Артықшылығы: таза табысты бөлісу жөнінен ың — шың жоқ, салық салу жүйесі оңай, жеңілдіктер болуы мүмкін.
Кемшілігі: бастау капиталының мөлшері болымсыз, банктен несие алу, ауқымды істі бастау қиын.
Толық серіктестік мүшелердің үлестік /пай/ меншіктігіне негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша өздерінің жеке мүліктеріменен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылы жылдың қорытындысы бойынша серіктестік тапқан таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.
Толық серіктестік төмендегі негізгі екі белгісімен ерекшеленеді:
Кәсіпкерлік қызмет және оған қатысушы серіктестіктің қызметтері олардың өз қызметтері болып саналады, ал оның міндеттері бойынша кез — келген қатысушы өзінің барлық мүлкімен жауап береді.
Серіктестік жеке сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік басқа қатысушыға жүктеледі. Сондықтан толық серіктестік отбасылық кәсіпкерлік ретінде дамып келеді. Егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бәрі жеке Адам ретінде кіретін болса, белгілі бір жауапкершілікті жағдайға кезіккенде /мәселен банкротқа ұшырағанда/, өмірге қажетті күнделікті заттарды қоспағанда, басқа да жеке мүліктерін, атап айтқанда: көлік, саяжай, жиһаз, қылқалам туындысы, зергерлік бұйымдар, басқа да құнды мүліктерді есепке алады.
Әдетте толық серіктестікті заңды тұлғалар, ірі кәсіпорындар құрайды.
Артықшылығы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы қысқа мерзім ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады, экономиканың әртүрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.
Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.
Коммандитті серіктестік — үлестік меншікке негізделген. Коммандитті серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауакершілік көтеретін, салымшы мүшелерді /коммандистер/ және міндеттеме бойынша толық ортақ жауап беретін толық жолдастарды /өзінің мүлкімен жауап беретін жауапты серіктестіктерді/ қамтиды.
Салық тұрғысынан қарағанда Коммандитті серіктестік – жауапкершілігі шектеулі қоғам. Мұндай құрылым жауапкершілігі шектеулі коммандитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы – салық төлеу тұрғысынан қарағанда, ол — серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан алсақ, жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық. Әдетте олардың капиталы да көп болмайды.
Біздің елімізде коммандиттік серіктестіктің аралас түрі әлі дами қойған жоқ. Алайда белгілі бір жағдайда оған деген қажеттіліктің тууы мүмкін. Мысалы, әлеуметтік — экономикалық маңызы бар бағдарламаны жекелеген азаматтар береді, ал оған сенім білдіріп, мақұлдайтын кәсіпорындар да кездеседі. Бірақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражат екеуінде де болмауы мүмкін. Осыған орай, серіктестіктің аралас түрі құрылады, жеке тұлға оған шектеулі жауапкершілікпен алынса, ал кәсіпорын толық мүшелік құқымен кіреді. Міне бұл жағдайда:
— біріншіден, кәсіпорындар банк несиесінің кепілі бола алады;
— екіншіден, кәсіпорынның бақылауымен оған жеке адам билік етеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес /77-84 баптары/, сонымен қатар қосымша жауапкершілікті серіктестіктер құруға болады .
Достарыңызбен бөлісу: |