Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі мазмұны жалпы бөлік 1-БӨлім. Жалпы ережелер

Loading...


бет1/13
Дата10.05.2017
өлшемі137.86 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
МАЗМҰНЫ

ЖАЛПЫ БӨЛІК

1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы

3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері

4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары

5-бап. Еңбек бостандығы

6-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу

7-бап. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу

8-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы

9-бап. Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

10-бап. Еңбек шарттары, әлеуметтік әріптестік тараптарының келісімдері, ұжымдық шарттар, жұмыс берушінің еңбек саласындағы актілері

11-бап. Жұмыс берушінің актілері

12-бап. Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде жұмыс­керлер өкілдерінің пікірін ескеру тәртібі

13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу

14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұз­ғаны үшін жауаптылық
2-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қаты­нас­тарын реттеу саласындағы құзыреті

16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның еңбек қа­тынастарын реттеу саласындағы құзыреті

17-бап. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның құзыреті

18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек қатынас­та­рын реттеу саласындағы құзыреті
3-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ СУБЪЕКТІЛЕРІ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТУЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ

19-бап. Еңбек қатынастары субъектілері

20-бап. Жұмыскерлердің өкілдері және олардың өкілет­тіктері

21-бап. Еңбек қатынастарының туындау негіздері

22-бап. Жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттері

23-бап. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері


ЕРЕКШЕ БӨЛІК

2-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ
4-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ

24-бап. Еңбек шартының нысанасы

25-бап. Еңбек шартын жасасу кезіндегі құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігінің кепілдіктері

26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер

27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерек­шелігі

28-бап. Еңбек шартының мазмұны

29-бап. Бейбәсекелестік туралы шарт

30-бап. Еңбек шартының мерзімі

31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері

32-бап. Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар

33-бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі

34-бап. Жұмысқа қабылдауды ресімдеу

35-бап. Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттар

36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап

37-бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ нәтижесі

38-бап. Жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру

39-бап. Жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру

40-бап. Жұмыскерді басқа заңды тұлғаға іссапарға жіберу

41-бап. Өндірістік қажеттілік жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

42-бап. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

43-бап. Денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

44-бап. Жүкті әйелдерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыру

45-бап. Жұмыскерді басқа жұмыс орнына ауыстыру. Лауа­зым (жұмыс) атауының өзгеруі

46-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруі

47-бап. Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілілігі өзгерген, заңды тұлға акцияларының (қатысу үлестерінің) меншік иесі ауысқан, жұмыс беруші заңды тұлға қайта ұйым­дастырылған кездегі еңбек қатынастары

48-бап. Жұмыстан шеттету

49-бап. Еңбек шартын тоқтату негіздері

50-бап. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу тәртібі

51-бап. Еңбек шартын мерзiмi өткеннен кейін тоқтату тәртібі

52-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бо­йын­ша бұзу негіздері

53-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойын­ша бұзу тәртібі

54-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін шектеу

55-бап. Еңбек шартын жұмыскердің басқа заңды тұлғаға ауысуына байланысты тоқтату негізі және тәртібі

56-бап. Еңбек шартын жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі

57-бап. Еңбек шартын тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату негіздері

58-бап. Еңбек шартын жұмыскер еңбек қатынастарын жал­ғастырудан бас тартқан кезде тоқтату негіздері

59-бап. Еңбек шартын жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына байланысты бұзу тәртібі

60-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шартын тоқтату негіздері

61-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресімдеу

62-бап. Еңбек қызметін растайтын құжаттарды, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты өзге де құжаттарды беру


5-тарау. ЕҢБЕК ТӘРТІПТЕМЕСІ. ЕҢБЕК ТӘРТІБІ

63-бап. Еңбек тәртіптемесінің қағидалары

64-бап. Тәртіптік жазалар

65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі

66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі
6-тарау. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

67-бап. Жұмыс уақыты және оның түрлері

68-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы

69-бап. Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы

70-бап. Толық емес жұмыс уақыты

71-бап. Жұмыс уақыты режимі

72-бап. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөлік­терге бөлу

73-бап. Ауысымдық жұмыс

74-бап. Икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс

75-бап. Жұмыс уақытының жиынтық есебі

76-бап. Түнгі уақыттағы жұмыс

77-бап. Үстеме жұмыс

78-бап. Үстеме жұмыстардың шекті саны

79-бап. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізу тәртібі


7-тарау. ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ

80-бап. Тынығу уақытының түрлері

81-бап. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс

82-бап. Ауысымішілік және арнайы үзілістер

83-бап. Күнделікті (ауысымаралық) тынығудың ұзақтығы

84-бап. Демалыс күндері

85-бап. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс

86-бап. Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартудың айрықша жағдайлары

87-бап. Демалыс түрлері

88-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек дем­а­лы­сының ұзақтығы

89-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек дем­а­лыс­тары

90-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын есептеу

91-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бе­рілген кезде еңбек өтілін есептеу

92-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының кезеңін айқындау және оларды беру тәртібі

93-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарын беру­дің кезектілігі

94-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын ауыс­тырудың жағдайлары мен тәртібі

95-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алу

96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құ­қы­ғын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтем­ақы төлеу

97-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс

98-бап. Оқу демалысы

99-бап. Жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар

100-бап. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс


8-тарау. ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ

101-бап. Еңбекті нормалау

102-бап. Еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік ке­піл­діктер

103-бап. Жалақының мөлшері

104-бап. Жалақының ең төмен мөлшерін белгілеу

105-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу

106-бап. Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу

107-бап. Еңбекке ақы төлеу жүйесі

108-бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу

109-бап. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу

110-бап. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу

111-бап. Лауазымдарды қоса атқару, қызмет көрсету айма­ғының кеңеюі және уақытша болмаған жұмыскердің мін­деттерін атқару (алмастыру) кезінде еңбекке ақы төлеу

112-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу

113-бап. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері

114-бап. Жұмыскердің орташа жалақысын есептеу

115-бап. Жалақыдан ұстап қалулар


9-тарау. КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

116-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар

117-бап. Кәсіби стандарттар және біліктілік жүйесі

118-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру

119-бап. Дуальдық оқыту
10-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

120-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеті

121-бап. Жұмыскерді еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру ар­қылы оған келтірілген нұқсан үшін жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы

122-бап. Жұмыскердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы

123-бап. Жұмыс берушіге нұқсан келтіргені үшін жұмыс­кердің материалдық жауаптылығы
11-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ

124-бап. Жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындаған кезде берілетін кепілдіктер

125-бап. Медициналық қарап тексеруге жіберілетін жұмыс­керлер үшін кепілдіктер

126-бап. Донор болып табылатын жұмыскерлер үшін кепілдіктер

127-бап. Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлер үшін ке­пілдіктер мен өтемақы төлемдері

128-бап. Жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыс­тыру кезіндегі өтемақы төлемдері

129-бап. Жұмыскердің жеке мүлкін жұмыс берушінің мүд­десіне пайдалануына байланысты өтемақы төлемдері

130-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлар­мен байланысты болатын жағдайларда жұмыскерлерге бері­летін өтемақы төлемдері

131-бап. Жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері

132-бап. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудің тәртібі мен шарттары

133-бап. Жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есе­бінен еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы төлеу
12-тарау. ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

134-бап. Маусымдық жұмыстар

135-бап. Вахталық жұмыс әдісі

136-бап. Үй жұмыскерлері

137-бап. Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер

138-бап. Қашықтықтан жұмыс істеу

139-бап. Азаматтық қызмет

140-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері

141-бап. Азаматтық авиацияның авиация персоналына жататын жұмыскерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері

142-бап. Теңiз кемелерi экипаждарының (жүзу құрамы) мүшелерiне жататын жұмыскерлердің еңбегін реттеу

143-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қыз­мет­шілерінің, Парламенті мен мәслихаттары депутаттарының, судьяларының еңбегін реттеу

144-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мем­лекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъе­герлік қызмет жұмыскерлерінің еңбегін реттеу

145-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің еңбегін реттеу

146-бап. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құра­мына кіретін жұмыскерлердiң еңбегiн реттеу


3-БӨЛІМ. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР
13-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК

147-бап. Әлеуметтік әріптестік органдары, қағидаттары және міндеттері

148-бап. Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру

149-бап. Келісімдерді дайындау жөнінде келіссөздер жүр­гізу құқығы

150-бап. Келіссөздер жүргізу, келісімдерді әзірлеу және жасасу тәртібі

151-бап. Келісімдерді тіркеу

152-бап. Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің тараптары, түрлері

153-бап. Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің мазмұны

154-бап. Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің қолданылуы, олардың орындалуын бақылау және тараптардың жауаптылығы

155-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақ­талуын қоғамдық бақылау


14-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ

156-бап. Ұжымдық шарттың тараптары. Ұжымдық келіс­сөздер жүргізу, ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу тәртібі

157-бап. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы

158-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері, аясы және тараптардың жауаптылығы


15-тарау. Жеке еңбек дауларын қарау

159-бап. Жеке еңбек дауын қарау тәртібі

160-бап. Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері

161-бап. Жұмыскерді жұмысына қайта алу


16-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ

162-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар

163-бап. Ұжымдық еңбек дауының туындауы

164-бап. Ұжымдық еңбек дауларын қарау жөніндегі органдар және жұмыскерлердің талаптарын ресімдеу мен қарау тәртібі

165-бап. Татуластыру комиссиясы

166-бап. Еңбек төрелігі

167-бап. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау

168-бап. Тараптардың ұжымдық еңбек дауы бойынша келісімге қол жеткізуінің салдарлары

169-бап. Ұжымдық еңбек дауының шешілуімен байланыс­ты кепілдіктер

170-бап. Тараптардың және татуластыру органдарының ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі міндеттері

171-бап. Ереуіл өткізу құқығы

172-бап. Ереуілдің басталуы туралы жариялау

173-бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері

174-бап. Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуіл барысындағы міндеттері

175-бап. Жұмыскерлерге ереуіл өткізуге байланысты бері­летін кепілдіктер

176-бап. Заңсыз ереуілдер

177-бап. Ереуілді заңсыз деп танудың салдарлары

178-бап. Локаутқа тыйым салу


4-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ
ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

17-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

179-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласын­да­ғы мемлекеттік реттеу

180-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі та­лаптар және іс-шараларды қаржыландыру
18-тарау. ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

181-бап. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қор­ғау саласындағы құқықтары мен міндеттері

182-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қор­ғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
19-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

183-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойын­ша аттестаттау

184-бап. Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары

185-бап. Жұмыскерлерді міндетті медициналық қарап тексеру


20-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ

186-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқи­ғаларды тергеп-тексерудің жалпы ережелері және оларды есепке алу

187-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқи­ғаларды тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері

188-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқи­ғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру тәртібі және оның құрамы

189-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқи­ғаларды тергеп-тексеру тәртібі

190-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқи­ғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібі және оларды есепке алу


5-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ
21-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН
МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

191-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру

192-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің қағи­даттары мен негізгі міндеттері

193-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары

194-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттері

195-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері

196-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясының басқа мем­лекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы

197-бап. Бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де нысандары

198-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мем­лекеттік еңбек инспекторының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі

199-бап. Ведомстволық есепке алу

200-бап. Жұмыс берушінің қызметін декларациялау
22-тарау. ІШКІ БАҚЫЛАУ

201-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау

202-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іш­кі ба­қылауды жүзеге асыру тетігі

203-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жө­ніндегі өндірістік кеңес


23-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

204-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгiзу тәртiбi


ЖАЛПЫ БӨЛІК

1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) азаматтық қызмет – азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға тех­никалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұ­мыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілет­тіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;

2) азаматтық қызметші – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорын­дарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық ла­уа­­зым­ды атқаратын және олардың міндеттері мен функция­ларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қыз­мет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қам­та­масыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асы­ратын адам;

3) айлық жалақының ең төмен мөлшері – біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек жұмыскері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайларда және жұмыс уақы­тының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек міндеттерін орын­даған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепіл­дік берілген ең төмен мөлшері;

4) арнайы киім – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқкиім, баскиім, қолғап, өзге де жеке қорғаныш құралдары;

5) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;

6) ауысымдық жұмыс – тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс;

7) әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мем­лекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қаты­настарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлес­тіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйес­і;

8) бас, салалық, өңірлік келісім (бұдан әрі – келісім) – та­раптардың республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі жұмыскерлер үшін мазмұнын және еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттемелерін айқындайтын әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын жазбаша келісім ныса­нындағы құқықтық акт;

9) бейбәсекелестік туралы талап – жұмыс берушіге нұқсан келтіруі ықтимал әрекеттерді жүзеге асыруға жұмыскердің құқығын шектейтін, бейбәсекелестік туралы шарттың талаптары;

10) бос тұрып қалу – экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи си­паттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;

11) біліктілік санаты (разряды) – орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;

12) делдал – еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызметтер көрсету үшін тартатын жеке не­месе заңды тұлға;

13) демалыс – жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте бел­гіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыс­кердің жыл сайынғы демалуын қамтамасыз ету немесе әлеу­меттік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыс­тан босату;

14) еңбек – адам мен қоғамның өмір сүру және қажет­тіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;

15) еңбек гигиенасы – жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

16) еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заң­намасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжым­дық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер;

17) еңбек жағдайлары – еңбекке ақы төлеу, еңбекті нормалау, еңбек міндеттерін орындау, жұмыс уақыты мен ты­нығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймақтарын кеңейту, жұмыста уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары;

18) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – Қазақстан Рес­публикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

19) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

20) еңбекке ақы төлеу – осы Кодекске және Қазақстан Рес­публикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сон­дай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;

21) еңбек қатынастары – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндет­терді жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен жұмыс беру­шінің арасында туындайтын қатынастар;

22) еңбек қатынастарымен тікелей байланысты қатынастар – осы Кодексте көзделген жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, жұмыскерлерді кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келі­сімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге жұмыс­керлердің (жұмыскерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дау­­ларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заң­на­ма­сы­ның сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар;

23) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыс­керлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактор­лардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қам­тамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;

24) еңбек қауіпсіздігі жағдайлары – жұмыскер еңбек мін­деттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік орта­ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі;

25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі – өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау;

26) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

27) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер етуі;

28) еңбек міндеттері – жұмыскер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актіле­рінде, жұмыс берушінің актісінде, еңбек, ұжымдық шарттарда келісілген міндеттемелері;

29) еңбек өтілі – жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Ко­декс­ке сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер;

30) еңбек тәртібі – жұмыс беруші мен жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актіле­рінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгі­ленген міндеттемелерді тиісінше орындауы;

31) еңбек тәртіптемесі – жұмыскерлер мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыру жөніндегі қатынастарын реттеу тәртібі;

32) еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдас­тырушылық-техникалық, санитариялық-эпидемио­логиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-ша­ралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыс­керлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қам­тамасыз ету жүйесі;

33) еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыратын жұмыскерлердің өкілі;

34) еңбекті нормалау – нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларда жұмыскерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек шығындарын (уақытты) айқындау және осы негізде еңбек нормаларын белгілеу;

35) еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;

36) еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің ара­сындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмыс­ты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіп­темесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыс­керге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;

37) жалақы – жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұ­мыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;

38) жеке қорғаныш құралдары – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;

39) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

40) жұмыс берушілердің өкілдері – құрылтай құжаттары және (немесе) сенімхат негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

41) жұмыс берушінің актілері – жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, қағидалар, ережелер, ауы­сымдық кестелер, вахта кестелері, демалыс кестелері;

42) жұмыс берушінің қызметін декларациялау – жұмыс берушінің қызметін ол берген өтініш негізінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп тану рәсімі;

43) жұмыскер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;

44) жұмыскерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олар­дың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмаған кезде жұмыс­керлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыс­керлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер;

45) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақыт­ша болатын орны;

46) жұмысты тарифтеу – орындалатын жұмыстарды Жұ­мыс­тар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-білік­тілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіп­терінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анық­тама­лығына және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу;

47) жұмыс уақыты – жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске, Қазақстан Рес­публикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, ұжым­дық шартқа, жұмыс берушінің актісіне сәйкес жұмыс уақы­тына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;

48) жұмыс уақытының жиынтық есебі – жұмыс беруші белгілеген есептік кезеңдегі жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі;

49) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік фактор­лардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;

50) зиянды өндірістік фактор – жұмыскерге әсер етуі ауыр­уына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына кері ықпал етуге әкеп соғуы мүм­кін өндірістік фактор;

51) кәсіптік ауру – жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) мін­деттерін орындау кезінде оған зиянды және (немесе) қауіпті өнді­рістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы не­месе қатты ауру;

52) кепілдіктер –жұмыскерлерге әлеуметтік-еңбек қаты­настары саласында берілген құқықтардың жүзеге асырылуы олардың көмегімен қамтамасыз етілетін құралдар, тәсілдер мен жағдайлар;

53) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қыз­меті процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағи­даларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұр­ғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

54) қауіпті еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау қағидалары сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері жұмыскердің өндірістік жарақаттануына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе тұрақты айырылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не қайтыс болуы орын алатын еңбек жағдайлары;

55) қауіпті өндірістік фактор – әсері жұмыскердің еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе тұрақты айырылуына (өнді­рістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруына) немесе қайтыс болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

56) қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмы­сынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы;

57) мемлекеттік органның шетелдік жұмыскері – еңбек шар­ты бойынша мемлекеттік органға тартылған шетелдік;

58) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мем­лекеттік мереке күндері;

59) негізгі жалақы – тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық айлықақылар, кесімді бағалар бойынша төлемді қамтитын, жалақының салыстырмалы түрдегі тұрақты бөлігі және Қазақ­стан Республикасының еңбек заңнамасында, салалық келі­сімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында көз­делген тұрақты сипаттағы төлемдер;

60) өндірістік жабдық – машиналар, механизмдер, құрыл­ғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өз­ге де техникалық құралдар;

61) өндірістік жарақат – жұмыскердің еңбек міндеттерін орын­дау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттіліктен айы­-
рыл­у­ына әкеп соққан денсаулығының зақымдануы;

62) өндірістік қажеттілік – дүлей апатты, аварияны болғыз­бау немесе жою немесе олардың салдарларын дереу жою мақ­са­тында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып қалуды, мүлік­тің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін және бас­қа да айрықша жағдайларда, сондай-ақ уақытша болмаған жұмыс­керді алмастыру үшін жұмыстарды орындау;

63) өндірістік қызмет – шикізаттың алуан түрлерін өндіруді және қайта өңдеуді, қызметтердің алуан түрлерін көрсетуді және жұмыстарды орындауды қамтитын, ресурстарды дайын өнімге айналдыру үшін қажетті еңбек құралдарын қолдана отырып жасалатын жұмыскерлер әрекеттерінің жиынтығы;

64) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – білікті кадрлары бар және өзі­нің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайлары факторларын зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттар жасасқан, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асы­ратын ұйымдар;

65) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттес­таттау – өндірістік объектілерде (цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ жұмыс берушілердің бө­лек тұрған, өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлім­шелерінде) орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-­күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигие­насын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;

66) өндірістік санитария – зиянды өндірістік факторлардың жұмыскерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитариялық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;

67) өндірістік факторлар – Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жұмыскерге әсер ететін техникалық, санитариялық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық және басқа да жағдайлар;

68) өрескел абайсыздық – жұмыскердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын және өз денсаулығының қауіпсіздігін бұзуға ықпал ететін әрекеттері;

69) өтемақы төлемдері – жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айырылуына, жұмыс­керлерге еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Респуб­лика­сы­ның заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауы­на байланысты шығындарды өтеуге байланысты ақша­лай төлемдер, сондай-ақ жұмыскерлерді немесе еңбек қатынас­тарында тұрмайтын өзге адамдарды (бұдан әрі – білім алушы) кәсіптік даярлаумен, қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен байланысты төлемдер;

70) разрядаралық коэффициент – сабақтас тарифтік-білік­тілік разрядтарының тарифтік мөлшерлемелері арасындағы арақатынас;

71) тарифтік жүйе – еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда жұмыскерлердің жалақысы тарифтік мөлшерлемелер (айлықақылар) және тарифтік кестелер негізінде сараланып айқындалады;

72) тарифтік кесте – орындалатын жұмыстарды күрделілік және жұмыскерлерді біліктілік белгісі бойынша саралауды көз­дейтін та­рифтік разрядтар мен тарифтік коэффициенттер жиынтығы;

73) тарифтік мөлшерлеме (айлықақы) – жұмыскердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек міндеттерін орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің тіркелген мөлшері;

74) тарифтік разряд – жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші;

75) тәртіптік жаза – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұ­мыс беру­шінің жұмыскерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы;

76) тәртіптік теріс қылық – жұмыскердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ еңбек міндеттерін тиісінше орындамауы;

77) тынығу уақыты – жұмыскердің еңбек міндеттерін орын­дау­дан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;

78) ұжымдық қорғаныш құралдары – жұмыс істейтін екі және одан көп жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;

79) ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынас­тарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыс­керлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келі­сім нысанындағы құқықтық акт;

80) үстеме жұмыс – жұмыскер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан артық) тыс орындайтын жұмыс;

81) хабарлама – жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жаз­баша өтініші не өзге тәсілмен (курьерлік пошта, пошта бай­ла­нысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпа­раттық-коммуникациялық технологиялар арқылы) беріл­ген өтініштер;

82) іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ жұмыскерді басқа жер­ге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу.

2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының басқа да арнайы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Алгоритмнің анықтамасы Алгоритмнің қасиеттері
2015 -> Атты II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияның мақсаты
2015 -> Қазақстандағы экологиялық зерттеулер
2015 -> Г нысаны. Жаңа әдісті енгізуге тапсырыс. ЖаңА Әдісті енгізуге арналған қҰжаттардың нысандары мен тізімі «Ғылыми-медициналық экспертизаны өткізу ережелеріне»
2015 -> Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен оны жоспарлау
2015 -> 3. «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу,
2015 -> Директордың бейіндік оқыту жұмыс жөніндегі орынбасары
2015 -> Технологиялық коммерцияландыру стратегиясы
2015 -> 1. Инженерлі (кәсіптік) педагогика дегеніміз
2015 -> «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
республикасы білім
жалпы конкурс
Барлы конкурс
ызмет регламенті
дістемелік сыныстар
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
мерзімді жоспар
Республикасы кіметіні
Мектепке дейінгі
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
санды жиынты
дебиеті маманды
білім беруді
мектепке дейінгі
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
облысы бойынша
алауды тапсырмалары
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
Конкурс жариялайды
теориялы негіздері
ырыпты жоспар

Loading...