Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Loading...


бет2/5
Дата22.06.2021
өлшемі175.65 Kb.
1   2   3   4   5
геометриялық пішін болып табылады геометриялық қашан қалатыны туралы ақпарат орналасқан жері, масштаб, бағдар және шағылысу сипаттамасынан алынып тасталады геометриялық объект.[1] Яғни, пішінді айналдыра жылжытудың, үлкейтудің, айналдырудың немесе айнада көрсетудің нәтижесі түпнұсқамен бірдей, ал нақты пішін емес.Бір-бірімен бірдей пішінді нысандар деп аталады ұқсас. Егер оларда да бір-бірімен бірдей масштаб болса, онда олар айтылады үйлесімді. Көптеген екі өлшемді геометриялық фигураларды жиынтығы арқылы анықтауға болады ұпай немесе төбелер және сызықтар тұйықталған тізбектегі нүктелерді, сонымен қатар пайда болған ішкі нүктелерді қосу. Мұндай пішіндер деп аталады көпбұрыштар және қамтиды үшбұрыштар, квадраттар, және бесбұрыштар. Басқа пішіндер шектелуі мүмкін қисықтар сияқты шеңбер немесе эллипс. Көптеген үш өлшемді геометриялық фигураларды шыңдар жиынтығы, шыңдарды байланыстыратын сызықтар және екі өлшемді анықтауға болады жүздер сол сызықтармен, сондай-ақ алынған ішкі нүктелермен қоршалған. Мұндай пішіндер деп аталады полиэдрлер және қамтиды текшелер Сонымен қатар пирамидалар сияқты тетраэдрлер. Басқа үш өлшемді фигуралар қисық беттермен шектелуі мүмкін, мысалы эллипсоид және сфера. Пішін дейді дөңес егер оның кез келген екі нүктесінің арасындағы түзу кесіндісіндегі барлық нүктелер де пішіннің бөлігі болса.

Құрметті әріптестер менің бүгінгі сіздерге ұсынып отырған әдісім «Танграм» әдісі деп аталады. Танграм әдісінің мақсаты: Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу. Балалардың сенсорлық қабілеттерін дамыту. Геометриялық пішіндерді атай білу.                                     Міндеттері:


–    театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
–    сөздік қорларын байыту;
–    ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық  айтуды үйрету.

Танграм – шамамен 4000 жылдық тарихы бар қытай ойыны. Жеті фигурадан тұратын ойын «ши чао тю». «Танграм» сөзі европалық. «Тань» сөзі ( «кытайлық» мағынаны білдіреді ) түбір «грамма» ( грек сөзінен аударғанда «сызық»).

Көне шығыс технологиясы бойынша пішіндер ойжұмбақ – танграмның балаларға арналған «7 бөлшек» мобильдік қосымшасын көкшетаулық өнертапқыштар Самат Биғазы мен Әйгерім Сағындықова іске қосып отыр.

Мұндағы ойының бір ерекшелігі -ол қосымшаның дизайны қазақтың ұлттық ою өрнегін қолдана отырып, этностильде жасалғанында болып отыр.

«Мәселен, ойындағы жиналған ұпай әдеттегідей жұлдызшамен емес, асықпен белгіленеді. Әсіресе, танымдық, бояуы, өзгешелігі жағынан дес бермейді». Ол өзінің жобасын «Қадам» деп атайды. Негізі «7 бөлшек» қосымшасы бұл әзірге бірінші ойын ғана. Құрастырушылар алдағы уақытта ойынның барлық сериясын шығаруды жоспарлап отыр.

3.Музыкалық ырғақты қимылдар - балалардың музыкалық іс-әрекетінің негізгі түрі. Музыкалық сүйемелдеуімен орындала¬тын қимылды ойындар музыканың өзі сияқты естуді жеңілдікті және қимылдың икемдігін ,музыкадан алынатын әсерлерге шапшаң және дұрыс жауап берушілік қабілетті дамытады”,- деп жазған болатын белгілі орыс педагогы Е.Н.Водовозова.Бұл ойды А.П.Усова одан әрі дамытады:”Өсіп келе жатқан баланың бойында ойын,тіл және ойының өзара ұштастық табуында қалайда бір таң қаларлық нәрсе бар.Соған орай, баланың ән айтуы ойынан туындайды деп айтуға толық негізі бар.Баланың ойының тәжірбиесі балалар музыкалық мәдениетінің бастапқы мектебі болып табылады... Балалар үшін орыс биі дегеніміз не деген сұрақтың жауабын да осы ойындардан іздеген жөн болар. Балаға түсінікті әсем ырғақты суретте соларда жаса¬лып, ол ойын түрінде берілген” Бұндай бейнелі сөздерде халықтың тәжірибесіндегі бар жақсылықтың бәрін шеберлікпен пайдаланып балаға береді. Психолог Б.М.Тепловтың пікірі бойынша, музыканы қабылдау “Музыкалық қозғалыстың уақытша барысында барынша толық күйде немесе аз көлемде бере алатын қандай да бір қимылды әрекеттер арқылы тікелей сүймелденеді”. Тиісті музыкалық шығармаларды іріктеп алу жолымен белгілі бір қимылды әрекеттер тудыруға,ұйымдастыруға және олардың сапасына ықпал жасауға болады.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Пән бірлестік комиссиясының төрағасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КМҚК «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»

Жеке пәндер әдістемесі бойынша мемлекеттік емтихан

Билет №12


  1. Балабақшадағы тіл дамыту сабақтардың мазмұны, маңызы.

Балалардың тілін дамытудағы мақсаты:
– Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
– Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
– Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.

 Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені, тіл – адамдардың бір – бірімен пікір алысып, қарым- қатынас жасайтын  құралы. Тіл адам қоғамына тән. Ол қоғамдағы, еңбек процесіндегі қажеттіліктен, мұқтаждықтан келіп туған.


Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез – құлқының белгілері бейнеледі.
Тіл мәдениетін меңгеру – адамның сәби шағынан іске асатын, келе – келе біртіндеп жетіліотыратын  нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»:«Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру», -делінеді.
Бағдарламаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған. Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңызертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып отыр. Бала тілін ұстартуда бұл халық қазынасы – ауыз әдебиетінің орны ерекше. Қазақ балалар әдебиетінің атасы  Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту – тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармашылығының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай – қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», -деген болатын


  1. Мектеп жасына дейінгі балаларда нәрсенің өлшемі, формасы мен массасы туралы түсініктерді дамыту ерекшеліктері.

Нәрсенің өлшемі, формасы және салмағы, бұлар оның қасиеттері бола тұрып, алуан түрлі анализаторлар: көру, сипап сезу, бұлшық ет арқылы қабылданады. И.М. Сеченов обьектілердің (кеңістік, уақыт, орын ауыстыру) қасиеттері рецепторлық аппараттардың қозғалыс процессінде өзгермей қайталанады деген болатын. Егер де нәрсе тура біздің жанымызда тұрса, біз оның өлшемін, формасын сипап сезіп немесе көріп барып қабылдаймыз. Алайда алыста тұрған нәрселердің өлшемі мен формасын көріп қабылдау бір қатар шартқа байланысты, олар: нәрсенің қабылдаушы адамнан қандай қашықтықта тұрғандығы, нәрсенің тұрған қалпы (көру бұрышы бірдей болғанда оның горизонталь немесе вертикаль қалыпта тұруы); екі нәрсені қабылдау және салыстыру олардың қабылдаушы адамнан бірдей немесе әр түрлі қашықтықта тұрғанына байланысты.Қашықтықта тұрған нәрсені көріп қабылдауға тек көру ғана емес, сонымен қатар көздің бұлшық еттерінің қимылы да қатысады.И.М.Сеченов өзінің «Сезім мүшелерінің физиологиясы» және «Мидың рефлекстері» деген еңбектерінде нәрсе өлшемін қабылдаудың перифериялық механизмі деген көздің тор қабығында пайда болған кескін өлшемі мен көздің бұлшық еттерінің жиырылуы екеуінің заңды өзара әрекеті болмақ. Нәрсенің өлшемі белгілі бір көру бұрышымен көру осьтері сәйкес түрде түйіскенде барып қабылданады, ал осьтердің осылайша түйісуі бұлшық еттер сезімімен шамаланады.

  1. Баланы жан – жақты тәрбиелеу мен дамытудағы бейнелеу өнері іс- әрекетінің маңызы.

Балалардың бейнелеу өнеріндегі шығармашылығын дамыту әрекеті оқу мен тәрбие үрдісі өзара тығыз байланысты жүргізілгенде ғана жүзеге асады.Балаларды бейнелеу өнерінің әдіс-тәсілдеріне үйрету- эстетикалық тәрбиенің ең басты міндеті болып есептеледі.Бейнелеу өнері балалардың эстетикалық сезімін , көркемдік талғамын оятып ,шығармашылық қиялын дамыту үрдісін белгілі жүйеде көрсетеді.Бейнелеу әрекеті үрдісінде балалар бірқатар іскерліктер мен дағдыларды меңгереді,заттар мен қоршаған әлем құбылысын талдауға үйренеді.Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап,бүгінгі күнге дейін жетістіктері – шығармашылықтың нәтижесі. Әр жас ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс – әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.Шығармашылықты дамыту, тәрбиелеу туралы ойлар, көзқарастар ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан олар еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі сөз етіп отырған.Көрнекті педагогтар К.Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А.С. Макаренко шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, бала шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Пән бірлестік комиссиясының төрағасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КМҚК «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»

Жеке пәндер әдістемесі бойынша мемлекеттік емтихан

Билет №13

  1. Сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету жолдары.

  2. Балабақшадағы еңбек құралдары. Олардың жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылуы.

Еңбек тәрбиесі – мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге еңбек мәдениетін үйренуге бейімді олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтық педагогиканың негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мысалы:  қазақ халқының дәстүрлі тәлім тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған әрбір жас сәби  «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал рухында тәрбиеленген. Өз тәжірибемде еңбек білім берумен тығыз байланысты жүзеге асырылады.Оқу еңбегінің барысында бала ұқыптылыққа, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Сондықтан жас жеткіншектің дамуы үшін бірден-бір қажетті нәрсе ол – еңбек.А.С. Макаренко балаларды еңбекке қай жастан тәрбиелеу керек? Деген сұраққа мүмкіндігінше ертерек бастау керек деп көрсетті. Ал баланы еңбекке тәрбиелеудің бастапқы ұясы отбасы сосын балабақша. Бұл ретте ата-ананың балабақша тәрбиешілерінің орны бірінші кезекке қойылады.Бала кез-келген сәтте үйдегі адамдарға  алдындағы тәрбиешісіне еліктейтін болғандықтан олар өздерінің бала алдындағы іс-әрекет қимылдарына ерекше мән беру керек. Балалар сол үлкендерден көргенін жасауға талпынады.Адамды –  адам еткен еңбек.  Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбеккке жатады.  Еңбек  – дегеніміз бойымыздағы энергия яғни күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. Күнделікті ішіп жейтін тағам мен киімнің өзі еңбекпен келеді. Балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бере бермейтін еңбек түрлері өте көп. Мысалы: 2-3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек.  


  1. Серуен кезіндегі қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу әдістемесі.

«Серуен кезінде қимылды ойынды өткізу әдістемесі» Мақсаты: күн тәртібінің негізгі бөлігі болып табылатын – серуен және оны қызықты етіп ұйымдастыру жолдарын іздестіру, түрлі ойындар мен әдіс-тәсілдерді меңгеру.Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы білімін топ серуен арқылы қалыптастыру қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелердегі ұйымдастырылуға тиісті жұмыстардың бірі. Себебі қоршаған орта бала үшін жаңа білім мен әлеуметтік тәжірибенің көзі.Мектепке дейінгі мекемелерде топ серуенді ұйымдастыру жұмыстары балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелейді. Айнала қоршаған дүниені, еңбек адамдарының тіршілігін  бақылай отырып балаларды еңбекқорлыққа баулу, эстетикалық талғамдарын қалыптастырудың мәні зор. Оны іске асыру үшін балабақша табалдырығынан бастап балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру керек. Балаларды өсіріп, тәрбиелеуде барлық салалардың маңызы көп, соның ішінде баларға табиғатты таныстыру маңызды рөл алады. Балалар күнделікті табиғатпен және неше түрлі жаңалықтармен кездеседі. Сондықтан да табиғаттың сұлулығын, жаңалығын түсініп, жан-дүниесімен қабылдап және табиғатты сүйіп, қорғауды үйрету - әрбір тәрбиешінің басты міндеті болып табылады. Тәрбиеші балаларды серуенге алып шыққанда, қоршаған ортаның әрбір кереметін балаларға жеткізіп, олардың санасындағы алуан түрлі ойларын, қиялдарын оятып және оны одан әрі дамытуға тәрбиелеу қажет. Егер серуендер мазмұнды да көңілді болса, балалар әдетте серуенге бар ынтасымен шығады. Серуеннің ең негізгі бөлімі – ойын. Ал балаларды серуенге шығаруда ең кемінде үш ойын ойналу керек. Күндізгі серуенге  ойын таңдағанда, серуеннің алдындағы  балалардың айналысқан қызметін есепке алу қажет. Тыныш сабақтардан кейін қозғалысы молдау ойын таңдау қажет. Ең бастысы, серуеннің  әрбір компоненті балалардың дене тәрбиесінің дамуына, денсаулықтарын шыңдауға, сонымен қатар көңіл-күйлерін көтеруге әсерін тигізеді. Балалардың таза ауада болуының оның дене құрылысының дамуы үшін топсеруеннің үлкен маңызы бар. Серуендеу бала организмін шынықтырудың ең бастапқы және неғұрлым оңайға түсетін құралы. Ол баланың сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен, әсіресе салқын тиюден болатын ауруларға төзімділігі мен көнбістігін арттырады. Серуенге шыққанда балалар ойнайды, көп қозғалыста болады

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Пән бірлестік комиссиясының төрағасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КМҚК «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»

Жеке пәндер әдістемесі бойынша мемлекеттік емтихан

Билет №14

  1. Жаңылтпаштың бала тілін дамытудағы рөлі.

Жаңылтпаштар халықтық шығармалар ішінде баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс, айқын сөйлеуге үйретеді.Халық ауыз әдебиетінде жаңылтпаштың алатын орны ерекше. Жаңылтпаш – тіл дамыту құралы. Жаңылтпаш—мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайық шығарма. Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі—жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады. Бастауыш сынып мұғаліміне жүктелер міндет көп. Алдына келген «ақ жұмыртқа сары уыз» балапанға хат танытып, сауатын ашумен бірге оның сөйлеу тілін дамыту үшін де аз тер төкпесі ақиқат. Жаңылтпаштарды тіл дамыту құралы десек, мұғалімнің міндеті – оларды балалардың жас ерекшеліктеріне , сауат ашу сабақтарының мазмұнына сәйкес лайыөты, орынды қолдана білу. 


  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлауын дамыту.Екі жастан бастап үш жасқа  дейінгі  балаларға арналған  «Алғашқы қадам» бағдарламасында балалардың кеңістікті бағдарлауға үйретуде өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін дамыту (оң-сол, алда-артта, жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен), оң және сол қолын ажырата білуге үйретуді жалғастыру мәселелері көрсетілген. ІІ Сәбилер тобында  балаларды  кеңістікті  бағдарлаумен таныстыру  үшін өздерінің дене мүшелерін дұрыс  ажырата білуге үйрету керек. Сол арқылы балалардың тұрмыстық әрекеттерімен таныстырады. Мысалы, жуыну кезінде,  киіну кезінде тәрбиеші дене бөліктерін айта отырып,  балаларды  оң және сол қолдарын ажырата білуге үйретеді, тамақтану кезінде қасықты  оң  қолында ұстауға, ал сол қолда нан  ұстау керектігін үйретеді. Балаға оң және сол аяқтарын,  құлақтарын көрсетуді айтады және сол аяқ, сол көз, сол құлақтың сол қол жақта  орналасқанын, оң көз, аяқ,-оң қол жақта орналасқанын түсіндіреді.     Қарапайым  математикалық түсініктерді қалыптастыруда сабақта  алған білімдерін мына дидактикалық ойындар арқылы толықтырады: «Қуыршақты  жуындыру», «Қуыршақты ұйқыға жатқызу», «Қуыршақты киіндіру», т.б. Тәрбиеші балаға қуыршақтың басын,  бетін,  аяқтарын жуындыруды айтады, және  оның беті, басы қайда екенін сұрайды.      Балалар өз денесіндегі кеңістік бағыттарын айтуды үйренеді:   жоғарыда - бас, төменде-аяқ, алдында-бет, артында-бел, сол жақта  сол қол,  оң  жақта-оң қол.     Осы білімдеріне   сүйене отырып,  педагог балаларға  «өзінен» кеңістік бағыттарын айтуды және көрсетуді үйретеді. Мысалы, қонжыққа оң  қолыңмен, содан кейін  сол қолыңмен қол бұлғауын өтінеді, қуыршақтың қайда кеткенін айтып көрсетеді (оңға, солға, жоғарыға, төменге),  доптың қайда кеткені,  жалаушаны жоғарыға көтеру және төменге түсіру,  қолды алға созу, артына  жасыру. Осы жаттығулар кезінде барлық балалар және педагог бір жаққа қарай отыру не  тұру керек.Төрт жастан бастап бес жасқа дейінгі балаларға арналған  «Зерек бала» бағдарламасында балалардың кеңістікті бағдарлауға үйретуде өзінің айналасындағы заттардың орналасуын (оң, сол, алда, артта, жоғарыда, төменде, алыс, жақын) анықтауға үйретуді жалғастыру, берілген бағыт бойынша қозғалу іскерліктерін дамыту мәселелері қарастырылған.



  1. Қазақ ұлттық музыкалық ойындары, мысал келтіру.


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Пән бірлестік комиссиясының төрағасы

_____________________________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КМҚК «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»

Жеке пәндер әдістемесі бойынша мемлекеттік емтихан

Билет №15

  1. Балабақшадағы балалар тілін дамыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері, әдіс- тәсілдері.

Тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым.Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі , оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті,мазмұны бар.Әдістеменің басты міндеті – балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс – тәсілдерін жинақтау, жасау. Курстың басты мазмұны баланың ауызекі тілін қалыптастыру, қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.Мектепке дейінгі балаларды оқытудағы тіл дамыту мақсаттары: 1) Әр жас топтарында тіл дамыту бағдарламаға сай орындалуынқадағалау және қамтамасыз ету. 2) Балаларды оқыту мен тәрбиелеуді дұрыс жолға қою. 3) Қызметкерлерге бағыт беру жәнебақылау жасау. 4) Жағдай жасау (медициналық, гигиеналық, профилакториялық). 5) тіл дамыту бойынша озық тәжірибелерді жинақтап қорыту. Педагогикалық жаңа инновациялық техниканы енгізу, педагогикалық өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру. 6) Мамандардың дәреже деңгейіне және білім жетілдіруіне сай квалификациясын көтеру. 7) Балабақша мен отбасы арасында өзара педагогикалық білімді насихаттайтын жұмыстар ұйымдастыру. Ата–аналарды жалпы жиналыстарда оқу – тәрбие процестерімен таныстыру


  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда тәрбиешіге қойылатын талаптар

  2. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің

  3. педагогынан, балаларды табиғатпен таныстыру үшін, табиғат жөніндегі әр түрлі

  4. ғылымдар саласынан білімнің мол қоры болуы, оның даму заңдылықтарын түсіну

  5. табиғатта заттар мен болып жатқан құбылыстардың арасындағы өзара байланысты

  6. материялистік диалектика тұрғысынан дұрыс түсіндіре білу талап етіледі. Әсіресе өзі

  7. тұратын жердің табиғатымен танысу маңызды: мерзімдік өзгерістерді бақылап отыру,

  8. календарь жасау, көбірек таралған өсімдіктер мен жануарларды анықтай, тануды үйрену,

  9. оларды қайдан кездестіруге болатынын білу.

  10. Балаларды табиғатқа зейінді іспен және ұқыпты түрде қарауға тәрбиелеу балалар

  11. бақшасындағы жануарлар мен өсімдіктерді күтуге көмектеседі. Тәрбиешіден тірі табиғат

  12. мүйісін ұйымдастыра білуі өсімдіктер мен жануарлар табиғатта қалай өмір сүрген болса,

  13. соған ұқсас жағдайларды жасау талап етеді. Мұнан басқа оның балалар бақшасы учаскесі

  14. мен тірі табиғат мүйісіндегі өсімдіктерді өсіреді, агротехникалық әдістерін және

  15. жануарларды бағып күтуді меңгеру керек.

  16. Тәрбиешінің өз ісі балаларды еңбек дағдыларына тәрбиелеуде шешуші ықпал етеді.

  17. Балаларда табиғат туралы білім мен эстетикалық сезімнің қалыптасу процесінде

  18. тәрбиешінің өзінің де табиғаттың сұлулығын тануға және оған сүйсінуге деген ынтасы

  19. мен іскерлігінің зор мәні бар. Табиғатты сүйетін тәрбиеші қажетті білімдер мен

  20. шеберліктерді сондай-ақ жұмыстың негізгі әдістерін меңгере отырып табнғатты баланың

  21. жан-жақты жетілуіндегі кұдіретті фактор етеді

педагогынан, балаларды табиғатпен таныстыру үшін, табиғат жөніндегі әр түрлі

ғылымдар саласынан білімнің мол қоры болуы, оның даму заңдылықтарын түсіну

табиғатта заттар мен болып жатқан құбылыстардың арасындағы өзара байланысты

материялистік диалектика тұрғысынан дұрыс түсіндіре білу талап етіледі. Әсіресе өзі

тұратын жердің табиғатымен танысу маңызды: мерзімдік өзгерістерді бақылап отыру,

календарь жасау, көбірек таралған өсімдіктер мен жануарларды анықтай, тануды үйрену,

оларды қайдан кездестіруге болатынын білу.

Балаларды табиғатқа зейінді іспен және ұқыпты түрде қарауға тәрбиелеу балалар

бақшасындағы жануарлар мен өсімдіктерді күтуге көмектеседі. Тәрбиешіден тірі табиғат

мүйісін ұйымдастыра білуі өсімдіктер мен жануарлар табиғатта қалай өмір сүрген болса,

соған ұқсас жағдайларды жасау талап етеді. Мұнан басқа оның балалар бақшасы учаскесі

мен тірі табиғат мүйісіндегі өсімдіктерді өсіреді, агротехникалық әдістерін және

жануарларды бағып күтуді меңгеру керек.

Тәрбиешінің өз ісі балаларды еңбек дағдыларына тәрбиелеуде шешуші ықпал етеді.

Балаларда табиғат туралы білім мен эстетикалық сезімнің қалыптасу процесінде

тәрбиешінің өзінің де табиғаттың сұлулығын тануға және оған сүйсінуге деген ынтасы

мен іскерлігінің зор мәні бар. Табиғатты сүйетін тәрбиеші қажетті білімдер мен

шеберліктерді сондай-ақ жұмыстың негізгі әдістерін меңгере отырып табнғатты баланың

жан-жақты жетілуіндегі кұдіретті фактор етеді




  1. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің

  2. педагогынан, балаларды табиғатпен таныстыру үшін, табиғат жөніндегі әр түрлі

  3. ғылымдар саласынан білімнің мол қоры болуы, оның даму заңдылықтарын түсіну

  4. табиғатта заттар мен болып жатқан құбылыстардың арасындағы өзара байланысты

  5. материялистік диалектика тұрғысынан дұрыс түсіндіре білу талап етіледі. Әсіресе өзі

  6. тұратын жердің табиғатымен танысу маңызды: мерзімдік өзгерістерді бақылап отыру,

  7. календарь жасау, көбірек таралған өсімдіктер мен жануарларды анықтай, тануды үйрену,

  8. оларды қайдан кездестіруге болатынын білу.

  9. Балаларды табиғатқа зейінді іспен және ұқыпты түрде қарауға тәрбиелеу балалар

  10. бақшасындағы жануарлар мен өсімдіктерді күтуге көмектеседі. Тәрбиешіден тірі табиғат

  11. мүйісін ұйымдастыра білуі өсімдіктер мен жануарлар табиғатта қалай өмір сүрген болса,

  12. соған ұқсас жағдайларды жасау талап етеді. Мұнан басқа оның балалар бақшасы учаскесі

  13. мен тірі табиғат мүйісіндегі өсімдіктерді өсіреді, агротехникалық әдістерін және

  14. жануарларды бағып күтуді меңгеру керек.

  15. Тәрбиешінің өз ісі балаларды еңбек дағдыларына тәрбиелеуде шешуші ықпал етеді.

  16. Балаларда табиғат туралы білім мен эстетикалық сезімнің қалыптасу процесінде

  17. тәрбиешінің өзінің де табиғаттың сұлулығын тануға және оған сүйсінуге деген ынтасы

  18. мен іскерлігінің зор мәні бар. Табиғатты сүйетін тәрбиеші қажетті білімдер мен

  19. шеберліктерді сондай-ақ жұмыстың негізгі әдістерін меңгере отырып табнғатты баланың

  20. жан-жақты жетілуіндегі кұдіретті фактор етеді


3.Бейнелеу іс –әрекетіне үйрету бағдарламасы.

Балаларды бейнелеу іс-әрекетіне үйрету 2 жастан басталады .және оған мектепке дейінгі барлық топтарда кеп орын белінеді. Жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту міндеттері балаларды олардың үғымына сай жеңіл мөлшерде бейнелеу дағдылары мен іскерліктерге үйрету, программада қаралған білімді жеткізу, өз-дері бейнелейтін заттар мен оқиғалар туралы оларда соған сәй-кес түсінік пайда болуы жағдайында ғана ойдағыдай жүзеге асырылуы мумкін. Бағдарлама бойынша бейнелеу іс- әрекетін ұйымдастырғанда қойылатын талаптарға тоқталғым келеді: жұмыстың негізгі мақсатын, міндеттерін нақты айқындап алу; мақсатқа жетудегі қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді алдын ала анықтау; іс-әрекеттің бір-бірімен үндесіп, мазмұн сабақтастығының болуын қадағалау; балалардың дербес, еркін, шығармашылықпен әрекет етуіне толық жағдай жасау; тақырыпқа сәйкес мазмұнды ашып, жаңа білім дағдыларын меңгеруге қажетті ойын, тәрбие саласына байланысты басқа тәрбие жұмыстарын бекіту, қайталау, еске түсіру мақсатында сабақтастықта жүргізу.


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Пән бірлестік комиссиясының төрағасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КМҚК «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»

Жеке пәндер әдістемесі бойынша мемлекеттік емтихан

Билет №16

  1. Балаларды жан – жақты тәрбиелеудегі ана тілінің маңызы.

  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшеліктері.

  3. Таңғы жаттығуды ұйымдастыру әдістемесі және оған қойылатын талаптар.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Пән бірлестік комиссиясының төрағасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КМҚК «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»

Жеке пәндер әдістемесі бойынша мемлекеттік емтихан

Билет №17

  1. Сөздің лексикалық мағынысын жалпылау дәрежесі, оларды әр түрлі жастағы балалардың меңгеруі.

Лексикалық мағына әуелгі кезде лексикологияның қалыптасқан «семантика» құрамында зерттеле бастады. Кезінде орыс тіл біліміндегі дәстүрлі лексикологияда (В.В.Виноградов, т.б.) сөздің лексикалық мағынасы атауыш мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына түрлеріне бөлініп, қарастырылып келгендігі белгілі.

Кез келген сөздің бәрі лексикологиялық зерттеудің объектісі бола бермейді. Тілдегі мағыналы бірлік ең алдымен жеке сөз ретінде белгілі болады.Сондықтан да болар лексикологияда сөз лексемамен тең және тең емес дәрежеде қарастырылады. Сөз көмекші сөз, сөзформа мағынасында да қолданылады, ал лексема тек лексикалық мағынасы бар сөздерді ғана қамтиды. Сөз мағыналарына қатысты арнайы еңбек жазған Б.Қалиев пен А.Жылқыбаева жалпылық және нақтылық мәселесін былай ажыратады: «... ұғым екеу: жалпы ұғым және жеке (нақты) ұғым. Бір сөзде осы екі ұғымның екеуі де болуы мүмкін. Мәселен, терек десек бірде дүние жүзіндегі терек атаулының бәрін ұғамыз (терек – ағаштың бір түрі), бірде өзіміз қасында тұрған, қолымызбен сипап немесе құшақтап тұрған теректі ғана ұғамыз (мына терек жуан екен). Алдыңғысы – жалпы ұғым, соңғысы – жеке, нақтылы ұғым. Өзен деген сөздің берер ұғымы да дәл осындай. Ол бірде – жалпы өзен атаулыны, бірде нақтылы бір өзенді (айталық, Іле өзенінің) өзін ғана білдіреді. Сөздердің бұл жалпылық және жекелік қасиеттері олардың ең басты қасиеттері болып табылады




  1. Бала бақшадағы тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру.

  2. Музыка сабағындағы пәнаралық байланыс.

Жалпы музыка сабағының жан-жақты жүйелі түрде өтуі үшін музыканың басқа пәндермен тығыз байланысын жымдастыра сапалы етіп өткізу-әрбір музыка пәні мұғалімінің басты міндетінің бірі. Қазіргі кездегі оқытудың жаңа кезеңінде, жалпы білім берудің түбегейлі өзгеріп, өз ұлттық өнеріміздің өткені мен бүгінгі дамуын жас ұрпаққа толық беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отырған жағдайда музыкалық білім беруді тиімді ұйымдастыру арқылы саналы да, өнерлі, жан-жақты білімді, өз халқының мол мұрасын қастерлеп, жалғастыратын, отанын сүйетін азамат тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижеге жетуге болатыны сөзсіз. Жоғарыда айтылып кеткендей, ол үшін мұғалімнің өзі жан-жақты білімді, ғылымның әр саласынан-психология, педагогика, тіл мен әдебиет, тарих, философия, әлеуметтану, медицина, көркем өнер мен бейнелеу, т.б. хабардар болуы керек. Сонымен қатар мұғалімнің ой-өрісі, түсінігі кең болуының арқасында осы аты аталған пәндердің сабақ тақыраптарына байланысты, музыкалық шығармаларды тыңдату, әндерді үйрету барысындағы байланысын тиімді қолдана біліп, оқушыларға жеткізе білу әдістерін жүзеге асыру керек. Музыкалық шығармаларға байланысты кіріспе әңгімелер немесе талдау кезіндегі қойылатын сұрақтарды нақты түсінікті етіп оқушыларға баяндай білу үшін мұғалімнің тіл байлығы, сөйлем құра білуі тіл пәнімен тікелей байланыста екендігін көреміз. Қойылған сұрақтарға оқушылардың толық жауап бере білуін талап ету арқылы, олардың тілдерін, сөйлеу мәдениетін дамытамыз. Үйретілетін әндердің сөздерін оқыту, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды ережеге сай меңгертуге үйретуде, (дикция мен жұмыста) орфографиялық ережелермен тығыз байланысын көрсетеді. Қатаң дыбыстардың қатар келуіндегі үндестік заңдылықтарды ескеру, мысалы, түнгі аспан (түнгаспан), қайда қалып (қайдағалып), т.б. осындай көптеген тіл пәнімен байланыстың болатындығын байқауға болады. Ал үйретілетін әннің сөзінің мазмұнын түсіндіре отырып, мәтінің ұйқасын, құрылысын меңгертуде, оның музыкамен қандай байланысы бар екендігін сезіндіру кезінде әдебиет пәнімен тығыз байланыстырамыз.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Пән бірлестік комиссиясының төрағасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КМҚК «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»

Жеке пәндер әдістемесі бойынша мемлекеттік емтихан

Билет №18

  1. Тіл дамыту сабақтарында сөздік, көрнекілік әдістерін қолдану жолдары.

  2. Балаларды элементар математикалық білімдерге оқытудағы жалпы дидактикалық принциптер.

  3. Бейнелеу өнері сабағында дәстүрден тыс сурет салу әдістері.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Пән бірлестік комиссиясының төрағасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КМҚК «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»

Жеке пәндер әдістемесі бойынша мемлекеттік емтихан

Билет №19

  1. Қарым – қатынас процесі кезіндегі тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту жолдары.

  2. Табиғатты бақылау және оны ұйымдастыру.

  3. Күн тәртібінде шынықтыру, сауықтыру шараларының элементтерін қолдану.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Пән бірлестік комиссиясының төрағасы

_____________________________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КМҚК «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»

Жеке пәндер әдістемесі бойынша мемлекеттік емтихан





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
бағалауға арналған
Әдістемелік кешені
Сабақ жоспары
тоқсанға арналған
туралы хабарландыру
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстан тарихы
біліктілік талаптары
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
мерзімді жоспар
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
Қазақ әдебиеті
мемлекеттік әкімшілік
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
оқыту әдістемесі
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік кешені
болып табылады
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан

Loading...