Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы, елімізде әлеуметтік экономикалық мәні аса жоғары игі өзгерістерге қол жеткізілді



бет1/12
Дата22.11.2022
өлшемі259.58 Kb.
#361038
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Sagintai N


Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы, елімізде әлеуметтік — экономикалық мәні аса жоғары игі өзгерістерге қол жеткізілді. Елімізде экономиканы дамыту, осының негізінде әлеуметтік – экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл — ауқатын түбегейлі жақсарту міндеттері орындалуда.
Қазақстан қазір ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған құрылымдық реформаның жаппай қамтитын бағдарламасын жүзеге асыруда. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа процесі, 1991 жылы желтоқсанда теуелсіздік жарияланғаннан кейін тіптен үдеп кетті. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық уақиғалар: 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыру /либерализациялау/, 1993 жылы қаңтарда қабылданған Конституцияда және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясында жекеменшік құқықты мойындау, 1993 жылы сәуірде ұлттық жекешелендіру бағдарламасын жасау, 1993 жылы қарашада ұлттық валютаны енгізу; 1993-1994 ж.ж. дағдарысқа қарсы бағдарламаны жасау; 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша — несие саясатын жүргізу; индикативті жоспарлар жасау, 1997 жылы қазан айында Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын қабылдау. Бұл бағдарлама экономиканы Жан — жақты күшейтуді және сапалы жаңа межелерге алып шығуға қабілетті экономикалық тасқынды қамтамасыз етуді көздейді. «Егер біз стратегиямызды мүлтіксіз орындап, ынталы еңбек етсек, онда біз Орталық Азияның нағыз барысы бола аламыз және ұлт тұтастығына, әлеуметтік әділдікке және барша халықтың экономикалық жақсы тұрмысына сай тәуелсіз мемлекет ретінде – дамушы елдер үшін үлгіге айналамыз» — делінген Президенттің халыққа Жолдауында. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы экономикалық жаңа қатынастардың қалыптасуына, нарықтық қайта құруды одан ары тереңдетуге бағытталған айтарлықтай шараларды жүзеге асыру жағдайында жұмыс істеуде. Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шет елдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар дүниеге келді. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперотивтер, шаруашылық серіктестіктері, шаруа қожалықтары құрылды.Экономмиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты — шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды. Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтікэкономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше.Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз ырзығын теруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны — бұл кәсіпорын. Міне сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызымет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен техналогияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарда өндірісті және өнімді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол — сияқты бизнес – жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі — менеджмент іске асырылады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық негізін терең білу қажет.
Нарықтық экономикада мемлекеттің ролі аса зор. Нарықтық экономиканы реттеу сферасындағы мемлекеттің негізгі міндеті – оның тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар тудыру және дамыту, кәсіпкерлік еркіндігі мен адал бәсекелестік ұйымдастыру болып табылады. Бұл мәселені шешудегі ең алғашқы адым көптүрлі экономикалық процестерді реттейтін заңнама — құқықтық және нормативті база жасау болуы қажет.
Бәрінен бұрын мемлекет экономикалық әрекеттердің ережесін бекітеді және оны экономикалық барша субьектілердің орындауын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде кәсіпорынның мәртебесі, оны құрудың тәртібі, мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін — өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналды. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты ескере отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбек ақыларын есептеу, т.б. жұмыстарды іске асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені