Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара



бет16/33
Дата09.09.2017
өлшемі1.62 Mb.
#19844
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер көлемі;

4) әрбір қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары;

5) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

 

 

13-тарау. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негізгі ережелері



 

245-бапқа сәйкес 74-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

74-бап. Республикалық бюджеттің жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей енгізеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 



2-1) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

3) соңғы есеп берген күнгі мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жай-күйі туралы деректерді;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және республикалық бюджеттің жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.

2. Республикалық бюджет ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей, әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы палаталардың бөлек отырысында бекітіледі.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданылатын, кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.



Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

5. Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.



 

75-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей енгізеді.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей енгізеді.

Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджеттің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 



2-1) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және жергiлiктi бюджет жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.

2. Тиісті мәслихаттар облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.



Мәслихат ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Егер мәслихат осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған болса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулы шығарады, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.

6. Мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі қосымшаларымен бірге және кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.



 

76-бап. Өкілді органдардың бюджеттер жобаларын қарауының негізгі принциптері

1. Өкілді органдар бюджеттердің жобаларын қарау кезінде мынадай принциптерді ұстанады:

1) негізділік принципі;

2) бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі.

2. Негізділік принципі депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулерді енгізу, оларға тиісті есеп-қисаптар қоса беріле отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігі және мемлекеттік органдар қызметінің олардың стратегиялық жоспарларында көзделген мақсаттарын, міндеттерін және нәтижелерінің көрсеткіштерін түзету жөніндегі ұсыныстардың қажеттігі жазбаша баяндалып берілуге тиіс екендігін білдіреді.

3. Бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгеріс немесе толықтыру енгізген кезде бюджет тапшылығының мөлшерін бюджет жобасында белгіленгеннен асырмай сақтау үшін түсімдердің қосымша көздері не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиіс екендігін білдіреді.

 

245-бапқа сәйкес 77-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

77-бап. Республикалық бюджеттің жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау

Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының жалпы отырыстарында қарауға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамалары кіреді.

 

78-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау

1. Жергілікті бюджеттің жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.

2. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

3. Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті мәслихат айқындаған тұрақты бас комиссияға жібереді.

4. Тұрақты бас комиссия тұрақты комиссиялардың ұсыныстарын жинақтауды жүзеге асырады, ол мәслихаттың сессиясына шығарылады. Бұл ретте жинақтауға тиісті негіздемелері мен есеп-қисаптары бар ұсыныстар ғана енгізіледі.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылауға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамының (адамдарының) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жергілікті бюджеттің жобасы бойынша, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамдарының жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамалары кіреді.

 

245-бапқа сәйкес 79-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



79-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы қаулылары

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді



1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бір апта мерзімде қабылданады.

Жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін екі апта мерзімде қабылданады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және жергілікті атқарушы органдардың мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы қаулыларының жобаларын тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар әзірлейді.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулылары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттің уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөнінде, жергілікті атқарушы органдарға жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен кредиттерді пайдалану бөлігінде тапсырмаларды көздейді.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



1) облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана арасында төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің жалпы сомасын резерв түрлері бойынша бөлу;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2) объектілер бойынша бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)



2-1) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 152 және 156-баптарында белгіленген жоспарлау сатыларынан өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар объектілер бойынша жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобаларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі қоса беріледі.

Тиісті құжаттама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайларда бюджеттік инвестициялар республикалық бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде одан алып тасталады. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін;

3) объектілер бойынша республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды қажет ететін, жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесі;

4) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалар көрсетілген мемлекеттік тапсырмалар тізбесі;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне айқындау жүктелген, республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер қоса беріледі.

Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысына:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы сомасын резерв түрлері бойынша бөлу;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР


Каталог: downloads
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
downloads -> Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О
downloads -> Қатысуға шақырады Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі: Ұлы Отан соғысының бүкіләлемдік-тарихи маңызы. Зерттеудің әдіснмасы мен әдістері
downloads -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
downloads -> Жастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының Ұлттық салт-дәСТҮрлері. Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы
downloads -> ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі
downloads -> Әріптестікке шақырамыз! «ҰҒтао» АҚ анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің тізімі Зерттеуді жүргізу шарттары
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы