуын көрсетеді. Қоғамдық прогреске жетуде материалдық (өмірдің сыртқы жағдайын жақсарту), физикалық (адам табиғатын дамыту), интеллектуалдық (ақыл-ой, діни және метафизикалық дүниетанымнан позитивизмге көшу) және моральдық (адамгершілік пен ұжымдық сезімдердің артуы) алғышарттар ең маңызды болып есептелінеді. Конт қоғамды тірі организммен салыстыра отырып, оны әртүрлі органдар құрастырады және олардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады деп көрсетеді. Демек, бір органның қызметін бүкіл организм жүйесінен бөліп алып қарауға болмайтыны сияқты, қоғамдық жүйеде де оның бір құрылымдық элементінің қызметін қоғамдық бүтіннен тыс қарастыруға болмайтындығын айтады.Конттың қоғам дамуын үйлестіру және оның тұрақтылы проблемалары жөніндегі көзқарастары да аса құнды. Қоғамдағы үйлесім "әлеуметтік жүйенің" тұтастығы мен бөлімдерінің арасындағы үйлесім болып саналады, сонымен қатар оған қоғам өмірінің барлық жақтарының келісімді өзара әрекеті - саяси, экономикалық, рухани, биологиялық т.б. жатады. Оның пікірі бойынша әлеуметтік үйлесімге ғылымның көмегімен жетуге болады.
Социология ғылымының негізін салып, оны дамытудағы Конттың рөлін анықтайтын болсақ, біріншіден, ол алғаш рет қоғамтануда ғылыми тәсілді қолданды. Социологияны әртүрлі эксперименттерге, бақылауларға негізделетін ерекше ғылым ретінде анықтады. Үшіншіден, социология ғылымында эмпирикалық зерттеулерді жүргізу мәселесін көтерді. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.
Англияда социология ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820-1903) есімімен байланысты. Жас кезінен ғылым жолында түскен (темір жол инженері) Г.Спенсер, Дарвинның эволюциялық теориясының ықпалымен, эволюция үрдісімен айналысады. Ол эволюция теориясын дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келді. Спенсердің социологиясының аса құнды жағы - "Әмбебап эволюция заңы". Ол қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат қоғамының тарихында да қолдануға болады деп мойындайды. Спенсердің пікірінше, биологиялық организм сияқты қоғам жай формадан күрделі формаға қарай дамиды. Осыған орай ол биологиялық организм мен әлеуметтік организм арасындағы бірнеше ұқсастықты анықтады. Ол ұқсастықтар мыналар: 1) қоғам биологиялық организм сияқты өзінің дамуы барысында көлемі жағынан өсіп ұлғаяды (мысалы, ұқсас мемлекеттердің ірі империяларға айналуы); 2) организм құрылымы биологиялық эволюция процесі барысында қалай күрделенетін болса, қоғамның да өсу деңгейіне сәйкес оның құрылымы күрделіленеді; 3) биологиялық іспетті әлеуметтік организм құрылымының жіктелуі функциялардың жіктелуімен қатар жүреді; 4) эволюция процесінде биологиялық және әлеуметтік организмдердің құрылымы мен функцияларындағы жіктеліс олардың өзара әрекетінің өсуімен қатар жүреді; 5) қоғам мен биологиялық организм ұқсастығын басқаша, өңін айналдырып қарасақ, онда әрбір организмнің өзі-қоғам, өйткені қоғамның өзі жеке адамдардан құралған. 6) организмдегі сияқты, қоғамның жекелеген құрамды бөлімдері өзінің өмір сүруін белгілі бір уақытқа дейін тоқтатпай жалғастыра береді. Спенсер осындай салыстырмалы ұқсастықтарды көрсетумен қатар қоғам мен организм арасындағы мәнді өзгешіліктерді де баяндады.Адам дамуындағы бастапқы шарт болып есептелетін физикалық, эмоциялық және интеллектуалдық қасиеттерді неғұрлым төмен болған сайын, соғұрлым олар қауымдастыққа бірігуге мәжбүр бола береді деп есептейді.
Спенсер еңбектерінің қоғамды зерттеуде жемісті нәтижелері мол. Оның бірі - әлеуметтік институттардың 6 түрін көрсетуі (үкімет, кәсіби, саясат, дін, білім, отбасы). Сонымен бірге Спенсер социологиядағы құрылымдық - функциялық тәсілдің негізін салды. Ол қоғамды ерекше дискретті организм ретінде қарастырады (дискретті - лат. discretus) деген сөзінен шыққан "жеке бөліктерден құралған" деген мағынаны береді.Қорыта келгенде, Спенсер социологиялық теорияның дамуына едәуір үлес қосты деп айтуға болады.

1.1. ХХ ғасырдағы социологияның негізгі бағыттары


ХХ ғасыр басталысымен қоғамдық даму қажеттігі социология ілімінің алдына күрделі жаңа міндеттер қойды. Олардың бірі социологиялық теорияны одан әрі дамыту болып табылады. Екіншісі - нақтылы зерттеулер жүргізу және неғұрлым жоғары деңгейдегі материалдар алу болды. Социология өзінің дамуында жаңа кезеңге енді.
Батыс социологияның дамуындағы жаңа кезең біріншіден: эмпирикалық (тәжірибелік) социологияның қалыптасуымен және дамуымен, екіншіден: жаңа бағыттар мен теориялардың жарыққа шығуымен, үшіншіден: теориялық және тәжірибелік социологияны біріктіруге байланысты болды. Бұл кезеңнің қамтитын уақыт шеңбері - ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап 90-жылдарға шейін дамыды. Осы кезеңнің негізгі социологияның тенденциялардың бірі ол - эмпирикалық социологияның дамуы болып табылады. 20-30 жылдарды социологиялық зерттеулер әуелі АҚШ-та, содан кейін басқа да елдерде белсенді түрде жүргізіле бастады. Егерде ХІХ ғасырда социологиялық ойдың орталығы Батыс Европа болса, ал ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап дүниежүзілік социологияның орталығы АҚШ-қа ауысты. Ғылымтану ілімінің тұрғысынан айтқанда кез-келген ғылымның пайда болып, аяғынан нық басып кетуі ең алдымен оның ішкі және сыртқы мекемелену - қондырымдануымен (институциялану), яғни әлеуметтік мекеме - қондырымның барлық қасиеттеріне ие болуымен байланысты. Бұл процестер әрқайсысы дәйекті түрде мекемелену ісін тереңдететін бірнеше сәттерді көрсетуге болады:
1) белгілі бір ғылым саласы бойынша маманданатын ғалымдардың сана-сезімінің қалыптасуы, яғни ғалымдар бұл тұрғыдағы зерттеу жұмысында өзінің ерекше объектісі мен ерекше әдістері барлығын түсінеді;
2) арнаулы мерзімдік басылымдардың болуы;
3) ғылыми пәндердің мәліметтерін түрлі оқу орындарының оқу жоспарларына енгізу;
4) сөз болып отырған білімдер тараулары бойынша арнаулы оқу-орындарын ашу;
5) осы білім пәндері бойынша жұмыс жасайтын ғылымдар бірлестігінің ұйымдық түрлерін, яғни ұлттық және халықаралық ассоциациялар құру.
Осы аталған процесс сатыларын социология ғылымы Европа елдері мен АҚШ-та ХІХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап өтті.
АҚШ-тағы социология жоғарыда келтірілген мекемендірілудің 5 сатысынан тез өтті. Сонымен біргі нақтылы, эмпирикалық зерттеулердің үлкен аумағының болу жағдайлары шешуші ықпалын тигізді. Бұл елдегі социология бас кезінен бастап беделді түрдегі университеттік ғылым ретінде қалыптаса бастады. 1901 жылы социология пәні 169 университет пен коллеждерде оқытылады. АҚШ-тағы социология әуел бастан қолданбалы эмпирикалық ғылым ретінде қалыптасты. 1901 жылдың өзінде бұл елде 3 мыңнан аса эмпирикалық зерттеулер жүргізіледі.
ХХ ғасырдағы барлық социологиялық бағыттарды, парадигмаларды үшке бөлуге болады:
- функционалдық (қызметтік);
- дағдарыс (конфликтология);
- символикалық интеракционизм.
Құрылымдық - функционалдық парадигма. Оның өкілдері: Т.Парсонс, Р.Мертон, т.б. Олар қоғамды бір-біріне өзара тәуелді құрылымы бар және қоғамдық бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, қоғамдық құрылымдағы мемлекет, жанұя, дін сияқты кейбір институттар дербес құрылым бола алмайды, керісінше әлеуметтік жүйенің белгілі бір құрамдас бөлігі ғана болып есептеліп, олар қоғам қасиетіне белгілі бір шартты жағдай қажет деп көрсетеді. Ол - сол институттардың қызметтік жағдайы болып табылады. Бұл теорияның өкілдері негізінен қоғамды құрайтын әрбір институттың қызметіне талдау жасай отырып, олардың әлеуметтік жүйедегі тұтастықтың, гармонияның сақталуына қосатын үлесі қандай екендігін анықтап көрсетуге мақсат етеді.
Конфликтологиялық парадигма - бұл бағыттың өкілдері әртүрлі топтардың мүдделерінің әртүрлі болуына байланысты конфликтердің болатындығын көрсетіп, ал ол өз тарапынан қоғамдағы әлеуметтік - саяси тұрақсыздық тудырып отыратындығын анықтау мақсаты қойылады. Яғни, олардың пікірінше, әлеуметтік әртүрлі топтардың болуына және олардың мүдделерінің бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты қоғамда әр кезде конфликтік потенциалдың болуы табиғи құбылыс болып есептеледі.
Конфиликтік парадигмасының қазіргі өкілдерінің бірі, неміс социологы Р.Дарендорф. Оның пікірінше, таптар арасындағы табысы жағынан алшақтық жойылуда деп айта келе, ол елдердегі бүгінгі өзекті мәселе, ол өндіріс құрал-жабдықтарға қожалық пен оған бақылау жасау құрылымдары арасындағы үйлесімдіктің бұзылуы. Осыған байланысты конфликт көзі басқару жүйесіне ауысқан. Ол белгілі бір индивидтің мекеме шеңберінде қандай да бір әлеуметтік рөл атқаруынан туындайтындығын көрсетеді. Өйткені кез келген басшы өз деңгейінде, өз статусына байланысты ресми түрде шешім қабылдауға құқы бар, ал оның жұмыскерінде ондай құқық жоқ. Осы жағдай, Дарендорфтың пікірінше, қазіргі посткапиталистік елдерінде конфликтердің негізі бола алады.
Символикалық интеракционизм бағыты. Бұл концепцияның өкілдері әлеуметтік әрекетке көңіл бөлу еді, яғни бұлар кіші шеңберіндегі (әлеуметтік өзгерістер) интеракциялық жағдайларға баса назар аударады. Адамның қалыптасқан ортасындағы құрылымдық қатынастың көрінісін береді, сол ортадағы символдарды қабылдаудан тұрады, әрі индивидтің сол ортадағы рөлінен құралады деп көрсетеді. Адамдар өзінің адамдық қасиетіне тек өздері өзара символдар арқылы қарым-қатынас жасаған жағдайда ғана ие бола алады деген пікірді жақтайды. Символдың ең негізгісі тіл деп көрсетіледі. Символ адамдардың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас құралын қамтамасыз етеді. Дж. Мидтің пікірінше, символсыз адам арасындағы қатынас жоқ, адамзат қоғамының болуы да мүмкін емес. Сонымен, бұл бағыттың мәні - әлеуметтік өзара қимыл - әрекеттердің символдық жақтарына талдау жасау. Әлеуметтік символдардың сыртында индивидтің қимыл-әрекеттерін әлеуметтік ережелермен және тәртіп үлгілерімен сәйкестендіру қызметі жатыр.

Қорытынды


Әлеуметтану бұл адамдардың әлеуметтік қатынастарын және олардың институттарын зерттейтін әлеуметтік ғылым. Социологтар топтардың, ұйымдардың, қоғамдардың құрылымын және осы контексте адамдардың өзара әрекеттесуін зерттейді.Сондықтан олар адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастардан бастап мемлекеттер немесе компаниялар арасындағы қатынастарға дейін зерттейді.Социология термині 1824 жылы осы пәннің аталарының бірі Огюст Конттың арқасында пайда болды. Оның басты мақсаты адам мен олар құратын қоғамдарды зерттеу болып табылады.
Социология адамдардың өзара қарым-қатынасында білдіретін мінез-құлқы жайлы ғылым деуге де болады. Социология қоғамның әлеуметтік өмірін және адамдардың кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар және тағы басқа әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар т.б.) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды зерттейді.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Әлеуметтану:Оқу құралы /Д.С. Орынбекова. Алматы, 2010. – 79б.
2. https://bankreferatov.kz/socialog/471-sociologiya.html




Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан