Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі



бет26/33
Дата09.09.2017
өлшемі1.62 Mb.
#19844
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығы деңгейiне қарай бюджеттік инвестициялық жобалар және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалар республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.

3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды айқындау критерийлері:

1) меншiк түрi бойынша критерий - бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны iске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына байланысты оны республикалық немесе жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жоба немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жоба ретiнде айқындайтын критерий;

2) пайда алушылар бойынша критерий - егер бюджеттік инвестициялық жобаның және (немесе) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаның iске асырылуынан экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса, бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны - республикалық, ал егер бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны iске асырудан экономикалық пайда алушылар бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болған жағдайда, жергiлiктi ретінде айқындайтын критерий болып табылады.

4. Бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны республикалық ретiнде айқындау үшiн оның осы баптың 3-тармағында көрсетілген критерийлердiң бірiне сәйкестiгi жеткiлiктi болады.

5. Жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген критерийлер негiзiнде жүзеге асырылады.

6. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.

7. Жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді



8. Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 152 және 156-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар республикалық бюджеттің жобасына енгізілуі мүмкін.

Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154 және 156-баптарында көрсетілген тиісті құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

 Тиісті құжаттама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда бюджеттік инвестициялар нақтылау және түзету кезінде республикалық бюджеттен алып тасталады. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін.

Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды әзірлеу, қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154, 156-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан асып кететін жағдайда, онда бюджеттік инвестициялардың жалпы құны жоспарлы кезеңге арналған бюджетті белгіленген тәртіппен нақтылау жолымен жаңа бастамаларға бюджеттік бағдарлама шығыстары есебінен ұлғайтылуы мүмкін.

Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154, 156-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан аз болған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалған соманы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы бойынша бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шегінде түзету жолымен бюджеттік инвестициялар арасында қайта бөлуге не бюджетті нақтылау кезінде алып тастауға құқылы.

 

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 152-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



152-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау

Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде:

1) инвестициялық ұсыныстар әзiрлеу;

2) бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-  экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;

3) бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттік инвестициялық жобаларды iрiктеу кезеңiнде жүзеге асырылады.



Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялық жобалар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде ұсынуы туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.

 

153-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу



1. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеудi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзiрлеу сатысында жүзеге асырады.

2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi инвестициялық ұсыныстарды қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға ұсынады.

4. Инвестициялық ұсыныстар:

1) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жалпы ақпаратты;

2) жоба мақсаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі туралы ақпаратты;

3) бюджеттік инвестициялық жобаның мақсаттарына қол жеткізудің балама нұсқаларын;

4) бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылған немесе мұндай іске асыру болмаған жағдайда, экономика саласының (аясының) ықтимал даму нұсқаларын;

5) бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудан түсетін пайданы бөлу туралы ақпаратты;

6) бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономиканың сабақтас салаларына (аясына) болжамды әсерін бағалауды қамтуға тиіс.

5. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың негiздiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге (түзетуге) арналған инвестициялық ұсыныстарын жобаның экономикалық орындылығы, оның мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген, экономиканың салаларын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды

6-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған оң экономикалық қорытындының негізінде инвестициялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды

6-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды бюджет комиссиясының қарауына жібереді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



7. Бюджет комиссиялары мақұлдаған инвестициялық ұсыныстардағы инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган олар бойынша техникалық-экономикалық негiздемелерді әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.

8. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу, қарау және iрiктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

 

154-бап. Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу және бюджетті әзірлеу сатысында бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу



2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Бюджеттік инвестициялық жобаны қарауды және іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен және байланыс және ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме негізінде жүзеге асырады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Осы Кодекстің 152-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мыналардың:

техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінің;

бюджеттік инвестициялық жоба бойынша оң экономикалық қорытындысының;

тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысының болуы бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджет жобасына енгізу үшін негіз болып табылады.

3. Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі пайда мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.



Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.

4. Үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.



Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

5. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамадан өтуге тиіс.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2004 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді және 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады)

5-1. Осы Кодекстің 152 және 154-баптарында белгіленген рәсімдер сақталмай тиісті бюджетте бекітілген, іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.

6. Бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады.

7. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеменің және оған салалық орган сараптамасының қорытындысы негізінде жүргізіледі.

8. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.



2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды

8-1. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган дайындайды.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



9. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асыруы мүмкін.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды

9-1. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландырылуы жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар тартылған жағдайда, солардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган дайындайды.

10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

11. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуге құқылы.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



12. Экономикалық қорытындының нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.

13. Бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту көзделетін бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау



Концессиялық жобаларды жоспарлау мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:

1) концессиялық ұсыныстарды әзiрлеу және іріктеу;

2) концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;

3) бюджеттен қоса қаржыландыруға жататын концессиялық жобаларды іріктеу.

 

155-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу



1. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар концессиялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға сараптамаға жібереді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР


Каталог: downloads
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
downloads -> Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О
downloads -> Қатысуға шақырады Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі: Ұлы Отан соғысының бүкіләлемдік-тарихи маңызы. Зерттеудің әдіснмасы мен әдістері
downloads -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
downloads -> Жастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының Ұлттық салт-дәСТҮрлері. Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы
downloads -> ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі
downloads -> Әріптестікке шақырамыз! «ҰҒтао» АҚ анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің тізімі Зерттеуді жүргізу шарттары
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді