Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан



бет13/33
Дата09.09.2017
өлшемі1.62 Mb.
#19844
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді)

8-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:

аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



9) экономикалық қызметті реттеу:

жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;

10) өзге де бағыттар:



облыстық бюджетке трансферттер;

жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу.

2. Сол сияқты, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен:

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарға;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларға, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға және концессиялық міндеттемелерді орындауға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көрсетілетін мемлекеттік қызметке және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.

3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.

2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.

5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында мынадай бағыттар бойынша қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің шығыстары көзделеді:

1) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі;

2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

3) азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;

4) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

5) ауылдық (селолық) жерлерде оқушыларды жақын мектепке дейін тегін алып баруды және қайта алып келуді ұйымдастыру;

6) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;

7) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

8) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

9) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

10) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

11) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

12) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;

13) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

14) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

15) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды



16) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды



17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу.

 

 



10-тарау. Бюджеттік комиссиялар

 

57-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер

1. Бюджеттік комиссия бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді және бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

2. Республикалық бюджеттік комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларын құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды.



 

58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті



Бюджеттік комиссиялардың құзыретіне:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

3) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

6) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер кіреді.



 

59-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары

1. Бюджеттік комиссиялардың құрамына: төраға, төрағаның орынбасарлары, хатшы, бюджеттік комиссияның мүшелері кіреді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда



2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тиісінше бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.

3. Бюджеттік комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, бюджеттік комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Бюджеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия төрағасының өзі тағайындаған орынбасары орындайды.

4. Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.

5. Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.



 

Ерекше бөлім



 

3-бөлім. Бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту

 

11-тарау. Бюджетті жоспарлау негіздері

 

245-бапқа сәйкес 60-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

60-бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер

1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

2. Бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;

3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;

4) операциялық жоспарлар.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйелерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды.

 

245-бапқа сәйкес 61-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 61-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

61-бап. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы үш жылға арналған бюджеттік параметрлермен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, елдің, өңірдің орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму параметрлерін және мемлекеттің экономикалық саясатын айқындайтын құжат болып табылады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ескере отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi және мыналарды:

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді



1) мемлекеттiк басқарудың орталық деңгейiнде:

экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;

орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін;

бес жылға арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен шараларын;

бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;

шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттер түсімдері мен шығыстарының болжамын, бюджет тапшылығын қамтитын үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;

әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін;

шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тiзбесін;

2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде:

өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын, үрдiстерiн, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерiн;

мыналарды:

тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң негiзгi параметрлерiн;

өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қамтуға тиіс үш жылға арналған бюджеттік параметрлерді қамтиды.

Нысаналы индикаторлар мен көрсеткiштер сандық және сапалық нәтижелердi айқындау үшiн негiзгi бағыттар (салалар) бойынша белгiленеді, бес жылдық кезең iшiнде Қазақстан Республикасының немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық саясаты осы нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталуға тиiс.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергiлiктi атқарушы орган) әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердiң қосымша көрсеткiштерiн енгiзуi мүмкiн.

3. Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарына арналған бюджеттік параметрлердiң болжамы индикативтiк сипатта болады және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының өзгерiстерi, бюджеттік мониторинг және нәтижелердi бағалау, басқа да iшкi және сыртқы факторлар ескерiле отырып, кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттік параметрлердiң болжамын әзiрлеу кезiнде нақтылануы мүмкiн.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



4. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын иісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергiлiктi атқарушы орган мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды

7-1. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



8. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің тәртібін және мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 62-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 62-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

62-бап. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары

1. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бес жылдық кезеңге әзірленеді.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары мемлекеттік орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерiн, нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн айқындайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі бар бюджеттік бағдарламаларды қамтиды.

3. 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрылымына кiретiн мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.



Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Президентi немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымды тұлға бекiтедi.

Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарлар әзірлемейді.

2011.21.07. № 465-ІV ҚР


Каталог: downloads
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
downloads -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
downloads -> Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О
downloads -> Қатысуға шақырады Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі: Ұлы Отан соғысының бүкіләлемдік-тарихи маңызы. Зерттеудің әдіснмасы мен әдістері
downloads -> Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
downloads -> Жастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының Ұлттық салт-дәСТҮрлері. Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы
downloads -> ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі
downloads -> Әріптестікке шақырамыз! «ҰҒтао» АҚ анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің тізімі Зерттеуді жүргізу шарттары
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді