Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері



бет2/33
Дата09.09.2017
өлшемі1.62 Mb.
#19844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері

163-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді қабылдауы

164-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауын шектеу

165-бап. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерді орындауы

 

10-бөлім. Гранттар



34-тарау. Байланыссыз және байланысты гранттар туралы жалпы ережелер

166-бап. Байланыссыз гранттар

167-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау

168-бап. Байланысты гранттарды тарту

 

35-тарау. Байланысты гранттарды пайдалану



169-бап. Байланысты гранттарды пайдалану

170-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі және бағалау



 

11-бөлім. Бюджеттік кредиттеу



36-тарау. Бюджеттік кредиттеудің жалпы ережелері

171-бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негізгі ережелер

172-бап. Бюджеттік кредиттеу принциптері

173-бап. Бюджеттік кредиттеу өлшемдері

174-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектілері

175-бап. Кредитор

176-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектісі ретіндегі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

177-бап. Қарыз алушылар

178-бап. Түпкілікті қарыз алушылар

179-бап. Сенім білдірілген өкілдер (агенттер)

 

37-тарау. Бюджеттік кредиттеу талаптары



180-бап. Кредиттік шарттың негізгі талаптары

181-бап. Бюджеттік кредиттің мерзімі

182-бап. Бюджеттік кредитті игеру кезеңі

183-бап. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

184-бап. Сыйақы ставкасы

185-бап. Бюджеттік кредит беру тәсілдері

186-бап. Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі

 

38-тарау. Бюджеттік кредиттеу рәсімдері



187-бап. Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау

188-бап. Бюджеттік кредит беру рәсімі

189-бап. Шет мемлекеттерді кредиттеудің ерекшеліктері

190-бап. Бюджеттік кредитті пайдалану

191-бап. Бюджеттік кредитке қызмет көрсету

192-бап. Бюджеттік кредитті өтеу



 

39-тарау. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру



193-бап. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау

194-бап. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару



 

40-тарау. Талап қою мерзімінің өтуі, кредиторлар талаптарының тоқтатылуы және бюджеттік кредиттер бойынша кепілдіктің тоқтатылуы



195-бап. Талап қою мерзімінің өтуі

196-бап. Кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптарының тоқтатылуы және кепілдіктің тоқтатылуы



 

41-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша бақылау, мониторинг, есепке алу



197-бап. Бюджеттік кредиттерді бақылау

198-бап. Бюджеттік кредиттер мониторингі және есепке алу



 

12-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі



42-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі туралы жалпы ережелер

199-бап. Қарыз алу туралы жалпы ережелер

200-бап. Мемлекеттік қарыздардың түрлері мен нысандары

201-бап. Мемлекеттік борыш

202-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелері

203-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты және тәуекелдерді басқару

204-бап. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі туралы мәліметтерді жариялау

 

43-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы



205-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу мақсаттары

206-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуды жүзеге асыруы

207-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің қарыз алуын шектеу

208-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету



 

44-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы



209-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу мақсаттары

210-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу

211-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсету

212-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы



 

45-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш



213-бап. Мемлекеттік кепілдік

214-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді шектеу

215-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары

216-бап. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

217-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу

218-бап. Мемлекеттік кепілдіктің нысаны

219-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды есепке алу

220-бап. Мемлекеттік кепілдіктің орындалуы

221-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды қайта құрылымдау

222-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыру

223-бап. Мемлекеттік кепілдіктің қолданылуын тоқтату негіздері

224-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарын пайдалануға қойылатын шектеу

225-бап. Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражатының пайдаланылуына бақылау және жауаптылық

 

46-тарау. Мемлекет кепілгерлігі



226-бап. Мемлекет кепілгерлігі

227-бап. Мемлекет кепілгерлігін беруді шектеу

228-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары

229-бап. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

230-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу

231-бап. Мемлекет кепілгерлігінің нысаны

232-бап. Мемлекет беретін кепілгерліктерді және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды есепке алу

233-бап. Мемлекет кепілгерлігін орындау

234-бап. Мемлекет кепілгерлігінің қолданылуын тоқтатудың негіздері

235-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын пайдалануға қойылатын шектеу

236-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатының пайдаланылуына бақылау және жауаптылық

 

47-тарау. Қарыз берушінің мүдделерін қорғау



237-бап. Қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол бермеу

238-бап. Мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қорғау

239-бап. Дауларды шешу

 

3-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер



48-тарау. Өтпелі ережелер

240-бап. 2009 қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу

241-бап. Мәслихаттардың 2009 жылға арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулысын әзірлеу

242-бап. 2009 жылы жергілікті бюджеттерді атқару тәртібі

243-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің 2008 жылғы атқарылуы жөніндегі жылдық есептер



 

49-тарау. Қорытынды ережелер



244-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

245-бап. Қорытынды ережелер



 

Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.

 

Жалпы бөлім



 

1-бөлім. Бюджет жүйесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.



2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.

3. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден кезекті қаржы жылына ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары бойынша республикалық бюджет туралы заңға (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне) қосымшалардың қолданысы келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің) қолданысқа енгізілуімен күшін жоятын болады.

4. Республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



 

3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аваль - вексельдік кепілдік оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті тұлға үшін вексель бойынша төлемді жүзеге асыру жөнінде (толық немесе ішінара) өзіне міндеттеме қабылдайды;

2) байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру көзделмейтін гранттар;

3) байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар;

4) байланысты грант туралы келісім - Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік орган және донор арасындағы шарт;

5) бақылау объектілері - бюджет процесіне қатысушылар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

6) банк кепілдігі - қарыз алушы мемлекеттік кепілдік беру туралы келісіммен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде заем шарты бойынша өзінен тиесілі сомаларды жинақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда, мемлекет кепілдік берілген заем бойынша берешекті өтеу жөнінде банктің бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган алдындағы міндеттемесі;

7) бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;

8) борышқа қызмет көрсету - белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемі;

9) борыш мониторингі - мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау жөніндегі қызметі;

10) борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



11) бұзушылық - бюджет қаражатын және мемлекет активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды жоспарлауға және жоспарлауға және пайдалануға, мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының ережелерін бұзуға әкеп соққан әрекет (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздік);

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды



11-1) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы (бұдан әрі - Бұзушылықтар сыныптауышы) - құқықтың бұзылған нормалары және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тиісті жауаптылық түрлері көрсетіле отырып, бұзушылықтар түрлерінің тізбесін және оларды жою тәсілдерін қамтитын құжат;

12) бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;

13) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган - бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15) бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16) тармақша өзгертілді

16) бюджеттік инвестициялар - бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



17) бюджеттік инвестициялық жоба - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға,  енгізуге және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды

17-1) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы - салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін, жобаның жүзеге асырылуын және тиімділігін айқындау тұрғысынан техникалық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды

17-2) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды - бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасының қорытындылары негізінде дайындалған, бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



18) бюджеттік қамтамасыз етілу - тиісті бюджеттер қаражаты есебінен ұсынылатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бірлігіне есептегендегі мемлекеттік қызметтер құны;

19) бюджет қаражаты - мемлекеттің ақша және өзге де активтері, жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттік меншікке түсетін түсімдер;

20) бюджет қаражатын алушылар - бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арқылы алатын және оларды бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

21) бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;

22) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;

23) бюджет процесі - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг жасау және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;

24) грант - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмегі;

25) донорлар - шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін шетелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары;

26) есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;

27) жергілікті атқарушы органның борышы - жергілікті атқарушы органның белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыздарының сомасы;

28) жергілікті атқарушы орган борышының лимиті - Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін белгілеген жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына алынған және өтелмеген қарыздарының тіркелген сомасы, жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) нақты борышы одан аспауға тиіс;

29) жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;



2011.24.11. № 495-ІV ҚР
Каталог: downloads
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
downloads -> Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О
downloads -> Қатысуға шақырады Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі: Ұлы Отан соғысының бүкіләлемдік-тарихи маңызы. Зерттеудің әдіснмасы мен әдістері
downloads -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
downloads -> Жастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының Ұлттық салт-дәСТҮрлері. Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы
downloads -> ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі
downloads -> Әріптестікке шақырамыз! «ҰҒтао» АҚ анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің тізімі Зерттеуді жүргізу шарттары
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді