«Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы»



Дата09.09.2017
өлшемі247.5 Kb.
#19858

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/07




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Тарих және құқық факультеті

Қылмыстық құқық және қылмыснама кафедрасы

«Құқықтану» 050301 мамандық (сыртай оқитын) студенттеріне арналған
«Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы »

БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар



Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38











БЕКІТЕМІН

Тарих және құқық факультетінің деканы

___________А.А.Ақышев

20__ж. «___»__________



Құрастырушы аға оқытушы: __________________________


Қылмыстық құқық және қылмыснама кафедрасы

«Құқықтану» 050301 мамандығының (тарының) сырттай

оқу нысанындағы студенттеріне арналған
«Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы »
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


200_ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ С.Т. Иксатова 20__ж. «____» ______
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «___»____________ №__ Хаттама


ОӘК төрағасы ________________ Н.И..Мошна 20 ж. «_____»__________
КЕЛІСІЛГЕН

МжҚТ

кафедрасының меңгерушіс_____________Г.Б.Ахмеджанова 20__ж .«___» ___



Оқытушылар туралы мәлімет:


Бейсембаев Б.Ж. – Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы (дәрістер).

Кафедрада болатын уақыты: дүйсенбі сағат 10-нан 11-ге дейін , кабинет А-542


Иксатова К.Т. - Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы (тәжірибелік сабақтар).

Кафедрада болатын уақыты: сейсенбі сағат 13.30-дан 15.30-ға дейін, кабинет А-542



«Қылмыстық-атқару құқығы» пәнін оқытудың мақсаттары:

  • қылмыстық-атқару жүйесіне енгізілген тапсырмаларды нәтижелі орындалуына ықпал ететін студенттердің терең теорияларының білімін қалыптастыру және мықты білім мен біліктіліктің негізінде игерту;

  • қылмыстық-атқару құқығының нормаларын пайдалануы мен ебін тауып түсіндіру қабілеттерін дамыту;

  • қылмыстық жазаны өтеу және қоғамдық қарым-қатынасты атқарудағы құқықтық қадағалауды тереңдете оқыту;

«Қылмыстық-атқару құқығы» пәнінің міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару саясатының негізгі ахуалы мен принциптері.

  • Қылмыстық жазаны атқарудағы әлеуметтік-саяси, психолого-педагогикалық, құқықтық, өнегелілік комплексіндегі пайда болатын проблемалар;

  • қылмыстық-атқару құқығының түсінігі, құқықтық жеке бір саласы ретінде оның принциптері мен негізгі қызметі, заң ғылымдарының басқа да салаларымен және т.б. ғылымдардың салаларымен байланысы;

  • жазаны өтеудегі органдар мен мекемелер жүйесі;

  • жазаны өтеудегі шарттары мен тәртібі;

  • жазасын өтеген қылмыскерлерді босату тәртібі.

Пререквизиттері:

Мемлекет және құқық теориясы, Мемлекет және құқық тарихы, Қазақстан Республикасының Конституциясының құқығы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық үрдістік құқығы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы, Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы.




Тематикалық жоспар (2006)



Тақырып аты

Сағат саны

Дәр

Тәж

СОӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Қылмыстық-атқару құқығының түсінігі, пән және курс жүйесі

1

1







2

ҚР Қылмыстық-атқару заңнамасы

1

1







3

Жазаны атқарудың қылмыстық реттелуі және түзетуіне әсер ететін шараларды қолдану

-










4

Жаза өтеушілердің қылмыстық жағдайы

-










5

Жазаны атқаратын мекемелер мен органдар және бақылау

-










6

Міндетті еңбек іс-әрекетімен байланысты емес жазаларды атқару

1

1







7

Қоғамдық жұмыстарға, түзету жұмыстарға тарту және бостандықты шектеу түрінде жазаларды атқару

1

1







8

Қоғамнан оқшаулануымен байланысты жазаларды атқару жағдайлары мен реті. Қамауға алу арқылы жазаларды атқару

-










9

Бас бостандығынан айыру жазаларын атқару

-










10

Түзету мекемелерде жазаларды өтеу жағдайлары

1

1







11

Тәрбиелік колонияларда жазаларды өтеу жағдайлары мен реті

1

1







12

Әскери қылмыскерлерге қатысты жазаларды атқару

-










13

Жазаны өтеуден босату

-










14

Өлім жазасын жаза ретінде атқару

-










15

Қылмыс жасағаны үшін айыпталушыларды күзетке алу

-










Қорытынды:

6

6









Мазмұны

пәні «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы »
Тақырып-1. Қылмыс-атқару құқығының түсінігі, пәні және курс жүйесі
Қылмыстық-атқару саясаты және оның мемлекеттік саясаттағы қылмыспен күресу ортадағы орны. Қылмыстық-атқару құқығы – қылмыстық атқару саясатын бекіту және білдіру нысаны. Қылмыстық-атқару құқығының түсінігі. Қылмыстық-атқару құқығын құқықтық реттеу пәні. Қылмыстық-атқару құқығын құқықтық реттеу әдісі. Қылмыстық-атқару құқығының принциптері. Қылмыстық-атқару құқығының ғылымы. Қылмыстық-атқару құқығының әр түрлі құқық ғылымы мен білімінің басқа да салаларымен байланысы. Қылмыстық-атқару құқық курсының жүйесі, міндеті мен пәні.
Семинар сабағының жоспары:

  1. Қылмыстық-атқару құқығының түсінігі.

  2. Қылмыстық-атқару құқығын құқықтық реттеу пәні.

  3. Қылмыстық-атқару құқығын құқықтық реттеу әдісі.

  4. Қылмыстық-атқару құқығының принциптері.

  5. Қылмыстық-атқару құқығының ғылымы.

  6. Қылмыстық-атқару құқығының әртүрлі құқық ғылымы мен білімінің басқа да салаларымен байланысы.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қылмыстық-атқару құқығының пәніне не кіреді?

  2. Қылмыстық-атқару саясатының түсінігі және оның міндеттері.

  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару саясаты және оның жетілдіру жолдары. Қылмыстық-атқару саясатының нысандары.

  4. Қылмыстық-атқару ғылымының негізі не болып табылады.

Әдебиет [1,2,3,4,11,29,31,41]

2-тақырып Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару заңнамасы.

ҚР Қылмыстық-атқару заңнамасының түсінігі. ҚР қылмыстық-атқару заңының құрылымы. Қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаты мен міндеттері. Қылмыстық-атқару құқығы нормасының түсінігі мен мазмұны. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының түрлері мен құрылымы. Қылмыстық-атқару құқығы бойынша нормативтік актілер санкциясы мазмұндамасының ерекшеліктері. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының (реттейтін, мадақтайтын, сақтау нормалары) классификациясы (түрлері). Қылмыстық-атқару құқықтық қатынастары түсінігі. Қылмыстық-атқарудың құқықтық қатынастарының құрылымы: қылмыстық-атқару құқық қатынастарының субъектілері мен басқа да қатысушылары; құқықтық қатынастарының мазмұны; құқықтық қатынастардың объектілері; өзгерістер мен қылмыстық-атқарудың құқықтық қатынасының тоқтатылуы. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының қысқа тарихы.


Семинар сабақтарының жоспары:

  1. ҚР қылмыстық-атқару заңнамасының түсінігі мен құрылымы.

  2. Қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары мен міндеттері.

  3. Қылмыстық-атқару құқығының нормаларының түсінігі мен мазмұны.

  4. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының түрі мен құрылымы.

  5. Қылмыстық-атқарудың құқықтық қатынасының түсінігі мен құрылымы



Бақылау сұрақтары:

  1. Қылмыстық-атқару заңнамасының негізгі шығу тегі не болып табылады?

  2. Уақыт пен кеңістікте қылмыс-атқару заңнамасының әрекеті.

  3. Қылмыстық-атқару құқығының қандай нормалары қылмыстық-атқарудың құқықтық қатынастың басқа да қатысушылары мен субъектілерінің міндеттемелері мен құқығын орнатады?

  4. Қылмыстық-атқару заңнамалары мен халықаралық –құқықтық актілерінің ара-қатынасы неге негізделген?

Әдебиеттер (2,3,4,11,29,31,41)
3-тақырып. Жазаны өтеу мен түзетуге арналған шараларды құқықтық реттеу.

Жазалауды өтеу мен жүзеге асырудың түсінігі. Жазаны өтеу мен өтелудің тәтібін құқықтық реттеу және жазалауды өтеудің негіздемесі. Қылмыскерлерге қолданған түзету әдісінің мазмұны мен үрдісі мақсаттарының түсінігі. Жазаны өтеудегі түріне байланысты қылмыскерлердің түзелу жағдайындағы ерекшеліктері. Түзелу әрекетінің мазмұнын жасайтын негізгі әдістері. Қылмыскерлерді түзетудің негізгі әдістерінің құқықтық реттелуінің негізгі қолданылуы.



Қылмыскерлерге түзету әдістерін қолдану мен жазаны өтеудегі дифференциациясы мен индивидуализациясы
Семинар сабағының жоспары:

  1. Жазаны өтеу мен орындаудың түсінігі.

  2. Қылмыскерлерге қолданылатын түзету әдістері үрдісінің түсінігі, мазмұны және мақсаты.

  3. Түзетуге қатысты мазмұн жасайтын негізгі әдістер.

  4. Қылмыскерлерді түзетудің негізгі әдістерін қолданудың құқықтың реттелуі.

  5. Қылмыскерлерге түзету әдістерін қолдану мен жазаны дифференциясы мен индивидуализациясы.


Бақылау сұрақтары:

  1. «Жазаны атқару» және «жазаны өтеу» түсініктерінің мағынасы не?

  2. Жазаны өтеу мен түзетуге арналған шараларды қолданудың негіздемесі.

  3. Түзету әдістерінің аумағы мен түрі неге байланысты болады?

  4. Қылмыскерлерге түзету шараларын қолданудың нәтижесі не?

Әдебиеттер [2,3,11,31,41]
4-тақырып. Жазаны өтеудегі адамдардың құқықтық ахуалы.
Қылмыскерлерінің құқықтық ахуалының түсінігі. Қылмыскерлердің арнайы құқықтық мәртебесінің үздік қырлары. Қылмыскерлердің міндеттері мен заңды қызығушылықтары, құқықтары. Жазаның белгілі бір түрін қылмыскердің Қазақстан Республикасыныңазаматы ретінде, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген, қылмыстық, Қылмыстық-атқару Кодекстері және т.б. заңдармен, тәртіп пен шартты атқаруда құқықтары мен міндеттемелерінің шектелуі. Шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық ахуалы Қазақстан Республика Конституциясымен, халықаралық келісімшартпен, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық ахуалы туралы заң шығарушымен сәйкес келуінде. Қылмыскерлердің негізгі міндеттемелері. Қылмыскерлердің негізгі құқықтары. Қылмыскерлердің өзіндік қауіпсіздігіне құқығы. Қылмыскерлердің үндеуін құрастырудың тәртібі.
Семинар сабағының жоспары.

  1. Қылмыскерлердің құқықтық ахуалының түсінігі.

  2. Қылмыскерлердің негізгі міндеттемелері.

  3. Қылмыскерлердің негізгі құқықтары.

  4. Қылмыскерлердің ар тазалығына жағдай жасаудың ерекшеліктері.

  5. Қылмыскерлердің үндеуін қарастырудың тәртібі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің түрлерін ата.

  2. Қылмыскерлердің құқықтық мәртебесінің мазмұны қандай?

  3. Қылмыскерлерге жүктелген міндеттердің орындалмағаны үшін қандай жаупкершілік күтіп тұрады?

  4. Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ қылмыскерлердің құқықтары мен міндеттері.

Әдебиет [1,2,4,31,11,41,47,52]
5-тақырып. Мекемелер мен органдар, жазаны өтеушілер және олардың қайраткерлігін реттеу.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінің түсінігі. Қылмысқа қарсы күрес жүргізетін мемлекет органдары мен мекемелер түрлері қылмыстық жазаны өтеушілердің және олардың міндеттері мен органдар жүйесіндегі орны. Түзету мекемелерінің негізгі міндеттері мен олардың ұйымдастырушылық, материалдық базасы. Қылмысқа қарсы күрес жүргізетін сотпен және т.б. мемлекет органдарымен жазаны өтеуші органдардың ара-қатынасы. Жазасын өтеудегі әрекетші органдарды бақылау. Соттық бақылау. Ведомстволық бақылау. Қылмыстық-атқару өндірісін қадағалау. Қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелеріне бару.
Семинар сабағының жоспары:

  1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінің түсінігі.

  2. Қылмыстық жазаларды өтейтін мемлекеттік мекемелер мен органдардың түрлері және олардың міндеттері мен қылмысқа қарсы органдар жүйесіндегі орны.

  3. Түзету мекемелерінің негізгі міндеттері және олардың ұйымдастырушылық, материалдық базасы.

  4. Қылмысқа қарсы күрес жүргізетін сотпен және т.б. мемлекет органдарымен жазаны өтеуші органдардың ара-қатынасы.

  5. Жазасын өтеудегі әрекет ететін органдарды бақылау.

  6. Соттық бақылау. Ведомстволық бақылау.

  7. Қылмыстық-атқару өндірісін қадағалау.


Бақылау сұрақтары:

  1. Түзету мекемелерінің негізгі міндеттерін атаңыз.

  2. Қазақстан Республикасының КУИС.МЮ түзету мекемелерінде жазалаудың қандай түрлері орындалатының атаңыз.

3. ҚР КУИС МЮ Қылмыстық атқару инспекциясында жазалаудың қай түрлері орындалады?

4. Медециналық түрдегі зорлау әрекетінің тәртібі қолданылады?

5. Орындаушы органдарды бақылау.

6. Ведомстволық бақылау.

7. Соттық бақылау.

8. Кино, фото, бейнетүсірілімде жазасын өтеудегі меекмелердің өндіріс тәртібі.

9. Қылмыскерлердің кино, фото, бейнетүсірілім және интервью алушылығының тәртібі.

Әдебиет (2,7,9,11,16,18,32,41).


6-тақырып. Қылмыскерлердің еңбек қызіметіне еш байланыссыз жасаны етуі.
Айып түріндегі жазаны өтеудегі тәртібімен шарттары. Айып төлеуден және оған деген жауыпкершіліктен бас тарту түсінігі. Белгілі бір қыцзметтік лауазымды иелену немесе белгілі бір жұмыспен айналысу құқығынан айыру арқылы шарттар мен жазаны орындаудағы ұйымдастырушылық тәртібі. Белгілі бір лауазымға ие болу немесе белгілі бір қызметке тұру сияқты құқықтан айырылғандардың сот шешімін бұзудың салдарлары. Белгілі бір лаузымға ие болу немесе белгілі бір қызметке тұру құқығынан айырылған қылмыскерлердің жазадағы міндеттері. Арнайы, әскери немесе құрметті атақтар, сынптық шеңді, квалификациялық классты классты және мемлекеттік құрметке тыйым салу туралы сот үкімін орындау. Мүлікті конфискілеу туралы жазаны өтеудегі соттық атқаратын қызметі.
Семинар сабақтарының жоспары:

  1. Айып түріндегі жазаны өтеудегі тәртібі мен шарттары.

  2. белгілі бір қызметтік лауазымды иелену немесе белгілі бір жұмыспен айналысу құқығынан айыру арқылы шарттар мен жазаны орындаудағы ұйымдастырушылық тәртібі.

  3. Қосымша жазаны орындау. Қосымша жазалардың шарттарын қабылдау.

  4. Арнайы, әскери немесе құрметті атақтар, сыныптық шеңді, дипломаттық рангы, квалификациялық классты және мемлекеттік құрметке тыйым салу туралы сот үкімін орындау.

  5. мүлікті конфискілеу туралы сот үкімін орындау тәртібі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Айыпты төлеу мен оған жауаптылықтан бас тарту түсінігі.

  2. Белгілі бір лауазымға ие болу немесе белгілі бір қызметке тұру құқығынан айырылуға қылмыскерлердің жазадағы міндеті қандай?

  3. Қосымша жаза ретінде белгілі бір лауазымды немесе белгілі бір қызметке тұру құқығынан айырылу жаза түрінің жазаны өтеудегі мерзімі.

  4. Мүлікті конфискілеу бөліміне жатады ма?

Әдебиет (2,7,9,18,20,26,34)
7-тақырып. Қоғамдық жұмыстарға, түзету жұмыстарына қатысу және бостандықты шектеу түрінде жазаны өтеу.
Қоғамдық жұмыстарға қатысу түрінде жазаны өтеу тәртібі. Қоғамдық жұмыстарға қатысу түрінде жазаны өтеудің шарттары.

Қылмыскерлердің жазаны өтеу мекемесі әкімшілігінің міндеті. Қоғамдық жұмыстарды орындау түрі арқылы жазаны өтеушілердің жауапты адамы. Түзету жұмыстарына қатысу түрінде жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары.

Түзету жұмыстары түріндегі мерзімді өтеу. Қылмыскелердің түзету жұмыстарынан тапқан жол ақысынан ұстап қалу тәртібі. Түзету жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің тәртіпті бұзышылыққа және шарттылыққа жауаптылық.

Бостандықты шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары. Жазаның өтілу мерзімі. Жазаны өтеудің бостандығы шектеулі түріне байланысты қылмыстық-атқарудың құқықтық қатынасының субъектілері мен қатысушыларының міндеттері. Түзету жұмыстары түрінде жазаны өтеудегі қылмыскерлерді қадағалау және тәртіп бұзушылыққа ескерту жасау.


Семинар сабақтарының жоспары:

  1. Қоғамдық жұмыстарға қатысу түрінде жазаны өтеу тәртібі.

  2. Бостандықты шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары.

  3. Жазаны өтеудің бостандығы шектеулі түріне байланысты қымыстық-атқарудың құқықтық қатынасының субъектілері мен қатысушыларының міндеттері.

  4. Түзету жұмыстары түрінде жазаны өтеудегі қылмыскерлерді қадағалау және тәртіп бұзушылыққа ескерту жасау.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қоғамдық жұмыстарға, түзету жұмыстарына қатысу және бостандықты шектеу түріндегі жазаны өтеуді ата.

  2. Қоғамдық жұмыстарға, түзету жұмыстарына қатысу және бостандықты шектеу түріндегі жазаны өтеушілердің жаүапкершілігі қандай?

  3. Бостандығы шектеулі түрде жазаны өтеушілерге мадақтау мен өндіруді қолдану.

Әдебиеттер (2,7,9,18,37,39,45)

8-тақырып. Қоғамнан оқшаулауға байланысты жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары.

Сотталу түрінде жазаны өтеу.
Сотталу түріндегі жазаның өтелу орны. Сотталу түріндегі жазаның өтелу тәртібі мен шарттары. Сотталу түріндегі жазаны өтеушілердің еңбекке шақыру. Сотталу түрінде жазаны өтеушілері мадақтау түрлері және оларды қолданудың негізі. Сотталған қылмыскерлердің материалды-шаруашылық және медициналық көмек көрсетудің берілуі. Кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлердің сотталу түрінде жазаны өтеу шарттары.

Әдебиеттер (2,7,9,18,37,39,45)
Семинар сабағының жоспары:

  1. Сотталу түріндегі жазалаудың өтелу жері.

  2. Сотталу түріндегі жазаның өтелу тәртібі мен шарттары.

  3. Сотталу түріндегі жазаны өтеушілердің еңбекке шақыру.

  4. Сотталу түрінде жазаны өтеушілерді мадақтау түрлері және оларды қолданудың негізі.

Әдебиеттер (2,3,4,7,14,16,21)

9-тақырып. Бостандықтан айрылу түрінің жазасын өтеу.
Түзету мекемелерінің түрлері: түзету колониялары, тәрбиелеу колониялары, түрмелер. Бостандығынан айырылған қылмыскерлердің классификациясы және олардың әр түрлі түзету мекемелеріндегі бөлек мазмұн. Түзету колонияларының түрлері: қоныс-колониялары, жалпы колония, қатаң, арнайы режімді. Жазаны өтеу және оның амалдарын қамтамассыз етудің құқығын реттеу. Қоныс колонияларында, жалпы режімдегі түзету колониялары, қатаң тәртіптегі түзету колдонияларында, арнайы тәртіптегі колонияларда, түрмелерде бостандығынан өмірбойына айырылғандардың жазасын өтеу ерекшелігі. Қылмыскерлерге қауіпсіздік әрекетін қолданудың негіздемесі мен тәртібі.
Семинар сабақтарының жоспары:

  1. Түзету орындалу түрлері:

а) қоныс-колонияларында бас бостандығынан арылған түріне жазаны өтеудің ерекшеліктері;

б) жалпы тәртіптегі түзету колонияларында жазасын өтеудің тәртібі мен шарттары;

в) қатаң тәртіптегі түзету колонияларында жазасын өтеудің тәртібімен шарттары;

г) арнайы тәртіптегі түзету колонияларында жазасын өтеудің тәртібі мен шарттары;

д) қылмыскелерге арналған арнайы тәртіптерге түзету колонияларда өмір бойғы бостандығынан айырылғандардың жазасын өтеулерінің тәртібі мен шарттары;

е) түрмеде жазасын өтегендердің ерекшелігі;

ж) тәрбиелеу колонияларда жазасын өтеушілердің тәртібімен шарттары.

2. Бостандығынан арылған қылмыскерлердің классификациясы және олардың әр түрлі түзету мекемелеріндегі бөлек мазмұн.

3. Түзету меекмелеріндегі тәртіп (режим) мен оның қамтамассыз ету құралдары:

4. Қылмыскерлерге қауіпсіздік әреектін қолданудың негіздемесі мен тәртібі.



Сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған бақылау шараларының күнтізбелік кестесінің үлгілері
СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы» пәні бойынша 050301 мамандығы бойынша сырттай оқу нысанындағы студенттерге арналған

бақылау шараларының күнтізбелік кестесі


СӨЖ түрі

Максималды балл

Тапсырманы тапсыру мерзімі

Тапсыру мерзімі

Бақылау нысаны

1 сабақта

барлығы

Дәріске қатысу және дайындалу

2

12

1 сабақта

кесте бойынша

қатысу

Практикалық сабақтараға қатысу

4

12

1 сабақта

кесте бойынша

қатысу

Практикалық жұмыстарға дайындалу

4

12

1 сабақта

кесте бойынша

қатысу

Практикалық жұмысты ресімдеу және қорғау

 4

25




кесте бойынша

қатысу

СӨЖ тапсырмасы орындау

 7

39




кесте бойынша

қатысу

 

 

100

 

 

 



Курс саясаты

Әр студент сабаққа белсенді қатысып, сабақтың барлық түрінде қатысып, өзінің курстастарымен білім алуға тырысу керек. Сабаққа қалып келуге болмайды, түрлі тәртіпсіздік жазаланады, тіпті аудиториядан қуылады.

Сабаққа қалып келген жағдайда төмендегідей жазалау щараларын қолданамын:


  • дәріс пен тәжірибелік сабақта себепсіз болмаса 2 балл минус;

  • уақытылы СӨЖ істелмеген жағдайда 2 балл минус.

Семестірде екі аралық бақылауы бар. Ол не тест , не бақылау жұмысы. Бақылау өткен сабақтар бойынша жүргізіледі.

Бақылау түрлері : ҮТ – үй тапсырмасы, Қ – оқу процесіне қатысу, КТ- конспект тексеру, Р – реферат, МЖ– межелі бақылау.

Әр тапсырмаға дайындалу мен оқылған материалды қайталау міндетті. Сіздердің білімдеріңізді тексеру тәжірибе сабақтарында сұрақтар қою арқылы, тест, бақылау жұмыстары арқылы тексеріліп отырылады. Егер бақылау жазған күні болмасаңыз, келесі сабақта жаза аласыз, ал олай болмаса сіз 0 балл аласыз. Емтихан мониторингкте тестілі түрде өтеді. Пән бойынша рейтинг қорытындысын есептеу әдісі.

Пән бақылау қорытындысы жұмыс оқу жоспарына сәйкес емтихан мен ағымды үлгерімнен тұрады. Оның өлшемі төменгі кестеде көрсетілген:




Бақылау нысаны

Бақылау түрі

өлшемі

емтихан

емтихан

0,4

Ағымды бақылау үлгерімі

0,6

Пән бойынша қорытынды рейтинг баллы мына формуламен есептелінеді:

Мұнда Р1, Р2 және бірінші және екінші рейтингте алынған балл сандары, ВДту,ВДэ ағымды семестр мен емтиханда алынған балл өлшемі.

Пән бойынша қорытында рейтинг баллы сандық эквиваленттке, әріптік және дәстүрлі баға айналып, «Оқушылардың оқудағы жетістіктер журналына» және «Рейтинг ведомосына» тіркеледі.

Егер студент F бағасын алса, онда ол пән бойынша оның қорытынды бағасы анықталмайды да, ведомосқа сынақ есептелмеген болып жазылады.

Ағымды үлгерімнің қорытындысының соммарлы баллы екі рейтинг бойынша студенттің сабаққа қатысуымен, белсенділігімен, сұрақтарға жауап беруімен, бақылау жұмыстарын сапалы орындауымен есептелінеді.



Қорытында баға балл бойынша

Баллдың сандық эквиваленті

Әріптік жүйедегі балл

Дәстүрлі балл

95-100

4

А

өте жақсы

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағат

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

қанағатсыз

Пәннің аралық аттестация ведомосы мен сынақ кітапшасына қорытынды баға дәстүрлі түрде енгізіледі.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Тәжірибелік сабақтардың жоспары
umk -> Р/с Тақырыптың аталуы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсынымдар 050106 «Музыкалық білім» мамандығының студенттеріне
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Ф со пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді