Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігі «Түркістан облысының адами әлеуметті дамыту басқармасы» мм



бет11/18
Дата22.11.2022
өлшемі52.71 Kb.
#361040
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
нұсқаулық сая

Тапсырма: 1. Гидтің портфолиясын жасау
Нұсқаулық құру
Экскурсияда фото,видеолар жинақтау
Экскурсия орнының схемасын жасу
2. Экскурсоводқа жүктелетін міндет
Тақырып 9. Экскурсия мәліметтерін зерттеу және жинақтау
Экскурсиялық істің тарихнамасы, теориясы мен әдістемелігі қарастырылған. Берілген материалды пайдалана отырып сапалы экскурсиялык кызметті құрастыруға, оны ұтымды іске асыруға, қатысушылардың жасына, тұратын орнына, ұлтына, жалпы мәдени деңгейіне қарамастан туристер канағаттанатындай қылып экскурсияны дайындап өткізуге мүмкіндіктнрін түсіндіру.
1.Экскурсия ұғымы мен тарихы.
2. Экскурсия іс-әрекет түрі ретінде.
3.Экскурсия – қарым-қатынас формасы.
4.Экскурсияның әртүрлі аспектілері.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев туризм саласы мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс әкелуге қабілетті, болашағы зор экономика саласы ретінде көріне алатындығы жайлы өзінің стратегиялық бағдарламасында атап өткен болатын. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қоғам өкілдері, жалпы қалың бұқара жылы қабылдады. Онда елбасы қазіргі қоғам талабына сай ел болашағына бағытталған айқын басымдықтарды атап көрсетті. Бастысы, біздің рухани кемелдену мұратымыз аса биік екенін көрсетті. Осы рухани кемелденуге біздің туризм саласын дамытып оның экскурсиялық қызметінің мәні мен мазмұын басты ықпалдаушы факторларың бірі болатыны сөзсіз.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристiк фирмалар желiсi неғұрлым дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристiк ұйымдары жыл сайын туристердің және экскурсанттардың 88 пайызына дейiн қызмет көрсетедi.
Қазақстандық туристердің неғұрлым көп баратын жерлерi: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Польша, Түркия, БАӘ. Бiздiң елiмiзге Ресейдiң, Қытайдың, Германияның, Корея Республикасының, Пәкістанның, Польшаның, Түркияның азаматтары жиiрек.
Туристік саланың инфрақұрылымын жасау үшін қуатты қаржылық салымдар қажет болады. Мұндай қаржылық көмекті тек мемлекет бере алады. Мемлекетке кірістер әкеле бастайтын жоғары дамыған және бәсекелестік мүмкіншілігі үлкен туризм саласы қалыптасқаннан кейін, мемлекеттік органдар негізінен туризм дамуын реттеуші қызметіне ауысады.
Туристік қызметтердің ұйымдастырылу барысына талдау жасалынды. Көрсетілген қызметтердің сапалылығы мен оларды жетілдірудің негізгі бағыттарына сараптама берілді.
Туристiк қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың экскурсиялық қызметтің әлсіздігін көрсетіп отыр. Ол экономикалық дағдарыс кезеңiнде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбiнесе туристiк фирмалардың тиiстi тәжiрибесiнiң және бiлiктi мамандарының жетiспеушiлiгiне байланысты эксурсант мамандардың дайындығына көңіл бөлу керек. Бүкiл өркениеттi дүние негiзгi туристер ағынын өздерiне тартуға ұмтылуда, себебi туризм мемлекет бюджетiнiң кірiс бөлiгiн толықтырудың маңызды көздерiнiң бiрi болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдiк туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристiк ұйымдардың қызметiн, мұның өзi бiрiншi кезекте, келушi туризмдi қарсалып, қызмет жасайтын экскурсиялық қызметті дамытуға қайта бағдарлау қажет.
Экскурсоводтың тұлғалық, моралдық, рухани қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінген. Курсты оқыту мақсаты мен міндеттері: экскурсияларды дайындауда, өткізуде колданылатын заманауи тәсілдерді игеру, Қазакстандағы экскурсия кызметінің ерекшеліктері, даму жағдайлары және болашағы жайлы білім беру:
- студенттерге экскурсиялык мәтіндерді құрастыру, түрлі экскурсияларды өткізу әдістемесі туралы хабар беру;
- әдістемелік, өлкетанымдық, тарихи және т.б. әдебиеттерді талдау, пайдалана білу;
- экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру әдістерін зерттеу;
- экскурсия өткізу техникасы жөнінде терең білім беру;
Экскурсиялық іс - халық арасындағы мәдени ағартушылық жұмыстың маңызды бөлігі. Экскурсиялық істің дамуы әдістемелік және теориялық негіздер жоспарын талап етті. Экскурсия – ұжыммен немесе жеке түрде көрікті жерлерге, мұражай және т.б. жерлерге бару,оқыту және мәдени-сауаттандыру мақсатында болатын жол сапарлар. Экскурсиялық әдістеменің басты міндеттерінің бірі, саяхатшыларға естуге және көруге болатын материалдарды көріп, тыңдап және сезінуге көмектесу.
Экскурсиялық іс – халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды бөлігі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқаны мен, ең дамыған кезі өткен ғасырдың 70-80 жылдарына келді.
Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан, экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленгені бекер емес. Экскурсияның бір неше түрлері бар: тарихи, тарихи-әскери, кәсіптік, табиғаттық, архитектура-градоқұрылыстық, әдебиетік т.б.
Алғашы экскурсияларға себепші болған, өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасау мен байланысты болды. Жалпы айтқанда саяхаттар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр келкі функцияларды атқарған, ол сол ғасырдың қызығушылығына, жетістіктеріне байланысты болды.
Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты. Өткен ғасырлардың белгілі педагогтары экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған, сондықтанда экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығып, айналамен танысуда экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен қатар, оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашыда өте аз, серігу үшін жасалған, билеуші клас өкілдерінің ғана қолы жеткен. Крымға, Кавказға, шетел курорттарына (Баден-Баден, Карловы-Вары) саяхат жасаған.
Экскурсия кезінде білім алу мақсатын 18 ғасырдың алдыңғы қатардағы, прогресивті адамдары қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі меценаттар (демеуші) арқылы шешкен.
Экскурсия (латын тілінде excursion – жол жүру) – экскурсияны жүргізушінің жетекшілігімен оқу немесе мәдени-ағартушылық мақсаттармен көрнекі орындарда, мұражайларда және т.с.с. жерлерде. Ұжымдық немесе жеке түрде қарап шығу. Экскурсияның осындай анықтамасы 1993 жылы шыққан «Энциклопедия туриста» кітабында берілген. Экскурсияның мәні туралы «Орыс тілінің сөздігі» кітабында терең көрсетілген.
Экскурсия – бұл оқыту және таныстыру мақсатымен белгілі жоспар бойынша айтылатын, қандай да бір заттарды (өнер шығармалары, өткен күндердің ескерткіштері, қандай да болса құрылыстар, механизмдер және т.б.) ұйымдастырылған түсініктемелермен жүргізілетін көрме.
Жоғарыда көрсетілген анықтамалар бойынша әрбір экскурсияның спецификасы көрме мен әңгіменің бірлестігіне сүйенеді.
Әрбір экскурсияға белгілі анықталған белгілер тән. Емельянов Б.В. (1976 ж) 5 керекті белгілерді бөліп көрсетті:
-Уақыт бойынша ұзақтығы, көбінесе 1 академиялық сағаттан 1 күнге дейін.
-Мамандырылған экскурсия жүргізушінің болуы.
-Экскурсиялық нысандарды қарау, көру, әсер алудың алғы шарттары.
-Нысандармен қозғалу және тоқтау кезінде таныстыру, әсіресе автобустан шығу кезінде.
-Осы көрменің негізі болып табылатын, яғни оның тұрақталатын нақты анықталған тақырыбы.
Экскурсия - орыс тіліне XIX ғ. енгізілген, басында бұл сөз «әскери шапқын», кейіннен «серуенге шығу, жорық» деп белгіленген.
Экскурсия – методика арқылы алдын ала ойластырылған назар аударарлық жерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді көрсету, оның негізіне экскурсанттардың көз алдындағы объекттердің анализі жатқызылған, және сонымен байланысты оқиғалар туралы епті әңгіме. Бірақ экскурсияның негізін тек қана осымен түсіндіру дұрыс емес. Уақыты бойынша соңғы жылдары жарияланған анықтамағада тоқталайық: «ЭКСКУРСИЯ – оқудың, оқудан тыс жұмысының ерекше формасы, оның барысында мұғалім – экскурсовод, оқушылар – экскурсанттар бірігіп, болып жатқан процесстерді табиғи жағдайда бақылауы (завод, колхоз, тарихи ескерткіш, естелік жер, табиғат аясы т.б.) немесе арнайы жасалған коллекция қоймалары (мұражай, көрме)».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені