Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігі «Түркістан облысының адами әлеуметті дамыту басқармасы» мм



бет13/18
Дата22.11.2022
өлшемі52.71 Kb.
#361040
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
нұсқаулық сая

Маршрутты аралап шығу
Маршрутты тексеріп шығу экскурсия жасалу кезінде негізгі этаптың бірі болып табылады. Маршрутты тексеріп шығуды ұйымдастырған кезде келесі міндеттер қойылады: - Маршруттың жоспарымен, маршрутта қарастырылған көшелермен, алаңдармен танысу; - Объекттің орналасқан жерін анықтау, экскурсиялық автобустың тоқтайтын жерлерін анықтау; - Әрбір объектті көрсеткен кезде жұмсалатын уақытты есептеу (хронометраж); - Белгіленген объектілердің дұрыс таңдалғанын анықтау; - Объектті дұрыс, тиімді көрсететін нүктелерді табу және сол объектінің қасында туристерді орналастыратын орындарды анықтау; - Объектпен танысатын методикалық тәсілдерін анықтау; - Маршрутта қауіпті жерлерді анықтап, туристердің қауіпсіздігіне шара қолдану.
«Методика» деген сөз грек тілінен пайда болған «метод» деген сөз – «бір нәрсеге жол» деп аударылады. Методиканың жалпы ұғымы – алдына қойған мақсатқа жетуі. Ал, «экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді
Тапсырма:
1. Ақсу-Жабағылы қорығына маршрут құру
2.Маршрутта топ жетекшісінің міндетін анықтау
Тақырып 11. Экскурсияның технологиялық картасы
Туристік маршруттың технологиялық картасы - транспорттық маршруттың негізгі құжаты. Ол туристік қызметті ұйымдастыратын субъектпен құрастырылады, жоспарлық-қаржылық бөлімнің басшылығымен мақұлданады, мөрмен басылып, бекітіледі. Технологиялық картаның басында маршрутқа қызмет көрсететін туристік ұйымның атауы көрсетіледі.Технологиялық маршрут бөлімдері:

  • "Маршрут атауы" бөлімі. Маршруттың атынан оның болашақ танымалдылығы байланысты болады. Сондықтан ол жарқын, қайталанбас және маршруттың мінездік ерекшеліктерін көрсетуі керек.

  • "Маршрут түрі" бөлімі. Траспорттың түріне байланысты мұнда жазылады: теміржолдық, автобустық, авиациялық, теплоходтік және т.б. Автобусты қолданған кезде, онда оның жеке не жалға алынғандығы туралы жазылады.

  • "Қиындық деңгейі" бөлімі. Маршруттың қиындығына байланысты: жай жаяу экскурсиялықтан мамандандырылған альпинистік түріне дейін 1 мен 4 аралығындағы сан қойылады.

  • "Маршрут ұзақтылығы" бөлімі. Маршруттың жалпы километражі көрсетіледі.

  • "Тәуліктегі маршрут ұзақтылығы" бөлімі. Маршрут бойынша, демалыстарда туристерге қызмет көрсету бағдарламасында көрсетілген күндер санына сәйкес келуі керек.

  • "Туристік топтар саны" бөлімі. Туристерге қызмет көрсететін арнайы мекемемен отырған келісімшартта көрсетілген топтар санына сәйкес келуі керек.

  • "Маршрут бойынша туристер саны" бөліміндегі жалпы маршрут бойынша туристер саны көрсетіледі. Бұл сан туристік топтар санын топтағы туристер санына көбейту арқылы білуге болады.

  • "Бар жоғы мынша адам-күн" бөлімінде берілген маршрут бойынша жалпы адам-күн саны көрсетіледі. Ол жалпы барлық туристер санын тур бойынша болатын календарлық күндер санына көбейткенге тең.

  • "Маршрут бойынша 1-ші топқа қызмет көрсету" бөлімінде 1-ші туристік топтың тур бойынша кіру уақыты жазылады.

  • "Жолдама бағасы" бөлімінде барлық туристік қызметтің бағасы көрсетіледі.

  • "Демалыс басталатын туристік мекеменің мекенжайы" бөлімінде туристік ұйымның мекенжайы көрсетіледі.

  • "Қорытынды" бөлімінде жалпы маршрут бойынша қорытынды жұмыстар жазылады.

Жалпы технологиялық карта туристке көрсетілетін туристік қызмет туралы, оның сапасы, көлемі туралы мағлұмат, турдың жалпы бағасын есептеу жайлы ақпарат беретін құжат болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
оқыту мақсаттары
арналған тапсырмалар
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
тоқсанға арналған
бекіту туралы
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
Инклюзивті білім
бағалаудың тапсырмалары
білім берудің
тақырыптық жоспар
туралы жалпы
пәнінен тоқсанға
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
қарым қатынас
республикасының білім
Әдістемелік кешені