Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі



бет3/33
Дата09.09.2017
өлшемі1.62 Mb.
#19844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды

29-1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды - заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптама қорытындылары негізінде әзірленген, бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды

29-2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы - іс-шаралардың салалық сараптамасының қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін негізділік және нәтижелілік критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 30) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



30) инвестициялық ұсыныс - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, оның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын көрсететін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды

30-1) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды -инвестициялық ұсыныста қамтылған инвестициялық жобаны бюджеттiк инвестициялық жоба ретінде іске асырудың экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



31) квазимемлекеттік сектор субъектілері - мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ  еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық  актілеріне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;

32) кезекті қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;

33) келісімшарт жасасушы агент - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәміленің тарабы;

34) концессиялық міндеттемелер - жасалған концессия шарттары бойынша концеденттің белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;

35) кірістерді бөлу нормативі - әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында кіріс түрлерін бөлудің проценттік арақатынасы;

36) Қазақстан Республикасының резиденттері - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 37) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

37) қаржы агенттігі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз процент қатысатын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығынан және (немесе) халықаралық қаржы нарығынан қарыз алуды жүзеге асыратын ұйым;

38) қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;

39) қаржыландыру - бюджет ақшасын оларды алушыларға бөлу;

40) қаржылық есептілік - егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын бақылау объектілерінің қаржылық жағдайы, қызметінің қаржылық нәтижелері және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат.

41) қарыз алу - тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда, қарыз қаражаттарын тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау рәсімдері, келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және кепілдіктері, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдері кіретін процесс;

42) қарыз беруші - мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қарыздарды мемлекеттік кепілдікпен немесе мемлекет кепілгерлігімен берген тұлға немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі;

43) қарыз шарты - қарыз алушы қарыз қаражатын соған байланысты алатын және қарыз берушінің алдында оны қайтару және сыйақыны, сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемені мойнына алатын келісім;

44) қарызға қызмет көрсету - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе банктің қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражаттарының пайдаланылуын есепке алу жөніндегі қызметі және қарыз алушының сыйақы төлемдерін, комиссиялық алымдарды және қарыз талаптарына сәйкес басқа да төлемдерді жүзеге асыруы;

45) қарызды қайта құрылымдау - тараптардың келісімі бойынша қарыз шарты жөніндегі өздерінің міндеттемелерін орындау мерзімдерін, қаржылық және өзге де талаптарды өзгертуі;

46) мемлекет активтері - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған, құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар;

47) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз - инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 48) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



48) мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш - мемлекет кепілгерлігімен тартылған, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыз сомаларының сомасы;

49) мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті - тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін тіркелген сома, соның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін;

50) мемлекет кепілдік берген борыш - мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы;

51) мемлекет кепілдік берген қарыз - мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз;

52) мемлекеттік борышты қайта қаржыландыру - мемлекеттік борышты жаңадан алынған қарыз қаражаттары есебінен өтеу;

53) мемлекеттік емес қарыз - Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті қарыз алушы болатын қарыз қатынастары;

54) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 55) тармақша өзгертілді; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 55) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



55) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

56) мемлекеттік кепілдіктерді беру лимиті - тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітіліп, тіркелген сома, соның шегінде мемлекеттік кепілдіктер берілуі мүмкін;

57) мемлекеттік қарыз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары;

2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 58) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



58) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - оны ұстаушының Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергілікті атқарушы органдар қарыз алушы болатын қарызға қатысты құқықтарын куәландыратын немесе оны ұстаушының қосалқы жалдау шарты негізінде активтерді пайдаланудан табыстар алуға құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;

59) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын бірінші иеленушілерге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау арқылы иеліктен шығаруы;

60) нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, бекітілген бюджет;

61) нәтиженің көрсеткіштері - мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қызметін сипаттайтын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің, тиімділігі мен сапасы көрсеткіштерінің жиынтығы;

62) негізгі борыш сомасы - қарыз берушіден алынған және оған қайтарылмаған қарызды, сол бойынша сыйақының, тұрақсыздық төлемінің (айыппұлдың, өсімпұлдың) есептелген сомасын есепке алмастан, өтелуге жататын сома;

63) өтеусіз қаржылық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тауарлар беруді, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді қаржыландыру үшін ақша беруі;

64) өтеусіз техникалық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тауарлар беруді, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыруы немесе ұйымдастыруы;

65) өзара өтелетін операциялар - қосарланған есепті болғызбау мақсатында бюджеттің бір деңгейінен басқасына берілетін, трансферттер, бюджеттік кредиттер және басқа да ақша сомаларын алып тастаумен байланысты, мемлекеттік бюджетті және облыстың бюджетін, сондай-ақ олардың атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын операциялар;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 66) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

66) сақтандыру шарты - сақтандыру ұйымының бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган алдындағы мемлекет кепілгерлігі немесе мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен қаражат бөлу нәтижесінде туындаған залалды өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін шарт;

67) сыйақының тіркелмеген (құбылмалы) ставкасы - нарық конъюнктурасына байланысты өзгерістерге ұшыраған кредиттер, қарыздар жөніндегі сыйақы ставкасы немесе бағалы қағаздар бойынша сыйақымен қоса табыс;

68) сыртқы қарыз - қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары;

69) тікелей нәтиже - қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы;

70) түпкілікті нәтиже - белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің, басқа да мемлекеттік органдар қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізумен ұштасатын, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының, әлеуметтік саланың, экономиканың, қоғамдық қауіпсіздіктің және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйі (жай-күйінің өзгерісі);

71) үкіметтік борыш - Қазақстан Республикасының Үкіметі алған және өтемеген мемлекеттік қарыздарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышына жатқызылған белгілі бір күнге борыштық міндеттемелердің сомасы;

72) үкіметтік борыш лимиті - тиісті қаржы жылына алынған және өтелмеген үкіметтік қарыздардың республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін тіркелген сомасы, белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің нақты борышы одан аспауға тиіс;

73) үкіметтік қарыздарды хеджирлеу - бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган мен келісімшарт жасасушы агент арасындағы үкіметтік қарыз алудың тәуекелдерін (валюталық, проценттік және өзге де) басқару мақсатында қаржы құралдарымен мәмілелер жасау;

74) ішкі қарыз - қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.

2. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының осы бапта аталмаған басқа да ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мәндерімен пайдаланылады.



Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалары салаларының ұғымдары, Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалары салаларында пайдаланылатын мәндерімен қолданылады.

Бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы ұғымдарының айқындамалары Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасы салалары ұғымдарының айқындамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының ұғымдары пайдаланылады.

 

4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптері



Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:

1) бірыңғайлық принципі - бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында бірыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесінің бірыңғай рәсімдерін пайдалану;

2) толымдылық принципі - бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) реалистік принципі - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық дамудың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекітілген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі;

4) транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесінің міндетті ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау;

5) дәйектілік принципі - мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы;

6) нәтижелілік принципі - мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару;

7) бюджеттердің дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі;

8) сабақтастық принципі - өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, базалық шығыстарға, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану;

10) уақтылылық принципі - республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, мерзімінде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару;

11) кассаның бірыңғайлық принципі - бюджетке барлық түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;

12) тиімділік принципі - бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) жауапкершілік принципі - тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты қағидаты - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерімен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.

 


Каталог: downloads
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
downloads -> Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О
downloads -> Қатысуға шақырады Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі: Ұлы Отан соғысының бүкіләлемдік-тарихи маңызы. Зерттеудің әдіснмасы мен әдістері
downloads -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
downloads -> Жастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының Ұлттық салт-дәСТҮрлері. Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы
downloads -> ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі
downloads -> Әріптестікке шақырамыз! «ҰҒтао» АҚ анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің тізімі Зерттеуді жүргізу шарттары
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған