179. Министрлік өкілі лектің жауап парақтарын сәйкестендіру процесі аяқталғаннан кейін ҰТО-ға хабарлайды.
180. ҰТО Министрлік өкіліне парольді айтып, дұрыс жауаптар кодының файлын телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жібереді.
181. Дұрыс жауаптар коды жауап парақтары сәйкестендірілгеннен кейін мемлекеттік комиссияның төрағасы және ҚР ҰҚК өкілімен бірлесіп үш парольдің көмегімен ашылады: мемлекеттік комиссия төрағасының паролі, ҚР ҰҚК өкілінің паролі және Министрлік өкілінің паролі (ҰТО-дан алынады);
182. Дұрыс жауаптар коды (Е-17 нысан) екі данада басылып, біреуі көпшіліктің назары үшін ілінеді, ал екіншісі апелляциялық комиссияға беріледі.
183. Жұмыстарды бағалау жүргізіледі және апелляцияны есепке алмағандағы төрт дана емтихан ведомосы басылып шығарылады:
-
бірінші данасы көпшіліктің назары үшін ілінеді;
-
екіншісі – Министрлік өкілі үшін;
-
үшіншісі – апелляция төрағасы үшін;
-
төртіншісі – ҰБТӨП-те қалады.
37. Лектің жабылуы
184. Ағымдағы лекті осы лек бойынша апелляция жабылғаннан кейін ғана жабуға болады. Алдыңғы лектен бұрынғы лек жабылмай, келесі лек ашылмайды. Бір уақытта тек екі ғана лек ашылуы мүмкін (1 және 2, 2 және 3, 3 және 4).
185. Барлық аудиториялар бойынша отырғызу тізімі емтиханнан бір күні бұрын кешке беріледі.
186. Министрлік программисі ҰТО-дан телефон арқылы парольді алады.
187. Отырғызу тізімі отыру орнының нөмірі бойынша реттелген. Бітіруші орнының нөмірі отырғызу парағын шығару кезде кездейсоқ анықталады. Бұл рәсім тек қана 1 рет орындалады.
39. Апелляция өткізу
188. Апелляцияға түскен өтініштерді қарастыру мақсатында әрбір ҰБТӨП-те апелляциялық комиссия құрылады.
189. Апелляциялық комиссияның құрамы тестіленетін пәндер бойынша орта мектеп мұғалімдерінен және апелляцияға өтініш қабылдауды жүзеге асыратын техникалық хатшылардын құрылады.
190. Апелляциялық комиссияның төрағасы Білім және ғылым министрімен, ал құрамы облыстық, Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларымен бекітіледі.
191. Апелляциялық комиссия бітірушілерден өтініш қабылдайды және қарастырады, бітірушіге тест тапсырмасының мазмұны бойынша балл қосу туралы Республикалық комиссияға ұсыныс жасайды және бітірушіні апелляцияның қорытындысы жөнінде хабардар етеді.
192. Апелляциялық комиссия өз жұмысында Ереже және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
193. Апелляциялық комиссияның жұмысы үшін столдармен, оқу тақтасымен, бормен, т.б. жабдықталған жеке бөлме бөлінеді.
194. Апелляциялық комиссияның жұмысы келесі кезеңнен тұрады:
-
апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны бойынша берілген өтініштерді қабылдау;
-
тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға берілген өтініштерді ДБ-ға енгізу;
-
апелляцияға техникалық себептерге байланысты берілген өтініштер қабылдау;
-
техникалық себептерге байланысты апелляцияға берілген өтініштерді ДБ-ға енгізу;
-
апелляциялық комиссия үшін қажетті құжаттарды басып шығару;
-
апелляциялық комиссияның отырысы;
-
апелляция бойынша шешім қабылдау және республикалық комиссиямен байланыс жасау;
-
апелляциялық комиссияның шешімін енгізу;
-
апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын басып шығару.
195. Жұмыс уақытында апелляциялық комиссия мынадай құжаттарды қолданады:
1) апелляция өтініштерін тіркеу парағы (Е-19, Е-31 нысан);
2) апелляцияға берілген өтініштер тізілімі (Е-20 нысан);
-
бітірушінің жауаптарын талдау картасы (Е-21 нысан), жауап парағы және сұрақ кітапшасы;
-
апелляцияны есепке алмағандағы ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосы (Е-18-нысан);
-
дұрыс жауаптар коды.
40. Апелляцияға өтініштер қабылдау
195-1. Апелляциялық комиссия төрағасы апелляцияға өтініштер қабылдауды ұйымдастырады.
196. Бітіруші өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына береді және өтініш бір күнтізбелік күнде апелляциялық комиссиямен қарастырылады.
197. Бітірушінің өтініші апелляцияға өтініштерді тіркеу парағына тіркеледі (Е-19, Е-31 нысандары).
197-1. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша және техникалық себептерге байланысты апелляцияға берілген өтініштерді Министрлік программисі ДБ-ға енгізеді.
41. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша өтініштерді қабылдау
198. Бітірушіден тест тапсырмаларының мазмұны бойынша өтініш тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін қабылданады (Е-29 нысан).
198-1. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша өтініштерді пән мұғалімдері қабылдайды.
199. алынып тасталсын.
42. Техникалық себептерге байланысты өтініштер қабылдау
200. Бітіруші техникалық себептерге байланысты апелляцияға өтінішті тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін береді (Е-30 нысан).
200-1. Техникалық себептерге байланысты өтініштерді техникалық жұмысшылар қабылдайды.
201. алынып тасталсын.
43. Апелляциялық комиссияның отырысына дайындық
202. Министрлік программисі апелляциялық комиссияға бітірушілердің жауаптарын талдау картасы (Е-21- нысан) мен апелляцияға берілген өтініштер тізілімін (Е-20-нысан) береді.
203. Министрлік өкілі жауап парағының көшірмесі мен оның түпнұсқасындағы ақпараттың сәйкестігін бақылау үшін бітірушілердің жауап парақтарының түпнұсқаларының көшірмелерін алады.
204. Министрлік өкілі апелляциялық комиссияның төрағасына акт бойынша:
1) апелляцияға өтініш берген бітірушілердің жауап парақтарын (көшірмесін алғаннан кейін);
2) дұрыс жауаптар кодын;
3) апелляцияға өтініш берген бітірушілердің сұрақ кітапшаларын;
4) бітірушілердің жауаптарын талдау карталарын;
5) бітірушілердің апелляцияға берген өтініштерін (Е-29, Е-30 нысан);
-
апелляцияға берілген өтініштердің тізілімін;
-
апелляцияны есепке алмағандағы емтихан ведомосын береді.
Достарыңызбен бөлісу: |