Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі



бет14/33
Дата09.09.2017
өлшемі1.62 Mb.
#19844
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол тиiстi салалық орталық мемлекеттік органмен келісілгеннен кейiн бекітіледi.

2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



6. Орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн пысықталады, Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бiр ай мерзiмде бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларына өзгерiстер мен толықтырулар облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi бекiтiлгеннен кейiн пысықталады, тиісті мәслихаттар облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiн бекiткен күннен бастап бір ай мерзімде бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етiле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

7. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:



1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не өзгерістер енгізілген;

2) жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған не өзгерістер енгізілген;

3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген;

4) көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал ететін республикалық немесе жергілікті бюджеттердің параметрлері өзгерген жағдайларда жол беріледі.

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады.

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бюджетті нақтылаумен байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, бюджетті, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады.

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына қаржыландыру көлемінің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар  жобаларын тиісті бюджет комиссиясы қарайды.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды



8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар жыл сайын, ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейін кезекті қаржы жылына арналған меморандумдар жобаларын әзірлейді.

Меморандум мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру үшін әзірленеді және қол жеткізуді (орындауды) мемлекеттік органның бірінші басшысы ағымдағы жылы бюджет қаражаты шегінде қамтамасыз етуге міндеттенетін, стратегиялық жоспарда көзделгеннен төмен емес мәндегі негізгі нысаналы индикаторлар мен міндеттердің көрсеткіштерін қамтиды. Негізгі нысаналы индикаторлар мен міндеттердің көрсеткіштері мақсаттарға, стратегиялық міндеттер мен бағыттарға қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді білдіреді, олардың сапалық жағы стратегиялық міндеттер мен бағыттарды іске асыру нәтижесінде болатын өзгерістердің мәнін көрсетеді, ал сандық жағы оның өлшенетін абсолюттік немесе салыстырмалы шамаларын көрсетеді.

Меморандумға мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.

Меморандумдарды әзірлеу, бағалау тәртібін және мазмұнын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

 

245-бапқа сәйкес 63-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



63-бап. Операциялық жоспар

Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді.

Операциялық жоспар ресурстары, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері бойынша байланыстырылған, мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады.

Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны мемлекеттік органның жауапты хатшысы (басшысы) ағымдағы қаржы жылының 10 қаңтарына дейін бекітеді.

 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары меморандумдарының жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 287-ө Өкімін қара



 

 

12-тарау. Бюджетті әзірлеу



 

245-бапқа сәйкес 64-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

64-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда



1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге республикалық бюджетті әзірлейді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Жергілікті бюджеттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға бюджетті жоспарлау немесе нақтылау процесінен тыс бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.

3. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 65-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



65-бап. Бюджет түсімдерін болжау

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда



1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асырады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.

2. Өтеусіз техникалық көмек түріндегі байланысты гранттар алынған кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген жағдайларда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны түрінде бюджет түсімдерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құнына тең көлемде бюджеттік бағдарлама көзделуге тиіс.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

 

 

245-бапқа сәйкес 66-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 66-бап жаңа редакцияда

66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.

3. Нәтижелерді бағалау жүргізілген жағдайда осы бапта көрсетілген құжаттарға бағалау нәтижелері қоса беріледі.



 

245-бапқа сәйкес 67-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



67-бап. Бюджеттік өтінім

1. Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2. Бюджет шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамалар шығыстары болып бөлінеді.

3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ бюджеттен қоса қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың шығыстары базалық шығыстар болып табылады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және мемлекеттік қызметтер көрсетумен, трансферттер төлеумен және мемлекеттің басқа да міндеттемелерімен байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.

5. Жаңа бастамалар шығыстарына:



кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға;

макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (атқарылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамалар шығыстарын жоспарлау қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, өткен жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады.

6. Бюджеттік өтінімге:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) стратегиялық жоспар жобасының, стратегиялық жоспардың немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар жобасының құрамына енгізілген әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар не стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар;

2) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша міндетті түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпарат;

3) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпарат;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының болжамы;

5) түсіндірме жазба;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпарат кіреді.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7. Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі стратегиялық жоспардың жобасында немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет кірістерін қысқартуды қажет ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынса, онда бюджеттік өтініммен бір мезгілде тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізіледі.

8. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлері бойынша есеп-қисаптар жасалмайды.



Осы бағдарламалар бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар тек қана үшінші жылға жасалады.

9. Бюджеттік өтінімге түсіндірме жазба жоспарлы кезеңге қаражат жұмсаудың негізгі бағыттарын, мәлімделген бюджеттік бағдарламалардың қысқаша сипаттамасы мен баяндалуын, базалық шығыстарды ұлғайту негізділігін, нәтижелердің қол жеткізілген көрсеткіштерінің талдамасын, сондай-ақ өткен жылғы бюджеттік өтінімнің құрамына енгізілген бюджеттік бағдарламалар бойынша ауытқулардың себептерін қамтиды.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 68-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР


Каталог: downloads
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
downloads -> Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О
downloads -> Қатысуға шақырады Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі: Ұлы Отан соғысының бүкіләлемдік-тарихи маңызы. Зерттеудің әдіснмасы мен әдістері
downloads -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
downloads -> Жастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының Ұлттық салт-дәСТҮрлері. Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы
downloads -> ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі
downloads -> Әріптестікке шақырамыз! «ҰҒтао» АҚ анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің тізімі Зерттеуді жүргізу шарттары
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді