Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі



бет28/33
Дата09.09.2017
өлшемі1.62 Mb.
#19844
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Заңымен 11-тармақпен толықтырылды

11. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

158-бап. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру



1. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы

жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар концессия шартының негiзiнде iске асырылады.

2. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концедент тиiстi бюджеттік бағдарлама шеңберiнде жүргiзедi.

3. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторингті және олардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жаңа оабъектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструциялау және кейіннен оларды пайдалану кезеңінде жүзеге асырады.



Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.

Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

159-бап. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру



1. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды  



1-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялар белгіленген тәртіппен бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемелерге сәйкес іске асырылады.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға және олардың еншiлес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеуге ақша аудару бағалы қағаздар нарығын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның тиiстi куәлiгiмен расталатын жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарды) шығару мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.

Квазимемлекеттік сектор субъектісінің еншілес, тәуелді және өзімен үлестес ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға жарияланған акцияларды (бағалы қағаздарды) төлеуге ақша аударуы республикалық бюжет туралы заңда не мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде тиісті қаржы жылына көзделген ақша квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда



3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен жүзеге асырылатын инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

9-бөлім. Концессиялық міндеттемелер



 

32-тарау. Концессиялық міндеттемелер

 

160-бап. Концессиялық міндеттемелер туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Концессиялық міндеттемелер:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелеріне;

2) жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелеріне бөлінеді.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді орындауы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді орындауы жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдары бір-бірінің концессиялық міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері жасалған концессия шарттары бойынша концессиялық міндеттемелерді толық төлеген кезде орындалды деп саналады.

7. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындар өтемақысын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.



 

161-бап. Концессиялық міндеттемелердің есепке алынуы және мониторингі

1. Концессиялық міндеттемелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органда тіркелуге және есепке алынуға тиіс.

2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асырады.

3. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асырады.

4. Концессиялық міндеттемелердің мониторингі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.



 

162-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауы және орындауы

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелер қабылдауы:

1) жоспарлы кезеңге концессияға ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастыру;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектерін және басымдықтарын белгілеу;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3) жасалған концессия шарты негізінде жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді қабылдауы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимитпен шектеледі.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді орындауын республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаты есебінен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.



 

33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері



 

163-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауы

1. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауы:

1) жоспарлы кезеңге концессияға ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастыру;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектерін және басымдықтарын белгілеу;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3) жасалған концессия шарты негізінде жүзеге асырылады.

2. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауын бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты шешімінің негізінде жүзеге асырады.



 

164-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауын шектеу

1. Жергілікті атқарушы органның концессиялық міндеттемелерді қабылдауы тиісті жергілікті атқарушы органның концессиялық міндеттемелерінің белгіленген лимитімен шектеледі.

2. Жергілікті атқарушы органның концессиялық міндеттемелерінің лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.



 

165-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді орындауы



Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді орындауын жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.

 

10-бөлім. Гранттар



 

34-тарау. Байланыссыз және байланысты гранттар туралы жалпы ережелер

 

166-бап. Байланыссыз гранттар

Байланыссыз гранттарды тарту, пайдалану, мониторингін жүргізу және пайдаланылуын бағалау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

167-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау

1. Орталық мемлекеттік органдардың донорлардың өтеусіз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстарына негізделген байланысты гранттар тартуға өтінімдер қалыптастыру, ұсыным жасау және іріктеу жөніндегі қызметі байланысты гранттарды жоспарлау болып табылады.

2. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

3. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:

1) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкестігі;

2) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің донорлардың байланысты гранттарды беру саясатына сәйкестігі негізінде жүзеге асырады.

4. Байланысты гранттарды тартуға арналған іріктелген өтінімдердің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін қалыптастырады.



 

168-бап. Байланысты гранттарды тарту

1. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер тізбесінің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган донорларға байланысты гранттар беруге арналған өтінімдер жібереді.

2. Байланысты гранттар беруге арналған өтінімдерді толтыруды донорлар белгілеген нысан бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның сұрау салуы негізінде тиісті орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдар жүзеге асырады.



Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісіп алмай донорларға өтініш жасауға тыйым салынады.

3. Байланысты грантты тартуға өтінімді донор мақұлдаған жағдайда, оны тартудың орындылығын тиісті бюджет комиссиялары айқындайды.



Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер тізбесін қалыптастырады және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді, сондай-ақ оны жергілікті атқарушы органдарға тиісті бюджет комиссияларының қарауына өтінімдер енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін жібереді.

4. Байланысты грант туралы келісім республикалық немесе жергілікті бюджеттер бекітілгеннен кейін жасалады.



 

35-тарау. Байланысты гранттарды пайдалану



 

169-бап. Байланысты гранттарды пайдалану

1. Байланысты гранттарды пайдалану жеке бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді және оны байланысты грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдар - гранттарды алушылар жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар:

1) байланысты грант туралы келісімде көзделген өздеріне қабылдаған міндеттемелерді уақтылы орындауға;

2) алынған байланысты гранттардың нысаналы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

3) байланысты гранттардың есебінен сатып алынған жабдықтар мен материалдардың балансқа қойылуын қамтамасыз етуге;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) гранттардың есебінен сатып алынатын тауарлар импорты кезінде кедендік декларациялауды уақтылы жүзеге асыруға;

5) ай сайын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға байланысты гранттарды пайдалану туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған соң мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға донордың уәкілетті өкілі және өтінімі бойынша байланысты грант беру жүзеге асырылған орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдардың бірінші басшысы қол қойған байланысты грантты пайдалану туралы түпкілікті есепті ұсынады.

 

170-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі және бағалау

1. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі:

1) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ақпарат жинауын және оны өңдеуін;

2) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептерді мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға табыс етуін көздейді.

2. Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдар айқындайды.

3. Байланысты гранттарды пайдалануды бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды пайдалану мониторингінің негізінде жүзеге асырады және:

байланысты гранттарды тартудың орындылығын бағалауды;

байланысты гранттарды пайдаланудың жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерін салыстыруды, сондай-ақ олардың республика мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуін талдауды;

байланысты гранттарды пайдалануға әсер еткен әртүрлі сыртқы факторларды бағалауды және талдауды көздейді.

4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды бағалау нәтижелеріне негізделген байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есепті қалыптастырады және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді.



 

11-бөлім. Бюджеттік кредиттеу



 

36-тарау. Бюджеттік кредиттеудің жалпы ережелері

 

171-бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негізгі ережелер

1. Бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесті білдіреді.

2. Кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасындағы бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім кредиттік шарт болып табылады.

3. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушылардың шаруашылық қызметінің залалдарын жабуына, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге берілмейді.

4. Бюджеттік кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда беріледі:

1) салық берешегінің болмауы;

2) қарыз алушының бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін жағдайының болуы;

3) қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің болмауы.



 

172-бап. Бюджеттік кредиттеу принциптері



Бюджеттік кредиттерді беру мынадай:

1) бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;

2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз ететін жағдайының болуын көздейтін қамтамасыз етілу;

3) бюджеттік кредиттің берілгені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;

4) бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

173-бап. Бюджеттік кредиттеу өлшемдері



Бюджеттік кредиттер мынадай өлшемдер сақталған жағдайда беріледі:

1) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;

2) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;

3) қарыз алушының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өлшемдерге сәйкес кредиттік қабілеті.



 


Каталог: downloads
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
downloads -> Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О
downloads -> Қатысуға шақырады Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі: Ұлы Отан соғысының бүкіләлемдік-тарихи маңызы. Зерттеудің әдіснмасы мен әдістері
downloads -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
downloads -> Жастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының Ұлттық салт-дәСТҮрлері. Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы
downloads -> ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі
downloads -> Әріптестікке шақырамыз! «ҰҒтао» АҚ анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің тізімі Зерттеуді жүргізу шарттары
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді