Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының

Loading...


бет1/4
Дата26.03.2020
өлшемі473 Kb.
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының

Стратегиялық даму жоспарына,
мемлекеттік бағдарламаларға,


мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және

аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу

жөніндегі әдістемеге

3-қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының

2018 жылғы 6 қарашадағы № 438 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2017-2021 жылдарға арналған

стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы

есеп
Есеп кезеңі: 2019жыл
1. Тәуекелдерді басқаруға талдау


Ықтимал тәуекелдің

атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі жоспарланған іс-шаралар

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды нақты орындау

Ескертпе

(орындалғаны/орындалмағаны туралы ақпарат)

1

2

3

4

1-стратегиялық бағыт. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету

1.1-мақсат. Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу. Инфляцияны нысаналы дәлізде ұстап тұру

Бүкіл ортамерзімді кезең бойы мұнайдың бағасын төмендету қысқамерзімді кезеңде теңгенің әлсіреуіне және инфляцияның өсуіне алып келеді.

Тежейтін ақша-кредит саясатын жүргізу.

2019 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы орташа алғанда бір баррель үшін 64,2 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты, бұл Ұлттық Банктің базалық сценарийіне сәйкес келеді.

Бағалар 2019 жылғы тамызда бір баррель үшін 60 АҚШ доллары деңгейінен төмен түсе бастады. Осыған байланысты инфляцияға жоғары қысым көрсететін жоғарыда сипатталған бірқатар факторлардың ықпалы аясында базалық мөлшерлеме 9,25%-ға дейін көтерілді және осы деңгейде жылдың соңына дейін сақталды.



2019 жылдың қорытындылары бойынша ақша-кредит талаптары әлсіз тежегіш ретінде бағаланады, бұл төлем балансының ағымдағы шотының кеңейіп жатқан тапшылығының инфляциялық және бағамдық күтулеріне тигізетін әсерді шектеу бойынша алдын алу шараларын қабылдау қажеттілігімен негізделген.




Қазақстан экономикасының неғұрлым баяу қалпына келуі, оның ішінде мұнай бағасының тұрақтануы жағдайында ішкі сұраныстың баяу қалпына келтірілуі есебінен, инфляцияның төмендеуіне алып келеді.

Ынталандыратын ақша-кредит саясатын жүргізу.

Базалық мөлшерлеменің деңгейі экономикада қалыптасып отырған үрдістерге және қаржы секторындағы ахуалға, оның ішінде бақыланып отырған инфляциялық процестерге сәйкес келді.




2-стратегиялық бағыт. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету

2.1-мақсат. Банк секторының қаржылық орнықтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Әлемдік тауар нарықтарындағы баға тұрақсыздығы жағдайы.

Банк секторының тәуекелдерін анықтау және бағалау мақсатында банк секторы субъектілерін стресс-тестілеу арқылы диагностика.

Талдамалық жазбаны қараңыз




Банк секторының тәуекелдерін барынша азайту және банктердің тұрақтылығын арттыру мақсатында тәуекелге бағдарланған қадағалауды және пруденциялық реттеуді жетілдіру.

Талдамалық жазбаны қараңыз




ДСҰ-ға кіруге байланысты шетелдік қаржы институттарының отандық қаржы нарығынан қазақстандық қатысушыларды ығыстыруы.

Қаржы нарығына қол жеткізуді ырықтандыру шеңберінде тәуекелдерге симметриялы және барабар реттеушілік ортаны құру.

Жедел ден қою шаралары қажет болған жоқ. Тәуекел туындаған жоқ.




Кредиттік тәуекел. Шетел валютасында номинирленген активтердің жұмыс істемейтін кредиттерге ықпал етуі.

Пруденциялық реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында тиісті валюталық түсімдері жоқ қарыз алушыларға шетел валютасындағы қарыздар бойынша меншікті капиталға жоғары талаптар белгілеу.

Жедел ден қою шаралары қажет болған жоқ. Тәуекел туындаған жоқ.




Қорландыру тәуекелі. Клиенттердің шетел валютасындағы салымдарының өсуі

Теңгедегі құралдардың тартымдылығын арттыру бойынша шаралар қабылдау: корпоративтік бағалы қағаздар нарығын дамыту, институционалдық инвесторлардың мүмкіндіктерін кеңейту, теңгедегі қаржы құралдарымен биржалық сауданы ынталандыру.

Жедел ден қою шаралары қажет болған жоқ. Тәуекел туындаған жоқ.




Банктердің қаржылық орнықтылығының нашарлауы.

Екінші деңгейдегі банктерді пруденциялық реттеуді жетілдіру.

Талдамалық жазбаны қараңыз




Банктердің заңнама талаптарын қамтамасыз етуі мақсатында қадағалау рәсімдерін іске асыру.

Талдамалық жазбаны қараңыз




Жұмыс істемейтін қарыздарды төмендетуді ынталандыру жөніндегі шараларды іске асыру.

Талдамалық жазбаны қараңыз




2.2-мақсат.Қаржылық орнықтылықты арттыру және сақтандыру нарығын одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау

ҚР қайта сақтандырушы-бейрезиденттерінің қаржылық төлем қабілетінің нашарлауы.

1. ҚР сақтандыру ұйымдарын бақылауды және қадағалауды күшейту;

2. Қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлестерін қалыптастыру тәсілін қайта қарау;



3. Сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беру тыйым салынған ҚР қайта сақтандыру ұйымдарының-бейрезиденттерінің тізілімін жүргізу.

Талдамалық жазбаны қараңыз




Сақтандыру ұйымдары шығыстарының ұлғаюы.

Сақтандыру шарттарын жасасу тәсілдерін қайта қарау (сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасау), бұл болашақта сақтанушылардың сақтандыру шарттарын сақтандыру делдалдарына жүгінбестен жасау рәсімін жеңілдетуге, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының шығыстарын (қағаз түріндегі сақтандыру полистерін дайындау, сақтау шығыстары) төмендетуге мүмкіндік береді.

Талдамалық жазбаны қараңыз




Отандық және халықаралық қаржы нарықтарындағы ахуалдың өзгеруі салдарынан сақтандыру ұйымдарының инвестициялық позициясының нашарлауы.

Сақтандыру ұйымдарының активтерін инвестициялау және әртараптандыру талаптарын қайта қарау.

Талдамалық жазбаны қараңыз




2.3-мақсат. Бағалы қағаздар нарығын бұдан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау

Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) туралы шартта және Қазақстанның ДСҰ кіруіне байланысты көзделген заңнаманы үйлестіру жүргізілгеннен және шектеулерді алып тастағаннан кейін бейрезидент қаржы ұйымдарының филиалдары көрсететін қаржылық қызметтердің кіруінің өсуі.

Шетелдік банктердің тікелей филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент -сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері үшін реттеуді енгізу жолымен қаржы нарығының қатысушылары үшін теңдей жағдайлар жасау.

Заңнаманы үйлестіру әлі процесте. Бейрезидент қаржы ұйымдарының филиалдары ҚР нарығында жұмыс істемейді. Жедел ден қою шаралары қажет болған жоқ.




Отандық эмитенттердің халықаралық сауда алаңдарына, оның ішінде ЕАЭО қатысушы – елдердің сауда алаңына кетуі.

Отандық қор нарығының тартымдылығын арттыру, инвесторлық базаны кеңейту және отандық нарыққа қатысушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау.

Талдамалық жазбаны қараңыз




«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) және Қазақстан Республикасының юрисдикциялары арасындағы реттеушілік төрелік.

Реттеушілік төреліктің тәуекелдерін төмендету бойынша алдын ала шаралар қабылдау.

Талдамалық жазбаны қараңыз




Эмитенттердің бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына бағалы қағаздарды орналастыру арқылы қаражатты тартуға қызығушылығының жеткіліксіз болуы.

Жаңа эмитенттер нарығына шығудың ынталандыру тетіктерін жасау және оларды қолдау бағдарламаларын енгізу.

Талдамалық жазбаны қараңыз




Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына реттеуші талаптардың қатаң болуы.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын реттеуді ырықтандыру.

Талдамалық жазбаны қараңыз




Инвесторлық базаның шектеулілігі және халықты қор нарығына тарту дәрежесінің төмен болуы.

Брокерлердің электрондық қызмет көрсету, бағалы қағаздармен сауда жасау қағидаларын жеңілдету, инвестициялаудың ұжымдық нысандарын құру мен жұмыс істеу процестерін ырықтандыру және инвестициялар үшін қауіпсіз ортаға кепілдік беретін жүйені салу мүмкіндігін енгізу арқылы инвесторлық базаны кеңейту.

Талдамалық жазбаны қараңыз




Банктік және сақтандыру (қаржылық) холдингтерінің инвестициялық саясатын шектеу.

Сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейту.

Жедел ден қою шаралары қажет болған жоқ. Тәуекел туындаған жоқ.




Қазақстан Республикасының қаржы секторын 2030 жылға дейін дамыту жөніндегі тұжырымдамада белгіленген бағалы қағаздар нарығын дамытуды ынталандыру бойынша жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің толық орындалмауы.

ҚР-ның қаржы секторын 2030 жылға дейін дамыту жөніндегі тұжырымдамада белгіленген бағалы қағаздар нарығын дамытуды ынталандыру мәселелерін пысықтау кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту.


Талдамалық жазбаны қараңыз




2.4-мақсат. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін бұдан әрі дамыту бойынша жағдайлар жасау

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі

Кемінде 4%


2019 жылдың қорытындылары бойынша (2019 жылғы 1 қаңтар- 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде) БЖЗҚ салымшыларының шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляцияның 5,4% мөлшеріндегі жылдық деңгейі кезінде 6,57% болды. 2019 жылы зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 1,17% болды.

Осылайша,БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік2019 жылы белгіленген нысаналы мәннен 2,57%-ға асты.






Халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне сенім білдірмеуі.

Халық арасында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері бойынша жан-жақты жүргізілетін ақпараттық түсіндіру жұмысы.

Талдамалық жазбаны қараңыз




Отандық қор нарығының зейнетақы активтерін инвестициялауға арналған негізгі алаң ретінде төмен өтімділігі.

Эмитенттердің қор нарығына шығуы үшін ынталандырулар жасауға, инвесторлардың, оның ішінде шетелдік инвесторлардың отандық қор нарығына қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған шаралар қабылдау.

Компанияларды квазимемлекеттік сектордан «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың сауда алаңына шығару бойынша «Халықтық IPO» бағдарламасын жаңарту.



Талдамалық жазбаны қараңыз




2.5-мақсат. Тиімді валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру

Елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін сыртқы факторлардың нашарлауы (валюта нарығының тұрақсыздануы, алтынвалюта резервтерінің таусылу тәуекелі).


«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында көзделген шұғыл ден қою шараларын іске асыру.

Валюта нарығындағы ахуал бақылауда. Алтынвалюта резервтерінің көлемі жеткілікті деңгейде.Жедел ден қою шаралары қажет болған жоқ.




ЕАЭҚ-қа қатысушы мемлекеттерде макроэкономикалық және саяси тұрақсыздық. ЕАЭҚ-қа қатысушы мемлекеттер валюталық реттеу шараларын үйлестірмей қабылдаған жағдайда капиталдың әкетілуіне жағдай жасайтын реттеушілік төрелік тәуекелі.

ЕЭК нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге қатысу арқылы валюталық реттеу саласындағы тәсілдерді келісу қағидаттарын іске асыру.

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында көзделген шұғыл ден қою шараларын іске асыру.



Капиталдың ағылуы үшін жағдай жасауға алғышарттар жоқ. Жедел ден қою шаралары қажет болған жоқ.





Капитал мобильдігіне әсер ететін шаралар бөлігінде мемлекеттік органдар іс-қимылдарының үйлестірілмегені.

Нормативтік базаны әзірлеу кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, капитал мобильділігіне әсер ететін шаралар бойынша келісімді шешімдер қабылдау.

Арнайы шаралар қажет болған жоқ.


Талдамалық жазбаны қараңыз

2.6-мақсат. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету

Мұнайдың әлемдік нарықтарындағы баға ахуалының тұрақсыздығы, экономика дамуы қарқындарының төмендеуі, жұмыссыздықтың өсуі қарыз алушылардың, оның ішінде валюталық қарыз алушылар жағдайының одан әрі шиеленісуіне, олардың қарыздарға қызмет көрсету және өтеу мүмкіндіктерінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.

Қарыз алушылардың, проблемаларын шешу жөніндегі іс-шаралар кешенін, оның ішінде Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын одан әрі іске асыру арқылы жүзеге асыру

Талдамалық жазбаны қараңыз




2.7-мақсат. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Төтенше жағдайлардың, оның ішінде табиғат апаттары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне қызмет көрсететін үшінші тұлғалардың жұмыс қабілеттілігінің бұзылуы (мысалы, энергиямен қамтамасыз ету және байланыс) туындауы.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда осы тәуекелдерді «қатаң» режимде басқару мақсатында жұмыс жүргізілуі мүмкін серверлерге төлем жүйелері резервтік орталығының жұмысын қолдау.

Төлем жүйелерінің бағдарламалық

-техникалық кешенінің кепілді энергиямен жабдықтаудың екі жүйесі, сол сияқты байланыстың резервтік арналары бар.


Төтенше жағдайлар, оның ішінде табиғи сипаттағы зілзала байқалған жоқ. Осыған байланысты, жоспарлы тәртіпте

төлем жүйелерінің жұмысын резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру жүзеге асырылды:

01.06.2019ж. және 13.12.2019ж.

Негізгі орталықтың серверлеріне кері аудару тиісінше 18.10.2019ж. және 20.12.2019ж. жүргізілді.



2019 жылы ішінде негізгі және резервтік сервер лерде төлем жүйелерінің, жабдықтардың және байланыс арналарының бағдарламалық-техникалық

мониторингі жүргізілді.



Операциялық тәуекелдер (жабдықтың істен шығуы, қызметкердің қателіктері, нақты және ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуы).

Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру жөніндегі жоспарлы (тестілеу) іс-шараларын жүргізуді; жабдықтың жұмыс қабілеттілігінің тұрақты мониторингін; қызметкерлердің қажетті біліктілік деңгейін арттыруды, оны оқытуды; рұқсатсыз қолжеткізуден қорғауды; бірқатар белгіленген іс-шаралар арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді; бірқатар шаралар арқылы нақты қолжетімділікті басқаруды және өзге де шараларды көздейтін шаралар кешенін қолдану (оның ішінде тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттар қолданылады).

Төлем жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және резервтік орталықты тұрақты дайындықта қолдау мақсатында ҚБЕО 2019 жылы төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне жоспарлы көшіруді 2 рет жүзеге асырды: 01.06.2019ж. және 13.12.2019ж.

Негізгі орталықтың серверлеріне кері аудару тиісінше 18.10.2019ж. және 20.12.2019ж. жүргізілді.

 


2019 жыл ішінде жабдықтардың тұрақты мониторингі, профилактикалық жұмыстар және жүйені, қауіпсіздік жүйесін басқару жүргізілді.

Қызметкерлердің қатесі, нақты және ақпараттық қауіпсіздік бұзушылықтары болған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...