Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Министрество образования и науки Республики Казахстан



бет4/9
Дата20.11.2021
өлшемі53.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.2 Сөз құрамы туралы зерттеулер
Сөз құрамын зерттеу 1913 жылы шыққан А.Байтұрсынұлының «Тіл құралдарында» орыс тілі грамматикаларына еліктеп, сөздерді тұлғасына қарай беске бөлгенін көреміз: «Түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосымша сөз, қсымшалар». А.Байтұрсынұлы үшеуіне ғана дұрыс аударма берген. Соңғы екеуіне дұрыс термин таба алмаған.

1930 жылдардан бастап сөздің құрамы жеке ғылыми мақалалар түбірінде әр жақты зерттелген, атақты ғалым Құдайберген Жұбанов морфологияға мынадай анықтама берген: «Морфология-сөздің қалай құралатынын зерттейтін ғылым». Сөз тұлғасы жайында Қ.Жұбанов, А.Ысжқақов және Ә.Қайдаровтың еңбектерінде кездестіреміз. Қазақтың көрнекті тілші-педагог ғалымы Қ.Басымов өзінің «Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары» атты мақаласында жұрнақтарды сөз аяғына қосылып, өзге сөз тудырып, түбірден сөз жасап отыратын буындарды жұрнақтар деп атайды. Ал жалғаулар жайында алғашқы ғылыми анықтаманы профессор Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі граматикасы» еңбегінен көреміз. Онда: «Бір сөзді басқа бір сөзбен қиындастыру үшін жалғанатын қосымшаны жалғау», -дейді. Бұл ванықтама кейінне жарық көрген түрлі грамматикалық ғылыми зерттеулерге, жеке мақалаларға негізгі өзек болғаны мәлім.

Бірақ Жұбановта да термин жүйесінен жұрнақты үстеу деп атау дағдысы кездеседі. Бершін келе жұрнақ-жалғаулар жалпылама сөз болудан гөрі жеке-жеке алып талдану объектісіне айналып, арнайы зерттеулер жүргізілген ғылыми мақала жазу дәстүрі туған. Осы кезде Қазақстанда біраз журналдар мен жеке жинақтарда С.Аманжоловтың, М.Балақаевтың, Ш.Сарыбаевтың жалғаулардың қызметі мен мағыналары, жасалу жолдары туралы және топтастыру пинциптері жайында біраз мақалалары шыққан. Ал 1950 жылдан бастап жалғау –жұрнақтар диссертациялық тақырыптарға айналып, олардың тарихы мен жасалу жолдары және сөз тудыру қызметтері кеңінен зерттеліне бастайды. Жұрнақ арқылы сөз тудырылуына арналған зерттеулер қазақ тілі білімінде Қалыбаев, Телеуов, Құлманбетова, Қаямова еңбектерінде бар.

Тағы да Қ.Жұбановтың пікірлеріне, еңбек, зерттеулеріне тоқталсақ: қосымшаларды «тілге туа біткен нәрсе емес, түбір сөздердің біразы басқа түбірлерімен қосақталып жүре-жүре азып-барып, қосымша болып кеткен» делінеді. Мысалы: оқушы –мын, оқушы – сың, осында –мын қосымшасы мен жіктеу есімдігінен, -сыз қосымшасы сіз жіктеу есімдігінен өзгеріп барып жасалған. Олар қосымша болғаннан кейін түрі бұдан да гөрі өзгеріп, танымастай болып кете берген. Мысалы: ата-м, ана-м дегендегі –м қосымшасы да мен деген түбірден жасалған. Кітаб-ы, бала-сы дегендегі ы, сы қосымшалары ол, сол сілтеу есімдіктерінен пайда болған. Сөз тұлғаларының ең бір күрделі және қиын да қызықты түрі-күрделі сөздер мәселесі, күрделі сөздердің жеке тараулары қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер.

Бұл мәселеге Қ.Жұбановта көңіл аударған: сөздің сыртқы көрінісін сөздің тұлғасы дейміз, -деген анықтама бергенде. Оларды алты топқа бөлген:

1.Түбір сөз

2.Қосымшалы сөз

3.Кіріккен сөз

4.Қиюлы сөз

5.Қосарлы сөз

6.Қосалқы сөз

Бұл терминдердің біразы қазір басқаша да айтылады: қосымшалы-туынды сөз, кіріккен-біріккен сөз, қосарлы қос сөз, қосалқы – оңаша жұмсала алмайтын үстеулі сөз. Қосалқы сөздерге шейін, сайын, менен, да, қой, ақ, тым, әрең, өте, ең сөздері жатады. Ғалым Қ.Жұбановтың қос сөздер туралы пікірі: Қос сөздің ертеден белгілі екі түрі бар. Үстеме буынды, күшейтпе буынды; бір сыңары ықшамдалып қайталанған қос сөздер қатарына жатады да, үстеме буындары сын есім сөздердің әуелі толық түрін қысқартып, соңынан п дыбысы арқылы бұның бітеу буынға айналудан пайда болған. Мысалы: қара қап- қара , таза тап-таза, қызыл қып- қызыл. Басқа тілдер сияқты қазақ тілінің де қалыптасуы, дамуы, жетілуі, оның грамматикалық құрылысы мен сөздің құрамындағы дыбыстың өзгерістерге түсіп, жаңа сөз жасайтын не сөзді түрлендіретін, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалардың әр алуан тұлғалық құбылыстарға ұшырауына, сөз мағыналарының әр түрлі реттерден көркемдегіштік қасиеттеріне ие болуына байланысты. Қорыта айтқанда , бұндай өзгерістердің сипатын үнемі тіліміздің даму, баю, жаңа стильдік мүмкіндіктерге ие болу бағытында болған. Бұл мәселе кейінгі кезде жаңарып, толықтырылып, нәтижесінде жаңа объектіге айналып, «сөз жасам» деп аталып жүр. Сөз жасам объектісінің негізгі зерттеу объетісі, міндеті- сөздің жасалу процесін емес, сол процестің нәтижесін, яғни туынды сөздің құрылымын, жасалу жолын зерттеу.


Сөз құрамына байланысты жаттығулар

1-жаттығу: Сөз жұптарын салыстырып оқы, олардың әрқайсысына сұрақ қой. Олардың бір-бірінен өзгешелігі неде?

Домбыра – домбырашы, балық-балықшы, сурет-суретші, құрылыс-құрылысшы, қобыз-қобызшы, теңіз-теңізші.

2-жаттығу: 1-жаттығуда берілген сөздердің мағыналарына тағы бір назар аударып, олардың ішінде өзара ортақ белгілері бар сөздер бар не жоқ екенін анықтағдар. Соларды топ-топқа бөліп дәптерге жазыңдар.

Домбыра, домбырашы, балық, балықшы, сурет, суретші, құрылыс, құрылысшы, қобыз, қобызшы, теңіз, теңізші.

3-жаттығу: Төменде берілген түбір сөздерді қосымшалы сөзге айналдыр.

4-жаттығу: Түбірге жалғанған қосымшаларды тауып, жұрнақ пен жалғауды ажырат.

Батырлық, батырға, зейнеткер, ойыншық, ауылға, балалықпен, өнерпаздар.

5-жаттығу: Берілген сызбаға сай сөзді тап.

6-жаттығу: Сөзге қосымшаның қай түрі бірінші жалғанатыны айтып, сөздерді көшіріп жаз.

Аулдастар, көлшікке, бүркітшілер, оқушылар, аңдар.

7-жаттығу: Берілген сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, түбірлес сөз жаса.

Оқу, бас, біл, су, іс.

8-жаттығу: Көп нүктенің орнына берілген сөзден ортақ жұрнақты жаз.

Грамматикалық-тілдік жаттығуларды орындау барысында оқушылар мынадай ізденімдік-зерттеу міндеттерін шешеді:

сөз құрамына байланысты өзгерістерді бақылайды;

түбір сөз бен қосымшалы сөз мағынасының табиғаттын тану мақсатында лексикалық талдау жасайды; сөз құрамына талдау жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде