Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі



бет27/33
Дата09.09.2017
өлшемі1.62 Mb.
#19844
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды

3-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды

3-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



4. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстардағы концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.

 

155-2-бап. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу



2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстардағы концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.

Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы нәтижелерін ескере отырып және стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес жыл сайын жылжымалы негізде үш жыл мерзімге концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға экономикалық сараптамаға жібереді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген экономикалық сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды

3-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген, осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды

3-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген осы жобаны бюджеттен бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



4. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

155-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу



2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады.

 

155-4-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгізу негіздері



1. Мыналардың:

бюджеттен қоса қаржыландыру шарты айқындалатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің;

концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасының оң қорытындысының;

жоспарлы кезеңге концессияға беру ұсынылатын объектілер тізбесіндегі концессиялық жобаның;

Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган ұсыныстарының;

бюджет комиссиясының бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны бюджет жобасына енгізу туралы ұсыныстарының болуы бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны бюджет жобасына енгізу үшін негіз болып табылады.

2. Концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздеме экономикалық сараптамадан өтуге тиіс.

3. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жүргізеді.

4. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым концессиялық жобаны іске асыру жөнінде ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

5. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

156-бап. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау



1. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекітілген осы заңды тұлғаларды дамытудың стратегиялық құжаттары болған кезде жүзеге асырылады.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржы-экономикалық негiздемелерiн енгiзедi.

Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесi заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың негiздемесiн, орындылығын және нәтижесін бағалауды қамтитын құжатты бiлдiредi.

Заңды тұлғаның қызметiн дамыту немесе кеңейту мақсаттары үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебiнен ұлғайтуға жол беріледі.

Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға немесе қысқартуға әкеп соғатын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың белгіленген қаржылық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамалар кейіннен жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін түзету жүргізіледі.

Бюджеттік комиссияның қарауынсыз және ұсынуынсыз бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін түзетуге жол берілмейді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, заңды тұлғаның қаржы шығындары мен кірістерін бағалауды жүзеге асырады және кейіннен тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындайды.

3. Мемлекеттiң ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтiң жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруы кезiнде аталған заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқықтары жоқ бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiне сәйкес ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг акцияларының эмиссиясын төлей алады.



Республикалық бюджеттік бағдарламалардың осы әкiмшiлерi тиiстi бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануын, негiздемесін және iске асырылуын, осы Кодекске сәйкес олар бойынша нәтижелердiң есептiлiгiн, мониторингiн және бағалануын қамтамасыз етедi.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



4. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды iрiктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар, осы баптың 4-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды негiзiнде жүзеге асырады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)



4-2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын, аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде ұсынуы туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды (2004 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді және 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады)



4-3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылатын, осы бапта белгіленген рәсімдер сақталмай тиісті бюджетте бекітілген бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.

5. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.



2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды

5-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық қорытындысы, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар тартылған жағдайда, солардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



6. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асыруы мүмкін.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды



6-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялар жөнінде экономикалық қорытынды жасау нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оны әзiрлеу немесе түзету тәртiбi мен мерзiмдерiн, сондай-ақ мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды iрiктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.

 

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 156-1-баппен толықтырылды



156-1-бап. 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 



31-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру

 

157-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру

1. Бюджеттік инвестициялық жобалар олардың белгiленген тәртiппен бекітілген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.

2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметi осы жоба аумағында iске асырылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен бекітілетін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.

Үлгi жобаларды әзiрлеуді және оларға сараптама жүргiзудi қаржыландыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi органның тиiстi бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгi жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекіту жолымен жүзеге асырылады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.

6. Республикалық немесе жергiлiктi бюджетке енгiзiлмеген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге жол берiлмейдi.

7. 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8. 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9. Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.

Жергiлiктi бюджет, оның iшiнде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезеңінде жүзеге асырады.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР
Каталог: downloads
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
downloads -> Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О
downloads -> Қатысуға шақырады Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі: Ұлы Отан соғысының бүкіләлемдік-тарихи маңызы. Зерттеудің әдіснмасы мен әдістері
downloads -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
downloads -> Жастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының Ұлттық салт-дәСТҮрлері. Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы
downloads -> ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі
downloads -> Әріптестікке шақырамыз! «ҰҒтао» АҚ анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің тізімі Зерттеуді жүргізу шарттары
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді