Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы, елімізде әлеуметтік экономикалық мәні аса жоғары игі өзгерістерге қол жеткізілді



бет6/12
Дата22.11.2022
өлшемі259.58 Kb.
#361038
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Sagintai N

Делдалдық кәсіпкерлік — бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі — кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Консультативтік кәсіпкерлік — бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда мынадай жұмыстар істеледі; финанстық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер. Нарыққа бағытталу туралы финанстық, шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер т.б. көрсетіледі. Консультация /кеңес беру/ әдістері:

  1. Экспорттық консультация — мұнда маман өз бетімен диагноз қояды, шешімдер жасақтайды және енгізуге ұсыныстар береді;

  2. Процестік консультация – фирманың маманы клиентпен белсенді түрде қарым — қатынаста болады, оның өз ойын айтуына ынталандырады, клиентпен бірге талдау жасайды, сонан кейін ұсыныстар белгілейді.

  3. Оқулық консультация — лекция оқу, семинар өткізу, оқу құралдарын жасақтау т.б. Бұл кәсіпкерлік істердің қандай түріне болмасын, істі қалай табысты жүргізуге кеңес береді. Казақстан Республикасында кәсіпкерліктің бұл түрі үлкен өріс алып дамыған жоқ, бірақ оның болашағы зор.

Көріп отырғандай кәсіпкерліктің барлық түрі табыс табуға бағытталған.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік ретінде сипаттайды.
Кәсіпкер өз ісіне шын берілген адам және одан қанағат алуы парыз. Ол әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау т.б.
Кәсіпкерлікті жасақтау және оны дамыту үшін кадрларды оқыту, білім дәрежесін, мамандығын көтеруге көңіл бөлу, кәсіпкерлер даярлауды тұрақты қадағалау.
Кәсіпорын ең алдымен кейбір жеке меншік түрінің басымдылығына қарай – қоғамдық немесе жеке меншік болып екі типке бөлінеді.
Бірінші тип. Мемлекеттік кәсіпорын — мұнда негізгі құралдар мемлекеттің меншігінде болады. Мемлекеттік органдардың қарамағында болатын кәсіпорындарды қазыналық деп атайды. Олардың жиынтығы экономикалық қоғамдық секторы болып саналады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік — тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, себебі: үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында болады.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар: біріншісі – шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады. Таза мемлекеттік — толық шаруашылық есеп, қазыналық — толық емес шаруашылық есеп. Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады.
Екінші тип. Серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, аралас кәсіпорындарды, кооперативтерді жеке йелену. Олар экономикалық жеке меншік секторын құрайды.
Экономиканың жеке меншік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын йелері біреу немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жұмысы үшін жауапкершіліктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу тәсіліне байланысты бөлінеді.
Серіктестік – бұл пайда табу мақсатында екі не одан да көп қатынасушылардың арасындағы кәсіпорын құру келісімі, сонымен қатар қатысушы ретінде тек жекелеген тұлғалар ғана емес, ұйымдар да бола алады. Серіктестік – жауапкершілігі шектеулі, сондай — ақ жауапкершілігі шектелмеген болып құрылуы мүмкін.
Жауапкершілік шектеулі және шектеусіз болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені