Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара



бет6/33
Дата09.09.2017
өлшемі1.62 Mb.
#19844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

 

31-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі



2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган болып табылады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады.

Бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің құзыретіне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланған бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімші болады.

2. Егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджет қаражатын дербес пайдаланады.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдары мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.

4. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың базалық құрылымы және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы негiзге алына отырып айқындалады.

2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Әкiмдердiң және облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдiктерi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың iшкi iстер органдары облыстық бюджеттiк бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.

7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және мәслихатының аппараттары, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

8. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері осы әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары болып табылады.

 

245-бапқа сәйкес 32-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



32-бап. Бюджеттік бағдарламалар

1. Бюджеттік бағдарлама нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі бар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әзірлейді және олар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі.

Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірлейді.

 Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бекітеді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттік бағдарламаларын тиісті тексеру комиссиясының төрағасы бекітеді.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының аппараттары әкімшілері болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды тиісті мәслихаттың хатшысы бекітеді.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар әкімшілері болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі бекітеді.

3. Бюджеттік бағдарламалар стратегиялық жоспарда тұжырымдалған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін қажеттілік пен жеткіліктілік принциптеріне негізделе отырып әзірленеді.



Бюджеттік бағдарламалар өзінің мазмұны бойынша мемлекеттік функциялармен, өкілеттіктермен және мемлекеттік қызметтер көрсетумен немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің бағыттарымен біртекті топталуға тиіс.

4. Бюджеттік бағдарламада оны іске асыруды бағалау үшін тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері болуы тиіс, сондай-ақ бюджеттік бағдарламада сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің болуы мүмкін.



Сапа көрсеткіштері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің оны алушылардың талабына және мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына сәйкестігінің деңгейін көрсетеді.

Тиімділік көрсеткіштері бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізуді немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей нәтижеге қол жеткізуді көрсетеді.

5. Бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін де бюджеттік бағдарламаларға арналған нәтиже көрсеткіштерін қолдану шартымен бюджет қаражатын жұмсаудың бағыттары нақтыланған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 32-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



33-бaп. Бюджеттік бағдарламалардың түрлері

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



1. Мазмұнына байланысты бюджеттік бағдарламалар:

мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға;

трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге;

бюджеттік кредиттер беруге;

бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға;

күрделі шығыстарды жүзеге асыруға;

мемлекет міндеттемелерін орындауға;

нысаналы салым салуға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.

2. Мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты бюджеттік бағдарламалар:



1) республикалық бюджеттің құрамында бекітілетін республикалық бағдарламаларға;

2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бағдарламаларына;

3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін аудандық (қалалық) бағдарламаларға;

4) республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.

Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.

2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Бюджеттік бағдарламалар іске асыру тәсіліне байланысты:

1) бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға;

2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.

Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бекітілген (нақтыланған) бюджетте көзделген шығыстар толық бөлінбеген жағдайда, сондай-ақ шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар үшін бөлінбеген сома бюджеттің атқарылмауы болып табылмайды.

4. Бюджеттік бағдарламалар біртұтас бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.



Дамудың бюджеттік бағдарламаларына бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жатады.

 

245-бапқа сәйкес 34-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34-бап өзгертілді; 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34-бап. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнына олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстар кіреді.

2. Бюджеттік бағдарламалардың атауларында жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің мазмұны және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету немесе мемлекеттік орган қызметінің бағыттары көрсетілуге тиіс.

3. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауы мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылады.

 

245-бапқа сәйкес 35-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



35-бап. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:

1) бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер;

2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер;

3) жеке және заңды тұлғаларға арналған бюджеттік субсидиялар жатады.

2. Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің бір деңгейінен басқасына өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер болып табылады.

3. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер, бұл жеке тұлғаларға олардың иелігіндегі табыстарын өсіруге не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шығындардың немесе нұқсандардың белгілі бір түрлерін толық немесе ішінара өтеуге арналған ақшалай төлемдер.

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік функцияларды орындаудың және республиканың немесе өңірдің дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асырудың басқа да тәсілі болмаған кезде ғана жеке және заңды тұлғаларға, соның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарына берілетін бюджеттен қайтарымсыз төлемдер бюджеттік субсидиялар болып табылады.

5. Бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 36-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



36-бап. Бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Бюджеттік кредиттер:

1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;

2) мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға;

3) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге бағытталады.

 

245-бапқа сәйкес 37-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Бюджеттік инвестициялар бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

 

245-бапқа сәйкес 38-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

38-бап. Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Күрделі шығыстарға, бюджеттік инвестициялардан басқа, шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес материалдық-техникалық базаны қалыптастыруға не нығайтуға, күрделі жөндеуді (қалпына келтіруді) жүргізуге және өзге де күрделі шығыстарға бағытталған шығыстар жатады.

 

245-бапқа сәйкес 39-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді;

2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

39-бап. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:

қарыз алу шарттарынан туындайтын, уақыттың белгілі бір кезеңінде сыйақының, комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері, хеджирлеу мәмілелері бойынша төлемдер;

қарыз алушының қарыз шартында белгіленген тәртіппен алған қарыз сомасын қайтаруы, мемлекеттің қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;

Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға үлестік және донорлық жарналар;

мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша міндеттемелерді орындау;

мемлекеттің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен немесе соттардың шешімдерінен туындайтын басқа да міндеттемелері жатады.

 

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 39-1-баппен толықытырылды



39-1-бап. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Дербес білім беру ұйымдарының қызметіне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттен төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады.

2. Нысаналы салым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.

3. Нысаналы салым салу бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы жүзеге асырылады.

4. Дербес білім беру ұйымдарының қызметіне нысаналы салым нәтижелілігінің көрсеткіштері бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттік бағдарламаларында айқындалады.

Дербес білім беру ұйымдары бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы салым нәтижелілігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады.

2013.13.06. № 102-V ҚР


Каталог: downloads
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
downloads -> Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О
downloads -> Қатысуға шақырады Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі: Ұлы Отан соғысының бүкіләлемдік-тарихи маңызы. Зерттеудің әдіснмасы мен әдістері
downloads -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
downloads -> Жастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының Ұлттық салт-дәСТҮрлері. Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы
downloads -> ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі
downloads -> Әріптестікке шақырамыз! «ҰҒтао» АҚ анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің тізімі Зерттеуді жүргізу шарттары
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді