Қазақстан республикасының орта



бет48/203
Дата11.06.2022
өлшемі1.31 Mb.
#267977
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   203
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022
1622776120572 доклад исправ., 0003ae23-e0042e1e, 302992, Zharatylystanu 5 synyp tosan boyynsha test sratary 1421499328 83900, тапсырма (1), Күнтізбелік жоспар 10 - сынып 2020-2021 жыл (1)
«Өзін-өзі тану» оқу пәні
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару; қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру; білім алушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру.
Бастауыш мектеп білім алушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып пәннің негізгі базалық мазмұны төмендегі тарауларға сәйкес келеді:
«Ғасырлар даналығы», «Ынтымақты отбасы», «Адам болам десеңіз...»,
«Әсемдік әлемінде!» 4-сыныпта 25-26-сабақтардың тақырыбы «Табиғаттың жандандыратын күші», 27-28-сабақтардың тақырыбы «Жанды су».
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, бір жылға 1-сыныпта 33 сағат, 2-4-сыныптарда – 34 сағат.

«Технология және өнер» білім саласының мазмұнына «Көркем еңбек» және «Музыка» пәндері енгізіледі.




«Музыка» оқу пәні
«Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыка бойынша негізгі білімі мен біліктерін, музыкалық іс-әрекеттерде шығармашылықпен өз ойын жеткізу және қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат, 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек.
«Көркем еңбек» оқу пәні
«Көркем еңбек» «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін кіріктірілген пән.
«Көркем еңбек» кіріктірілген оқу пәні әртүрлі шығармашылық әрекеттің түрлері барысында көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу пәні түрлі шығармашылық іс-әрекеттегі кеңістіктік-бейнелілік ойлауын, шығармашылық ойлауын, рухани-адамгершілік мәдениетін, елесін, қиялын және аңғарымпаздығын, жеке тұлғаның қалыптасуын және өз ойын білдіруін дамытуға бағытталған.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;

  2. 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

  3. 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты;

  4. 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, қиялы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.
Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл көркем жұмыстарды жасау кезінде цифрлық компьютерлік технологияларды пайдалану, слайдтық презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, шығармашылық жұмысты жасау үшін басқа білім алушылармен ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу жәнет.б.
«Көркем еңбек» сабақтарында мұғалімнің өзі анықтайтын әртүрлі көркемдік-шығармашылық әрекеттер қарастырылады. Бұл ретте көркемдік- шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі:

  • құрылымдау;

  • бейнелеу;

  • сәндеу әрекеттері міндетті түрде іске асырылуы қажет.

Мұғалім және білім алушылар әртүрлі жұмыс түрлерін орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаулары қажет.
1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек.


«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Дене шынықтыру» білім саласының мазмұнына «Дене шынықтыру» пәні енгізілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   203




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру