Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


Заңымен 68-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара



бет15/33
Дата09.09.2017
өлшемі1.62 Mb.
#19844
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Заңымен 68-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін ескере отырып:

1) стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлар жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан;

3) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;

4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды.

Тиісті бюджет комиссиясы осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді



4. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар:

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестiгi тұрғысынан;

стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;

стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



6. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



7. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды.

Тиісті бюджет комиссиясы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстары бойынша қорытындыны қарайды және ол бойынша ұсыныстар әзірлейді.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



8. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға пысықталған бюджеттiк өтiнiмдердi, стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларын ұсынады.

Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға пысықталған бюджеттiк бағдарламалар жобаларын ұсынады.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



9. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға пысықталған бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.

Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың пысықталған жобаларын ұсынады.

 

69-бап. Заттай нормалар



1. Заттай нормалар — қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштері.

2. Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

3. Орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшін жою туралы Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсыныстар енгізуге құқылы.

 

70-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақша

ҚР 2009.11.12. № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер, спорт саласында мамандандырылған Қарулы Күштер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жазылуға тиіс.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін тиісті саланың (аяның) орталық мемлекеттік органы әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

 

245-бапқа сәйкес 71-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



71-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.

2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:

кірістердің, трансферт түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттің), тапшылықты қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемі;

жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;

жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі;

Қазақстан Республикасы Yкіметі резервінің мөлшері;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;

мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;

үкіметтік борыш лимиті;

Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті;

шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың көлемi;

басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

4. Республикалық бюджет туралы заңның жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қоса беріледі.

Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар - функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің көлемі;

3) бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

4) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері жалпы ішкі өнімге ақшалай түрде және процентпен көрсетіледі.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады.

 

72-бап. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірілмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы шешім жобасының мәтінінде:

1) бюджет кірістерінің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;

2) облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

3) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

5) басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

4. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы шешімнің жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасы қоса беріледі.



Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер көлемі;

4) қаладағы әрбір ауданның бюджеттік бағдарламалары;

5) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарауына ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

 

73-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінінде:

1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;

2) облыстық бюджеттен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

5) өзге де ережелер қамтылуға тиіс.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы шешімнің жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасы қоса беріледі.



Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР


Каталог: downloads
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
downloads -> Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О
downloads -> Қатысуға шақырады Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі: Ұлы Отан соғысының бүкіләлемдік-тарихи маңызы. Зерттеудің әдіснмасы мен әдістері
downloads -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
downloads -> Жастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының Ұлттық салт-дәСТҮрлері. Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы
downloads -> ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі
downloads -> Әріптестікке шақырамыз! «ҰҒтао» АҚ анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің тізімі Зерттеуді жүргізу шарттары
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді