72. Аудиториялардың тестілеуге дайындығын тексереді.
73. Министрлік өкілінен емтихан материалдарын (№5 акт бойынша) алады;
-
Аудиториялық тізімге сәйкес бітірушілерді аудиторияларға кіргізеді.
-
Отырғызу парағына сәйкес бітірушілерді орындарына отырғызады.
-
Бітірушілерге емтихан кезінде тәртіп сақтау ережелерін түсіндіреді.
-
Емтихан материалдарының қорабын ашуды ұйымдастырады.
-
Емтихан материалдарын таратады.
-
Емтихан материалдарын толтыру ережелерін түсіндіреді.
-
Аудиторияда тәртіп сақтау ережесінің бұзылмауын бақылайды.
-
Емтихан материалдарын қабылдайды және тестілеу аяқталғаннан кейін тапсырады (№5 акт бойынша).
14. ҰБТӨП базасын құру
82. ҰБТӨП базасын қалыптастыру келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
-
ҰТО-дан «ҰБТӨП базасы» АЖО-сы электрондық тасымалдағышта ҰБТӨП-ке жіберіледі;
-
ҰБТӨП-те «ҰБТӨП базасы» АЖО-сы құрылады, қажетті ақпараттарды енгізу қамтамасыз етіледі;
-
телекоммуникациялық желі арқылы соңғы мәліметтер ҰТО-ға жіберіледі.
15. Аудиториялық қорды жоспарлау
83. ҰБТ ӨП жетекшісі ағымдағы жылғы бітірушілер санына байланысты аудиториялық қорды жоспарлайды. Жоспарлау кезінде мынадай талаптарды ескеру керек:
-
аудиториялар бір ғимараттың (корпус) ішінде болуы қажет;
-
қазақ тілінде емтихан тапсыратын бітірушілер үшін және орыс тілінде емтихан тапсыратын бітірушілер үшін аудиториялар тіл мәртебесі бойынша бөлінуі тиіс;
-
әрбір лектегі аудиторияның тіл мәртебесі әр түрлі болуы мүмкін;
-
аудиториядағы орындардың саны 10-ға еселі болуы қажет және 30-дан кем, 120-дан артық болмауы керек;
-
отырғызатын орын саны бір партаға 2 адам есебі бойынша анықталады;
-
спортзалдарды, үлкен залдарды бірнеше аудиторияларға бөліп пайдалануға болады;
-
бір лекте отырғызылатын орын саны 400-ден кем болмау керек.
84. Аудиториялық қор туралы мәліметтер «ҰБТӨП базасы» АЖО-сындағы «Аудиториялық қор» бөліміне енгізіледі. Әрбір лек бойынша аудитория қорын келісу үшін телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға ұсынылады.
16. Оқу орындары
85. Астана, Алматы қалалары және облыстық білім басқармалары орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарын облыстағы ҰБТӨП-тер бойынша бөледі.
-
ҰБТӨП жетекшісі ҰБТӨП-ке бекітілген оқу орындары туралы ақпараттарды (атауы, мекен-жайы, телефон, түрі, типі, мәртебесі, оқу орнының меншік нысаны, бітірушілердің саны) жинауды қамтамасыз етеді.
87. Инженер ақпараттарды енгізеді және оны ҰТО-ға жіберуді жүзеге асырады.
17. Кесте
88. Бітірушілерді тестілеу кестесі жергілікті білім басқармасы органдарымен және ҰТО-мен келісілген тасымалдау, орналастыру және тамақтандыру кестесіне сәйкес жасалады. Тестілеу кестесі туралы мәлімет «ҰБТӨП базасы» АЖО-сындағы «Тестілеу кестесі» бөліміне енгізілуі керек. Тестілеу кестесі ҰТО-ға электронды байланыс көмегімен жіберіледі.
18. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру
89. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады:
-
ҰТО әзірлеген «Бітіруші» АЖО-сы ҰБТӨП-те орнатылады және ҰБТӨП спецификасы бойынша іске асырылады;
-
мектеп әкімшілігі мектептің техникалық хатшысын тағайындайды;
-
ҰБТӨП жетекшісі техникалық хатшыны ҰБТ технологиясы, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі бойынша дайындайды;
-
ҰБТӨП жетекшісі техникалық хатшыға ҰБТ-ның нормативтік, нұсқамалық және анықтамалық құжаттарын, өтініш бланкілерін және өтініштерді тіркеу журналын (бітірушілердің санына қарай) береді;
-
мектепте өтініш бланкілерін толтыру және бітірушілерді тіркеу журналына тіркеу жүргізіледі;
-
техникалық хатшы толтырылған өтініш бланкілерін және бітірушілерді тіркеу журналын ҰБТӨП-ке жеткізеді;
-
ҰБТӨП-те бітірушілер туралы деректерді «Бітіруші» ДБ-ға енгізу мақсатында өтініш бланкілері арнайы оптикалық маркерлік сканерден (бұдан әрі - сканер) өткізіледі. Өтініш бланкілері техникалық хатшының қатысуымен қатаң түрде мектептер бойынша сканерден өткізілуі қажет.
-
белгілі бір мектептің өтініш бланкілерін сканерден өткізу аяқталғаннан кейін, техникалық хатшыға өтініш бланкілерін сканерден өткізу есебі (Е-06 нысан) және бітірушілерді тіркеу туралы анықтама (Е-4-01 нысан) беріледі. Анықтаманы бітірушілерге беру мектепте жүзеге асырылады.
-
ережеде белгіленген мерзімде ҰБТӨП-те техникалық хатшымен бірге ДБ-ны және тіркеу журналын жабу жүргізіледі;
-
ДБ жабылғаннан кейін бітірушілердің саны жөнінде мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі;
-
ҰТО-да аудиториялық қор талданып, бітірушілерді бөлу үшін аудиториялар ашылады;
-
ҰБТӨП-ке аудиторияны ашуға арналған файл жіберіледі. Осы жіберілген файлдың көмегімен пункттерде бітірушілерді аудиторияларға бөлу автоматты түрде жүргізіледі;
-
бітірушілерді аудиторияларға бөлу аяқталғаннан кейін техникалық хатшыға рұқсаттамалар және рұқсаттама түбіртектері беріледі. Мектепте рұқсаттамалар мен рұқсаттама түбіртектерін ресімдеу (фото желімдеу және мектеп мөрін басу) жұмысы жүргізіледі (Нысан Е-04);
-
мектептерде бітірушілерге рұқсаттамаларын тарату іске асырылады, ал ресімделген түбіртектер ҰБТӨП жетекшісіне беріледі;
-
ҰТО-ға лек бойынша аудиторияларға бөлінген бітірушілердің жалпы саны туралы мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы жіберіледі.
19. Өтініштерді қабылдау және тіркеу
Достарыңызбен бөлісу: |