Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Алматы қаласы



бет11/11
Дата12.04.2022
өлшемі34.35 Kb.
#220488
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 сөж тарих

7. Е.Бекмаханов ақталуы

Лагерден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михаиловна Панкратова сияқты қайырымды да қамқор адамдардың тікелей көмек-жәрдемінің арқасында, Сталин өліп, қанқұйлы Берия атылғаннан кейін, Е.Бекмахановтың ісі қайта қаралды. 1954 жылғы 16 ақпанда оның «қылмысты ісі» тоқтатылып, өзі ақталып шықты. Бұдан соң бірер жыл оның жағдайы аса ауыр болды: жұмыссыздық, кешегі «халық жауына» күдіктене қараушылық оның жүйкесін жұқартып, денсаулығын әлсіретті. Соған қарамастан, қайсар талант өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған «Қазақстанның Россияға қосылуы» атты іргелі еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Осы еңбегінің СССР Ғылым академиясының Москвадағы «Наука» баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көруіне А.М.Панкратова баға жетпес көмек көрсетті. Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылымдары, қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі 1947 жылғы ұйымдастырған кафедрасының меңгерушілік қызметі қайтарып берілді. 1962 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында Ермұқан Бекмаханов өте өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми еңбектер жазды, орта мектеп үшін Қазақ ССР тарихының оқулығын шығарды, оқу құралдары мен маман кадрлар даярлау ісімен шебер ұштастырды. Ермұқан Бекмаханов бергеннен берері көп кемел шағында 1966 жылы мамыр айында дүние салды.

Үлкен жүректі жанның қазасына байланысты еліміздің түпкір-түпкірінен ондаған телеграммалар, хаттар келген екен. Ерінің архивін, оның ішінде көңіл айту хаттар мен телеграммаларын Халима жеңгей республикалық академияның орталық архивіне өткізді. Сол архивтік қорда Бауыржан Момышұлының азалы адресі де сақтаулы. Ол кәдімгі мүшел тойда сыйланатын мұқабасы қалың жібек астарлы папка екен. Ол көк сиямен былай деп жазыпты: «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде» деп боздар сорлы қазақ мен өлгенде осы сөзді Қанышқа, Мұхтарға, т.б. арнап жазып едім. Інім едің – сенімен қоштасып, басыңа қойып тұрмын. Жатқан жерің торқа болсын. Әрқашанда есімдесің бауырым. Тағдыры күрделі қайсар талант Ермұқан Бекмаханов өзінің тынымсыз, ізденісі, адал да жемісті еңбегі арқылы халқына қалаулы, еліне елеулі азамат болды. Оның артына қалған бай ғылыми мұрасының біраз бөлігі жарияланбаған еңбектерін бастырып шығару – бүгінгі ұрпақтың парызы. Үлкен дау мен айтыстарлың обьектісі болған «XIX ғасырдың 20-40-шы жылдардағы Қазақстан» атты еңбегін қазіргі тұрғыдан ыждағатпен зерделеп, бір кезде осы кітап пен оның овторына тағылған айыптардың оның – қанағатына жету де – өз кезегін күтіп жатқан міндет.

ҚОРЫТЫНДЫ

Соғыстың зардабы мәдениет саласының дамуында үлкен қиыншылықтар тудырды. Е.Бекмахановпен қатар республиканың А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смаилов шығармашылық интеллигенция өкілдері саяси және буржуазиялық ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды. 1951 жылдың 20 сәуірде Қазақстан кеңес жазушылары одағы жанындағы партия ұйымының да ашық жиналысы өтіп, онда «Правда» газетіндегі мақала және КК(б)П Орталық Комитетінің қаулысы талқыланды. Осы жиналыста айтылған пікірлер «Әдебиет және искусство» журналында «Кенесары халықтың қас жауы» деген тақырыппен жарияланды. Қазақ әдебиеті тарихында өз қолтаңбаларын қалдырған М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Қ.Аманжолов, И.Исмайлов және басқалары әр жылдары Кенесары қозғалысына байланысты өз шығармашылығына жібереген қателерін мойындап, Кенесары қоғалысының ұлтшылдық, алашордалық сипатын әшкерелеуге мәжбүр болды. Партиялық саясат пен идеология үстемдігі Алаш қайраткерлері шығармалары мен Бекмахановтың зерттеу нысанына айналған Кенесары қозғалысында теріс баға бергенмін, тарих пен уақыт өзінің әділ бағасын берді. Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып жіберді. Ұлтжандылық пен ғылымдағы шынайылық ақиқаттан аттап өте алмау Алаш зиялылары мен ғалым Е.Бекмахановты рухани байланыстарды, пікір сабақтастығын тудырды. Кенесарының күрескерлік тұлғасы арқылы ел мүддесін, ұлт рухын ұлақтады. Ұлттық идеясыз, ұлттық зиялысыз, ұлттық элитасыз ұлт өспейді. Оған рухани басшылық керек. Болашаққа жол сілтеген елбасының «Қазақстан» бағдарламасы Қазақстан қоғамының ішкі, сыртқы ахуалын зерделеу негізінде жасалған. Ел мен оның зиялысы осы елбасы көтерген көгілдір тудың астынан табыла берсін.

ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Алдарбекұлы К Жасын: Профессор Ермұқан Бекмаханов // Түркістан 2004 №4

  2. Әбжанов Х. Бекмаханов және ұлт-азаттық қозғалыстарды зерттеу әдіснамасы // Қазақ тарихы №3, 2006

  3. Әбжаппарова Б. «Интеллигенция» ұғымы туралы көзқарас // Қазақ тарихы №5, 2006

  4. Даркенов Қ. Қазақ зиялылары және Е.Бекмаханов арасындағы рухани байланыс // Қазақ тарихы №6, 2006

  5. Махат Д. «Бекмаханов ісі» // Қазақ тарихы №4, 2005

  6. Мұсахажинова А. Қазақстан тарихнамасындағы Е.Бекмахановтың алтын орны // Өлкетану 2003 №2

  7. Тәкенов Ә. Тарихшы Е.Бекмаханов // Қазақстан тарихы 2004 №11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы