Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Алматы қаласы


Бекмаханов. Е. «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында»



бет6/11
Дата12.04.2022
өлшемі34.35 Kb.
#220488
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 сөж тарих

2. Бекмаханов. Е. «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында»

Міне, ақыл-ойды тұншықтырған идеологиялық темір құрсаудан босанған, сөйтіп тәуелсіздік алған халқымыз егемен елдің тарихын да жазу міндетінің алдында тұр. Қазақстан тарихшылары халқымызға және бізді танып-білгісі келетін басқа халыктарға енді бұрынғыдай «саяси ботқа» емес, дәм-тұзы татымды ғылыми еңбектер беруге борыштар. Бірақ бұл


тез уакыттың ішінде біте қояр іс емес. Біз бұл жұмысты жаңа ізденістерден бастауымыз абзал. Бірак казіргі экономикалық қиыншылықтар тұсында, оның үстіне Қазақстанға қатысты архив қорлары баска елдерде болғандықтан көлемді, тың тарихи еңбектер жазу қиындай түсуде.
Сонымен бірге кезінде қудаланып, жабық қоймаларға қамалып, жұрт пайдалана алмаған, тіпті көзі жоғалуға айналған құнды еңбектер де, аты атаусыз кеткен, жазықсыз жалаға ұшыраған көрнекті зерттеушілеріміз де бар. Осындай еңбектер мен олардың авторларын елге таныстыру да казіргі дәуірдің таяудағы игілікті ісі болса керек.
Оқушы қауымға ұсынылып отырған осы кітап сталинизмнің құрбаны болған, тұңғыш кеңес тарихшыларының бірі әрі бірегейі, кеңес тарих ғылымында доктор атағына алғаш ие болған азаматымыз профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ермұхан Бекмаханов-тың ең басты енбегі.
Бұл кітаптың кеңес тарихнамасындағы орнын басқа ешбір туындымен салыстыруға болмайды десек бұл сөзіміз шындыктың шенберінен шықпайды. Сонымен бірге бұл шығарма өзінің заманындағы ресми сталиндік көзқарасқа керегар келгендіктен жас тарихшының тағдырына үлкен кесел келтіргенін де жасырмауға тиістіміз. Бұл жағдай кезінде казақ тарих ғылымының дамуына идеологиялық шідердін мықты болғандығын дәлелдесе, саяси пайдакүнемдікке (конъюнк-тураға) ғылыми адалдықты қарсы қойған автордың батылдығын да көрсетеді. Бекмаханов — объективті ғылыми шындықтын жағындағы зерттеуші. Оның есімі осынысымен биік тұғырға шығып; ел есінде сақталып, шет елдерде де жоғары беделге ие болған. Бекмаханов жайлы жылы пікір айтқан академиктер Греков, Панкратова, Дружининдер кеңес тарих ғылымын жасаушы, Бекмахановты қолдаушы және өз пікірлерін ешуақытта да өзгертпеген, тіпті ен жоғарғы партия басшылары алдында да жасырмаған ұлы тұлғалар еді.
Ермұхан Бекмаханов қазақ тарих ғылымының, халқымыздың мақтанышы. Бірақ өкінішке карай, оның бұл басты еңбегі 50-жылдардың басында қаралы тізімге ілінді де, сталиндік-империя-лық бұғаудың үзіле бастауы да оның жарықка шығуына жол ашпады. Бұған себеп тарих ғылымы Бекмаханов тұжырымдамасы-ның деңғейінен төмен тұрды. XIX ғасырдың 20—40-жылдары, оның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі отаршыл-дарға қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы ұйымдастырған көтерілістерден кейінгі үш жүзді қамтыған ең көлемді бас көтеру болғандығың оның азаттық үшін болған ұлы аттаныс екенін тарихшылар іштей мойындаса да ашық айтуға батылы жетпеді. Осындай жігерсіздік, отарлық тұжырымдаманың (қазақтарды азат еткен ұлы Қазан төңкерісі, ұлы орыс халқы), жалған интернационализмнің (ұлы орыс халқы Ресейдін барлық халықтарын біріктірді) сананы жайлаған уыты Бекмаханов жазған шындықты тануға бөгет болып келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан