Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Алматы энергетика және байланыс институтының»



бет1/94
Дата23.12.2021
өлшемі1.02 Mb.
#147326
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
Дінасылов А.Д. AUTOCAD КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА, 2007


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

«Алматы энергетика және байланыс институтының»



 Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

 



 

 

    



 

 

А.Д.Дінасылов, С.Н.Тойбаев



 

ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА.

AUTOCAD  КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА ЖҮЙЕСІНЕ КІРІСПЕ

Оқу құралы

 

 

 



 

  

 Алматы 2007



ӘОК: 681.3: 744 (075)

ББК 32.965.4.

Д46. Дінасылов А.Д., Тойбаев С.Н. Инженерлік және компьютерлік графика. AutoCAD компьютерлік графика жүйесіне кіріспе: Оқу құралы.

Алматы: АЭжБИ, 2006. – 90 б.

ISBN 9965-708-88-6.

 

 Оқу құралында AutoCAD компьютерлік  графика жүйесінде жұмыс істеу негіздері туралы мағлұматтар келтіріледі. Екіөлшемдік графикада кеңінен қолданылатын командалар қарастырылады: графикалық қарапайымдарды құру, сызбаны безендіру және редакциялау командалары. Командаларды меңгеру мақсатымен жаттығулар және біраз мысалдар беріледі.



 Оқу құралы АЭжБИ-дағы барлық мамандықтар студенттеріне арналған. Ол бұрынырақ жарық көрген зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқауларды қоса «Инженерлік және компьютерлік графика» пәнінің компьютерлік графика бөліміне сай барлық мәселелерді қамтиды.

Без. 90,  әдеб. көрсіткіші. - 8 атау.

 

 

  



 

 

 



Мазмұны

 


1

AutoCAD жөнінде бастапқы мағлұматтар

5

1.1

Жүйені іске қосу

5

1.2

Пайдаланушы интерфейсі

7

1.3

Жұмыс ортасын нақыштау

14

1.4

Суреттерді ашу

15

1.5

Суреттерді жасау 

16

1.6

Суреттерді сақтау  

22

1.7

Суреттің қатты көшірмесін алу

23

1.8

Жүйеден шығу

24

2

Координаттар жүйелері

25

3

Кескінді зумирлеу

27

4

Координаттарды объектілік байланыстыру

28

5

Графикалық қарапайымдарды жасау командалары

32

5.1

Нүкте

33

5.2

Сызықтарды тұрғызу

33

5.3

Эскиз

39

5.4

Қисық сызықты объектілерді тұрғызу

39

5.5

Текст

44

6

Қарапайымдардың қасиеттері

48

6.1

Сызбаны қабаттары бойынша жіктеу

48

6.2

Қабаттың көрінетінін/көрінбейтінін басқару

49

6.3

Қабаттарды қоршау

51

6.4

Қабатқа түс тағайындау

51

6.5

Қабатқа сызық типін тағайындау

52

6.6

Қабатқа сызық салмағын (қалыңдығын) тағайындау

53

6.7

Қабаттарды сүзу

53

7

Сызбаны безендіру командалары

54

7.1

Штрихтау      

54

7.2

Өлшемдерді тұрғызу

57

7.3

Өлшемдік стильдерін басқару

67

8

Сызбаларды редакциялау командалары

69

8.1

Объектілерді таңдау

69

8.2

«Тұтқалар» көмегімен редакциялау

71

8.3

Объектілерді жою және қалпына келтіру

72

8.4

Объектілерді жылжыту

72

8.5

Объектілерді айналдырып бұру

73

8.6

Объектілерді көшіріп санын көбейту

74

8.7

Объектілердің санын массивпен көбейту

74

8.8

Объектілерді айнадағыдай бейнелеу

76

8.9

Ұқсас объектілерді тұрғызу

77

8.10

Объектілерді масштабтау

77

8.11

Объектілерді созу

79

8.12

Объектілерді ұзарту

80

8.13

Объектілерді бөліктерге бөлу

81

8.14

Объектілерді кесу

82

8.15

Объектілерді жіктеу

83

8.16

Фаскаларды  алу

83

8.17

Түйіндестіруді орындау

85

8.18

Объектілердің қасиеттерінің диспетчері

87

 

Әдебиеттер тізімі

88

 

1 AutoCAD жөнінде бастапқы мағлұматтар

1.1 Жүйені іске қосу

АЭжБИ «Инженерлік графика және қолданбалы механика» кафедрасының компьютерлік графика залындағы компьютерлерде AutoCAD 2004 жүйесі Me­chanical Desktop 2004 программалар пакетінің құрамында орнатылған.

AutoCAD жүйесі төмендегідей тәсілдермен іске қосылады:

а) «мыш» манипуляторы көмегімен Start (Пуск)   Programs (Программы)    Autodesk Mechanical Desktop 2004     AutoCAD 2004 жолы арқылы;

            б) Windows жұмыс столында AutoCAD 2004 пиктограммасын «мыштың» көмегімен екі рет басу арқылы (егер ондай пиктограмма болса).

AutoCAD-ты іске қосқанда жаңа аты жоқ сурет жасалады. Пайдаланушыға жаңа тұрғызуларды осы суретте немесе, дискіден бар суреттердің бірін ашып, сонда орындауға болады. AutoCAD-ты іске қосқаннан кейін  Startup (Начало работы) диалогтық терезе шығарылуы мүмкін (1 сурет). Startup (Начало работы) диалогтық терезесінде тұтынушыға төрт кнопканың бірін таңдау ұсынылады:

 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



                                                  

 

        



 

 

 



а) Open a Drawing (Открыть рисунок) бұрын салынған сызбаны ашу үшін. Тізімнен соңғы ашылған төрт суреттің (файлдың) бірін таңдап, оны AutoCAD-қа еңгізуге мүмкіндік береді. Тізімде жоқ файлды ашу үшін Browse… (Обзор...) кнопкасын басу қажет;

б) Start from Scratch (Без шаблона) өлшем бірліктері тек қана Default Settings (Параметры по умолчанию) аумағында қойылатын сызбаларды жасау үшін:

         1) Imperial (feet and inches) (Британские (футы и  дюймы)) - acad.dwt шаблоны бойынша, британдық өлшем бірліктер жүйесін пайдаланатын, жаңа суретті жасау. Бұл жерде сызу аумағы, кейде суреттің лимиттері (шектрі) деп аталатын,  12x9 дюймға тең етіп алынады;

         2) Metric (Метрический) – acadiso.dwt. шаблоны бойынша, метрлік өлшем бірліктер жүйесін пайдаланатын, жаңа суретті жасау. Бұл жерде сызу аумағы 420x297 мм-ге тең етіп алынады;

         в) Use a Template (Использование шаблона) сызбаны жаңа суреттің негізі болып табылатын шаблон суреттің көмегімен тұрғызу. Select a Template: (Выбери шаблон:) аумағынан сызуға қажетті параметрлері бар шаблон қабылданады. Тізімде  Options (Настройка) диалогтық терезеде көрсетілген стандартты жолмен табылған, .dwt кеңейтілуімен, шаблон файлдардың аттары келтіріледі. Шаблондарда суреттердің әртүрлі параметрлері анықталады: арнайы жасалған қабаттардың жиынтықтары, сызықтардың түрлері және кескіндер;

г) Use a Wizard (Вызов мастера) жаңа сызбаның параметрлерін қабылдау үшін. Select a Wizard: (Выберите Мастер:) аумағында AutoCAD-тың жұмыс ортасын автоматты түрде орнату үшін  екі режим ұсынылады - Advanced Setup (Детальная подготовка) және Quick Setup (Быстрая подготовка).

 












 

 

 



Advanced Setup (Детальная подготовка) диалогтық терезесі, 2 суретте келтірілген, AutoCAD жұмыс ортасының параметрлерін толықтай орнатуға мүмкіндік береді: ұзындықтың Units (Единицы) және бұрыштың Angle (Угол) өлшем бірліктерін қабылдау; бұрышты өлшеу басын белгілеу Angle Measure (Нулевой угол) және бұрышты өлшеу бағытын белгілеу Angle Direction (Отсчет углов), сурет аумағының шектерін анықтау Area (Область рисунка).

Quick Setup (Быстрая подготовка) диалогтық терезесі, 3 суретте көрсетілген, AutoCAD жұмыс ортасының параметрлерін тез орнатуға мүмкіндік береді: ұзындықтың өлшем бірліктерін қабылдауға Units (Единицы) және сызу аумағының шекараларын анықтауға Area (Область рисунка).












 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Startup (Начало работы) диалогтық терезесі AutoCAD-ты әрбір іске қосқан кезде тек бір рет шақырылады.  AutoCAD іске қосылып тұрған кезде суреттерді салу үшін Create New Drawing (Создание нового рисунка) диалогтық терезесі шақырылады.

Төмен түсетін Help (Справка)   AutoCAD Help (Справка по AutoCAD) менюінің көмегімен тұтынушы  AutoCAD-та жұмыс жасап отырып, электрондық құжаттарға кіруіне мүмкіндік ала алады. Басқа варианттары: функционалдық клавиатурада F1 клавишасын басу немесе командалық жолда ? символын енгізу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы