«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


тақырып. Мүлікті тегін пайдалану және Өтемелі қызмет көрсету

Loading...


бет6/30
Дата23.06.2017
өлшемі0.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

5 тақырып. Мүлікті тегін пайдалану және Өтемелі қызмет көрсету

Мүлікті тегін пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бір тарап (несие беруші) мүлікті екінші тарапқа (несие алушыға) тегін уакытша пайдалануға береді, ал соңгысы сол мүлікті алған күйінде, қалыпты тозуын ескере отырып, немесе шартта көрсетілген күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 604-бабының 1-тармағы).

Несие шарты, оның реалды немесе консенсуалды болатынына қарамастан, екі жакты шарт болып табылады. Несие шартының бұл белгісі тараптардың құқықтар мен міндеттерді өзара алдын ала келісіп алуынан айқын көрінеді.



Несие шартының нысаны. Заңнама мәміле нысанына катысты арнайы талаптар туралы ескертпейді. Оның реалды сипаты мен мазмұнының ерекшеліктері ешқандай жазбаша шарт жасалмаған кездің өзінде де, даулы жағдайларда несие берушіге мүліктің өзіне заңды түрде тиесілі екендігін мүлікті несие алушыға беру фактісін дәлелдеу жеткілікті және тікелей Азаматтық кодекстегі нормаларды толық көлемде басшылыққа алуға болады.

Несие шартындағы мерзімдер. Мүлікті тегін пайдалану шарты мүлікті уакытша пайдалануға беру мәселесін шешетіндіктен, ол осы шарт бойынша мерзімдер категорияларын пайдалануды талап етеді. Бірақ оларды қолдану мүлікті жалға алу (аренда) шарты бойынша мерзімдерді колданумен салыстырғанда. кейбір ерекшеліктерге ие. Шарттың реалды сипаты мүлікті беру мерзімінің маңызын жояды. Сондай-ақ, жалға алу ақысын тану мерзімдері де болмайды. Несие шарты бойынша. мулікті кайтару мерзіміне бара-бар келетін шарт.

Несие шартының элементтері. Мүлікті тегін пайдалану шартының пәні ретінде жылжитын және жылжымайтын заттар бола алады. Мүлікті жалға алу шартындағыдай несие шартының пәні болып жеке белгілі бір тұтынылмайтын заттар табылады.

Шарттың тараптары - несие беруші мен несие алушы ҚР Азаматтық кодексінің 605-бабы несие беруші түсінігінің кейбір қырларын анықтайды. Несие берушінің берілетін мүліктің меншік иесі болуы маңызды заң шығарушылық талап болып табылады. Бірақ бұл айтылған сөз басқа заттық құқық иелерінін де несие беруші бола алу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Алайда бұл субъектілер бұған заңнамамен немесе меншік иесінің өзімен уәкілетті болуға тиіс.

Несие беруші - азамат шеттетілгенде не несие беруші заңды тұлға болғанда немесе қайта құрылғанда мүлікті тегін пайдалану шарты бойынша несие берушінің құқықтары мен міндеттері мұрагерге (құқық мирасқорына) немесе мүлікке меншік құқығы, не мүлікті тегін пайдалануға беруге негіз болған басқа кұқык, берілген баска тұлғаға өтеді.

Несие алушы жеке тұлғалар қайтыс болғанда құқық мирасқорлығына жол берілмейді (тек жеке өздеріне арналған міндеттемелерге катысты). Сондай-ақ, заңды тұлға жойылған кезде несие алушының құқықтарына қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы мүмкін емес. Егер несие алушы заңды тұлға қайта құрылса, оның құқықтары мен міндеттері, егер шартпен өзгеше көзделмесе, өзінің құқық мирасқорына (заңды тұлғаға) өтеді.



Мүлікті тегін пайдалану шартының мазмұны.

Құжаттар мен керек жарақтарды беру шартпен жоққа шығарылмаған, бірақ олар мүдделері шектелген несие алушыға берілмеген жағдайларда белгілі бір құқықтар беріледі. Егер мүлік құжаттар мен керек-жарақтарсыз мақсатына сай пайдаланыла алмайтын болса не оны пайдалану несие алушы үшін қомақты түрде құндылығын жоятын болса, онда ол өзіне керек жарақтарды және (немесе) құжаттарды беруді не шартты бұзып, өзіне келтірілген нақты шығынды өтеуді талап етуге құқылы. Біз несиеберушінің жауапкершілігі белгіленгенін көріп отырмыз, бірақ ол мүліктің тегін берілетіні ескеріле отырып нақты шығын келтірумен шектелген, бұл өз кезегінде несие шарты мазмұнының жалға алу шарты мазмұнынан бір ерекшелігі болып табылады. Несие беруші сауда алушыны берілетін мүліктің кемшіліктері туралы ескертуге тиіс (ҚР Азаматтық кодексінің 607-бабы, 1-тармағы).

Несие алушыға мүлікті ұстау жөніндегі барлық ауыртпалық жүктеледі. Ол тегін пайдалануға алған мүлікті дұрыс күйінде ұстауға міндетті. Оның міндетіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу кіреді. Сонымен қатар, ол мүлікті ұстау жөніндегі барлык ағымдағы шығындарды көтеруге тиіс (ҚР Азаматтык кодекс, 609-бап). Шартпен несие алушы бұл міндеттен босатылуы да мүмкін.

ҚР Азаматтық кодексінің 610-бабы "Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі" деп аталады. Алайда оның мазмұны атауына толық сәйкес келмейтіндігін атап өту қажет. Оның мазмұнына сәйкес несие алушы тегін пайдалануға алған мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін өз мойнына алады, егер ол тегін пайдалану шартына сәйкес емес немесе мақсатына сай емес пайдаланудың не несие берушінің келісімінің оны үшінші тұлғаға берудің нәтижесінде мүлік жойылса немесе бүлінсе.



Несие шарты бойынша жауапкершілік. Несие алушының жауапкершілігі туралы айтқанда оны міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін көзделген жалпы нормаларға сәйкес анықтауға болады. Сондай-ақ оның құқық бұзушылықтары оларды бағалау, осыдан туындайтын несие алушының міндеттерін жалға алушының жауапкершілігін көздейтін нормаларға сүйене отырып бағалауға болады. Алайда, бұған қатысты тікелей заңнамалық нормалар болмаса да несие алушының жауапкершілігін анықтауда соттың қарап шешуі көзделетін кезде оның жауапкершілігінің мөлшері, егер жауапкершілік туындауының тең жағдайы орын алып отырса, жалға алушы жауапкершілігінің мөлшеріне карағанда біршама артық болуға тиіс.

Мүлікті тегін пайдалануға берген несие беруші мүлікті беру кезінде қасақана немесе абайсызда айтпаған болса осы мүліктің кемшіліктері үшін, егер ол несие алушыға нақты шығын келтірсе, жауап береді.

Несие беруші мүліктің шартын бекіту барысында ескертілмеген немесе несие алушыға алдын ала белгілі болған, не мүлікті қарау барысында немесе шартты бекіту кезінде оның дұрыстығын тексеру барысында немесе затты беру кезінде несие салушы анықтауға тиіс болған кемшіліктері үшін жауап бермейді.

Несие шартының күші. Әрине, несие шарты талаптар үшін міндетті күшке ие. Оның күші мүлікті беруде көзделген мерзімдер мен шарттарға байланысты. Оған шартты тоқтатудың азаматтық заңнамамен көзделген жалпы негіздері таралады. Олар: шартты тараптардың келісімімен және оны бұзу салдарынан бір жақты тәртіпте тоқтату. Несие беруші төмендегі жағдайларда мүлікті тегін пайдалану шартын мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы, егер несие алушы: а) мүлікті шартқа немесе мақсатына сай емес пайдаланса; б) мүлікті сол күйінде ұстап тұру немесе оны ұстау жөніндегі міндеттерін орындамаса; в) мүліктің күйін елеулі түрде нашарлатса; г) несие берушінің келісімінсіз мүлікті үшінші тулғаға берсе.

Несие алшы мүлікті тегңн пайдалану шартын мерзімінен бұрын тоқтатуды мына жағдайларда талап етуге құқылы: а) мүлікті қалыпты пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе ол үшін аса ауыртпалық жүктейтін кемшіліктер анықталса; б) егер мүлік ол жауап бермейтін жағдайлардың әсерінен пайдалануға жарамсыз күйге түссе; в) егер шартты бекіту кезінде несие беруші оны берілетін мүлікке қатысты үшінші тұлғалардың құқықтары туралы ескертпесе; г) несие беруші мулікті немесе оның керек-жарақтары мен қатысты кұжаттарды беру міндетін орындамаса.

Әрбір тарап мерзімі көрсетілмей бекітілген несие шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Тек бұл туралы екінші тарапты егер шартпен баска мерзім көзделмесе, бір ай бұрын хабарландыруғ тиіс. Мерзімі көрсетіле отырып бекітілген шартпен бір жақты түрд еркін бас тарту құқығы тек несие алушыға берілген. Ол да бұл туралы несие берушіні бір ай бұрын хабарландыруға тиіс.

Өтемелі (ақылы) қызмет көрсету. Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір кызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызметті көрсетушіге ақы төлеуге міндеттенеді.

Өтелмелі қызмет көрсету шарты оның субъектілеріне, бағасына қарай жазбаша нысанда бекітілуге тиіс, не ауызша нысанда да бекітілуі мүмкін. Бұл шартты реттейтін нормалардың мағынасынан байқағанымыздай, шарттың мәнді жағдайлары болып оның пәні мен бағасы туралы жағдайлар табылады.

Шарттың тараптары - атқарушы мен тапсырысшы. Мұнда мердігерлік шарттармен белгілі бір аналогия байқалады. Бір тарапқа атқарушы мәртебесін беру оның алдағы әрекетінің шарт аясындағы тапсырысшыдан түсетін тапсырмамен алдын ала келісіліп қоятындығын білдіреді.

Атқарушылар ретінде кез келген жеке немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін. Сонымен бірге біз "арнайы" субъектімен байланысып отырмыз. Егер атқарушы жеткілікті дайындықта болмаса, онда оның шартқа отыруы құқықтық маңызға ие болмайды. Тиісті емес субъектінің қатысуымен жасалған мәміле орын алған нақты жағдайларға карай сол немесе басқа бір негіздер бойынша жарамсыз деп танылуға тиіс. Мысалы, біреу тапсырысты орындау үшін талап етілетін білімдер, дағдылар және т.б. бар екендігі туралы тапсырысшыны қасақана жаңылыстыруы мүмкін, онда мәміле (өтелмелі кызмет көрсету шарты) алдау салдарынан жасалғандықтан жарамсыз деп танылуға тиіс. Жоғарыда айткандай өтелмелі кызмет көрсету шарты жаңа институт болғандықтан оның субъектілік құрамының өзекті мәселелері әлі жан-жақты ұғынылған жоқ. Кейбір жағдайларда қызмет көрсету жөніндегі кызмет кәсіпкерлік қызметтің белгілеріне кіріп кетеді, сол себепті атқарушының қатысуы мүмкін болу үшін шартта, оны бекіту сәтінде, оның кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болуы талап етіледі.

Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні - шарт бойынша атқарушы жүзеге асыратын қандай да бір әрекеттер. Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні болып заттандырылған көрініс табылмайды. Қызмет көрсетудің нәтижесін реттеу құқықтық маңызға ие емес. Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мердігерлік шарттан түбірлі ерекшелігі осында. Соңғысында белгілі бір шамада мердігер қызметінің өзі реттеледі, бірақ негізгі құқықтық маңызға мердігер қызметінің нәтижееі ие болады, ол салынған ғимараттан. Жазылған кітаптан, шаштаразға жүгінгенде сәнді бапталған шаштан және т.с.с. көрінуі мүмкін.

Білім беру қызметін көрсету (басқа да қызмет түрлеріндегідей) шартта қызмет көрсету нәтижесіне кепілдік беру мүмкін емес. Жоғары оқу орны студентті барлық талаптарға сай оқытуы мүмкін, бірақ студенттің өзі тиісті деңгейде білімді менгере алмауы да мүмкін. Соған қарамастан жоғары оқу орны білім беру қызметтерін тиісті түрде көрсетті деп танылады. Яғни, кейбір жағдайларда қызмет көрсету нәтижесі тікелей атқарушы қызмет арқылы бағаланады. Егер ол шартқа, қалыптасқан әдеттегі талаптарга сай болса, және атқарушы тарапынан қателіктер орын алмаса, онда нәтижеге (жалпы түрде) кол жеткізілді деп есептеледі немесе тапсырысшы белгілі бір нәтижеге кол жеткізу немесе жеткізбеу қаупін өз мойнына алады.



Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны. Атқарушы тапсырысшының тапсырмасына яғни шарт жағдайларына сәйкес қызмет көрсетуге міндетті. Сондай-ақ қызмет мазмұны заңнамамен, анықталуы қалыптаскан жағдайдан, іскерлік айналым әдетінен туындауы мүмкін. Әдетте, атқарушы қызметті өзі көрсетуге міндетті. Яғни, мұнда мердігерлік шарты бойынша (қосалқы мердігерлік катынастарға қатысты) сияқты, қызмет көрсетуді басқа тұлғаға қайта тапсыру мүмкіндігі туралы жалпы сипаттағы нормалар жоқ. Бірақ, өтелмелі кызмет көрсету туралы шартта атқарушының қызмет көрсетуді басқа тұлғаға жүктеу туралы құқығы көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайларда субмердігерлік туралы ережелер қолданылуға тиіс.

Өтелмелі қызмет көрсетуді реттеуде атқарушының кызмет көрсетуден бір жақты түрде бас тарту құқығын шектейтін норманың аса зор маңызы бар. Заңнама тараптардың нақты жай-күйін, олардың құқықтық мүдделерін ескереді. Өйткені кызмет көрсету кезінде, бір жағынан, әдетте кәсіпкерлік қызметтің субъектісі немесе кәсіби субъект (біздің ұсынған түсіндірмемізге сәйкес) шығады, ал екінші жағында, тұтынушы тұрады, сондықтан оның құқықтарын қамтамасыз ету кажеттілігі болады. ҚР Азаматтық кодексінің 686-бабының 2-тармағына сәйкес атқарушы, тапсырысшының кінәсінен болған жағдайларды қоспағанда, өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтірілген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы.

Тапсырысшының тапсырмасына сәйкес қызмет көрсету міндетінің болуы, егер шартты бекіту кезінде, ол жалпы түрде берілсе, соңғысына атқарушының тапсырмасын нақтылау міндеті жүктелуі мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тапсырысшының өз міндеттерін орындамауы оның жауапкершілігіне және аткарушымен шартты бұзу мүмкіндігіне алып келуге тиіс.

Өтелмелі қызмет көрсетудің ерекшелігі тапсырысшы тапсырмасының көп жағдайда, мердігерлік шарт бойынша берілетін тапсырысшының тапсырмасына қарағанда, нақтырақ болмауында. Тапсырманы нақтылау дәрежесі атқарушыға өзі жүзеге асыруға тиіс әрекеттерді олардың көлемін бірізділігін және т.с.с. жеке дара анықтауға мүмкіндік беруге тиіс.

Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша, мердігерлік шартында көзделетіндей, атқарушының нәтижені тапсырысшыға тапсыру міндеті және тапсырысшының оны сондай күйде қабылдап алу міндеті белгіленбейді.

Тапсырысшы аткарушының қызметіне, өтелмелі кызмет көрсету шартында көзделген мерзімдер мен тәртіпте, ақы төлеуге міндетті. Ақы төлеу нысанының тәсілі мен тәртібінің жолдары көп болуы мүмкін. Мәселен, қызмет көрсету шарты бойынша алдын ала қаржыландыру аванстық төлемдер және т.б. жүргізу жоққа шығарылмайды.

Жалпы ереже бойынша тапсырысшы көрсетілген (нақты жүзеге асырылған) қызметтерге ақы төлеуге міндетті. Бірқатар жағдайларда өтелмелі қызмет керсету шарттары тұтынушы шарттар қосылу шарттары болып табылады. Солар бойынша көзделетін сыйақының мөлшері атқарушының тарифтері, ставкала-рына сәйкес, ал кей жағдайларда, антимонопольді органмен келісіл-ген тарифтер, ставкалар бойынша анықталады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындармен қызмет көрсетілгенде тарифтердің орталықтандырыла белгіленген ставкаларын қолдану да жоққа шығарылмайды.

Өтелмелі қызмет көрсету шартын тапсырысшының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайларда, егер заң актілерінде немесе шарттың өзінде өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметке акы толық көлемінде төленуге жатады. Орындаудың мүмкін болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы атқарушыға оның іс жүзінде шыққан шығындарын өтейді.



6 тақырып. Тасымалдау. Көлік экспидициясы

Көлік - бұл жоғары дәрежелі техногендікпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызымен сипатталатын салалардың бірі.

Әрекет етуші заңнамамен көлік шарттарының төмендегідей түрлері белгіленген: а) жүкті тасымалдау шарты; б) жолаушыны (және қол жүгін) тасымалдау шарты; в) кеме жалдау (чартер) шарты; г) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар; д) көлік ұйымдары арасындағы шарттар; е)жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шарты; ж) көлік экспедициясы шарты. Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбіреулері тасымалдау қандай көлікпен жүзеге асырылатынына қарай түрленетінін ескерсек, онда көлік шарттарының құрылымы өте үлкен болып көрінеді.

Жүктерді, жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шартының негізінде жүзеге асырылады. Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүкті немесе жолаушыны (теңдеме жүкті) белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетілген көлік қызметі үшін ақы төлеуге міндеттенеді. Тасымалдау шарты аталған міндеттемелердің ішінде аралық болып табылады.



Көлік түрлері. Объективті сипаттағы себептер бойынша бөлінуі қажет болатын, көліктің бірнеше түрі бар, олардың ерекшеліктері мен колданылу аясы пайдалану ерекшеліктеріне себеп болады және олардың қайсыбірімен тасымалдауға бекітілетін шарттардың мазмұнына елеулі түрде ықпал етеді.

Тасымалдау шарты - екі жақты және ақылы шарт, оның бұл сипаттамалары оның элементтерін, соның ішінде ерекше тұрғын жүктерді тасымалдау шартының мазмұнын, одан әрі қарастыру кезінде көрінетін болады. Заңнама (жүктерді) тасымалдау шартына қатаң талаптар қояды. Ол көлік накладнойын, коносаментті, тауарлы-көлік накладнойын немесе көлік туралы заңды актілермен көзделген, жүкке деген баска да құжаттарды толтырумен рәсімделеді. Тауарлы-көлік наклад-нойында (накладной мен коносаментте) шарттың негізгі жағдайлары туралы ақпарат болады. Оның (басқа да тасымалдаудың кұжаттарының) нысаны Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен жасалады. Осылайша тасымалдау шарттары ерекше формулярлы жазбаша нысанда бекітілетіндігі туралы айтуға болады. Тасымалдау шартының ерекшелігі - оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің көпшілігі тікелей нормативтік актілермен реттелгендігінде.

Жалпы алғанда тасымалдау шарты жария сипатқа ие. Қазақстан Республикасының "Көліктуралы" Заңының 11-бабына сәйкес тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлік кодекстері мен жарғыларымен көзделген жағдайлардан басқа жеке және заңды тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес.

Тасымалдау шартының тараптары. Жүктерді тасымалдау шартының бір тарабы болып тасымалдаушы - заңды немесе жеке тұлға болып табылады. Тасымалдаушы -заңды тұлға ретінде негізінен (мамандырылған) көлік кәсіпорны болады, оның орнында басқа да ұйымдар болуы мүмкін. Көлік кәсіпорындары жүктерді жолаушыларды тасымалдау бойынша көлік құралдарын сақтау, оларға техникалық кызмет көрсету мен жөндеу жүргізу бойынша шаруашылық коммерциялық қызметпен айналысады.

Клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы) яғни көлік кызметтерін тұтынушы - бұл жеке немесе заңды тұлға. Мемлекет те клиент болуы мүмкін. Жүк жөнелтуші ретінде жүктін иесі және ол жөнелтілу үшін сеніп тапсырылған тұлға да болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушы бір тұлға болуы мүмкін. Көп жағдайларда жүк алушылар болып жеткізудің азаматтық-құқықтық шарттары бойынша несие берушілер, мүлікті бөлу әкімшілік актісіне сәйкес мүлік алатын субъектілер табылады. Жолаушыларды тасымалдау шарты бойынша клиент ретінде, әр уақытта көліктің кайсыбір түріне билет алған немесе ауызша тасымалдау шартын бекіткен жеке тұлға танылады.



Тасымалдау шартының пәні. Тасымалдау шартының пәні болып тасымалдаушы көрсететін қызмет табылады. Тасымалдау шартының өзі мәнісі жағынан кызмет көрсету шарты болып табылады. Сондықтан оны реттеу кезінде, белгілі бір шамада өтелмелі кызмет көрсету туралы жалпы нормаларды да ескеру қажет. Көлікте керсетілетін қызмет (қызметтер) қандай да бір заттық нысанға ие емес, және оларды тұтыну дер кезінде жүзеге асады. Көлік кызметі - бұл жүктерді (жолаушыларды) кеңістікте тасымалдау болып табылады және осы қасиетіне орай ол тауарлық сипатқа ие жалпы міндеттеменің жеке пәні бар және бұл жағдайда тасымалдау шартының заңдық құрылымының негізі де бар.

Тасымалдау ақысы. Жүктерді жолаушылар мен көтерме жүк тасымалдағаны үшін тараптардың келісімімен белгіленетін тасымалдау ақысы төленеді. Автомобиль, әуе, су көліктерімен тасымалдау кезінде еркін шарттық баға қолданылады. Тасымалдаушылар бұл жағдайда өздерінің бағалары мен тарифтерін басшылыкқа алады. Орталықтандырыла белгіленген тарифтер жүктерді, жолаушылар мен қол жүгін қоғамдық көлікпен тасымалдау кезінде қолданылады. Бұрын орталықтандырыла белгіленген бағалар темір жол тасымалдаулары үшін де көзделген болатын. Тасымалдау процесі барысында козғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс. Клиенттің көлік қызметі нарығында көлік таңдау еркіндігі шектелмеуге тиіс. Тасымалдаушы жөнелтілетін жүктің өз сертификатына сәйкестігін куәландыратын құжаттарды алуға әлеуметтік маңызды және қорғаныс тасымалдарын жүзеге асыруға мемлекеттік және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың талаптарын сақтауға міндетті. Реітелетін тасымалдаулардан басқа, тасымалдаушы баға қалыптастыру ережелеріне сәйкес тасымалдаудың бағаларын еркін белгілеуге құқылы.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Тараптардың құқықтары мен міндеттерін (жүктерді тасымалдау шартын мысалға келтіре отырып) карастырайық. Жүктерді тасымалдау шартын орындау кезінде тасымалдаушы тиісті жүкті тасымалдау үшін жарамды күйдегі көлік құралын беруге міндетті. Яғни, тасымалдаушы қандай да бір жағдайда, қажетті көлік құ-ралының түрін өзі анықтайды. Ол жүк пен кыл-қыбырдың қалдыктарынан таза, реквизиттері алынған күйінде, қажет болған жағдайларда жуылған, дезинфекцияланған күйінде бермейді. Жүк жөнелтуші жүкті жөнелтпеуге (тасымалдауға) бірқатар талаптарды сақтай отырып береді. Олардың бір бөлігі жалпы сипатқа ие және тасымалдаудың барлық жағдайларында қолданылады. Жалпы талаптар жүктің саны мен атауына, оның салмағын, салатын ыдысы мен буып түюін анықтауға таралады. Сондай-ақ олар маркировка не бағалығын хабарлауға қатысты. Арнайы талаптар тасымалдауға қабылданатын жүктің ерекше сипатымен немесе кайсыбір талаптар қойылатын көлік түріне байланысты. Мәселен, жарылған, тез жанатын, радиактивті, улы және басқа да қауіпті жүктерді жөнелтетін және алатын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар және темір жолдар, олардың қауіпсіз тасымалданатына кепіл болуға, бұл жүктерді тасымалдау кезінде авариялык жағдайлар мен олардың салдарын, олар пайда болған жағдайда, жоюға қажет құралдар мен мобильді бөлімшелерді иеленуге міндетті.

Жүктерді вагондар мен автомобильдерге тиеу, сондай-ақ, оларды одан түсіру мыналармен жүзеге асырылады: а) жалпы пайдаланыс орындарында темір жолмен, жүктерді тиегені мен түсіргені үшін темір жол жүк жөнелтушіден, жүк алушыдан еркін тарифтер бойынша алым алады; б) жалпы пайдаланыстағы емес орындарда жүк жөнелтуші мен жүк алушымен сондай-ақ, жалпы пайдаланыстан, орындарда қауіпті және тез бұзылатын заттарды, ішкі жануар өнімдерін, ауыр (бір орында 0.5 тоннадан артық) және габаритті емес жүктерді. Құю үйінді және төгу арқылы мамандандырылған жылжымалы составпен тасымалданатын жүктерді және жүк жөнелтуші мен жүк алушылардың жолсеріктерінен жөнелтілетін жүктерді де. Осылайша, аталған жүк-тердің түрлерін дұрыс тиеумен байланысты тәуекел қауіптері тікелей жөнелтушілер мен жүк алушыларға жүктеледі. Жүктерді тиеу, бекіту мен тасымалдау үшін қажет құрылғылар материалдарды жүк жөнелтуші беруге тиіс. Жекелеген тасымалдау құрылғылар (нан және көкөніс қалкандары) және буып-түю кұрал-дары (тұғырықтар, арқандар, қысқыштар) шарттық жағдайларда, тиісті алымдарды ала отырып, темір жолмен де берілуі мүмкін. Бұл құрылғылар мен материалдарды тиеу кезінде орнату мен түсіру кезінде алу, тиеу мен түсіру кімнің құралдарымен жүзеге асырылатынына қарай, жүк жөнелтушімен, жүк алушымен немесе темір жолмен жүзеге асырылады.

Механизацияланған және механизацияланбаған әдістермен жүзеге асатын тиеу белгіленген мерзімдерде аякталуға тиіс. Бұл мерзімдерден асып кеткен жағдайда тиеу міндеті жүктелген тарап мерзімді өткізіп алғаны үшін жауапты болады.

Жүктерді тасымалдағаны үшін есеп айырысу тәртібі. Шартқа сәйкес жүк жөнелтуші немесе жүк алушы тасымлдаушы қызметіне ақы төлеуге міндетті. Тиісті төлмдерді төлеушілер қолма-қол ақшамен, чектер негізінде қолма-қол ақшасыз есептеу жолымен, төлем тапсырыстары арқылы жүзеге асырады. Белгілі бір жүкжөнелтушілер мен жүк қабылдаушылар үшін есеп айырысудың өзге тәртібі көзделуі мүмкін. Бұл кезде есеп айырысу тәртібін Көлік және коммуникация министрлігі бекітуі мүмкін, ол өз кезегінде несиелік және есеп айырысу қатынастарын реттейтін заңнаманы басшылыққа алады. Әдетте, төлеушілер тасымалдау төлемдерін жүк станциядан жөнелтілгенге дейін енгізеді. Тасымалдаушы пайдасына тасымал төлемінің жеткіліксіз бөлігін төлету жүк баратын жерге жеткеннен кейін жүзеге асырылады. Сондай-ақ, артық төленген сомалар да қайтарылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының "Темір жол көлігі туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес тасымалдаушыға тиесілі төлемдерді төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін бөтеннің ақшаларын заңсыз пайда-ланғаны үшін жауапкершілік мөлшерінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген айыппұл алынады. Тасымалдаушыға төлем жүзеге асырылғанға дейін жүкті жөнелтуді кідірту жолымен шұғыл санкциялар қолдану құқығы беріледі.

Жүкті жөнелткенге дейін есеп айырысу кезінде төлемдерді енгізу мерзімі тасымалдауға қабылдау күнімен анықталады, ал жүк баратын жерге есеп айырысу кезінде, тасымалдау құжатында көрсетілген жүкті жүк қабылдаушыға беру күнімен анықталады. Тасымалдау төлемдерін кем төлеу және артық төлеу бойынша есеп айырысу мерзімдері қайсыбір тарап есепті көрсеткен сәттен бастап анықталады.

Заңнамамен (ҚР АК 699-бап) жүк жөнелтушінің (басқа тұлғаның) жүкке билік ету құқығы көзделген. Жүк жөнелтуші немесе жүкке билік ету құжатының иесі тасымалдаушыға тасымалдауды токтатуды немесе жүкті қайтаруды талап ете алады не басқа да өкім бере алады. Бұл жағдайда тасымалдаушы жасалған тасымалға ақы төлеуді, сондай-ақ жасалған өкімге байланысты келтірген шығындарды өтеуін талап етуге құқылы. Жүк баратын жеріне жеткеннен кейін жүк алушыға жүкті берген кезде жүк жөнелтуші аталған құқықтардан айырылады. Темір жол тасымалдаулары кезінде жүктерді жаңа мекен-жайға жолдау мүмкіндігі көзделеді. Жаңа мекен-жайға жолдау дегеніміз жүк алушыны немесе тасымалдауға қабылданған жүктің баратын станциясын өзгерту. Темір жол жаңа мекен-жайға жолдауды жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының мәлімдемесі бойынша жүзеге асырады, мәлімдемесі бойынша өзгеріс жүзеге асырылған ұйым бастапқы адресат алдында сол өзгерістің салдары үшін жауапты болады және ол жүк жөнелтуші, бастапкы және соңғы жүк алушылар арасында есеп айырысуды реттеуге міндетті.

Теңіз тасымалдау шарты бойынша, егер тиелген жүктің басқа да шығындарын өтемесе, ал жүк жөнелтуші немесе кеме жалдаушы кеме кеткенге дейін тасымал төлемін толық енгізбесе не қосымша қамтамасыз етуді жүзеге асырмаса, тасымалдаушы шарттан бас тарта алады. Бұл жағдайда жүк жөнелтуші тасымалдаушыға толық фрахтының (тасымал төлемінің) екіден бірін ал, бос тұрып қалу орын алған жағдайда бос тұрғаны үшін ақы төлеуге және тасымалдаушының өзге де шығындарын өтеуге тиіс. Тасымалдаушыньщ келісіміндегі - өзіне тапсырылған жүкті белгіленген мерзімде жеткізіп беру.

Жүктерді темір жолмен тасымалдауу шарты бойынша жүкті жеткізіп беру мерзімдегі басқа шарттардағыдай ерікті түрде белгіленбейді, ол орталықтан анықталады, өйткені тасымалдаушының жүкті жеткізіп беру бойынша өз міндетін орындауы тек тараптардың еркіне ғана емес, сонымен қатар тасымалдау жүзеге асырылатын жағдайларға да байланысты (жолдың өткізу қабілеттілігіне, поездар қозғалысының белгіленген жылдамдығына, жолдағы аялдамалардың саны мен уақытына және т.б.). Егер жеткізу мерзімі өткенге дейін жүк темір жолдың құралдарымен баратын станцияда түсіріліп қойса немесе жүк тиелген вагон, контейнер жүк алушының құралдарымен түсірілуге берілсе жүк мерзімінде жеткізілді деп есептеледі. Жүктерді тасымалдаудың басқа түрлері бойынша мерзім заңнамамен белгіленбеуі де мүмкін, мұндай жағдайларда тараптар оны шартта көздеуге құқылы.

Егер вагондарды, контейнерлерді түсіруге беру түсірушілердің бос болмауы салдарынан немесе жүк алушыға немесе оның атынан әрекет етіп жатқан көлік-экспедициялык кәсіпорынға тәуелді басқа да себептер бойынша кідіртіліп жатса және бұған қатысты жалпы нысандағы акт рәсімделіп қойса, жүк мерзімінде жеткізілді деп есептеледі егер ол баратын станцияға жеткізудің белгіленген мерзімі өткенге дейін келсе. Жүктің келгендігі туралы темір жол жүк алушыны жүк келген күннен кейінгі 12 сағаттан кем емес мерзім ішінде хабарландыруға міндетті. Сондай-ақ, жүк алушы вагондарды, контейнерлерді жүк алушының құралдарымен түсіруге беру уақыты туралы оларды бергенге дейін екі сағаттан кем емес уақыт ішінде хабарландырылады. Кейбір жағдайларда темір жол жүк алушыны хабарландыруды шарт бойынша жүргізеді. Темір жол жүк алушыны жүктің келгендігі туралы хабарландырмаған жағдайда жүк алушыға вагондар мен контейнерлердің тұрып қалғандығы үшін жауапкершілік жүктелмейді және ол жүктің келгендігі туралы хабарландыру жіберілгенге дейін жүктерді сақтау үшін алынатын алымды төлеуден босатылады. Тасымалдаушы тасымалдау құжатында көрсетілген жүк алушыға жүкті беруге міндетті, ал соңғысы өз кезегінде, тиісті тасымал бойынша тиесілі төлемдерді төлеуге міндетті.

Егер алушының атына жеткізуі шартпен, келісім-шартпен көзделмеген, сондай-ақ атауы темір жол накладнойына сәйкес келмейтін жүк келсе, жүк алушы оны жауапты түрде сақтауға алуға міндетті.

Жүк ортақ пайдалану орындарында алынған кезде жүк алушы өз атына келген жүкті қабылдауға және станциядан алып кетуге міндетті. Жүктің сапасы бүліну немесе зақымдану салдарынан оны пайдалану мүмкіндігі толығымен немесе ішінара жоғалтылатындай өзгеріске ұшыраған кезде ғана жүк алушы жүкті қабылдаудан бас тартуға құқылы. Баратын станцияға келген жүктер 24 сағат ішінде тегін сакталады. Бұл мерзімнің ерекшелігі оның басталуы жүк немесе контейнер темір жолдың құралдарымен түсірілген күннің немесе жүк жүк алушының құралдарымен түсірілуге берілген күннің 24 сағатына сәйкес келетіндігінде. Егер жүк аталған мерзімнен артық сақталатын болса онда темір жол еркін тарифтер бойынша алым алады. Тасымалдаушы жеңуге болмайтын күш жағдайларының орын алды нәтижесінде жүкті жеткізуге немесе жүкті сақтаудың шекті мерзімдері ішінде оны құжатта көрсетілген жүк алушыға беруге мүмкіндігі болмаган кезде темір жол жүкке қатысты жүк жөнелтушінің нұсқауы бойынша шара колданады. Жүк жөнелтуші мұндай нұсқауды өзіне хабарландыру келген күннен бастап бір тәулік ішінде беруге міндетті.Темір жол бөлімі бастығының шешімі бойынша түсірілген жүктерді сақтау үшін алынатын ақы ұлғаюы мүмкін. Баламалы түрде жүк алушыға жүк жөнелтушіге байланысты себептер бойынша вагондарды кіріс жолына өткізуге күтуде темір жолдың кіріс жолдарында немесе станция жолдарында белгіленген мерзімдерден асыра 24 сағаттан артық кідіртілген вагондардың, контейнерлердін тұрып калуы үшін айыппұл төленуі немесе вагондарды пайдаланғаны үшін ақы екі есе мөлшеріне дейін ұлгайтылуы мүмкін.

Жүк алушы босатылған вагондарды (контейнерлерді) темір жолға тапсыруға міндетті. Тараптар арасында вагондарды кабылдау тапсырумен байланысты міндеттгер бөлінеді. Вагондардың ішкі және сыртқы беттері тазартылуға тиіс, жылжымайтын инвентарлық бекіту соның ішінде турникет дұрыс техникалық жағдайға келті-рілуге тиіс.

Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлері

Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, ал жолаушы теңдеме жүкті тап-сырған жағдайда теңдеме жүкті де апаратын мекенге жеткізуді және оны теңдеме жүкті алуға құқық берілген адамға беруге міндеттенеді; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде- теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді. Жолаушы тасымалдау шарты - екі жақты, ақылы және жүктерді тасымалдау шартына қарағанда консенсуалды.

Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шартының нысаны жазбаша, ол тиісінше жол жүру билетімен және теңдеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Тасымалдау шартының жария сипаты жолаушыны тасымалдау шарты үшін айрықша нақтыланады. Оған кез келген көлік түріне және жолаушылар тасымалы үшін ашық болатын кез келген бағыт бойынша билет алу құқығы беріледі. Бекітілген шарт бойынша жолаушы көлік құралында билікке сәйкес орынды иеленуге құқылы.

Тасымалдаудың мөлшеріне карай вокзалдарда теңдеме жүкті қабылдау мен беру бөлмелері, қол жүгін сақтау камералары, күту залдары, анықтама бюролары, транзиттік жолаушылардың, ана мен баланың демалу бөлмелері; ресторандар мен буфеттер, жолаушыларға мәдени-тұрмыстық және санитарлы-гигиеналық қызмет көрсететін үй-жайлар (почта, телеграф, радиожелілер, шаштараздар, дәрігерлік көмек пунктері және т.б.) жабдықталады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін және олардың жол жүру, түсу және өту қауіпсіздігін арттыру үшін станцияларда төбесі жабылған, павильондары бар платформалар, өту тоннельдері немесе көпірлер салынады.

Жолаушыға ішкі тасымалдар кезінде 7-ден 15 жаска дейінгі және халықаралық тасымалдар кезінде 5-тен 12 жаска дейінгі балаларға қатысты шартты билет құнын 50% мөлшерінде төлеумен жеңілдік жағдайларында бекітуге құқық беріледі. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған бала ересек адаммен бірге немесе бөлек жол жүретіндігі маңызды болып табылмайды.

Жолаушы көліктің барлық түрлерімен тасымалдау кезінде жүріс арасындағы аялдамада билет күшін 10 тәуліктен аспайтын мерзімге, қалалық және қала маңына қатынайтыннан басқа, көліктің барлық түрлерінде ұзартуға құқылы. Жүріс барысындағы аялдама кезінде билеттің әрекет ету күші тасымалдаушымен ұзартылуы мүмкін. Егер пайдаланылмаған темір жол билеттері темір жол станциясының кассасына поезд жөнелтілгенге дейін 24 сағат бұрын қайтарылса, онда жолдың толық құны қайта алынуы мүмкін, ал поездың жөнелтілуіне 24 сағаттан кем, бірақ 6 сағатқа дейінгі уақытта қайтарылса билет құнын және плацкарт құнының 50%-ын алуға болады. Егер билет поездың жөнелуіне 6 сағаттан кем уақыт ішінде қайтарылса тек билет құны қайтарылады, бұл кезде плацкарт кұны қайтарылуға жатпайды.

Егер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың тапсырыстары бойынша алынған жол жүру құжаттары поезд жөнелтілгенге дейінгі 7 тәуліктен кем, бірақ 3 тәуліктен кешіктірілмей қайтарылса плацкарт құнының 50%-ы ұсталады, егер олар поезд жөнелтілгенге дейінгі үш тәуліктен кешіктіріліп қайтарылса плацкарт құны толығымен ұсталып қалады.

Жолаушы өзімен бірге қол жүгін (теңдеме жүкті) алып жүруге құқылы. Әуе көлігінде, қалалық және қала маңына қатынайтын автобустармен тасымалдағанда салмағы 20 кг аспайтын кол жүгін және теңдеме жүкті тегін алып жүру белгіленеді. Темір жол, теңіз, ішкі су көлігінде, сондай-ақ халықаралык автобустарда салмағы 35 кг аспайтын қол жүгін және теңдеме жүкті тегін алып жүру белгіленеді. Тасы-малдаушылар өз шешімі бойынша көліктің барлық түрлерінде тегін тасымалданатын теңдеме жүктін салмағын ұлғайтуға құқылы. Темір жол тасымалы кезінде жолаушы жол жүру құжаты бойынша, ұсақ заттарды есептемегенде, салмағы 36 кг болатын теңдеме жүкті тегін алып жүру үшін тапсыруға құқылы, белгіленген тарифтер бойынша алып жүру ақысын төлей отырып ол салмағы 100 кг-нан аспайтын теңдеме жүкті алып жүре алады.

Теңдеме жүкті тасымалдау жөніндегі міндеттеме - тасымалдаушының жолаушы көрсеткен багытта теңдеме жүкті алып жүру мен оны тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап сатып алушыға бергенге оның сақталуын қамтамасыз ету міндеттемесі болып табылады. Теңдеме жүкті автомобиль көлігімен тасымалдаған кезде теңдеме жүк әдетте оны автобустың теңдеме жүк бөлімшесінде орналастыру үшін қабылданады. Дәл осылай теңдеме жүк су, әуе көлігімен де тасымалданады. Жолаушы мен теңдеме жүкті әртүрлі көлікпен тасымалдау да жоққа шығарылмайды. Темір жол тасымалдауы кезінде теңдеме жүкті тасымалдауға қабылдауға және оны сол немесе теңдеме жүк вагоны бар тиісті бағыттағы келесі поезбен жіберуге міндетті. Егер жолаушының мәлімдеуі болса, онда теңдеме жүк жол жүру құжатында көрсетілмеген басқа бағыт бойынша жөнелтілуі мүмкін. Көліктің барлық түрлерінде теңдеме жүкті тасымалдауға алуға болады.

Жолаушы теңдеме жүкті тапсыру кезінде тарифке сәйкес алымды төлей отырып оның құндылығын жария ете алады. Жолаушыдан теңдеме жүк ретінде тасымалдауға өзінің көлемі, буып түйілуі мен қасиеттері бойынша еш қиындықсыз теңдеме жүк вагонына тиеліп орналастырыла алатын және басқа жолаушылардың теңдеме жүктеріне зиян келтірмейтін заттар мен нәрселер қабылданады. Теңдеме жүкті жеткізу мерзімі баратын жеріне дейін теңдеме жүк бірге жөнелтілген көлік құралының жүру уақытымен анықталады. Егер теңдеме жүк жол бойында қайта тиеу маршруты бойынша жөнелтілсе, онда оны жеткізу мерзімі қайта тиеуге кеткен уақыт шығынын ескере отырып жол жүру уақытымен анықталады. Темір жол тасымалы бойынша әрбір қайта тиеуге бір тәуліктен қосылады. Егер теңдеме жүк оны жеткізу мерзімі аяқталғаннан кейін 7 тәулік ішінде баратын жеріне келмесе, онда жолаушы теңдеме жүкті жоғалтылды деп есептеуге және оның құнын талап етуге құқылы.

Темір жол тасымалдауы кезінде 60 күн ішінде талап етілмеген теңдеме жүк іске асырылу ушін жергілікті сауда ұйымдарына берілуге жатады. Жолаушылардың ұмытып кеткен және тауып алынған заттары да іске асырылуға жатады.

Кеме жалдау (чартер) шарты бойынша бір тарап (кемемен жалданушы) басқа тарапқа (кеме жалдаушы) жолаушыларды, теңдеме жүкті және жүктерді тасымалдау үшін бір немесе бірнеше көлік құралын толық немесе оның сыйымдылығының бір бөлігін бір немесе бірнеше рейске ақы төлеттіріп беруге міндеттенеді.

Чартер шартының жүктерді жолаушыларды немесе теңдеме жүкті тасымалдау шартынан жалпы ерекшелігі оның сөзсіз консенсуалды екендігінде. Чартерлік тасымалдаулардың тағы бір ерекшелік белгісі – олардың тұрақты емес (кестеден тыс) сипатында. Осының салдарынан чартерлік тасымалдаулар жоспарлы тасымалдар үшін арналған көлік құралдарын пайдаланумен, сондай-ақ тұракты тасымалдар үшін арналған жолдарды, әуетрассаларын пайдаланумен олар орындалуға тиіс болса да жүзеге аспайтындығы алдын ала белгілі болып табылады.

Чартерлік тасымалдаулар тасымалдау шарттарының айқын көрсетілген жеке мазмұнымен ерекшеленетін болады. Дегенмен де оларды бекіту кезінде көлік аясындағы қатынастарды реттейтін заңнаманың міндетті талаптарын сақтау да қажетті болып табылады.

Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершілік.

Тасымалдауды бірнеше тасымалдаушылар жүзеге асырған жағдайда олар жүкті, теңдеме жүкті жоғалтқаны, олардың жеткіліксіздігі бүлінуі (зақымдануы), сондай-ақ жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін жөнелтуші (жүк жөнелтуші), алушы (жүк алушы) алдында ортақ жауапкершілікте болады. Егер тасымалдаушы басқа тасымалдаушының жүк жөнелтушінің, жүк алушының, тармақ иесінің, экспедитордың кінәсі бойынша туындаған жауапкершілікке тартылса, онда ол кінәлілерге регресстік (кері) талап қоюға құқылы.

Темір жол көлігімен тасымалдау шартымен айып төлеу жиі-жиі айыппұл сипатына ие екенін атап өткен жөн (ертеректе тек ерекше алынатын айып төлеу ғана басым болатын). Айып төлеу мөлшері Азаматтық кодекспен, арнайы заңнамамен немесе тікелей тасымалдау шарттарымен анықталады. Тасымалдаушы тиесілі төлемдерді төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін, Қазақстан Республи-касының Азаматтық кодексімен белгіленгендей, бөтеннің ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік мөлшерінде айып төлейді. Егер тасымалдау шартының тараптарында өзге келісім болмаса жалпы азаматтық құқықтағыдай, жүзеге асырылған төлем сомасынан ең алдымен айып төленеді, ал қалған бөлігімен қарыздың негізгі сомасы өтеледі.

Жүк жөнелтуші төмендегі жағдайларда тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады:

-тиеу үшін берілген вагондар мен контейнерлерді пайдаланбау;

- жоспар бойынша көзделген вагондар мен контейнерлерден бас тарту;

- жүк жөнелтушінің кінәсі бойынша станцияда тиеу мен түсіруге ілу үшін күтуде бостұрған вагондар мен контейнерлерді пайдаланбау.

Бұл жағдайларда жүк жөнелтушінің жауапкершілігі жалпы түрде тасымалдау жоспары орындалмағанына қарамастан туындайды. Жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы жоспардан артық және жоспардан тыс міндеттемелерді орындамаған үшін де, егер оларға қатысты жүк жөнелтушінің мәлімдемелері темір жолмен қабылданған болса, жауапкершілікке тартылады. Темір жол тасымалдау жоспарын бұзғаны үшін жауапкершіліктен жоғарыда аталған негіздерден басқа мына жағдайларда босатылады: түсіру мен тазалауда жүк жөнелтуші вагондарды, контейнерлерді


кешіктірген кезде. Бірақ бұл кезде темір жол осы жүк жөнелтушіге
аталған себептер бойынша ұстап қалынған және іс жүзінде тиеуге
беріле алмайтын вагондар контейнерлер санын бермегені үшін ғана жауапкершіліктен босатылады; егер темір жол күнтізбелік он күндіктің жекелеген күндері жол берілген вагондардың, контейнерлердін берілмеуінің орнын сол он күндік ішінде толтырса. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша қозғалмалы құрамды берудің орнын толтыру мерзімі тиісінше жарты айды құрайды (жүк жөнелтушінің жауапкершілігін болдырмайтын дәл сол жағдайларда).

Тасымалдаушының жауапкершілігі туындамауы керек, егер тасымалдауға қабылданған жүктің жоғалтылуы, бүлінуі, жетіспеушілігі немесе зақымдануы төменде аталған жағдайларда орын алса:

а) жүк жөнелтуші немесе жүк алушының кінәсінен;

ә) жүктің ерекше табиғи қасиеттерінің салдарынан, сондай-ақ тасымалдау немесе сақтау кезінде жүктің сақталуы үшін ерекше жағдайларды немесе сақтық шараларын талап ететін оның ерекше қасиеттерін накладнойда көрсетпей жүкті тасымалдауға беру салдарынан;

б) егер тиеу немесе түсіру жөнелтушінің немесе алушының құралдарымен жүзеге асырылса, жүктерді төбесі жабық вагондарға, контейнерлерге тиеу немесе түсірумен байланысты себептер бойынша;

в) жүктерді ашық жылжымалы составта тасымалдаумен байланысты кәдімгі себептер салдарынан;

г) жүкті жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының жол серігімен бірге тасымалдау кезінде;

ғ) жүктерді тасымалдауға қабылдау кезінде сырттай қарау бойынша да анықталуы мүмкін болмаған ыдысы немесе буып-түйілуінің кемшіліктері салдарынан немесе ыдыста зақымдау іздерінің жол бойында байқалмаған кезінде жүктің қасиеттеріне немесе белгіленген стандарттарға сай келмейтін ыдысты қолданудан;

д) жүк жөнелтуші накладнойда көрсеткен мәліметтердің кателігі нақты болмауы немесе толык болмауы салдарынан;

е) белгіленген норма шектерінде жүк салмағының орынды түрде азаюы салдарынан;

ж) тасымалдау кезінде тасымалдану мерзімдері мен температуралық режим сақталғанда тез бүлінетін жүктердің бүлінуі салдарынан.

Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік. Жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау бойынша міндеттемелерді орындамаған кезде тасымалдаушы заңнамамен белгіленген жауапкершілікке тартылады. Заңнамамен белгіленген жауапкершіліктің ерекшелігі болып көліктің барлық түрлерімен тасымалдауға қатысты қолданылатын жауапкершілік туралы нормалардың унификациялануы табылады.

Жолаушыны тасымалдайтын көлік құралын жөнелтуді кідірткені немесе мұндай көлік құралының баратын жеріне кешігіп барғаны үшін (қалалық және қаламаңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, егер кідірту немесе кешігу дүлей күштің салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлік туралы тиісті заң актілерінде белгіленген мөлшерде айыппұл төлейді.

Аталған жағдайларда жолаушы тасымалдаудан бас тартуға құқылы, онда тасымалдаушы жолаушыға кірс ақысын толық көлемінде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кідіртуге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының "Көлік туралы" Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес, тасымалдаушының кінәсі бойынша (жолаушы тасымалдаушының қызметтерін пайдаланған жағдайда) жолаушыны тасымалдау кідіртілген кезде, егер олар орын алса жолаушыға залалды өтеумен қатар, тасымалдаушы жолаушыға кідіртілген әрбір сағат үшін билет құнынан 3% мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс. Жолаушыға төлеуге тиіс айыппұлдың сомасы алынған билет құнынан аса алмайды. Жолаушының сұрауы бойынша оған тасымалдаудың кідірту себебі туралы ресми құжат берілетін болады немесе оның билетінде белгі койылуы тиіс.

Тасымалдауға қабылданған теңдеме жүктің жоғалғаны кем шыққаны және зақымданғаны (бүлінгені) үшін жауапкершіліктің мөлшері тасымалдауға қабылданған жүктің жоғалғаны, кем шыкқаны, зақымданғаны үшін сияқты болып табылады. Тасымалдаушы теңдеме жүкті жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін теңдеме жүкті алушыға өткізіп алынған әрбір тәулік үшін тасымалдау ақысының 10% мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс. Бұл жағдайда да жауапкершіліктің шекті мөлшері тасымалдау акысының 50%-нан аспауға тиіс. Тараптардың келісімі бойынша, егер тасымалдаушы жауапкершіліктің жоғарырақ мөлшеріне келіссе, жолаушының не теңдеме жүкті алушының шығындарын өтеуге заңнамамен көзделген, аталған жауапкершілік мөлшері ұлғайтылу жағына карай өзгертілуі мүмкін. Бірақ жауапкершіліктің келтірілген санкцияларын жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарттарын тасымалдаушымен бұзғаны үшін жауапкершіліктің төменгі мөлшері ретінде карастырған жөн.

Көлік экспедициясы шарты. Көлік экспедициясы шарты өз алдына жеке және тек қана көліктік көмекші шарт болып табылады. Осыдан оның латын сөзінен туындайтын - ехреdіtіо - жөнелту деген атауы шығады. Әрекет етуші Азаматтық кодексте көлік экспедициясы шартының аталған рөлі ескерілген және оны реттеуге жеке 15 тарау арналған (708-714-баптар).

Көлік экспедициясы шарты бойынша бір тарап (экспедитор) сыйақы үшін басқа тараптың (клиенттің жүк жөнелтушінің немесе алушының) есебінен жүкті тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгіленген қызмет көрсетулерді орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның ішінде клиенттің атынан немесе өз атынан жүкті тасымалдау шартын (шарттарын) жасауға міндеттенеді.

Көлік экспедициясы шартының нысаны. Бұл шарт жазбаша нысанда бекітілуге тиіс. Заңнамада көлік экспедициясы шартында құжаттағыдай болуға тиіс, міндетті реквизиттерге талаптар қою көзделмеген. Талап етілетін жазбаша нысанды сақтамау салдары да арнайы көрсетілмеген.

Көлік экспедициясы шарты - консенсуалды, екі жакты және ақылы шарт. Көлік экспедициясы шартының субъектілері (қатысушылары) болып бір жағынан - экспедитор және екінші жағынан - клиент табылады. Орын алып отырған шарттық қатынастар еркіндігі заңды және жеке тұлғаларға шарттың екі тарабынан да көрінуге мүмкіндік береді. Бірақ клиенттер үшін көлік экспедициясы қатынастарына іс жүзінде қатысу мүмкіндігі оларда қайсыбір тасымалдау шартын бекітуге құзыреттіліктің болуына тәуелді болады. Ол кейбір жағдайларда болмауы мүмкін.

Көлік экспедициясы шартының пәні болып тасымалдауларды ұйымдастыруға (қамтамасыз етуге) қатысты қызметтер табылады. Бұл қызметтер бір уақытта, іс жүзіндегі және заңдық сипатқа ие болады.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Кез келген өзге шарттық міндеттемеге сәйкес сияқты борышқор, осы тұстағы экспедитор. экспедициялык қызмет көрсетулер бойынша өзіне жүктелген міндетемелерді тиісті түрде орындауға міндетті. Экспедитор тасымалдау шартын клиенттік нұсқауларына сәйкес бекітуге тиіс. Жүк жөнелтушінің келісімімен экспедитор жөнелтуші-нің мүддесін, тарифтер деңгейін және жеткізу мерзімдерін ескере отырып, жөнелтушінің жүгін көліктің қай түрімен тасымалдауды өзі белгілей алады.

Экспедитор тасымалдау шартын тиісті түрде бекіте алу үшін жүк жөнелтуші (алушы) экспедиторға жүктің қасиеттері, оны тасымалдау жағдайлары туралы құжаттар мен өзге де аппаратты, сондай-ақ экспедитордың өз міндеттерін орындауына қажет өзге де ақпаратты беруге міндетті.

Экспедитор жүк жөнелтушіге (алушыға) ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, жүк жөнелтушіден (алушыдан) қажетті қосымша деректерді сұрауға тиіс. Егер жүк жөнелтуші (алушы) қажетті ақпаратты бермесе экспедитор осындай ақпарат берілгенге дейін өзінің тиісті міндеттерін атқаруға кіріспеуге құқылы. Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз міндеттерін жеке өзінің атқару міндеті туындамаса, экспедитор өз міндеттерін орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Міндеттеменің орындалуын үшінші тұлғаға жүктеу экспедиторды шарттың орындалуы үшін клиенттің алдындағы жауаптылықтан босатпайды.

Көлік экспедициясы шартының әрбір тарабы бұл туралы басқа тарапқа қисынды мерзімде ескерте отырып, шарттан бас тартуға құқылы. Экспедитор кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылғандықтан тиісінше ол клиент алдында бой алдырмайтын күш немесе форс-мажорлық жағдайлар салдарынан өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Экспедицияның тасымалдау қатынастарымен аталған өзара бійланыстылығын жауапкершілікке қатысты ескерудің көрінісі, кейбір жағдайларды экспедиция міндеттемелерін бұзу экспедитор емес, тасымалдаушы әрекеттерінің салдарынан болу мүмкін екендігі де есепке алынатынымен сипатталады.

Экспедитордың клиент алдындағы жауапкершілігінің мөлшері ондай жағдайларда клиентке келтірілген шынайы залал мөлшерінен, яғни тасымалдаушы жауапкершілігінің мөлшерінен (АК 713-бап 2-т) аспауға тиіс, бірақ клиент алдында тікелей жауапты болып бәрібір экспедитор қалады. Тасымалдаушының кінәлі әрекеттерінің салдарынан жауапқа тартылған экспедитор оған кері талап қою құқығын иеленетін болады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
бекіту туралы
ғылым министрлігі
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
туралы анықтама
бағалауға арналған
тоқсан бойынша
мамандығына арналған
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қойылатын жалпы
мемлекеттік әкімшілік
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған әдістемелік
жиынтық бағалаудың
әдістемелік кешені
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
Қазақстан тарихы
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
мерзімді жоспар
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша
тоқсанға арналған
арналған ортақ
қатысушыларына арналған
Қазақ әдебиеті
жиынтық бағалауға
қағидаларын бекіту
Мектепке дейінгі
орналасуға жалпы
арналған жиынтық

Loading...