1.2 Пайдаланушы интерфейсі
AutoCAD жүйесінің Жұмыс столы төмендегілерден тұрады (4 сурет):
а) төмен түсетін менюлер – экранның ең жоғарғы жолы;
б) міндетті емес құралдар тақталары:
1) стандарт құралдар тақтасы – екінші жол;
2) объектілер қасиеттері тақтасы – үшінші жол;
3) әртүрлі құралдар тақталары (4 суретте үш тақта көрсетілген);
4) қалып жолы –төменгі жол;
5) командалар жолының терезесі – қалып жолының алдында;
6) міндетті емес экрандық меню – суретте көрсетілмеген ;
7) жұмыс столының барлық қалған бөлігін қамтитын сызба өрісі.
Бірінші рет іске қосылғанда AutoCAD-тың Жұмыс столы үнсіздік бойынша нақышталған.
1.2.1 Төмен түсетін менюлер
Төмен түсетін менюлер жолы үнсіздік бойынша төмендегідей пункттерден тұрады:
а) File (Файл) – файлдармен жұмыс істеу менюі: ашу, сақтау, басу, файлдарды басқа форматтарға экспорттау және т.с.с.;
б) Edit (Правка) – Windowsтың Жұмыс столы сызба өрісінің бөліктерін редакциялау менюі;
в) View (Вид) – экранды басқару, панорамалау, қарау нүктесін орнату, көрінбейтін сызықтарды өшіру, бояу, дисплейдің параметрлерін басқару командалары; қажетті құралдар тақтасын орнатуға мүмкіндік береді;
г) Insert (Вставка) – блоктарды, сыртқы объектлерді, басқа қосымшалардың объектілерін енгізу қызметін атқарады;
д) Format (Формат) – қабаттармен, сызықтардың түрлерімен, түстерімен жұмыстарды қамтамасыз етеді; тексттің, өлшемдердің стилін, нүкте маркерінің түрін, мультисызықтардың стилдерін басқару;
е) Tools (Сервис) – жүйені, тұтынушының экранын басқару құралдарын қосады; диалогтық терезелердің көмегімен сызу және байланыстыру параметрлерін тағайындайды; пайдаланушы координаталар жүйесімен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді;
ж) Draw (Рисование) – сызу командаларын қосады;
з) Dimension (Размеры) - өлшемдерді түсіру және өлшемдердің параметрлерін қадағалау командаларын қосады;
и) Modify (Редакт) – сызба элементтерін редакциялау (өзгерту) командаларын қосады;
к) Window (Окно) – сызбалармен көп терезелер режимінде жұмыс жасауды қамтамасыз етеді;
л) Help (Справка) – көлемді гипертексттік түсініктемелер жүйесінен тұрады.
Осымен стандартты AutoCAD-тың құрамына кіретін төмен түсетін менюдің пункттері аяқталады. «Инженерлік графика және қолданбалы механика» кафедрасының компьютерлік графика залындағы компьютерлерде орнатылған AutoCAD 14 жүйесінде төмен түсетін меню тағы да 3 пункттен тұрады - Схема, Чертеж және Электроника. Олар ENERGO және ELECTRO деп аталатын программалық қауашақтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
1.2.2 Құралдар тақталары
Құралдар тақталарында AutoCAD командалары пиктограммалар түрінде келтірілген. Курсорды пиктограмманың бойымен жылжыту барысында, курсордың астында кішкентай төртбұрыштың ішінде команданың аты пайда болады.
Е гер пиктограмманың оңжақ төменгі бұрышында кішкентай қара үшбұрыш кескінделсе, онда пиктограммада ұқсас командалар жиынтығынан тұратын қосымша менюі бар. Қосымша менюді шақыру үшін «мыштың» сол жақ кнопкасын басып, курсорды пиктограммада біраз уақыт ұстау қажет.
Құралдар тақталары жылжымалы (float) немесе белгілі бір орынға бекітілген (dock) болуы мүмкін. Бекітілгендермен салыстырғанда, жылжымалы тақталарды сызба өрісінде жылжытуға және өлшемдерін өзгертуге болады (5 сурет). Жылжымалы тақтаны сызба өрісінен тысқары шығару арқылы, бекітілген түрге айналдыруға болады. Бекітілген тақта сызба өрісіне сүйреп әкелінсе, онда ол жылжымалы тақтаға айналады.
AutoCAD-ты бірінші рет қосқанда экранда тек төрт қана құралдар тақтасы болады: Standard Toolbar (Стандартная), Object Properties (Свойства объектов), Draw (Рисование) және Modify (Редактирование). Жұмыс столына қажетті құралдар тақтасын шығару үшін, 6 суретте көрсетілген Toolbars (Панели) диалогтық терезеден қажетті тақтаның атын көрсетсе жеткілікті.
Бұл диалогтық терезе View (Вид) Toolbars... (Панели...) төмен түсетін менюінен немесе экранда «мыштың» оңжақ кнопкасын құралдар тақтасының фондық аймағында басу арқылы шығарылатын контексті менюдің Customize... (Адаптация...) пунктінен шығарылады (7 сурет).
Қажетті құралдар тақтасын 8 суретте көрсетілген тізімнен таңдаған ыңғайлы. Бұл тізімді шығару үшін құралдар тақтасының кез-келген пиктограммасында тұрған «мыштың» оң жақ кнопкасын басса жеткілікті.
Тақтаны алып тастау үшін оны «қалқымалы» ету қажет, егер ол бекітілген болса. Сонан соң тақтаның жоғарғы оңжақ бұрышындағы кнопканы басса жеткілікті.
1.2.3 Стандарт құралдар тақтасы
Достарыңызбен бөлісу: |