Қазақстан Республикасы


Тестілеу нәтижелерін өңдеу



бет10/13
Дата16.01.2017
өлшемі0.63 Mb.
#237
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

34. Тестілеу нәтижелерін өңдеу




161. Бітірушілердің жауап парақтарын сканерден өткізу мынадай тәртіппен жүргізіледі:


  1. Министрлік өкілі жауап парақтары салынған конверттерді сканерден өткізу үшін Министрлік программисіне береді. Конвертте толтырылған және толтырылмаған жауап парақтары болуы қажет. Толтырылған және толтырылмаған жауап парақтарының барлығы да сканерден өтеді. Жауап парақтары әрбір аудитория бойынша екі рет сканерден өткізіледі.

Ескерту: Тестілеу уақытында аудиториядан тәртіп бұзғандығына байланысты шығарылған бітірушілердің жауап парақтары мен кейбір ерекше жағдайларда акт жасалынып жаңа жауап парақтарына ауыстырылған бүлінген жауап парақтары сканерден өткізілмейді.

  1. Министрлік программисі сканерден өткізуді аяқтағаннан кейін, жауап

парақтарын конвертке салады. Кезекті аудиторияның жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейін, жауап парағын сәйкестендіру хаттамасы (К-16 нысаны) беріледі.

  1. Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия парақтарды сәйкестендіруге кіріседі, ал программист келесі аудиторияның жауап парақтарын сканерден өткізеді.

162. Егер жауап парағы:

1) осы аудиторияға бөлінген жауап парақтарының тізімінде болса;

2) ондағы ТЖК өтініш бланкісіндегі ТЖК-мен сәйкес келсе;

3) ондағы орын нөмірі отырғызу парағындағы орын нөмірімен сәйкес келсе автоматты сәйкестендірілген болып табылады;

4) алынып тасталды.

163. Басқа жағдайда, сәйкестендіру үшін жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасына түседі.

164. Егер жауап парағы:


  1. осы аудиторияға бөлінген жауап парағының тізімінде болса;

  2. ондағы ТЖК коды өтініш бланкісіндегі ТЖК-мен сәйкес келсе;

  3. комиссия нақты орынын, нұсқаның нөмірін және таңдауы бойынша пәнді көрсетсе визуалды сәйкестендірілген болып табылады.

165. Басқа кез-келген жағдайда, жауап парағы тағы да сәйкестендіру хаттамасына түседі.

166. Комиссия жұмысының негізгі уақыты отырғызу орны мен нұсқалардың нөмірлерін түзетуге кетеді, сондықтан аудиториялар бойынша кезекшілердің бітірушілерді тиісті орындарына отырғызып және сұрақ кітапшаларын дұрыс таратуы өте маңызды.

167. Жауап парақтарын сәйкестендіру үшін:


  1. отырғызу парағы;

  2. алынып тасталды.

  3. бітірушілердің жауап парақтары;

  4. бітірушілердің сұрақтар кітапшалары;

  5. жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасы қажет.


35. Жауап парақтарын қарап сәйкестендіру



168. Сәйкестендірудің мәні тестілеу нәтижелерін өңдеу үшін бітірушілер туралы барлық қажетті деректерді анықтау болып табылады. Ол үшін жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасында:

  1. жоғарғы кестеден әрбір бітіруші үшін оған тиісті жауап парақтарын қарап белгілейді;

  2. төменгі кестеден әрбір жауап парақтары үшін бітірушіге тиісті деректерді қарап белгілейді.

169. Осы аудиториялар бойынша жауап парақтары мен сұрақ кітапшаларының арасынан сәйкестендірілмеген жауап парақтары мен оларға сәйкес сұрақ кітапшаларын іріктеп алу керек.

170. Әрбір жауап парағын оған тиісті сұрақ кітапшасының ішіне салып және сұрақ кітапшасының мұқабасына осы жауап парағының нөмірін жазып қою керек.

171. Салынған жауап парағы мен сұрақ кітапшасы және толтырылмаған жауап парақтары төменгі кестеде келтірілген тәртіп бойынша салынуы қажет.

172. Жоғарғы кестедегі сәйкестікті белгілеу. Жоғарғы кестенің әрбір жолдары үшін бітірушінің тегі, аты, әкесінің аты бойынша оған тиісті жауап парағын табу керек. Содан соң «жауап парағының №» деген бағанға оның нөмірі жазылады.

173. Төменгі кестемен жұмыс (Е-16 нысан). Бітіруші жауап парағын толтыру кезінде қате жіберілген төмендегі секторлар қою сызықпен қоршалады:


  1. Аты-жөні. Сәйкестендіру үшін төменгі кестенің өңделетін жолында көрсетілген жауап парағын алып, ондағы бітірушінің қолымен жазылған тегін, атын, әкесінің атын «жауап парағындағы тегі, аты, әкесінің аты» бағанына түсіру керек;

  2. ТЖК коды мен орын нөмірі. Сәйкестендіру үшін отырғызу парағын алып, ондағы осы бітірушінің тегі, аты, әкесінің аты мен оған тиісті ТЖК кодын тауып, «ТЖК дұрыс коды» бағанына және сұрақ кітапшасынан оның орнының нөмірін анықтап «Дұрыс орнының №» бағанына жазу керек.

  3. Нұсқа. Сәйкестендіру үшін бітірушінің сұрақ кітапшасын алып, ондағы нұсқаны «сұрақ кітапшасындағы нұсқа №» деген бағанға түсіру керек.

  4. таңдауы бойынша пән. Сәйкестендіру үшін бітірушінің сұрақ кітапшасын алып, ондағы таңдауы бойынша көрсеткен пәннің атын «сұрақ кітапшасындағы таңдауы бойынша пән» деген бағанға жазу керек.

174. Осы қателіктер түзетілгеннен кейін «Шешім» бағанына «Түзетілсін» деп жазылуы керек.

175. Егер аудиторияға қосымша бітіруші отырғызылса, жүйе оның тегінаты-жөнін осы аудитория үшін бөлінген бітірушілердің тізімінен таба алмайды. Сондықтан бітірушінің аты-жөні жоғарғы кестеде жоқ болғандығына қарамастан, оның жауап парағы төменгі кестеде белгіленеді. Отырғызу парағы тексеріліп, бұл бітіруші қосымша отырғызылған ретінде белгіленеді де, «Шешім» деген бағанына «Қосымша отырғызылған» деп жазылады.

176. Егер берілген аудиторияға бөлінген жауап парағының тізімінде жоқ жауап парағы табылса, бұл бітірушінің жұмысы бағаланбайды және оның нәтижесі емтихан ведомосында көрсетілмейді. «Шешім» деген бағанға «Бөтен жауап парағы» деп жазылады.

176-1. Бір аудиторияға бөлінген нұсқалар санынан бірдей нұсқалар саны көп болған жағдайда нұсқаларды сәйкестендіру жүргізіледі (Е-16-3 нысан).

177. Толтырылған сәйкестендіру хаттамалары деректер базасына енгізілу үшін программиске беріледі.

178. алынып тасталды.
35-1. Қайта сәйкестендіру
178-1. «Министрлік программисі» АЖО-сында сәйкестендіру хаттамасын толтырып қойғаннан кейін тексерушілердің тарапынан жіберілген қателіктер табылған жағдайда, жауап парақтары қайтадан сканерден өткізіледі. Қайта сканерлеу ҰТО-мен келісіп, пароль алғаннан кейін іске асырылады.

178-2. Қайта сәйкестендіру келесі:


  1. ТЖК қате түзетілген;

  2. Нұсқа қате түзетілген;

  3. Таңдауы бойынша пән қате түзетілген жағдайларда жүргізіледі.

178-3. Қайта сәйкестендірудің мәні тестілеу нәтижелерін өңдеу үшін

бітірушілер туралы барлық қажетті деректерді анықтау болып табылады (Е-16-2 нысан).


Каталог: files -> loader
loader -> 9-сыныптар оқушыларының ожсб-ға дайындық деңгейі туралы ақпарат 28. 10. 2013 ж. Тексеріс мақсаты
loader -> Отбасы тарихы
loader -> «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі» «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
loader -> Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы орындағАН: Досанова Г. К
loader -> Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу тәрбие үрдісін жетілдіру
loader -> Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»
loader -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ айтыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нұржан мен Сапарғали айтысы мен танысу
loader -> 1. Жалпы ережелер
loader -> Қазақстан тарихы, 11 сынып 6-сынып сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы