Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 28 тармағы рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарына арналған


Рента шарты, өмір бойы асыруда ұстау ұғымдары

Loading...


бет2/5
Дата20.09.2021
өлшемі144.5 Kb.
1   2   3   4   5
1. Рента шарты, өмір бойы асыруда ұстау ұғымдары.

1.1 Рента шартының ұғымы.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 517 бабына сәйкес:      Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға мiндеттенедi. Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзiмсiз (тұрақты рента) немесе өмiр бойы төлеу (ғұмырлық рента) мiндетiн бекiтуге жол берiледi. Ғұмырлық рента азаматты өмiр бойы асырап отыру жағдайларында белгiленуi мүмкiн.

Шарттың ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сәйкес меншік қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар (меншік қатынастары) өз кезегінде материалдық игіліктерді белгілі тұлғалар иеленетінімен немесе материалдық игіліктер (заттар) біреуге жататынмен сипатталады. Ренталық қатынастарға меншіктің екінші ағымды (қозғалыс) күйі де тәнболып келеді және айта кететін болсақ, ренталық қатынастардың осы күйін ескерген кезде ғана оларды анықтау қажеттілігі пайда болады.

Мүліктің қозғалысы (айналымы) қөп қырлы құбылыс, ол мүлік тиесілігін түбірінен өзгерте алады немесе негізгі меншік иесімен қатар өзге тұлғаларға да тиесілігін бекіте алады. Бұл осы жағдайларға байланысты шартты міндеттемелік қатынастар құрылады және топтасады.

Осы қатынастарды реттейтін міндеттелік құқық экономикалық мағынада (мәнде) меншіктің заңи мағынада меншік құқығы және өзге заттық құқықтар өтуін (ауысуын) қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығына субъектілердің тиісті қатары қатысуымен заттық құқықтық қатынастардың пайда болуына және жүзеге асуына ықпал ететін рента шарттары қарастырылған. Аталған шарттардан субъектілердің міндеттемелік құқықтары мен міндеттері де пайда болатыны сөзсіз. Бұл тарауда оларды қарауға артықшылық беріледі.

И.Грешников рентаның тұрақтанған түсінігін берген: Рента сөздің кен мағынасында (экономикалық маңызы бойынша), бұл қолайлы жағдайлар немесе қандай болса да артықшылықтардың күшінен пайда болатын табыс. Мысалы, егін шаруашылығында өнделетін жер учаскелері құнарлы топырағын және орналасқан жерін пайдаланып табыс табады.

Жылжымайтын мүліктің, көсіпорындарының иелері үшін ренталық табысты алудың шарты болып жылжымайтын мүлік объектілердің және кәсіпорындардың қасиеттері келеді.

Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента төлеушіге) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші рента алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттелген.

Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі . Мүлік рента төлеуші меншігіне өтеді және бір уақтылы мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі қаупі оны күтіп ұстау ауртпалығы да оған ауысады (оның мойнында болады). Сөйтіп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатып-алу, сыйға тарту т.б. шарттармен ұқсастықтары бар.

Рента шартының ерекшелігі – мүлік төлемақы төленіп, не болмаса төленбей берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 519-бабы бойынша осыған қарап сатып алу, сату шарты немесе сыйға тарту шарты туралы ережелер қолданылады. Бұл осы шарттың (міндеттеменің) мәнісіне қайшы болмауы керек. Аталған екі шарт нормаларының қолданбауы тікелей рентаға қатысты нормалармен қарастырылуы мүмкін.

Біздің қөзқарасымыз бойынша, рентаның тағы да бір нақты ерекшелігі рента төлеуші рента алушыға (мүліктің алғашқы иесіне) мүліктің жетіспеушілігі, бұзылғандығы туралы сатып алу-сату шарты бойынша сияқты толық көлемде келіспеушілік айтуға құқығы болмайды. Рента қатынастарының мәнісі оларға сатып алу-сату қатынастары үшін белгіленген нормаларды барынша абайлы және жағдайды ескеріп қолдануды талап етеді. Рента нысанасы (зат) оны рента төлеушісіне берген кезде өзге тұлғалардың құқықтарымен ауырланғаны негізінен орын алмауы керек (осыған жол беруге болмайды). Себебі бұл шартына қарағанда рента шарты бойынша рента алушының мүдделіктері өзгеше. Оның мүлікте ауыртпалығы болмауына өз мүдделігі бар болып келеді. Егер ауыртпалықтар сонда да анықталса, осы рента шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Рентада сыйға тарту шартынан да айырмашылығы бар. Бірақ заңнама арқылы айырмашылықтар мәселесі реттелмеген. Сондықтан біз белгілеп (анықтап) отырған сұрақтарға көзқарастар әртүрлі болуы мүмкін. Рента шартты экономикалық ренталық қатынастарды тек жартылай қамтиды. ҚР Азаматтық кодексінің нормалары рантье – меншік иесі туралы үйреншікті болып келетін көзқарасты жоққа шығарады. Рента алушыда тек кейбір жағдайларда ғана мүлікті кейін қайтаруға талап етуге міндеттемелік құқығы бар болады.

Аталған құқық барлық рента шарттарында пайда бола бермейді. Тек ғұмырлық рента төленуі үшін пәтер, тұрғын үй және өзге де мүлік иеліктен тегін шығарылса және рента төлеушісі рента жағдайларын елеулі бұзса бұл міндеттемелік құқық пайда болады. Осыған қатысты экономикалық мағынада бәрібір бұрынғы меншік иесі өз мүмкіншіліктерін сақтай береді деген қарсылықты айтуға болады. Алайда, меншік құқығы заңды түрде өзге субъектіге рәсімделетін болғасын бұл дәлелдеуіміз (есептеуіміз) тұрақсыз болып шығады. Рента төлеушісі өзіне меншіктің ауыртпалықтарын жүктеуге келісуі үшін салмақты себептер қажет. Жаңа меншік иесі рентаны (табысты) алғашқы меншік иесімен бөлісуге мәжбүр болғанына қарамастан, ол ұтыста да болады. Жаңа меншік иесі өз бетімен де рантье болып шығады.

Экономикалық ренталық қатынастар мүлікті жалдау (аренда) шартымен де нәтижелі қамтылуы мүмкін. Мүліктің жоғарылау саналық сипаттамалары немесе өзге ерекшеліктері, мысалы ғимарат орналасқан жер, қосымша шығынданусыз жоғары табыс табуға мүмкіншілік береді (аренда шарттарын жасасу негізінде). Бірақ заңгер рента шартына кәсіпкерлік емес қатынастарды реттейтін ретінде қарайтының ұмытпауымыз керек, рента (рента шарты) осы себептен кәсіпкерлікпен беретін құқықтық нысан болып бағалануы мүмкін.

Аренданың ретті шарттары туралы айтатын болсақ, онда табысты үдайы табу сипаты жоғалып қалады. Бірақ басқа түстен қарасақ, біз жаңа заңнама мүлікті жалдау (аренда) мерзімі бойынша шектеулерді негізінен алып бастағанын байқай аламыз. Сондықтан рента және мүлікті жалдау шарттарының бұл – табысты тұрақты табу немесе таппау бойынша сөзсіз болып келмейді.

Сонда да рента алушының құқықтық жағдайы мүлікті жалға беретін немесе өзге қызметті жүзеге асыратын кәсіпкер субъектінің құқықтық жағдайынан немен ерекшеленетін айтып кетейік.

Біріншіден, рента алушыда кәсіпкерлік тәуекел (қауіп) орыналады. Екіншіден, кәсіпкерді тіркеуге қатысты талаптар болмайды. Б.В. Покровский атап көрсеткендей экономикалық мағынадағы ренталық қатынастар тек ренталық міндеттемелер арқылы емес, өзге де міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіледі. Экономикалық мағынадағы ренталық қатынастар рента алушыларының қәсіпкерлік қызметімен байланысты болады немесе байланыспауы мүмкін. Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінің жобасында тұжырымдалған ренталық міндеттемелер бойынша рента алушысы коммерциялық ұйым бола алмайды.

Сол сияқты қәсіпкер ретінде әрекет ететін азамат та ренталық міндеттеменің тарапы бола алмайды. Бұл айтылған ҚР Азаматтық кодексінің күшінде болып келетін редакциясына да қатысты әділ болып келеді.

Сөйтіп, рента шарты мүлікті пайдаланудың жаңа заңды нысаны болады. Шартты пайдалану тұрақты және қажетті жоғары пайда табу кәсіпкерлік қызметке байланыссыз. Рента шарты бойынша мүлік едәуір көп көлемдерде берілуі мүмкін. Сол сияқты рентаны тек жеке қажеттер үшін қолдану да жоққа шығарылмайды.

Егер мүлікте ерекше қасиеттер болса, онда меншік иесі өзіне еш қиындықсыз оны сата да алады. Сату бағасын да мүлік иесі болашақта алынуы мүмкін ренталық төлемдерді де ескере алады. Сөйтіп меншік иесі табысты бір рет ғана болса да бірақ аса қауіпсіз (тәуекелсіз) таба алады.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының жағдайын ескере отырып, рента қатынастарының және заем қатыныстарының заңды нысандарын айқын ажырату керек. Болмаса тәжірибеде осыған қатысты қателесулер орын алып келеді. Кейде заңгерлер бұны түсіне тұра немесе түсінбей-ақ олардың ажыратылысын ескермейді, бұл жағдайды ескермеу заңды бұрмалауға әкеліп соқтырады, мемлекетіміздің қаржы жүйесіне нұқсан келтіруі мүмкін, жалпылама мүдделерді жария (қоғамдық) бұзады.

Жалпылама рентада оларды бөліп шығару мәжбүрлі қажетті болып келетін дербес, элементтер бар ма деген сұрақты қою орынды болады. Рента шарты институтының жаңалығы осыны талап етеді. Ал бұл мәселеге арналған зерттеулер өте жеткіліксіз. Өз кезегінде рента шарты бұл оларды жасасу, әсіресе орындау кезінде даулы сұрақ (мәселелердің) көбі (көп саны) туындайтын азаматтық құқықтық шарттардың бірі.

Рента шартының ерекше белгілері ретінде А.П. Сергеев оның оған қатысатын тұлғалар араларында басқа шарттық міндеттемелерге тиесілі болып келмейтін айырықша құқықтық қатынастар пайда болуына әкелетінің көрсетеді. Бұл рента шартында туындайтын қатынастар, ұзақ, тұрақты, ал өмір бойы асырау кезінде сенімге негізделген болып келетінінде көрініс табады. Ренталық шарттың тағы да бір ерекшілігі, онда орын алатын тәуекелге негізделу ешқандай өзге шартқа тән болып келмейді. Жоғарыда рента шарты бойынша тәуекел және кәсіпкерлік тәуекел бір-біріне тең болып келмейтін түсініктер екені айтылған еді. Бірақ олар айырмашылығы дәрежесін әлі арнайы талдау (зерттеу) қажет.

Рента шарты бойынша тәуекел А.П. Сергеев әділ көрсеткендей рента төлемдерінің мөлшері рента төлену үшін иеліктен шығарылған мүліктің құнынан көп, немесе керісінше аз болып шығуының қаупінде. Шартты жасасқан кезде тараптар осы тәуекелді сезінеді және онымен келіседі деп болжанады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, тек тәуекелді сезінудің болжамы жеткіліксіз. Тараптар шарт бойынша берілетін мүліктің және төленетін төлемдер (рентаның) бір біріне сәйкестігін сезінетін болжамы да қажет. Осыны жасаған кезде (болжамды қолданғанда) біз басшылыққа сатып алу-сату, айырбас шарттарымен қамтамасыз етілетін тепе-тең айырбасты алмауымыз керек. Аталған болжам көмегімен рента шартының мақсаты жөніндегі көзқарас қалыптасуы мүмкін, себебі мәміленің мақсаты, бұл сана сезімде әрекеттер оларға жету үшін жасалатын нәтижені алдын ала болжау.

Мәмілі екі жақты болып келетін жағдайда оның мақсаты күрделі (екі қырлы) болып келеді. Рента төлеушісі үшін рента шарты бойынша негізгі ренталық табысты келтіру мүмкін мүлікті алу. Осы себептен (табыс келтіру қабілетіне байланысты) ол мүліктің құны едәуір болып келеді.

Сөйте тұра, ол мүліктің бұрынғы иесіне (оның пайдасына) артық (жоғары рентаны бас тартқысы келеді). Осы нәтижені рента төлеушінің теріс нәтижесі қылып белгілеуге (анықтауға) болады. Рента алушы тым аз емес ренталық төлемдерді алғысы келеді.

Рента шарты қазіргі азаматтық құқықта оларға реалдық (шынайылық) мінезі берілген аздаған шарттардың қатарына жатады. Ол бойынша құқықтар мен міндеттер пайда болуы үшін мүлік рента төлеушіге берілуі керек.

Рента шарты бір жақты шарт болып табылады. Мүлік берілгеннен кейін жалпы тәртіп бойынша рента алушыға ешқандай мідеттеме жүқтелмейді. Рента төлеуші рентаны сатып алу құқықтығына ие болады, бірақ бұл құқық негізгілердің қатарына жатпайды. Жоғарыда атап қөрсеткендей рента қатынастарына сатып алу-сату, сыйға тарту шарттарының нормалары қолданылуы мүмкін, бірақ рента шарты төлеушісі үшін жоғары тәуекелді болғасын, оларды қолдану мүмкіншілігі бірталай шектеледі.

Рента шартын және өсиетті қоспағанда ерекше бөлімінің нормалары өзге мәмілелерге оларды нотариатты нысандау жасау бойынша талаптарды қарастырмайды. Егер рента төлеу үшін қозғалмайтын мүлік иеліктен шығарылса, онда куәландырудан басқа рента шартын мемлекеттік тіркеуден өткізуі тиіс. Бұндай талаптар рента шартының жоғарыда қарастырылған ерекшеліктеріне негізделеді. Тараптардың шынайы еркі туралы дау-дамайлар туындауы мүмкін. Мысалға, рента төлеуші мүлік бағасын бөліп бөліп төлеймін деп болжағаны анықталуы мүмкін. Нотариат қызметіне тараптардың нақты мақсатын анықтау жатады. Ол тараптарға ұсынылатын жобаның мағынасын және мәнін түсіндіруге міндетті. Рента шартының заңды құрылымының күрделігін ескертетін болсақ, бұның мәні келісетіндер үшін аз емес екенін танимыз.

Тараптар рента төленуі үшін берілген жылжымайтын мүлікке (жер учаскесіне, ғимаратқа, құрылысқа немесе өзге жылжымайтын мүлікке) рента ауыртпалық тудыратынын жоққа шығара алмайды. Егер рента төлеуші осындай мүлікті иелігінен шығарса, онда рента шарты бойынша оның міндеттемелері мүлікті иемденушіге отеді. Бұл заңнамалық шешім негізде рента төлеушінің де рента алушының да мүдделерін ескереді. Болашақта рента алушы ҚР АК 533-бабы 2-тармағымен қарастырылған мүмкіншіліктерді пайдаланып құны аз емес мүлікті өзіне қайтарып алатынын жоққа шығармау керек.

Ал, егер рента ауыртпалығы туралы 520-бабы нормасының әсерін жылжитын мүлікке де таратса, онда бұнымен рента төлеушінің құқықтары негізсіз кемсітіледі. Рента жер учаскесiне, сондай-ақ оны төлейтiн етiп берiлген кәсiпорынға, үйге, ғимаратқа немесе басқа да қозғалмайтын мүлiкке құқық жүктейдi. Рента төлеушi осындай мүлiктi иелiктен айырған жағдайда оның рента шарты бойынша мiндеттемелерi мүлiктi сатып алушыға ауысады.
Рента жүктелiп берiлген, аталған мүлiктi басқа тұлғаның меншiгiне берген тұлға, егер Азаматтық Кодексте, басқа да заң актiлерiнде немесе шартта осы мiндеттеме бойынша бiрдей жауапкершiлiк көзделмесе, рента алушының рента шартының бұзылуына байланысты туған талаптары бойынша субсидиарлық жауапты болады.

Сондықтан, жылжитын мүлік иеліктен шығарылған кезде тараптардың қатынасы ренталық міндеттеме көлемінде сақтала береді, одан асып шықпайды.

Тағы да мынаны қосып айтуға болады. Рента ауыртпалығының мүлікпен бірге еру (ауысу) сипаты болғаныменен, өмір бойы асырауда ұстау қатынастарын қоспағанда, оның заттық-құқықтық мінезі болмайды.

Қозғалмайтын мүлікті беру рента төлеушіні толық міндеттемеден босатпайды. Егер заңнамамен немесе шартпен олардың ортақ бірлескен жауапкершілігі қарастырылмаса, онда алғашқы рента төлеушісі жаңа рента төлеушімен бірге субсидиарлық (қосымша) жауапкершілікті көтереді.

Рента төленуін қамтамасыз ететін норманың міндеті мәні (әсері) бар. ҚР АК 521-бабының 1-тармағына сәйкес, рента төлеунуі үшін жер бөлшегіне немесе өзге жылжымайтын мүлікке құқық (меншік құқығы) берілетін болса, рентаны алушы рента төлеуші міндетін қамтамасыз ету мақсатында сол мүлікке келіп құқығына иеленеді. Рента төленуін өзге жолмен де қамтамасыз етуге болады, бірақ осы да аса қажеттілік болмауы мүмкін.

Рента төленуі үшін жылжымайтын мүлік берілетін болса, заң міндеттеме орындалуды қамтамасыз ету түрін тікелей анықтамайды. Бірақ, әрине, бұл реттерде ең тиімді болып келетін тәсіл бұл рентаға берілетін немесе өзге мүліктің кепілі. Рента төленуін қамтамасыз ету міндеті баламалы болып келеді. Қамтамасыз ету орнына рента төлеушісі бұл міндеттемелерін орындамаудың немесе тиісті орындалмаудың қаупін (тәуекелін) рента алушының пайдасына сақтандыруға құқылы. Таңдау құқығы рента төлеушісінде болады, бұл баламалы міндеттеме орындалуының жалпы ережесіне сәйкес келеді.

Ренталық міндеттемені орындамаған үшін жауапкершілік қарастырылған. Азаматтық құқыққа жауапкершілікті қарастыратын нормалар әрқашан міндетті болып келеді, жауапкершілікті қолданудан бас тарту, туралы келісімдер жарамсыз болып келеді (ҚР АК 8-бабы 2- тармақ). Нақты рента шартының өзінде оны орындамау немесе тиісті орындамау үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар, ҚР АК 522-бабын қоспағанда, қарастырылмаған. Аталған бап бойынша:    Рента төлеу мерзiмiн кешiктiргенi үшiн рента төлеушi рента алушыға, егер шартта тұрақсыздық айыбының өзгеше мөлшерi белгiленбесе, осы Кодекстiң 353-бабында көзделген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.

Яғни, оған азаматтық құқықтағы жауапкершілік (шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін) туралы жалпы ережелер қолданылады.

Рента төлеу мерзімі өткізіп алған рента төлеуші ҚР АК 522-бабына сәйкес тұрақсыздық төлемді (айыппұлды) төлейді, ол ҚР АК 353-бабына сәйкес өндіріледі. Біздің пікіріміз бойынша 522-баптың мағынасы көрсетілген айыппұлды бір бөлігінде азайтуға немесе одан толығынан бас тартуға болады. Жалпылама бұл норманы қарастыру қажеті жоқ сияқты, себебі тікелей 353-бапты қолданса да болар еді. Аздаған ерекшелік рента, ақшалай төлем емес, заттай асырау болып келетін жағдайларда пайда болады. Бұл орын алса, айыппұл заттай асыраудың ақшалай бағалануына сәйкес өндіріліп алынады.

Барлық тізіліп айтылған жағдайлардан басқа реттерді ренталық қатынастарға азаматтық құқықтағы диспозитивтілік реттеу толығынан тарайды. Шарт мазмұнына қатысты, үшінші тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық мүдделерді және имперсивті нормаларды бұзбайтын барлық ережелер, тараптармен өз қалауымен бекітіледі. Рента ешқашаң нақты уақыт шегімен анықталмайды, бұл шарттың мәнісіне қатысты нәрсе. Сондықтан, тараптар рента төлену мерзімін келісімімен анықтай алмайды. Осыған ұқсас өзге де шектеулер болуы мүмкін.

1.2 Тұрақты рента шарты

Қазақстан Республикасының заңнамасымен рента шартының үш түрі көзделген: 1) тұрақты рента шарты; 2) ғұмырлық рента шарты; 3) өмір бойы асырауда ұстау шарты. Жалпы нормалар шарттың аталған үш түріне де бірдей қатысты болып табылады. Бұлардың әрқайсысының ерекшеліктері бар. Олар төлемдерін (асыраудың) нысанында, оның ең төмен мөлшерінде, мерзімдерінде көрініс табады. Сол сияқты олардың субъективтік қатары, олардағы құқықтық мирасқорлық және рентаны сатып алу құқығы, мүліктің кездейсоқ бүлінуінің немесе жойылуының ренталық қатынастарға әсері және басқасы ерекшеленеді.

Рента шарттарын жіктеудің негіздері осымен шектелмейді. Тұрақты рента және ғұмырлық рента шарттары мүлік рента төлеушіге ақыға немесе тегін берілетініне, мүлік қозғалатын ба әлде қозғалмайтын ба, соған байланысты бөлінуі (жіктелуі) мүмкін.

Өмір бойы асырауда ұстау шарты осы екі шарттан едәуір ерекшеленеді. Онда фидуциарлық (сенімділік) сияқты сипат айқын көрініс табады, осы сипаты азаматтық құқық шеңберінен шығып кетеді деуге болады. Біздің ойымызша, ондағы сенімділік отбасылық құқық ережелеріне де негізделуі мүмкін (бір бөлігінде).

Тұрақты рента тараптары болып рента алушы және рента төлеуші табылады. Тұрақты рента алушылары болып азаматтар және коммерциялық емес ұйымдар келеді. Азаматтар ренталық қатынастарда тұрақты рента алушысы болып үш жағдайда келе алады: а) егер олар мүлік иегері болса және мүлік олармен рентаға берілсе, ә) тұрақты рентаны алушы мұрагерлік салдарынан құқықтық мирасқор болса, б) тұрақты рента азаматтар пайдасына басқа бір тұлғамен шарт арқылы қарастырылса, яғни үшінші тұлға пайдасына жасалған шарт орын алса.

Азаматтарды кәсіпкер ретінде тіркеу олардың тұрақты ренталық төлемдерді алуы үшін кедергі болмайды, себебі бұндай жағдайларда азамат өзіне жататын жалпы құқық қабілеттілікке негізделіп рента қатынастарында да қатыса береді.

Тұрақты рента алушы ретінде егер бұл олардың мақсатына және қызметіне сай келсе коммерциялық емес ұйымдар да әрекет ете алады. Бірақ Қазақстан Республикасында тұрақты рента алушы болып мемле-кеттік мекемелер келмейді, себебі олар мемлекеттік бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылуы мүмкін емес. Барлық жеке меншікке негізделген бола алады. Ренталық төлемдер ретінде ақшаны алу коммерциялық емес ұйымдарға олар құрылған мақсаттардағы қандай да болсын қызметті жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Ренталық төлемдер есебінен қаржыландырылуға тиым тікелей жарғыларда қарастырылуы мүмкін, бірақ та оларды тәжірибелі (нақты) бекіту ақыл ойға сыйыса бермейді.

Коммерциялық емес заңды тұлғаларда олардың пайдасына өзге тұлғалармен орнатылған тұрақты рентаның алушылары бола алады.

Коммерциялық емес ұйымдардың пайдасындағы рентаны алушылардың қатары өзгеріп тұруы мүмкін.

ҚР АК 523-бабының 2-тармағына сәйкес олардың құқықтары заңды тұлғалар қайта құрылуы нәтижесіндегі құқықтық мирасқорлық арқылы өтуі (ауысуы) мүмкін. Яғни, егер екі жеке меншік мекеме біріккен болса және содан соң, онда олардың біреуінің тұрақты рентаны алуға құқығы жаңадан пайда болған коммерциялық емес заңды тұлғаға ауысады. Алайда, қайта құру нәтижесінде коммерциялық заңды тұлға болса, онда рентаны төлеу тоқтатылады. Сол сияқты мұра иесіз қалатын болса, рента бойынша мемлекет пайдасына (тарапына) құқықтық мирасқорлық орын алмайды. Тұрақты рентаны алуға құқық өзге (жеке немесе заңды) тұлғаға ішінара сингулярлық мирасқорлық негізінде талап етуді беру арқылы ауысуы мүмкін. Егерде талап етуді беруге тиым немесе оны төлеушімен келістіру талабы тұрақты рента шартының өзінде ұсталмаса, онда талап етуді беру рента төлеушісі келісімінсіз де жүзеге асырылуы мүмкін.

Тұрақты рентаны төлеушілері болып азаматтар (жеке тұлғалар) және осыған оларға тиым салынбаса (заңнама бойынша немесе құрыл-тайшы құжаттармен) коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар келуі мүмкін.

Тұрақты рента шартының нысанасы бір жағынан рента төленуі үшін иеліктен шығармайтын мүлікті, екінші жағынан ренталық төлемдерді қамтиды. Тұра (формалды) түрде заңнама ренталық шарт нысанасы болып келе алатын мүлік тізімін (түрлерін) шектемейді, бірақ іс жүзінде ренталық шарт жылжымайтын (қозғалмайтын) мүлікке билікті жүзеге асыруға қолайлырақ болып келеді. Рента болса, ол көбінесе (жиірек) ақшалай қанағаттандыру (асырау). Ақша орнына заттай (натуралды) қанағаттандыру (асырау) берілуі мүмкін. Ол кездерде заттар беріледі, жұмыс орындалады немесе қызмет көрсе-тіледі. Қызметтер құқыққа сәйкес болуы керек. Заттай (натуралды) қанағаттандырудың сомасы, тұрақты рента шартында көрсетілген ақшалай сомаға сәйкес (тең) болуы керек. Аралас қанағаттандыру (асырау) мүмкін болады, яғни ол бір бөлігінде заттай, қалған бөлігінде ақшалай берілуі мүмкін.



Баға. Тұрақты рента шартына қатысты рента төлеушінің меншігіне берілетін мүліктің бағасы, ренталық төлемдердің мөлшері және тұрақты рентаны сатып алу бағасы туралы айтуға болады.

Рента шартының тәуекелге негізделгеніне байланысты оның бағасы шартты түрде анықталады, қателесулер (тұрақсыздық) орын алуы мүмкін, себебі есепке мүліктік тек таза құны ғана емес, болашақта алынар деген ренталық төлемдердің көлемі де алынады. Рентаның ең төмен сомасы (мөлшері) тұрақты рента шарты бойынша қарастырылмаған. Рентаны бағаның дәстүрлі түсінігіне келтіру өте қиын. Оны анықтауға қатысты белгілі (тұрақты) көрсеткіштер (өлшемдер) қалыптасып үлгерген жоқ. Ал тауарлар, жұмыстар, қызметтер бағалары жөнінде айтатын болсақ, олар үшін нарық жағдайында баға қалыптастыру тетігі дайын. Осыны ескеріп, біз болашақта рента бағасын анықтауға (ол жөнінде қорытынды жасауға) мүмкіншілік беретін өңдемелер (әдістемелер) пайда болуы керек екенін айтамыз.

Қалай болса да (қиындықтарға қарамастан) бекітілген сан тұрақты рентаның мөлшері тараптар үшін міндетті болып келеді. Мерзімді (ұзаққа созылатын) төлемдер болғасын рента инфляциядан қорғалу шарасы ретінде оны индекстеуді талап етеді. Шартпен өзгешелік қарастырылмаса, төленетін рентаның мөлшері заңнама бекіткен айлық есептеу көрсеткіштің өзгеруіне пропорционалды өзгереді.

Тұрақты рентаның төлеуші сатып алу бағасы дегеніміз бұл, оны төлеген жағдайда, алушы алдындағы міндеттемесінен босатылатын ақшалай сома. Заңды табиғаты бойынша міндеттемені тоқтатудың бір тәсілі, бас тарту төлемі ретінде бағалауға болады (ҚР АК 369-бабы). Сатып алу бағасы шартпен анықталады. Шарттың өзінде сатып алу бағасы туралы жағдайлар қарастырылмаса, сатып алу ренталық төлемдердің бір жылдық сомасына сәйкес келетін баға бойынша жүргізіледі. Рента төлеушіге тегін берілген мүліктің сатып алу бағасы шартпен бекітілмесе, ол мүліктің құнынан және біржылдық ренталық төлемдердің сомасынан құралады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...