Қазақстан Республикасының саяси құрылымы
Мен Қазақстан Республикасының , яғни тәуелсіз,
зайырлы мемлекеттің азаматшасымын.Қазақстан Республикасы-
өз алдына тәуелсіз мемлекет.Ал тәуелсіз мемлекеттің өзіндік құрылым жүйесі болады.Ол құрылымның ең басты бөлігі саяси құрылым. Ал саяси құрылымға не кіреді? Алдымен осы сұрақтарға тоқтала өтейік.
Демек біз мемлекеттің құрылымын зерттей келе, саяси партияны, саяси режимді, басқару формасын, сыртқы және ішкі саясатын талдаймыз. 1991 жылы дейін елде тек жалғыз коммунистік партия болды. Ол 1991 жылы таратылған КОКП құрамына кірген болатын. Қазіргі таңда елде конституцияға сәйкес көппартиялық жүйе енгізілген.Қазақстан Республикасының Конституциясы констициялық құрылымды өзгеруге және республика біртұтастығын, қауіпсіздігін бұзуға бағытталған ұйымдардан басқа партиялар мен ағымдарға кепілдік береді. Заңмен қарастырылмаған әскери ұйымдардың құрылуына жол берілмейді. Қоғамдық бірігімдердің іс-әрекеттеріне мемлекеттің заңсыз араласуына рұқсат берілмейді.
Демек,саяси партия мемлекет құрылымындағы ең басты жүйе болып табылады.
Енді мемлекеттік басқару жүйесін зерттей келе түсінгенім, басқарудың да өзіндік түрлерге бөлінетіні және маңызы мемлекет үшін өте жоғары. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқарудың жүйелілігі туралы. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құрудың объективтік және субъективтік факторлары. Мемлекеттік органдарды сыныптаудың негіздері. Мемлекет аппараттарының ұйымдастырушылық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық, саяси, республиканың дамуынан, әкімшілік-аумақтық құрылымынан, аумаққа қызмет көрсету шеңберінен, халқының санынан және басқа да жағдайлардан тәуелділігі. Осылардың бәрі басқарудың өзіндік жүйесі болып табылады.
Өз алдына тәуелсіз мемлекетте саяси институттарда міндетті болып табылады. Қазақстандағы осы саяси-мемлекеттік институттың қызметіне келсек, жиырма жылдан астам уақыт президенттік институттың ұтымды жақтарын көрсетіп берді. Біріншіден, Президентті бүкіл халықтың сайлауы, бүтіндей алғанда, саяси жүйенің демократиялық легитимділігін көрсетеді, өйткені, Президент қызметі қашан да көпшілік сайлаушылардың мүддесін білдіреді. Екіншіден, билік тармақтарының аражігінің анықталып, президенттік институттың қызметі демократиялық саяси жүйедегі әртүрлі шектеулер мен өкілдіктер арқылы саясат таразысын тең ұстауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, бүкілхалықтық сайлау арқылы сайлаушылар саяси жүйенің бүкіл қызметіне принципті, жанды өзгерістер енгізе алады, саяси құндылықтар мен басымдықтарда сабақтастықты қалыптастырады. Осы жылдары жаңадан қалыптасқан, кеңестік жүйеде болмаған биліктің маңызды тармағы – қос палатадан тұратын Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы қос палаталы Парламент болды.
Келесі сыртқы саясатқа тоқтала өтсем... Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді.
Яғни осы қарқынды саясаттың арқасында Қазақстан Республикасы алдыңүы қатарлы елдердің қатарынан орын алды.Мен өз елімнің үздік саяси құрылымына аса құрметпен қараймын.
Достарыңызбен бөлісу: |