Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы, елімізде әлеуметтік экономикалық мәні аса жоғары игі өзгерістерге қол жеткізілді



бет8/12
Дата22.11.2022
өлшемі259.58 Kb.
#361038
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Sagintai N

Шектеусіз жауапкершілік — кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады дегенді білдіреді.
Айталық, екі адам ортақ кәсіпорынға 100 млн. теңгеден салды делік. Сонда кәсіпорынның жалпы капиталы 200 млн. теңге құрайды. Егер кәсіпорын несие берушілер алдындағы 300 млн. теңге көлеміндегі міндеттемелері бойынша банкрот болса, онда жауапкершілігі шектеулі әрбір қос йегерлер қарыз міндеттемелерін 100 млн. теңгеден, яғни өздері қосқан мөлшерде ғана жабады. Ал шектеусіз жауапкершілік жағдайында екі ортақтас 300 млн. теңгелерімен қоштасып қала береді. Егер біреуі 100 млн. теңге ғана төлей алса, онда соры қайнаған кәсіпорынның екінші иегеріне 200 млн. теңге төлеуге тура келеді.
Жауапкершілігі шектелмеген серіктестіктің жеке кәсіпкерліктен негізгі айырмашылығы – бірден көп қатысушының болуы. Бұл серіктестіктердің арасында келісім-шартқа отыру қажеттілігін білдіреді, ол жерде мыналар көрсетіледі: серіктестіктің атауы, негізгі қызмет түрі, серіктестіктің жұмыс істеуінің өміршеңдігі, әрбір серіктестіктің құқықтары мен міндеттері, пайданы бөлістіру тәртібі, серіктестіктің ескі мүшелерін шығарып, жаңаларын қабылдау жолдары. Барлық қалған жағдайларда жауапкершілігі шектелмеген серіктестік жеке кәсіпкерлікпен бірдей дерлік. Демек барлық серіктестердің кәсіпорынның берешектері мен міндеттемелері үшін жауыпкершіліктері бірдей, ал пайда мен шығындар жеке — жеке әрбір серіктестің салық салынатын кірістерінің құрамына қосылады. Бұдан басқа серіктестер серіктестіктің кез келген қатысушысының берешектері мен міндеттемелеріне жауап береді және кейде несие берушілер өз шығындарын серіктестіктің барлық қатысушыларынан алатын жағдайлар да болады.
Келісім — шарт дайындау қажеттілігі мен осы мақсатта кеңес беруші заңгерлер тартуды есептемегенде серіктестік құру да айтарлықтай оңай. Серіктестікте сабақтастық деген нәрсе жоқ, яғни бір серіктестің кетуімен немесе өлуімен серіктестік өз жұмысын тоқтатады. Әрбір серіктес басқаларының келісім берулерімен өз меншігінің бір бөлігін үшінші біреуге беруге құқығы бар. Бұған қоса серіктестің басқа тұлғалардан немесе ұйымдардан өз атына несие алу құқығы бар.
Дербес /отбасылық/ жекеменшік кәсіпорын азаматтардың өз меншіктеріне негізделген. Оның иесі болып табыстың бәрін алатын және шаруашылық қызметтің нәтижелеріне орай барша тәуекелді көтеретін бір отбасы /бір тұлға/ саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені