8.18 Объектілердің қасиеттерінің диспетчері
Object Property Manager объектілер қасиеттерінің диспетчері суреттегі бүкіл объектілерді толығымен басқаратын құрал. Оның ішінде 40-қа жуық диалогтық терезе мен команда шоғырланған. Object Property Manager (90 сурет) диалог терезесінде суреттің бүкіл қасиеттерін қарап шығуға және өзгертуге болады. Бұл терезе Modify (Редакт) Properties (Свойства) құлайтын менюінен немесе стандартты құралдар панелінде Properties (Свойства) пиктограммасын мышпен шерту арқылы іске қосылады.
Object Property Manager таңдап алынған объектілердің типтеріне байланысты топтастырып әрқайсысының қасиеттерін редакциялауға мүмкіндік туғызады.
Ағымдағы объектілер жиінтығы жасалмаған жағдайда мұнда суреттің басылуға жіберу стилі, USC, гиперсілтемелер және көріністік экрандар туралы мәліметтер сияқты сурет қасиеттерінің ағымдағы қалпы көрсетіледі. Object Property Manager диалогтық терезесінің беттерінде объектінің қасиеттері категорияларға бөлініп (геометрия, жалпы қасиеттері және т.б.) немесе алфавит тәртібімен орналастырылған мәліметтер көрсетіледі. Объектілердің қасиеттерін редакциялау кезінде экранда олардың өзгертілуі динамикалық түрінде атқарылады.
Әдебиеттер тізімі
1. Романычева Э.Т., Соколова Т.Ю., Шандурина Г.Ф. Инженерная и компьютерная графика. – М.: ДМК Пресс, 2001. – 592 с.
2. Соколова Т.Ю. AutoCAD 2004. Англоязычная и русская версия. - М.: ДМК Пресс, 2004. – 600 с.
3. Инженерная и компьютерная графика. Введение в компьютерную графическую систему AutoCAD: Учебное пособие /А.Д.Динасылов/ - Алматы: АИЭС, 2003. – 104 с.
4. Инженерлік және компьютерлік графика. Жазық бөлшектің сызбасын AutoCAD жүйесінде орындау: Зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар /Құраст. А.Д.Дінасылов, С.А.Дүйсенов. - Алматы: АЭжБИ, 2003. – 30 б.
5. Инженерлік және компьютерлік графика. Типтік бөлшектің сызбасын AutoCAD жүйесінде орындау: Зертханалық жұмысқа орындауға әдістемелік нұсқаулар және семестрлік тапсырмалар /Құраст. А.Д.Дінасылов, С.А.Дүйсенов. - Алматы: АЭжБИ, 2003. – 34 б.
6. Инженерная и машинная графика. Выполнение принципиальных схем технических устройств в системе AutoCAD: Методические указания к лабораторной работе /Сост. А.Д.Динасылов. - Алматы: АИЭС, 2001. – 33 с.
7. Инженерлік және компьютерлік графика. AutoCAD жүйесінде үшөлшемді модельдеу: Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстақа орындауға әдістемелік нұсқаулар /Құраст. А.Д.Дінасылов, Ғ.Қ.Балбаев. - Алматы: АЭжБИ, 2005. – 33 б.
Достарыңызбен бөлісу: |