205. Бітірушілердің өтініштерін апелляциялық комиссия тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-тен бастап қарайды.
206. Апелляциялық комиссия әр бітірушімен жеке-жеке жұмыс жүргізеді. Бітіруші апелляция комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
207. Жауаптарды талдау картасы бітірушінің бес пән бойынша: қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және таңдауы бойынша пәні нәтижелері көрсетілген бес кестеден тұрады. Әр кесте төмендегідей 4 жолдан тұрады:
1) бірінші жолда осы пән бойынша 1 мен 25 аралығындағы тапсырма нөмірлері көрсетілген. Бітіруші апелляцияға берген тапсырмаларының нөмірлері қою түспен боялған;
2) екінші жолда дұрыс жауаптар коды берілген;
3) үшінші жол бітірушінің жауап парағынан оқылған жауаптардан тұрады;
4) төртінші жол автоматты түрде екінші және үшінші жолдарды салыстыру нәтижелері бойынша құрылады.
45. Апелляция бойынша шешім қабылдау
208. Шешім тек бітіруші апелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға берілмеген тапсырмаларды қарап, шешім қабылдауға қатаң тыйым салынады. Апелляция комиссиясының апелляция кезінде нұсқаны және таңдаған пәнді өзгертуге құқығы жоқ. Бұл мәселелер бойынша шешімді мемлекеттік комиссия жауап парақтарын сканерден өткізу кезеңінде қабылдайды (Қараңыз: жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасы).
46. Тест тапсырмасының мазмұны бойынша шешім қабылдау
209. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция келесі жағдайларда қарастырылады:
-
тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған;
-
дұрыс жауабы жоқ;
-
бірнеше дұрыс жауабы бар.
210. Бұл жағдайда балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады: апелляциялық комиссия телекоммуникациялық желі арқылы берілген нысан бойынша төмендегі кестені апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссияға ҰТО-ға жібереді. Содан кейін апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия шешім қабылдап, өзінің шешімін сол кестедегі бағанға сәйкес енгізеді де, қайтадан ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссияға жібереді.
№
|
Бітірушінің аты-жөні
|
ТЖК
|
Нұсқа
|
Пән
|
Тапсырма №
|
Дәлел
демесі
|
Бітірушінің жауап парағындағы жауабы
|
Апелл. комиссия шешімі
|
Республикалық комиссия шешімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
211. Егер бітіруші өзі дұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе, онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» шешімін қабылдайды.
47. Техникалық себептер бойынша шешім қабылдау
212. Техникалық себептер бойынша апелляция келесі жағдайларда қарастырылады:
-
дұрыс жауаптар кодымен дәл келген бір дөңгелекше боялған, ал сканер екі дөңгелекше боялған ретінде оқыған;
-
дұрыс жауаптар кодымен дәл келген бір дөңгелекше боялған, ал сканер оны оқымаған.
213. Бұл жағдайда апелляция жергілікті жерде қарастырылады. Апелляция комиссиясының төрағасы ҰТО-ға балл қосылған бітірушінің сұрақ кітапшасын алып келуі керек.
48. Апелляциялық комиссияның шешімдерін енгізу
214. Апелляциялық комиссия өз шешімін сол апелляция берген өтініш парағында белгілейді (Е-29, Е-30 нысан).
215. Шешімді ДБ-ға енгізу міндетті түрде апелляциялық комиссия төрағасының қатысуымен орындалады.
216. Барлық өтініштер бойынша шешім қабылданғаннан кейін апелляция комиссиясының төрағасы программиске алдыңғы лекті жабуға тапсырма береді.
217. Қарастырып отырған лектің апелляциясын тек берілген өтініштер тізілімінің әр жолының «Апелляция жағдайы» бағанына:
1) келмеді (бітіруші апелляцияға келмесе);
2) жойылды (өтініш жойылса);
3) шешім қабылданды (апелляция қаралса және шешім қабылданса)
сөздерінің бірі жазылса ғана жабуға болады.
218. Программист апелляция жабылғаннан кейін:
1) апелляцияға берілген өтініштер тізілімінің соңғы нұсқасын;
2) апелляция комиссиясы отырысының хаттамасын;
3) ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляцияны есепке алғандағы) екі данада басып шығарады.
219. Олардың бір данасы қол қойылып Министрлік өкіліне беріледі, екіншісі ҰБТӨП-тің іс-қағаздарына тіркеледі.
220. Хаттамаға аппеляциялық комиссия төрағасы мен мүшелері, мемлекеттік комиссия төрағасы, сондай-ақ Министрлік өкілі қолдарын қояды.
50. Апелляциялық комиссия жұмысының аяқталуы
221. Апелляциялық комиссияның төрағасы жұмыс аяқталғаннан кейін Министрлік өкіліне акт бойынша жауап парақтарының түпнұсқаларын, сұрақ кітапшаларын береді.
222. Министрлік өкілі жауап парақтарының түпнұсқаларын олардың өзіндегі көшірмелерімен салыстырады және түпнұсқаларды тиісті конверттерге салады;
223. Апелляция кезеңі аяқталғаннан кейін, апелляциялық комиссиясының төрағасы есеп дайындайды және оған:
-
апелляцияға берілген өтініштерді тіркеу парағын (Е-19, Е-31 нысан);
-
апелляцияға өтініштерді (Е-29, Е-30);
-
апелляция бойынша балл қосылған бітірушілердің сұрақ
кітапшаларын;
-
апелляцияға қатысқан бітірушілердің жауап парақтарының
көшірмесін;
-
бітірушілердің жауаптарын талдау карталарын;
-
апелляцияға берілген өтініштердің тізілімін (соңғы нұсқасын);
-
әрбір лек бойынша апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын;
-
апелляцияны есепке алғандағы ҰБТ қорытындысының емтихан ведомостарын қосымша тіркеуі керек.
224. Апелляциялық комиссияның есебі төмендегі нысандағы комиссия мүшелерінің жеке есептерінен тұрады:
Пән бойынша апелляция есебі ____________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________ Лек № ____
Ескерту: Тек балл қосылған тест тапсырмалары ғана көрсетілуі керек. Жауап парағында ақау болған жағдайда «Балл тағайындауға негіздеме» бағанына: «Фрагмент жетіспейді», «Парақтың ақауы бар», «Нашар боялған» жазуларының біреуі енгізіледі
Қолы ____________________
Комиссия төрағасының қолы __________________
|
Достарыңызбен бөлісу: |