Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы n 207 Заңы



бет2/3
Дата10.09.2017
өлшемі215.5 Kb.
#19914
1   2   3

МІНДЕТТЕРІ

      10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылық


               қызметке құқықтары
      1. Азаматтардың өз қабілеттеріне сай бұл қабілетін жұмсау саласын, іске асыру нысандарын өздігінен таңдау және кәсіби білім алу жолымен шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.
      Шығармашылық қызметпен айналысу кәсіби негізде де, кәсіби емес (әуесқой) негізде де жүзеге асырылуы мүмкін.
      2. Азаматтарды мәдени құндылықтарға баулу құқығы қамтамасыз етіледі. Осы құқықтың шектелуі ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимімен ғана айқындалуы мүмкін.
      3. Кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашыл қызметкерлер зияткерлік меншік, өз еңбегінің нәтижелеріне иелік ету еркіндігі, мемлекеттің қолдауы құқықтары саласында тең құқылы.
      Азаматтардың кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашылық қызметі ұжымдық немесе жеке негізде жүзеге асырылады.
      4. Әрбір азаматтың мәдени құндылықтардың меншік иесі болуға құқығы бар. Жеке меншікті алу, пайдалану және оған иелік ету Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
      5. Әрбір азаматтың өзінің шығармашылық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдерге шығарып, көрмелер ұйымдастыруға немесе өзге де жолдармен ұсынуға және іске асыруға құқығы бар.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11-бап. Жеке тұлғалардың мәдениет саласындағы құқықтары


               мен міндеттері

      1. Жеке тұлғалардың ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін кезде әртүрлі нышанды және жеке-дара пікірін жария білдірудің Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де құралдарын пайдалануға құқығы бар.


      2. Жеке тұлғалар:
      1) Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
      2) мәдени құндылықтарды сақтауға қамқорлық жасауға;
      3) қазақ халқының және этностық топтардың ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді құрметтеуге;
      4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар және мәдениет саласындағы өзге де іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға;
      5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті бұзуға арандататын әрекеттерге жол бермеуге, айналадағыларға қауіп туғызатын құқыққа қарсы акциялар жасамауға міндетті.
      3. Жеке тұлғаларға:
      1) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіруге;
      2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта сахналарға, ареналарға, төсеніштерге, оркестр ұраларына, сондай-ақ көрермендер орналасқан орындарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген заттарды лақтыруға;
      3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта шарбақтар мен қоршаулардың, турникеттердің шегінен өз бетімен шығуға;
      4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалануға тыйым салынады.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.01.2016 № 446-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12-бап. Мемлекеттің азаматтардың мәдениет саласындағы


               қызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі
               міндеттері

      1. Мемлекет мәдени өмірге қатысу, мәдени құндылықтарға қол жеткізу, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша білім алу құқықтарын қамтамасыз ету жолымен азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарына кепілдік береді.


      2. Мемлекеттік органдар бұқаралық ақпарат құралдарында және мәдениет ұйымдарында Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын насихаттауға ықпал етеді.

      12-1-бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік


                 стандарттар

      Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты және мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.


      Ескерту. 3-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.05.2015 № 315-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ


ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ КӘСІБИ ЕМЕС
(ӘУЕСҚОЙ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

      13-бап. Шығармашыл қызметкердің мәртебесі

      Ескерту. 13-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. Шығармашыл қызметкердің және мәдениет


               қызметкерінің құқықтары мен міндеттері

      1. Шығармашыл қызметкердің:


      1) жария етілуі немесе жоғалуы өзінің шығармашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін ақпаратты қорғауға;
      2) өз қызметіне үшінші тұлғаларды тартуға;
      3) мәдениет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуға;
      4) шығармашылық және кәсіби мүдделері бойынша қоғамдық бірлестіктерге, қауымдастықтарға және одақтарға кіруге;
      5) шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін мұрағаттарға, кітапханаларға, музейлерге және басқа да мәдениет ұйымдарына еркін баруына құқығы бар.
      2. Мәдениет қызметкері:
      1) кәсіптік, шығармашылық одақтарға және басқа да қоғамдық бірлестіктерге кіруге;
      2) кәсіби қызметін, оның ішінде қайырымдылық көмекті тарту есебінен де жүзеге асыру үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне;
      3) егер мемлекеттік емес мәдениет ұйымының қызметкері болса, мемлекеттік бюджет немесе жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;
      4) мемлекеттік бюджеттің немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен қайта даярлықтан өтуге;
      5) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша және үстеме ақыға құқығы бар.
      3. Шығармашыл қызметкер және мәдениет қызметкері өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15-бап. Шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет


               қызметкерлерін әлеуметтік қорғау

      1. Қызметі зиянды (айрықша зиянды) еңбек жағдайларымен, қатерге бас тігумен және кәсіптік аурулар қаупімен байланысты шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және сақтандыру, сондай-ақ оларды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.


      2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар тағайындалады.

      16-бап. Шығармашылық одақтар

      1. Мәдениет саласындағы бірлескен күш-жігерді талап ететін шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін ерікті негізде шығармашылық одақтар құрылуы мүмкін.
      2. Қазақстан Республикасында республикалық, өңірлік және жергілікті шығармашылық одақтар құрылып, жұмыс істеуі мүмкін.
      3. Қазақстан Республикасы облыстарының тең жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар шығармашылық одақ республикалық деп танылады.
      4. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар шығармашылық одақтар өңірлік деп танылады.
      5. Қызметі бір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана аумағында жүзеге асырылатын шығармашылық одақтар жергілікті шығармашылық одақтар деп танылады.
      5-1. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Шығармашылық одақтардың халықаралық шығармашылық ұйымдармен қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттарымен реттеледі.
      7. Шығармашылық одақтарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      17-бап. Шығармашылық одаққа мүшелік

      1. Шығармашылық одақтың жарғысында белгіленген талаптарға сай келетін шығармашыл қызметкердің шығармашылық одаққа кіруге құқығы бар.
      2. Шығармашылық одақтың жарғысында кандидаттарға және мүшелерге қойылатын талаптар азаматтардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарына нұқсан келтірмеуге, олардың құрамына тиісті шығармашылық кәсіптердің неғұрлым білікті өкілдерінің бірігуіне, олардың кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал етуге тиіс.

      18-бап. Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық


               бірлестіктер мен ұжымдар

      Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің, мәдениет ұйымдарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бастамасы бойынша құрылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.

5-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ

      19-бап. Мәдениет саласындағы қызметті ұйымдастыру

      Мәдениет саласындағы қызмет театрлардың, филармониялардың, оркестрлердің, цирктердің, студиялардың, мектептердің, шеберханалардың, орындаушылық ұжымдардың, музейлердің, кітапханалардың, көркемөнер салондары мен галереяларының, кинотеатрлардың және киноқондырғылардың, мәдени-демалыс ұйымдарының, зерттеу және реставрациялау орталықтарының, мәдени-тарихи орталықтардың, тарихи-мәдени және табиғат қорықтарының, аймақтарының және басқа да мәдениет ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолымен жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде қайырымдылық көмекті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мәдени құндылықтарды жасауы, насихаттауы, таратуы, пайдалануға беруі және қорғауы арқылы жүзеге асырылады.
      Мәдениеттің дамуы үшін өз қызметін Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мәдениетті дамыту қорлары құрылуы мүмкін.
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      19-1-бап. Салалық көркемдік кеңестер

      1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында уәкілетті орган консультативтік-кеңесші органдарды – театр, музыка қызметі және концерттік қызмет, цирк өнері, киноиндустрия, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн, әдебиет және кітап басып шығару жөніндегі салалық көркемдік кеңестерді құрады.
      Салалық көркемдік кеңестер құрамына мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер, ғалымдар, мамандар, шығармашылық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
      2. Салалық көркемдік кеңестердің негізгі функциялары мәдениет пен өнердің жоғары көркем туындыларын – бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау мақсатында мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.
      Ескерту. 5-тарау 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20-бап. Мәдениет ұйымдары

      1. Мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      2. Мәдениет ұйымдары қызметінің түрлерін олардың құрылтайшылары айқындайды және бұл олардың жарғыларында көрініс табады.
      3. Өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мәдениет ұйымдары мемлекеттік, мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін.

      20-1 бап. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау

      1. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау олардың негізгі қызметінің тиімділігін бағалау және материалдық, еңбек және қаржы көздерін ұтымды пайдалану, осы негізде олардың желілері мен құрылымдарын ретке келтіру үшін жүргізіледі.
      2. Барлық мемлекеттік мәдениет ұйымдары бес жылда бір рет аттестаттауға жатады.
      3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
      Ескерту. Заң 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-бап. Мәдениет ұйымдарының мәртебесі

      1. Мәдениет саласындағы қызметінің айрықша мемлекеттік және қоғамдық мәні бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берілуі мүмкін.
      "Ұлттық" мәртебені Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
      2. Өз саласында жетекші болып табылатын мемлекеттік мәдениет ұйымдарына жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға ұлттық мәдениет пен өнерді қалыптастырудағы, дамыту мен насихаттаудағы елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі "Академиялық" мәртебе береді.
      2-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларға беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кітапханаларына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен "Орталық" мәртебесін береді.
      3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары иеліктен шығаруға жатпайды.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      22-бап. Театрлар

      1. Театрлар - әдебиет және өнер туындыларының сахналық көрсетілімдерін (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомима, сатира және юмор, балалар мен жасөспірімдерге арналған, жастарға арналған, эксперименттік және өзгелері) жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары.
      2. Театрлар меншік нысанына қарамастан көркемдік бағыттар, репертуар таңдауда, әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындау туралы шешімдер қабылдауда, сахна туындыларын жасауда және танымал етуде, сондай-ақ тиімді шығармашылық және өндірістік даму үшін қажетті, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруда ерікті.
      3. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында халықтың театр іс-шараларына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді ұсынуға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік театрларға бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен субсидиялар бөлінеді.

      22-1-бап. Цирктер

      1. Эстрадалық-цирк жанрындағы туындылардың сахналық көрсетілімдерін жүзеге асыратын театр-ойын-сауық ұйымдары цирктер болып табылады.
      2. Цирктер көркемдік бағыттарды, репертуарды, эстрадалық-цирк жанрындағы туындыларды көпшілік алдында орындау, сахналық туындыларды жасау және кеңінен таныту туралы шешімдерді қабылдауды таңдауда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, тиімді шығармашылық және өндірістік даму үшін қажетті өзге де қызметті жүзеге асыруда ерікті болады.
      3. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында мемлекеттік цирктерге бюджет қаражатынан халық үшін цирк іс-шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлінеді.
      Ескерту. 5-тарау 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23-бап. Концерттік ұйымдар

      1. Концерттік ұйымдар - әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау үшін шаралар кешенін іске асыратын ойын-сауық ұйымдары.
      2. Концерттік ұйымдардың негізгі міндеттері музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, көркемдігі жоғары бағдарламалар мен нөмірлер жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
      3. Концерттік ұйымдар шығармашылық бағдарламалар жүргізуде және репертуар таңдауда дербестікке ие.
      4. Республика азаматтарын мәдени өмір саласына тарту мақсатында республика халқының барлық жіктерінің концерттік іс-шараларға қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде қызметтер ұсынуға, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік концерттік ұйымдарға мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен субсидиялар бөлінеді.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24-бап. Кітапхана ісі



      1. Кітапхана ісі - міндеттеріне кітапханалар желісін құру және дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кітапхана пайдаланушыларға кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхана мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, кітапханалардың дамуын ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету кіретін мәдениет саласы.
      2. Кітапхана - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, баспа және қолжазба құжаттарының ұйымдастырылған қоры, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрініс материалдары, электронды жеткізгіштерде құжаттары бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мәдениет ұйымы.
      Қоры тек қана электронды жеткізгіштердегі құжаттардан тұратын кітапхана (электронды кітапхана) пайдаланушылармен жанама түрдегі (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегі өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
      2-1. Кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу, сыйға тарту және мемлекеттік тапсырыс бойынша басып шығарылған кітаптарды өтеусіз алу арқылы жүзеге асырылады.
      Ұлттық кітапханалардың кітапхана қоры басылымның міндетті тегін данасын алу жолымен де қалыптастырылады.
      2-2. Басылымдардың міндетті тегін даналарын дайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханаларына жібереді.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында әмбебап, салалық, салааралық, жасөспірімдер, балалар кітапханалары, сондай-ақ көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін арнайы кітапханалар құрылуы мүмкін.
      4. Мемлекеттік кітапханалар ақысы міндетті сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын, өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
      Мемлекеттік кітапханалар:
      1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;
      2) кемтар азаматтар үшін материалдар дайындауға;
      3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуге және қосымша библиография жасауға;
      4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды реставрациялауға;
      5) көшпелі ақпараттық - көрме іс-шараларын ұйымдастыруға;
     6) білім беру және аудармашылық қызметтерін көрсетуге;
      7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасауға;
      8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсынуға;
      9) құжаттарды электронды жеткізуге, тақырыптық ақпарат іздестіріп, құрастыруға;
      10) экскурсиялық қызмет етуге, фото, бейне түсірілімдер жасауға;
      11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізуге құқығы бар.
      Кітапханалар сирек және құнды басылымдарды беру кезінде салынған кепіл сомасын, кітапхана қорына пайдаланушылар келтірген залал өтемақысының түрлері мен мөлшерін белгілеуге құқылы. Мемлекеттік кітапханалар кітапхана қорына келтірілген залал үшін алынған өтемақы сомаларын тиісті бюджетке аударады.
      5. Кітапхана ісі, сондай-ақ ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі ретінде кітапхана қорларын қалыптастырумен, сақтаумен, пайдаланумен байланысты мәселелер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен реттеледі.
      6. Мүгедек немесе егде жаста болуынан кітапханаларға бара алмайтын кітапхана пайдаланушылар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізуге құқығы бар.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      25-бап. Музейлер

      1. Музей заттары мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған, мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытуды қамтамасыз етуге арналған мәдениет ұйымдары музейлер болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында әртүрлі бейіндегі музейлер, оның ішінде музей-қорықтар мен жеке коллекциялар музейлері құрылуы мүмкін.
      3. Музей заттары мен музей коллекциялары музей қорының құрамына енгізіледі және Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады.
      Музей қорларын жинақтау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, мемлекеттік музейлерде құрылатын қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиялары шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік музейлерден музей заттары мен музей коллекцияларын жеке меншікке беруге тыйым салынады.
      4. Мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын, ақы төлеу міндетті сипатта болмайтын және жеке және заңды тұлғалармен келісу бойынша айқындалатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге құқылы.
      Мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
      5. Мемлекеттік музейлер мен қорық-музейлердің:
      1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;
      2) байланыс операторымен шарт негізінде интернет қызметтерін ұсынуға;
      3) фото және бейне түсірілімдер жасауға;
      4) кәдесый және полиграфиялық өнімдерді өткізуге;
      5) музейлер мен музей-қорықтар басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізуге құқығы бар.
      6. Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу тәртібі мен шарттары және музей ісі саласындағы басқа да қатынастар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен реттеледі.
      7. Мәдени құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік музейлерге мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға субсидиялар бөлінеді.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      


Каталог: files
files -> «Іскерлік байланыс» 2012 жобасы МӘлімдеме формасы
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Ынтымақтастықпен өмір сүру
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді