Қазақстан республикасының орта



бет167/203
Дата11.06.2022
өлшемі1.31 Mb.
#267977
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   203
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022
1622776120572 доклад исправ., 0003ae23-e0042e1e, 302992, Zharatylystanu 5 synyp tosan boyynsha test sratary 1421499328 83900, тапсырма (1), Күнтізбелік жоспар 10 - сынып 2020-2021 жыл (1), 1513992008, 1588931433
Тірек мектеп (ресурстық орталық) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және ҚР БҒМ 05.06.2020 жылғы № 231 бұйрығымен бекітілген оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес жалпы білім беретін мектеп базасында облыстық білім басқармасының қаулысымен құрылады.
Магниттік мектептер қатары тірек мектепке (ресурстық орталыққа) аудандық/қалалық білім бөлімінің бұйрығымен бекітіледі.
Тірек мектеп пен магниттік шағын жинақты мектептің оқу қызметін ресурстық орталық пен магниттік мектептердің бірлескен педагогикалық кеңесінде бекітілген бірыңғай оқу жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады.
Магниттік мектептердің оқушылары үшін тірек мектептер базасында инварианттық компонент пәндерін оқытуға байланысты:

  • бағыттау сессиясы – қазанның бастапқы онкүндігі (10 күн);

  • аралық сессия – ақпанның бірінші онкүндігі (10 күн);

  • қорытынды сессия – сәуірдің үшінші онкүндігінде (10 күн) оқу сессиялары өткізіледі.

8-11-сыныптардың білім алушылары үшін оқу сессияларын тірек мектептер базасында өткізу міндетті болса, 5-7-сыныптар үшін оқу сессияларын білім беру ұйымының шешімі бойынша өткізеді.
Сессия кезеңінде тірек мектеп (ресурстық орталық) қосымша білім беру орталығы ретінде толық күндік мектеп есебінде жұмыс жүргізеді.
Магниттік мектептердің оқушылары үшін тірек мектепте оқу сессияларын өткізу кезінде аудандардың/қалалардың білім беру бөлімі ШЖМ білім алушыларын тасымалдауға, тамақтандыруға, тұруға, қосымша білім беруге қарастырылған қаражат білім басқармасының тиісті бұйрығымен ресімделеді.
Сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық қызметі ШЖМ-да педагогтердің магниттік мектептерге шығуымен қашықтан және штаттық режимде тірек мектептің (ресурстық орталықтың) пән мұғалімдерінің қолдауымен өтеді.
ШЖМ білім алушыларының оқу сессиялары шектеу шаралары кезінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен байланысты, оның ішінде халықтың ауруларының алдын алу мен емдеу, санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар кезеңінде, қолайсыз ауа райы метеожағдайлары кезеңінде қашықтан оқытуға ауыстырылады.
Аудандық/қалалық білім бөлімдері оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді.
Аудандық/ қалалық әдістемелік кабинеттер тірек мектептердің бейіндік бағытын ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды әзірлеуге, оқытудың жеке бағдарламаларын жасауға, қашықтан оқыту нысандарының мазмұнына, оқыту әдістеріне және арнайы курстарға көмектеседі.
Шағын жинақталған мектептерде оқыту сапасын қолдау және арттыру үшін «Мобильді мұғалім» мен «Уақытша отбасы» жобалары маңызды іс-шара болады.



  1. «Мобильді мұғалім» пилоттық жобасын енгізу

«Мобильді мұғалім» бірнеше елдімекендердің шағын жинақты мектептерінде бірнеше мектеппен қатар жұмыс жасау сипатындағы педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагог.
«Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогтің мақсаты ШЖМ білім алушыларының сапалы білім беру қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
«Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогтің негізгі міндеттері:

  1. шағын жинақты мектеп білім алушыларының сапалы білім алуына қолжетімділік;

  2. ауылдық мектептерде білім беру сапасын арттыру;

  3. ауыл мектептерін білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету.

«Мобильді мұғалім» пилоттық жобасын іске асыру облыстық білім басқармаларының бұйрығы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген әдістемелік ұсынымдар негізінде инварианттық компоненттің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша сұранысқа ие оқу пәндері бойынша шағын жинақталған мектептер базасында жүзеге асырылады.
«Мобильді мұғалім» пилоттық жобасын жүзеге асыру талаптары:

  1. ауданның ауыл мектептерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету қажеттілігі;

  2. білім беру ұйымы басшыларының жобаға қатысуға келісімі;

  3. жобаға қатысуға кемінде үш пән мұғалімінің келісімі;

  4. бірнеше елдімекендердің шағын жинақты мектептері мен жол жүру сипатындағы педагогикалық қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген педагог арасында бір оқу жылына арналған келісімшарттың болуы;

  5. мұғалімнің денсаулығы туралы анықтамасы.

«Мобильді мұғалім» жобасына қатысушы педагогке қойылатын талаптар:

  • жоғары педагогикалық білімінің болуы;

  • педагогикалық еңбек өтілінің он бес жылдан кем болмауы;

  • біліктілік санатының «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» болуы;

  • білім алушылардың оқу пәні және сабақтан тыс жұмыстар бойынша оқу жетістіктерінің жоғары нәтижелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   203




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені