5.2.3 Полилиния
П олилиния – бұл бір-бірімен жалғасқан түзу сызықты және доғалық сегменттер тізбегі. Жеке сегменттердің енін немесе жарты енін беруге болады, полилинияны сүйірлендіруге немесе оны түйіндестіруге болады. Доғалық сегменттерді тұрғызғанда бірінші нүкте болып, алдыңғы сегменттің соңғы нүктесі алынады. Полилиния жүйеде графикалық қарапайым ретінде өңделеді. Команданың сұраныстары циклды түрде ұйымдастырылған. Цикл Enter клавишасын басқаннан кейін аяқталады. Полилиния PLINE (ПЛИНИЯ) командасымен сызылады.
Команданың кілттері:
а) Arc (Дуга) – доға режиміне көшу;
б) Close (Замкни) - доғамен тұйықтау;
в) Halfwidth (Полуширина) – енді сегменттің остік сызығынан шетіне дейінгі қашықтықтың жартылай енін енгізуге мүмкіндік береді;
г) Length (Длина) – алдыңғы сегменттің жалғасы ретінде, сол бағытта салынатын сегменттің ұзындығы;
д) Undo (Отмени) – соңғы жасалған сегментті жоюүшін қолданылады;
е) Width (Ширина) – келесі сегменттің енін қабылдауға мүмкіндік береді. AutoCAD бастапқы және соңғы енін сұрайды. Енгізілген бастапқы енінің мәні үнсіздік бойынша автоматты түрде соңғы енінің мәні ретінде ұсынылады. Енді сызықтық сегменттердің бастапқы және соңғы нүктелері полилинияның осінде жатады. Әдетте полилинияның жалғас енді сегменттерінің бұрыштарының қиылысқан жерлері қиылады. Егер сызықтық сегменттер бірге орындалған доғалық сегменттерге жанама болмаса және ол өте сүйір бұрыштармен түйіндессе немесе үзілменүктелі сызықтарды пайдаланғанда ол орындалмайды.
Доғалар режиміндегі кілттер:
а) Angle (Угол) - центрлік бұрыш. Үнсіздік бойынша доға сағат тіліне қарсы сызылады. Егер доғаны сағат тілімен сызу қажет болса, онда бұрыштың теріс мәнін беру қажет;
б) Center (Центр) – доғаның центрі;
в) Close (Замкни) - доғамен тұйықтау;
г) Direction (Направление) - бағыт (ARC іспетті);
д) Halfwidth (Полуширина) - полилинияның жарты енін анықтау;
е) Line (Отрезок) – кесінді режиміне көшу;
ж) Radius (Радиус) - доғаның радиусын енгізу;
з) Second pt (Вторая) - үш нүктемен доғаның екінші нүктесі. Егер доға полилинияның бірінші сегменті болмаса, онда алдыңғы сегменттің соңғы нүктесінен басталады және үнсіздік бойынша оған жанамалай жүргізіледі;
и) Undo(Отмени) – соңғы нүктені жою;
к) Width (Ширина) – полилинияның енін анықтау.
Полилинияның доғалық сегменттерін ARC (ДУГА) командасына арналған тәсілдердің кез-келгенімен беруге болатынын айта кету керек.
3-мысал. 25 суретте кескінделген полилинияны тұрғызыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |