Қазақстан Республикасының Президенті жолдауындағы Ұлттық білім берудегі тірек мектеп орталығындағы білім сапасын арттыру жолдары «ххі ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта



Дата09.09.2017
өлшемі22.61 Kb.
#19810
Ахметжанова Санды Саттыбаевна

математика пәні мұғалімі

Шортанды ауданы «Шортанды №3 орта мектебі» ММ
Қазақстан Республикасының Президенті жолдауындағы Ұлттық білім берудегі тірек мектеп орталығындағы білім сапасын арттыру жолдары
«ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз!»-деп елбасымыз айтқандай,ел болашағы, әрине, жастар қолында.

«Индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын.» деген Елбасының 2015 жылға арналған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты жолдауында білім саласына орасан зор көңіл мен қаражат бөлініп отыр. Білім баспалдақ сияқты төменнен жоғарыға тек өрлеу арқылы дамиды. Сондықтан мектептегі білім нақты болмаса, болашақ күмәнді болары сөзсіз. Осы мақсатта білім саласында көптеген өзгерістер жасалуда.

Сапалы білім қоғам дамуының негізгі ресурсы екенін ескерсек, білім

беруге деген көзқарас түбірімен өзгеруі тиіс. Қазіргі уақытта мектеп

реформасына көптеген өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі

түбегейлі өзгеріп жатқаны белгілі.

Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саналы жан - жақты өзгертуге бағытталған кешенді шығармалармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мақсаты, бағыты, сипаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болуына, ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кірігуіне тығыз байланысты. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқаудағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагог - мамандарға үлкен жүк артады. «Тәлім - тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі іс - әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді» - деген

Ы. Алтынсариннің айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше.

Жаңа технологияны жетік меңгеру сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Осы мақсатта Ақмола облысы Шортанды № 3 тірек мектебі (ресурстық орталығы) ұйымдастырылып өз жұмысын жалғастыруда. Жалпы Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылға арналған Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын, 2011-2015 жылдарда Ақмола облысын дамыту бағдарламасындағы шағын жинақты мектептердің мәселесі бөлімін іске асыру мақсатында, Білім басқармасының 2011 жылдың 27 тамызындағы №323 бұйырығы незізінде Шортанды білім бөлімі 2011 жылдың 2 қыркүйегінде №194 «Тірек мектеп - ресуртық орталық ашу туралы» бұйрық шығарды. Осы бұйрық негізінде Қазақстан Республикасының Президентінің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған, барлық техникалық құралдармен жабдықталған Шортанды №3 орта мектебінде ресурстық орталық ашылды. Дәл осы материалдық базаның жеткіліктілігі мен мектептік кадрлық құрамы осы мектепте ресурстық орталық ашуға мүмкіндік тудырды. Ресурстық орталығының негізгі мақсаты - шағын жиынтықты мектептерінің оқушыларын _ОЖСБ-қа және ҰБТ-ге қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі ,математика, физика, химия, биология және Қазақстан тарихы, география негізгі пәндері бойынша дайындау, техникалық құрал-жабыдықтарын пайдалана отырып, оқушыларға сапалы да саналы тәрбие беру. Орталықтың алғаш ашылған кезінде Степной ШЖО мектебі және Егемен ШЖН мектептері магниттік мектеп болды. Бірақ 2013 жылы Егемен негізгі мектебі бастауыш мектеп болып өзгеруіне байланысты ол мектептің оқушылары Бектау ШЖО менктебіне интернатқа орналастырылды. 2012 жылдан бастап Бектау орта мектебі қосылды.

2011-2012 жылдардан бастап бүгінгі 2014-2015жылға дейін тірек мектебі өз жұмысын абыроймен атқарып келе жатыр. Жетістіктеріміз де аз емес. Қазіргі білім сапасы ҰБТ- мен есептелетін заманда өткен оқу жылында, яғни 2013-2014 оқу жылында осы тірек мектеп базасындағы Степной орта мектебінің түлегі оқушысы Шакен Нұрзат, Бектау орта мектебінің түлегі Хайролл Алмас «Алтын белгі» иегерлері атанды. Сонымен қатар Шортанды №3 орта мектебінің оқушысы Дүйсенбай Айгерим, Салдат Ботагөз, Асерхан Ақмарал, Муратова Албина, Паней Сұлушаш «КИО-ға» қатысып, ІІІ дәрежелі Диплом мен сертификаттармен марапатталды. Облыстық ғылыми жоба байқауына 9-сынып оқушысы Аманжол Ақбота сертификатқа ие болды. Тағы да Степной орта мектебінен Шакен Нұрзат , Шортанды №3 орта мектебінің оқушысы Бердимурат Нұрлан облыстық олимпиадаға қатысты. Және де 10 сынып оқушылары Сүлейменова Анар, Абылайхан Жанболат, Қайратқызы Жұлдыз халықаралық «Меньше мусора» сайысына қатысып сертификатқа ие болды.



Шортанды №3 тірек мектебі аудандық ,облыстық іс-шараларға белсене атсалысып, әрдайым білім саласында өз іс-тәжірибелерімен бөлісуде. Мәселен, мектептің оқу ісінің меңгерушісі С.С. Ахметжанова 2012 оқу жылы «12 жылдық білім беру жүйесіне көшу кезіндегі бейіндік оқыту» тақырыбында облыстық семинарда баяндама оқып өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2012-2013 оқу жылы 18-19 сәуір күндері Ақмола облысы Шортанды ауданы № 3 тірек мектебі (ресурстық орталығы) базасында «Шағын жинақты мектептегі білім беру процесі: проблемалар, тәжірибелер және жаңашылдық» атты республикалық семинар  өткізілді.

Республикалық семинардың  басты мақсаты-Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында шағын жинақты мектептердегі білім беру үрдісін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылау, шешу жолдарын айқындау, жаңашылдық идеяларды ортаға салу, 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында тірек мектептерінің (ресурстық орталықтар) қызметін жетілдіруде және оқу – тәрбие үрдісін дамытуда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру.



Ақмола облысы Шортанды № 3 тірек мектебі (ресурстық орталығы) базасында өткен семинарда еліміздегі ШЖМ-дің жағдайы, оқу үрдісін ұйымдастыру жолдары, тірек мектебі - ресурстық орталық жағдайында магниттік мектептерді ұйымдастыру мәселелері қозғалды. Аталған шараны өткізу орны ретінде Ақмола облысы Шортанды № 3 тірек мектебінің (ресурстық орталығы) таңдалу себебін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Шағын жинақты мектепті дамыту орталығының директоры Н.Ә.Тойбазарова семинар қатысушыларына таныстыра келіп, мектептің жаңашылдық бағыттағы іс-тәжірибесі республика көлемінде таратуға лайық екендігін атап өтті. Бұл ойдың анықтығына республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 150-ге жуық қатысушылар семинардың практикалық бөлімінде ұсынылған іс – шаралардан көз жеткізді. Әсіресе, Шортанды № 3 тірек мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Ахметжанова С.С. «Тірек мектеп (ресурстық орталық) қызметін жетілдіру» тақырыбында баяндамасы, орыс тілі пәнінің мұғалімі Бейсембаева М.С.- ның «Использование методов и приемов критического мышления на уроках русского язика» тақырыбындағы шебер сыныбы ,сонымен қатар қазақ тілі пәнінің мұғалімі Рашатхан Айнагүлдің «Сабақтас құрмалас сөйлем», 11- сыныбына ашық сабағы және Новокубанка орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Рахмет Капин «Тербелістер», 9-сыныптағы ашық сабағы, Степной орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ибраева Шаттықтың «Абылай хан- дарабоз тұлға», 11-сыныбындағы ашық және  презентациялық сабақ үлгілері мен шебер-сыныптарында шағын жинақты мектептерде инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы іс-тәжірибелері ортаға салынды.

Оқумен қатар заманауи техникалық құрал –жабдықтарды пайданалып мектепбімізде тәрбиелік іс шаралар да үнемі ұйымдастырылып отырды. 2012-2013 орыс әдебиеті пәні бойныша «Поэзия-струны души моей» атты ,ал 2013-2014 оқу жылы дәстүрге айналған мини-футбол бойынша спорттық жарыс, қазақ әдебиеті пәні бойныша «Ақын рухымен сырласу» атты әдеби кеш, орыс әдебиеті пәні бойныша «Солдат войны не выбирает» атты әдеби кеш, Шортанды мен Бектау орта мектебі оқушылардың арасында «Жастар – ел болашағы » атты дебат, «Менің би әлемім» байқауы, «Жас жайдарманшылар» КВН байқауы өткізілді.

Осы 2014-2015 оқу жылында осындай жағымды қарқынмен бастадық. Жылдық жоспар бойынша 2014-2015 оқу жылы Степной ОМ және Бектау ОМ мектептері магниттік мектеп болып жұмысын жалғастырды.

2014-2015 оқу жылының басында оқушылардың ата-аналарымен өткізілген жиналыста ата-аналар ресурстық орталықтың мақсаттары және міндеттерімен таныс болды. Өткен жылдың қорытындысының нәтижелі болғанына байланысты осындай оқу түрінің қажет екенін көрсетті және ата-аналар да балаларына ресурстық орталықтан алған білімінің сапалы екенін тілге тиек етті.

Қазіргі кезде Степной орта мектебінің 19 оқушысы, Бектау орта мектебінің 10 оқушысы білім алуда. Степной ОМ- 5 км, Бектау ОМ -20 км жерде орналасқан.

Оқу үрдісін жоғары және бірінші категориялы 14 мұғалім жүргізеді, оның ішінде Шортанды №3 орта мектебінің 10 мұғалімі, Степной орта мектебінің 4 мұғалім. Орталықтағы білім алушыларға сабақ беретін мұғалімдеріміз 3 айлық деңгейлік курстан өткен 8 мұғалім. Екеуі- Ы.Алтынсариннің төс белгісінің иегерлері. Бірінші оқу сессиясы оқу жылының қазан айының 1-10 қазан арлығында өтті. Магниттік мектептердің оқушылары бірінші күннен-ақ қызығушылық танытты, сессия соңындағы сауалнама нәтижесі бойынша көп, жаңа, қызықты ақпарат алғандарын атап өтті. Ресурстық орталықтағы мұғалімдердің жұмысы магниттік мектептің оқушыларына оқытудың жаңа технологиялармен танысуға және білім алуда өздерінің белсенділік таныта білуіне мүмкіндік берді. Интерактивті құралды қолдану, арнайы пәндік құралдарды, көрнекіліктерді пайдалану оқушыларға мектеп пәндері жайлы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Сессияның алғашқы сабақтарын барлық сыныптардан тест жұмысын алумен басталды. Себебі жылдық нәтижелерді салыстыра отырып, мониторинг жасау үшін алғашқы білім көрсеткіштерінің маңызының зор екені белгілі. Оқушылардың оқу жылының басында көрсеткен білім сапасы «қанағаттанарлық» деңгейде болды.

Негізгі пәндерді өткізумен қатар сыныптан тыс жұмыстар да жүргізілді: Биология пәнінің мұғалімі ұйымдастырылған «Саған сенемін» ток шоуы мен қазақ әдебиеті мұғалімі және кітапханашымен бірлесе ұйымдастырылған «Алаш ұраны» атты әдеби кеш өткізілді.

Шортанды №3 ОМ психологі «Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысының жүйесінің оқушылардың кәсіби жүйесін дамытудағы рөлі» баяндамасында оқушыларға тірек мектептің әсері туралы теорияларды мысалға келтіре отырып, психологиялық оң әсерлерін атап көрсетті. Сонымен қатар жоғарғы сынып оқушыларынан бейімделу деңгейін анықтау мақсатында психологиялық сауалнама алды. Сол сауалнаманың нәтижесінде

магниттік мектептерден келген оқушыларың өздеріне деген сенімділігі артқан, келесі сессияны білім алу, оны тереңдету үшін ғана емес, өздерінің жаңа достарымен қайта кездесу үшін де асыға күтетіндерін айтқан.



Ресурстық орталықтағы оқыту - олар үшін өзіндік білім алуда жаңа мүмкіндіктер ашты, жауапкершілікке тәрбиеледі.

Еліміздегі шағын жинақты мектептерде білім беру ісін алға жетелеп келетін ұстаздар еңбегіне жаңаша серпін, шығармашылық шеберлік, кәсіби өрлеу сыйлайтын осындай игі шаралар жүйелі, әрі табысты ұйымдастырылып, өз жалғасын таба бергей деген тілекпен мен өз сөзімді аяқтаймын. Барлықтарыңызға тек табыс тілеймін.
Каталог: images -> Publication
images -> Құжатты библиографиялық сипаттау Әдістемелік ұсыныстар Терминдер мен анықтамалар
images -> Тіл біліміндегі “концепт” ұғымы Орындаған: доцент Досова А. Т
images -> Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О
images -> Ата-аналар жадынамасы ұлттық бірыңғай тестілеу
images -> Оқу жылындығы №6 гимназиясының 11- сынып оқушыларының Ұбт-ға дайындығы туралы анықтама
Publication -> Белгібаева Нұргүл Тезекбаевна тарих пәні мұғалімі Зеренді ауданы Березняковка орта мектебі
Publication -> Мұқатай Асылбек Қойбағарұлы – Көкшетау балалар музыка мектебінің домбыра аспабының оқытушысы 2015 жыл
Publication -> Урынбасарова Жумабике Сулейменовна Шортанды музыка мектебінің домбыра класының мұғалімі домбыра класындағы оқушылардың музыкалық – орындау қабілеттерін қалыптастыру
Publication -> Токиева Балзинеп Каирбаевна бастаыш сынып мұғалімі Көкшетау қаласы «№12 орта мектеп» кмм бастауыш сыныпта көрнекілікті қолданудың тиімділігі


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді