Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Министрество образования и науки Республики Казахстан



бет7/9
Дата20.11.2021
өлшемі53.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2.3 Қосымшаларды оқыту


“Білімнің негізі- бастауышта”,- деп тегін айтылмаған. Бастауышта сынып оқушыларының зейін тұрақтылығы әр түрлі. Олардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыруды, ой-өрісін жетілдіруде, ойлау мен сөйлеу тілін дамытуды ойын элементтерінің орны ерекше. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері дамитын атақты педагог Макаренко атап көрсеткен, бауырмалдық, жанашырлық, үлкенді сыйлау, кішіні қамқорлыққа тәрбиелеу, қуыршақпен ойнату арқылы іске асырылады. Әрбір сабақтың тақырыбына сай көрнекті құралдарды қолдана отырып, ойын түрінде жүргізілген сабақтан түсінгендерін оқушылар естерінде ұзақ сақтай алады, ойынға дұрыс қатысқан болса, бала дұрыс сөйлеуге, өз ойын жүйелі баяндай білуге дағдыланады, дүниетанымы кеңейді. Көрнекті ғалым А.Байтұрсынұлы айтқандай, бала тілін дамытуда сөз үйретіп, сөзік қорын молайтуда өте тиімді әдістердің бірі-ойын, атап айтқанда, ол баланы ойната отырып, ойланатын әдістер қолданса деген. Екіншіден, сөздердің құрылымдық жақтарын баланың ұғымына түсінікті ойын тәсілімен жеткізуді талап еткен. Осындай ойындардың шарты:



  • “Түбірді жалғастыр”. Балаларды екі командаға бөліп, мұғалім бір түбір сөз айтады, бірінші қатар жұрнақ жалғап айтады, екінші қатар жалғау жалғап айтады, ұшінші қатар осы сөздермен сөйлем құрайды. Олардың мағынасын түсіндіреді. Қай команда жылдам және көп сөз жасаса, сол команда жеңеді. Мысалы: гүл, күн, балық, домбыра, қой. Айтып не болмаса суреттерін көрсетіп ойнауға болады. Басталатын сөз болатын сөз карточкасы жасалады. (барлығы 40)

1 ойын. Бас, бастық, басшы, босқа, баспалдақ, басшылық, басқарушы, бассар, бастас, басым, бассыз, бастықшыл, басты, бастама.

Еңбек, еңбекші, еңбекқор, еңбетес, еңбекшіл, еңбектік, еңбекқор.

Бала, балалық, балалы, баласыз, балажан, балапан.

Су, сушы, сулық, сулар, сулы, суат, сусар, сума, суық, сушыл.

2 ойын. Жұмыс, жұмысшы, жұмыскер, жұмыстық, жұмыстас, жұмысшыл.

Оқу, оқ, оқушы, оқулық, оқымысты, оқтау, оқшау, оқытушы, оқырман, оқпан.

Ас, астық, астар, аспан, аспаз, асхана, асыр, асық, асыл, асфальт, Асқар.

Ой, ойшыл, ойын, оймақ, ойлау, ойлан, ойық, ойыс, ойнақ.

Әрбір ойын үшін жасалған сөз карточкалары оқушыларға таратылып беріледі. Қызылмен жасалған 4 сөздің біреуін алған оқушы оны тақтаға іледі. Сөзбен түбірлері бірдей сөз карточкалары бар оқушылар отырған орындарына қарай тақтаға ілетін болады.

Қалған үш сөз тобы да осылайша ойналады. Қазақ тілі пәніне тек сабақ кестесінен ғана жүрмей, кластан тыс уақытта да олардың білімдеріне байқау жүргізуді қолдануға болады. Мұнда “Қызық грамматика” ойындары қолданылады.




  • “Сөзтізбек ойыны” Бір жұмбақпен айтқызып, мысалы: “Үй үстінде алты тас, алайын десе табылмас”. Жұмбақтың шешуіне сәйкес сөзтізбегін құрату, тізбектегі ойластырған сөздердің мағынасына назар аудару.

Жұлдыз

О

Рахмет



А

Р

А



Қағаз

А

М



А

Нан


ұ

ребус т.с.



  • “Не қажет” Бұл ойын “Сөз және оның құрамы” “Түбір мен қосымша”, сөздердің байланысы сөйлемдегі тақырыптарын өткенде жүргізіледі. Қатысушыларға карточкалар үлестіреді. Үлгісі: балалар серуен шық

Олар орман іші кел

Биік өскен ағаш көрін деген бірнеше карточкалар таратылады.

Әрбір оқушы өз карточкасындағы сөйлем сөздерінің қойған қосымшаларын тауып, дәптеріне тез жазуға тиіс. Дұрыс әрі тз орындаған оқушы жеңген болады.


  • “Ұқсас қайда?” ойыны үшін бір түбірден құралған, бірақ әрқайсысы жеке мағына беретін бірнеше сөз карточкалары жасалады. Ойынға 4 түбір сөз алынады. Олар қызыл сиямен боялады. Сонан соң осы түбірден сөз құрамы тақырыбынан алынаған білім деңгейі қай дәрежеде екенін, оны жетіп меңгере алғандығын көрсету өтілетін жұмыс.

  • “Грамматикалық домино” ойыны, ойынға екі не үш және 5 оқушы қатсу керек. Бір карточка ерекше қызыл сиямен боялады. Ойынды қызыл карточкасы бар бала бастайды. Кім бұрын қолындағы доминоны тауысса, сол жеңеді. Бұл ойынды қазақ тілі сабағында қолдандым. Қатты картоннан 8х4 см. Көлемінде 28 домино дайындау. Ойынға 7 сөз алынады (туынды сөздері). Ойынға 4 оқушы қатысады, әр доминоға екі сөз жазылады.

  • Сол сөздердің құрамына талдау жасау.

  • Сөйлем құрау (балықшы, орындық, әнші, көзілдірік, байлық, ойыншық). “Сөз құрамы” тақырыбына арналып құрастырылған кроссвордтар мен анограммалар:

1.

  • Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі. (жеміс)

  • Көлдің беті көк әйнек. (мұз)

  • Балық аулайтын зат. (қармақ)

  • Үлкен алып табақтан әлемге нұр таратқан. (күн)

  • Суда өседі, сыртқа шықса өледі. (балық)

  • Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде. (қалам)

Егер дұрыс шешсең, белгіленген торкөзден сөздің бір бөлігі шығады. Оған анықтама бер, мысал келтір.

2.


  • Сөздің мағыеалы бөлешгі. (түбір)

  • Қосымша арқылы туған сөз. (туынды)

  • Балық аулайтын кісі. (балықшы)

  • Түбір сөзге қосылатын бөлшек. (қосымша)

3.

  • Кешкі мерзім. (түн)

  • Орманда отыр, күндіз көрмес соқыр. (үкі)

  • Араның еңбегімен келетін дәм. (бал)

  • Суырдың үйі. (ін)

  • Алғыс айту. (рахмет)

Дұрыс тапсаң, басқы әріптерінен сөздің мағыналы бөлшегі шығады. Қандай бөлшек, анықтама бер.

Қорыта айтқанда, осындай жұмыс түрлері сабақ соңында немесе қайталауда пайдаланса, ол оқушыларды сергітумен қатар, олардың алған білімдерін қорытындылауға көп көмегін тигізеді.

Сөз құрамын оқыту бойынша жаттығу жұмыстары.

Сөз құрамын дамыта оқытуда оқушылар орындайтын сөйлеу жаттығулары өте мол. Солардың кейбір түрлеріне тоқталып өтпекпіз.

1-жаттығу. Кім шапшаң? Берілген дыбыстар әрбір мақалдың бас әріпі. Ойланып көр де, орнына қой.

1. Ө ... ө ... ж ...

2. К ... ж ... о ...

3. К ... а ... е ... ш ...

4. Ы ... а ... – ы ...

5. Ө ... б ... с ...

6. Е ... і ... – а ... б ...

2-жаттығу. Берілген сөздерге мағынасы жуық сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріндер. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Перзент, әзетті, ірі, таяу.

3-жаттығу. Төмендегі сөздерге мағынасы қарам-қарсы сөздерді тауып жаз.

Шалғай, қатыгез, таяз, қою, үлкен, кең.

4-жаттығу. Сыныптағы ең тіртіпті және ең тәртіпсіз оқушыға мінездеме бер.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаттығулар туралы профессор С.Рахметова былай деді: «Балалардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс». «Басатуыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы» деген кітапта: «Түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде оқушылардың қазақ тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің машықтары қалыптасады», деп көрсетілді.

Н.Ж.Құлданова жаттығулар туралы былай деді: «Жаттығулар оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау керек».

Тақырып түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары орындалады. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Біріншіден: оқушының білімін нақтылайды, әрі нығайтады; екіншіден: өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін рттырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде