Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Алматы қаласы



бет10/11
Дата12.04.2022
өлшемі34.35 Kb.
#220488
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 сөж тарих

6. Бекмахановқа қарсы қудалау ісі

Кейінгі жағдай Е.Б.Бекмахановқа қарсы тұрақтала басталды. «Қырғи-қабақ» соғысының шиеленісуімен, феодалдық-антиколониалды көтерілістерге баға беруге қарсы дауыстар көбейе бастады. Ұлттық қозғалыстар- Шәміл, Кенесары Қасымұлы, т.б. қайта қарастырыла басталды. Антиколониалды көтерілістер басшылығының ағылшын агентурасымен болған байланысы туралы және архив деректері пайда болды: Кавказ және Орталық азиядағы ішкі оқиғалары Орталық Шығыстағы ағылшын-орыс қарсылығы тарихымен тығыз байланысты болды. Патшалықтың отарлау саясатының нақты мәні барлық тарихи кітаптардан жойылды. Е.Бекмаханов кейбір тарихшылар тарапынан өткір сынға алынды. Алматыдан Мәскеуге Е.Бекмахановтың қаралап ағылған «домалақ» арыздар тасқыны оның докторлық диссертациясын бекітуіне екі жылдай кедергі жасады. Ғылыми талдау даулары ғылыммен мүлде байланысы жоқ, жеке тәртіптің түрткісімен күрделене түсті. 1947 жылы Мәскеуде диссертация авторын арнайы плагиатствор жасағаны үшін, кіналайтын өтініш жазылды: Осында Е.Бекмахановтың жаңа монографиясы – жеке еңбек емес, ол контрреволюционер-эмигрант, тарихшы А.Ф.Рязановтың басылып шықпаған қолжазбасы деп айыптады. Осындай жағдайда Е.Бекмаханов амалсыздан «Казахстан в 20-40 годы XIX века» деген атпен 1947 жылы баспадан шыққан және докторлық лауазым алуына негіз болған жеке зерттеуінде өзін-өзі және өзінің әріптестерін «Қазақ ССР тарихының» бірінші басылымындағы «қателіктері» үшін сынауға мәжбүр болды. Е.Бекмаханов өз мақаласында «Қазақ ССР тарихының» кітабының жағымды жақтарын жазуымен қатар, алғашқы кезеңінде кеткен кемшіліктердің де орынды сыналғанын айтты. Кеңестік Қазақстан тарихы мәселелірінде «қателіктер, ұлтшылдық бұрмалаушылықтар» жіберіліп жүр деген партия сыны ескерілді. Е.Бекмаханов аталған кезең тарихынан әлі бірде-бір монография жазылмағандықтан, кеңестік кезең тарихын жүйелі зерттеу барысында бұл мәселеде өзгерістер болу мүмкіндігі ескеріліп кезеңдерді алғашқы нұсқауларда қалдыруды ұсынды. «Кенесары Қасымовтың көтерілісін баяндауға негізгі қателік – деп жазды ол, - әлеуметтік – экономикалық шарттарды талдамай, оның біржақты сипатталуында. Сондықтан да, Кенесары көтерілісін сипаты мен қозғаушы күштері түсініксіз болып қалған. Онан соң, Кенесары халқының саяси құрылысы мүлде көрсетілмеген, ал онсыз өзінен соң бұрынғыларымен салыстырғанда Кенесарының прогрестік рөлі неден көрінетінін түсіну мүмкін емес».

1948 жылы Е.Бекмахановтың монографиясына арналған екі мәжіліс өткізілді. Оның біріншісі 28 ақпан күні Москвада СССР Ғылым академиясының тарих және институтында болды. Ол СССР Ғылым академиясының тарих және философия бөлімшесінің академик-секретары Б.Д.Грековтың басшылығымен өтті. Оған еліміздің белгілі тарихшы ғалымдары Н.М.Дружинин, С.В.Бахрушин, М.П.Вяткин, А.П.Кучкин, С.В.Юшков және басқалары қатысты. Осы талқылауда Алматыдан арнайы келген тарих ғылымының кандидаты Х.Г.Айдарова ұзақ сөз сөйледі. Мәжілісте тарих ғылымының кандидаты Т.Ж.Шойынбаев пен М.Б.Ақынжановтың талқыланатын кітап жөніндегі жазба пікірлерінде: «Кенесары мен оның төңірегіндегі сұлтандардың қызметі... феодалдық – монархиялық ұлтшылдықтың көрінісі болды, оның бұқаралық сипаты болған жоқ » деген уәж айтылып, мынадай тұжырым жасалды: Кенесарының қозғалысын бұқаралық, ұлт-азаттық, прогресшіл қозғалыс деп бағалаған кітап авторы «іс жүзінде буржуазияшыл «тұтас ұғым» теориясының шырмауында қалып отыр», сондықтан да «кітапта қазақ еңбекшілерінің көптеген ғасырлар бойы феодалдарға, хандарға, сұлтандарға, байларға, билерге қарсы жүргізген күресі көрсетілмеді». Талқылауға қатынасқан басқа ғалымдар (А.Кучки н, Н.Дружинин, С.Бахрушин, М.Вяткин, т.б.) Шойынбаев, Ақынжанов және Айдарова жолдастардың кітап жөніндегі пікірлеріне негізінен қарсы шықты және Е.Бекмахановтың монографиясы, оның жекелеген кемшіліктері болуына қарамастан, салиқалы еңбек екендігін аитты. Москвалық ғалымдар сонымен бірге кітап авторына «буржуазияшыл-ұлтшылдық концепцияны уағыздаушы, маркстік – лениндік позициядан ауытқушы» деп айып тағудын еңбекті ғылыми тұрғыдан талдауға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын субъективті әрекет екендігін мәлімдеді. Талдауды қорыта келіп, академик Б.Д.Греков совет тарихшылары қандай проблеманы зерттемесін, тек қана шындықты жазуға міндетті екенін қоғамдық құбылысты болсын, оның ішінде ұлт-азаттық қозғалыс тарихын да суреттегенде біріңғай әсіресе қызыл бояу жағуға, немесе тұтас қара бояумен бейнелеуге болмайтындығын айта келіп, Қазақстан тарихшыларын бірлікке, бірлесіп творчестволық еңбек етуге шақырды. Алайда сол кездегі Қазақстан жағдайында үлкен совет ғалымының бұл тілегі жүзеге аспады. Осының нәтижесінде 1948 жылғы шілдеде Қазақ ССР Ғылым академиясында Е.Бекмахановтың кітабына байланысты бес күнге созылған дискуссия ұйымдастырылды. Ол 14-17 және 29 шілде күндері академияның тарих, археология және этнография институтында өткізілді. Дискуссияға қатысқан 24 адамның әрқайсысы 40 минуттан 1,5-2 сағатқа дейін сөз сөйледі. Осы дискуссияның стенограммасы машинкаға басылған 552 беттік үлкен қолжазба томды құраған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан