Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі



бет31/33
Дата09.09.2017
өлшемі1.62 Mb.
#19844
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер шығару, орналастыру, айналымы, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Борыштық құралдардың ішкі нарығының дамуына жәрдемдесу үшін үкіметтік ішкі қарыз алу үкіметтік қарыз алудың оңтайлы деңгейін қалыптастыруды, борышты, оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды және тәуекелді ескере отырып жүзеге асырылады.

Бұл ретте, нарық конъюнктурасы өзгерген кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолайлы жағдайларда қарыз алуды жүзеге асыра алмайтын жағдайларды қоспағанда, табыс ауытқымасын құруда қор нарығына арналған тиісті бағдарды белгілеу үшін айналымда қажетті құрылымы бар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бастапқы жоспарланған көлемі және бюджеттің қалыптасқан іс жүзіндегі орындалуына тәуелсіз график бойынша қалыпты деңгейде жүзеге асырылатын болады.

 

207-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің қарыз алуын шектеу



Қазақстан Республикасы Yкіметінің мемлекеттік қарыз алуы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үкіметтік борыш лимитімен және үкіметтік қарызға қызмет көрсетуге бағытталатын бюджет қаражаттары көлемімен шектеледі.

 

208-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету



Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді, олар шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаттары есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

 

44-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы



 

209-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу және республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылады.

2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органынан қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.

 

210-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу

1. Облыстың жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген борыш лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергілікті бюджет қаражатының көлемімен шектеледі.

2. Тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы орган борышының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

3. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он процентіне тең мөлшерден аспауға тиіс.

 

211-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсету



Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді олар жергілікті бюджеттерде көзделген қаражаттар есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

 

212-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы

1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығаруы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауға тиіс.

3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышын өтеу міндетті түрде міндеттемелерде белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

 

45-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш



 

213-бап. Мемлекеттік кепілдік

1. Қазақстан Республикасының қарыз алушы резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады.

2. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге Қазақстан Республикасы резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.

3. Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік кепілдіктер берудің айрықша құқығына Қазақстан Республикасының Yкіметі ие болады.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруы бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен жүзеге асырады.

 

214-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді шектеу

1. Мемлекеттік кепілдіктер республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін лимит шегінде беріледі.

2. Мемлекеттік кепілдіктер жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде берілмейді.

3. Мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті қаржы жылының шегінде ғана пайдаланыла алады.

 

215-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары

1. Мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде беріледі.

2. Мемлекеттік кепілдіктер беру осы Кодекстің 220-бабына сәйкес кепіл міндеттемелерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмсайтын бюджет қаражатын қарыз алушының қайтаруы шарттарымен жүзеге асырылады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекеттік кепілдік берілгені үшін қарыз алушыдан мемлекеттік кепілдік беру кезінде жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар үшін мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 проценті мөлшерінде және басқа да заңды тұлғалар үшін мемлекеттік кепілдік сомасының екі проценті мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.

4. Мемлекеттік кепілдік беру мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерін орындауға байланысты республикалық бюджеттен берілген қаражаттарды қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар ресімделіп, тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.



Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және мемлекет кепілдік берген қарызды алушы арасындағы тараптардың мемлекеттік кепілдік беру, мемлекет кепілдік берген қарыз шартына сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарды белгілейтін келісім мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім болып табылады.

 

216-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар



Қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік алуға үміткер заңды тұлғаларға осы заңды тұлғалар қарыз алушы ретінде әрекет еткенде, мынадай талаптар қойылады:

1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушының Қазақстан Республикасының резиденті болуы;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілетін, тиісті кезеңге арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыруы;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екінші деңгейдегі банк кепілдігінің не сақтандыру шартының болуы.

Банк кепілдігі қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзіміне бір рет беріледі және негізгі борыш сомасын, сондай-ақ сыйақылардың, комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (өсімақының, айыппұлдың) барлық сомасын және қарыз шартына сәйкес қарыз алушы жүзеге асыратын өзге де төлемдерді жабады.

Сақтандыру шарты жоба бойынша қарыз алушыны дефолтқа және мемлекеттің мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерін орындауына әкеп соқтыруы мүмкін тәуекелдерді сақтандыруды қамтамасыз етуге тиіс;

4) салалық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;

5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;

6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;

7) бұрын алынған, ол бойынша төлем мерзімдері басталған мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде берешектерінің, сондай-ақ кредиторлар алдындағы өзге де мерзімі өткен берешегінің болмауы;

8) жобаның жалпы құнын жаппайтын қарыз тартылған жағдайда, ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қоса қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің қамтамасыз етілуі;

9) ұсынылатын инвестициялық жобаның құнына қатысты кемінде 30 процентті құрайтын меншікті капиталының болуы;

10) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс.

 

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 217-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



217-бап. Мемлекеттік кепiлдiктер беру үшін инвестициялық жобаларды iрiктеу

1. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.



2. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге және оның экономикалық сараптамасына қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

3. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.

2009 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін қара

 

218-бап. Мемлекеттік кепілдіктің нысаны



1. Мемлекеттік кепілдік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші (облигациялар ұстаушылардың өкілі) арасында кепілдік шартын жазбаша түрде жасасу арқылы не мемлекеттік емес қарыз бойынша кепілгердің міндеттемесін (кепілдік міндеттемесін) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қабылдағаны туралы жазбаша хабарлау нысанында беріледі.

Мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша кепілдік шарты болған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қарыз алушының векселін авальдандыруға құқылы.

Осы баптың талаптарына сәйкес келетін құжат қана мемлекеттік кепілдік болып танылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өзге де актілері мен құжаттарында мемлекеттік кепілдіктің заңдық күші болмайды.

2. Әрбір инвестициялық жоба бойынша кепілдік шартына, кепілдік міндеттемесіне, қарыз алушының әрбір міндеттемесі бойынша авальға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы қол қояды.

3. Кепілдік шартында немесе кепілдік міндеттемесінде:

1) оған сәйкес мемлекеттік кепілдік берілетін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының деректемелері;

2) қарыз алушының атауы және тұрған жері;

3) қарыз алушының негізгі міндеттемесінің мазмұны;

4) кепілдік берілетін қарыз сомасы, берілетін мемлекеттік кепілдіктің күші қолданылатын қарыз бойынша кепілдік берілетін басқа да міндеттемелер;

5) мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі;

6) кепілдік шартына (кепілдік міндеттемесіне) қол қойған лауазымды адам көрсетіледі.

4. Кепілдік шартында, кепілдік міндеттемесінде осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген шарттар болмаған кезде:

1) мемлекеттік кепілдік борышкердің қарыз бойынша барлық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

2) мемлекеттік кепілдік қарыз шартының қолданылу мерзіміне берілді деп саналады.

5. Кепілдік шартында немесе кепілдік міндеттемесінде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар болмаған не оларға қол қойылған, сондай-ақ осы баптың 2-тармағын бұза отырып, уәкілетті емес тұлға қарыз алушының міндеттемелерін авальдандырған кезде мемлекеттік кепілдік жарамсыз болып саналады.

 

219-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды есепке алу



Берілетін мемлекеттік кепілдіктерді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркеуге және есепке алуға тиіс.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингін және оны басқаруды жүзеге асырады.

Мемлекет кепілдік берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жай-күйінің мониторингі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

220-бап. Мемлекеттік кепілдіктің орындалуы



Егер қарыз шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарызды төлем мерзімі басталған күні және республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражаттар шегінде толық немесе ішінара өтемеген жағдайда, қарыз берушінің талабы бойынша мемлекеттік кепілдік төлем күні басталғаннан кейін орындалуға жатады.

Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелердің орындалуына бағытталған қаражаттарды қайтаруға, қарызды қайта құрылымдауға, борышкерді ауыстыруға, талап қою мерзімі өтіп кетуіне, аталған қаражатты қайтару бойынша талаптарды тоқтатуға осы Кодекстің 191-196-баптары қолданылады.

Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелердің орындалуына бөлінген қаражат осы Кодекстің 184-бабына сәйкес белгіленген сыйақы ставкасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде белгіленген мерзім ішінде республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартының талаптарына сәйкес және қарыз берушінің келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған қарыз алушы үшін республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаржы есебінен мемлекеттік кепілдікті орындау арқылы мемлекет кепілдік берген қарызды мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға құқылы.

 

221-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды қайта құрылымдау

1. Мемлекет кепілдік берген қарызды қайта құрылымдау Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдаған жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

2. Қарыз берушінің талабы бойынша мемлекет кепілдік берген қарызды қайта құрылымдау кезінде бұрын берілген мемлекеттік кепілдікті Қазақстан Республикасының Үкіметі растай алады немесе жаңасымен ауыстыра алады.

3. Бұл ретте кепілдік берілген қарыз сомасы бұрын берілген мемлекеттік кепілдік бойынша қарыз сомасынан артық бола алмайды.

Жаңадан берілген мемлекеттік кепілдікке осы Кодекстің 214-бабының 1-тармағында белгіленген шектеулер қолданылмайды.

 

222-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыру

1. Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдаған жағдайда қарыз шарты тараптарының келісімі бойынша жол беріледі.

2. Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушы ауыстырылған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік кепілдікті Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде қарыз берушінің талабы бойынша жаңасымен ауыстыра немесе растай алады.

3. Бұл ретте кепілдік берілген қарыз сомасы бұрын берілген мемлекеттік кепілдік бойынша қарыз сомасынан артық бола алмайды. Жаңадан берілген мемлекеттік кепілдікке осы Кодекстің 214-бабының 1-тармағында белгіленген шектеулер қолданылмайды.

 

223-бап. Мемлекеттік кепілдіктің қолданылуын тоқтату негіздері



Мемлекеттік кепілдік:

1) қарыз алушы немесе кепілгер Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген қарыз бойынша міндеттемелерді толық орындаған;

2) егер кепілдік шартында (кепілдік міндеттемесінде) өзгеше айтылмаса, онда көрсетілген кепілдік мерзімі өткен;

3) қарыз шартында және (немесе) кепілдік шартында (кепілдік міндеттемесінде) арнайы айтылған;

4) мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қайта құрылымдау және (немесе) қарыз алушыны ауыстыру кезінде кепілдік жаңасына ауыстырылған жағдайларда, өзінің қолданысын тоқтатады.

 

224-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарын пайдалануға қойылатын шектеу



Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарын қарыз талаптарында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалануға тыйым салынады.

 


Каталог: downloads
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
downloads -> Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О
downloads -> Қатысуға шақырады Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі: Ұлы Отан соғысының бүкіләлемдік-тарихи маңызы. Зерттеудің әдіснмасы мен әдістері
downloads -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
downloads -> Жастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының Ұлттық салт-дәСТҮрлері. Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы
downloads -> ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі
downloads -> Әріптестікке шақырамыз! «ҰҒтао» АҚ анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің тізімі Зерттеуді жүргізу шарттары
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді