Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №384 қаулысы Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы



Дата15.04.2017
өлшемі127.5 Kb.
#7844
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 30 наурыздағы № 384 қаулысы

Патронаттық тәрбие туралы

ережені бекіту туралы

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 133-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Патронаттық тәрбие туралы ереже бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген




Патронаттық тәрбие туралы

ереже

1. Жалпы ережелер
1. Осы Патронаттық тәрбие туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген.

2. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы балаларға (бұдан әрі – бала (балалар)) белгіленеді.

3. Патронат тәрбиеші – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – орган) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың негізінде баланы (балаларды), оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдағы баланы (балаларды) тәрбиелеуге берген адам.

4. Жеке адамдардың қорғаншылығында (қамқоршылығында) болмаған бала (балалар) патронаттық тәрбиеге беріледі.

5. Патронат тәрбиешіге тәрбиелеуге берілетін балалардың жалпы саны бір отбасының балаларына байланысты жағдайларды қоспағанда, үш баладан аспайды.

6. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру отбасылық тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін баланың (балалардың) мүдделеріне сүйене отырып жүзеге асырылады.

7. Орган баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларына бақылауды жүзеге асырады, патронат тәрбиешілердің қызметін талдайды.
2. Балаларды патронаттық тәрбиеге беруді ұйымдастыру
8. Патронат тәрбиешілерді іріктеуді орган жүзеге асырады.

9. Мыналарды:

1) туған ата-аналарды;

2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп таныған адамдарды;

3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

4) өзіне Кодексте жүктелген мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерін орындаудан шеттетiлгендердi;

5) егер бала асырап алуды сот олардың кiнәсi бойынша жойса, бұрынғы асырап алушыларды;

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар тізбесіне сәйкес аурулары болған кезде, денсаулық жағдайы бойынша баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерді орындамайтын адамдарды;

7) жүгіну кезінде өтелмеген соттылығы бар адамдарды;

8) жүгіну кезінде тұрақты тұрғылықты жері, сондай-ақ баланың (балалардың) тұруы үшін жарамды тұрғын үй-жайы жоқ адамдарды;

9) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда, педагог қызметкерлердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін тек кәмелетке толған ерлер және әйелдер патронат тәрбиешілер болып табылады.

10. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адам органға мынадай құжаттар:

1) патронат тәрбиеші болуға тілек білдіргені туралы өтінішті;

2) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізу туралы өтінішті;

3) егер баланың (балалардың) патронат тәрбиешiсі болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұратын болса, зайыбының (жұбайының) келiсiмiн;

4) патронат тәрбиешi болуға тілек білдірген адамның денсаулық жағдайы туралы анықтаманы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;

5) егер патронат тәрбиешi болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұратын болса, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы анықтаманы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;

6) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек бідірген адамның, сондай-ақ патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген адам некеде тұратын болса, зайыбының (жұбайының) сотталмағандығы туралы мәліметтерді ұсынады.

11. Орган осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде, баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адамның құқығын тексереді және қорытындысы бойынша шартты жасасу не жасасудан бас тарту туралы шешім шығарады.

Шартты жасасудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, орган баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адамға дәлелді жауапты жазбаша түрде бес жұмыс күні ішінде ұсынады және оған құжаттарды қайтарады.

Органның шартты жасасудан бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сот органдарына шағымдануға болады.

12. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге анықтау кезiнде орган оның этникалық шығу тегін, белгілі бір дінге және мәдениетке қатыстылығын, ана тілін, тәрбиелеу мен оқытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып, баланың мүддесiн басшылыққа алады.



13. Баланы (балаларды) шарт бойынша беру үшін оны алдын ала таңдауды органмен және баланы күтіп-бағатын ұйым әкімшілігінің келісімі бойынша баланы отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады.

Ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді-қарындастарды ажыратуға, бұл балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.

14. Он жасқа толған баланы (балаларды) патронат тәрбиешілерге беру оның келісімімен ғана жүзеге асырылады.

15. Балаға (балаларға) патронат тәрбиешіні тағайындау кезінде патронат тәрбиешінің адамгершілік және жеке басының өзге де қасиеттері, оның патронат тәрбиеші міндеттерін орындауға қабілеті, патронат тәрбиеші мен бала (балалар) арасындағы қарым-қатынас, патронат тәрбиешінің отбасы мүшелерінің балаға (балаларға) қарым-қатынасы, сондай-ақ мүмкін болса, баланың (балалардың) өз тілегі ескеріледі.

16. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиешi) мен орган арасында жасалатын шарт:

1) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын;


2) патронат тәрбиешiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн;
3) органның патронат тәрбиешiлерге қатысты мiндеттерiн;
4) шартты тоқтатудың негiздерi мен салдарын көздейді.

Патронаттық тәрбиеге берілген әрбір балаға (балаларға) жеке (дербес) шарт осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда баланың (балалардың) отбасыда болу мерзімін ұзарту жаңа шарттың негізінде жүргізіледі.

17. Бала (балалар) патронаттық тәрбиеге берілетін ұйым:

1) осы ұйымның тәрбиеленушісі болып табылатын баламен (балалармен) патронаттық тәрбиеге беру жөніндегі дайындық жұмысын жүргізеді;

2) оның сәтті әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді;

3) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру үшін құжаттар дайындауды жүзеге асырады;

4) патронат тәрбиешілер болуға тілек білдірген адамдарды дайындауды жүзеге асырады;

5) осы ұйымның тәрбиеленушісі болып табылатын баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беруді жүзеге асырады;

6) патронат тәрбиешіге ұйымдық-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді;

7) патронаттық тәрбиеге берілген балаларды есепке алуды жүргізеді.

18. Патронат тәрбиешiлерге берiлген әрбiр балаға (балаларға) орган:

1) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгiн;

2) № 026/е нысанды медициналық құжаттаманы, егу паспортын және № 063/е нысанды медициналық құжаттаманы;

3) бiлiмi туралы құжатты;

4) баланың (балалардың) ата-ана қамқорлығынан айырылғанын растайтын қайтыс болуы туралы куәлiктің, сот үкiмiнің немесе шешiмiнің, ата-анасының сырқаттануы немесе iздестiрiлуi туралы анықтаманың және басқа да құжаттардың көшірмелерін;

5) аға-iнiлерiнің және апа-сiңлiлерiнің-қарындастарының болуы және тұратын жерлерi туралы ақпаратты;

6) балаға (балаларға) тиесілі мүліктің тізімдемесін және оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтерді;

7) балада (балаларда) тұрғын үй-жайдың болуын растайтын құжатты;

8) баланың (балалардың) жеке ісінде бар өзге құжаттар береді.

19. Осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген құжаттар шарт жасасқаннан кейін патронат тәрбиешілерге тікелей беріледі.

20. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешіге беру органның шешімі негізінде және шартты жасасқаннан кейін жүзеге асырылады.

21. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру патронат тәрбиеші мен бала (балалар) арасында алименттік және мұрагерлік құқықтық қарым-қатынастардың туындауына әкеп соқпайды.

22. Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне мұрагерлік тәртібінде өтетін алименттерге, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтарына, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Баланың (балалардың) тұрғын жайы болмаған кезде Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес өзіне тұрғын жай берілуіне құқығы бар.

23. Егер баланың (балалардың) жәрдемақыға немесе өзге де әлеуметтiк төлемдерге құқығы болған жағдайда патронат тәрбиешіге аталған ақша қаражатын немесе әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыратын тиісті органдарға жүгіну тәртібі түсіндіріледі.

24. Патронат тәрбиешінің негізгі функциялары:

1) шартты орындау;

2) өз баласымен (балаларымен) бірге тұруды қамтамасыз ету;

3) баланы (балаларды) тәрбиелеу мен күтіп-бағу үшін оңтайлы жағдай жасау және ұйымдастыру;

4) баланың (балалардың) денсаулығы, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы туралы қамқорлық жасау;

5) баланың (балалардың) пікірін ескере отырып, білім беру мекемесін және оқыту нысанын таңдау;

6) баланың (балалардың) патронат тәрбиешiге берiлген құжаттарының, балаға (балаларға) тиесілі ақшалай қаражаттың және өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

7) өзінің қамқорлыққа алынушыларының басқа адамдармен қатынасындағы, оның ішінде соттарда арнайы өкiлеттiктерсiз қатынасындағы құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;

8) баланың (балалардың) демалысын ұйымдастыру;

9) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту үшін қолайсыз жағдайлар туындағаны туралы органды хабардар ету;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

25. Патронат тәрбиешіге берілген әр баланы (балаларды) күтіп-бағуға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді.

26. Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу шарттары «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес мемлекеттiк білім беру мекемелерi тәрбиешілерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарына ұқсас анықталады.

27. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органы патронат тәрбиешінің еңбегіне ақы төлеуді шарттың негізінде ақшалай қаражатты оның ағымдағы шотына ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірмей ай сайын аудару арқылы жүргізеді.

28. Патронат тәрбиешіге еңбекақы төлеудің тоқтатылуына әкеп соғатын мән-жайлар туындаған жағдайда (шарттың бұзылуы) орган бұл туралы патронат тәрбиешiге бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлайды.

29. Патронат тәрбиешілер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегінде тұрғылықты жерінің өзгергені туралы көшкен сәтінен бастап күнтізбелік он күн ішінде органды жазбаша түрде хабардар етеді.

30. Патронат тәрбиеші облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкен жағдайда шарт бұзылады.

31. Патронат тәрбиешiлер ауруханаға түскен не өзге де дәлелді себептер бойынша отбасында ұзақ уақыт болмаған жағдайда органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланы (балаларды) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа уақытша орналастыруды қамтамасыз етеді не негізгі патронат тәрбиешінің болмау уақытына басқа патронат тәрбиешімен шарт жасасады.

32. Патронат тәрбиешінің баланы (балаларды) денсаулық сақтау ұйымына уақытша орналастыруы патронат тәрбиешінің осы балаға (балаларға) қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайды.

33. Отбасында патронаттық тәрбиедегі баланы (балаларды) асырап алуға беру кезінде осы баланы (балаларды) асырап алуға басым құқық оның қалауы ескеріле отырып, өз отбасында бала (балалар) тәрбиеленіп жатқан патронат тәрбиешіге беріледі.

34. Баланы (балаларды) 16 жасқа толғанда жұмысқа орналастырған жағдайда ол кәмелетке толғанша шарттың қолданылуы жалғасады.

35. Шарт:

1) дәлелді себептері (сырқаттануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;

2) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде органның бастамасы бойынша;



3) бала (балалар) ата-анасына қайтарылған, туыстарына берілген немесе бала (балалар) асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

36. Органдар патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттеріне бақылауды Кодексте және осы Ережеде белгіленген тәртіппен патронат тәрбиешінің тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырады.

37. Патронаттық тәрбиеге берілген баланы (балаларды) тәрбиелеуге және күтіп-бағуға бақылауды органдар 6 айда кемінде 1 рет:

1) патронаттық тәрбиеге берілген балаға (балаларға) оның тәрбиелену және күтіп-бағылу жағдайларын тексеру мақсатында бару;

2) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларының, оның ішінде оңалту құралдарының уақтылы ресімделуіне және алынуына, сондай-ақ мүгедек баланың оны мақсатты пайдалануына бақылау жасау;

3) патронат тәрбиешілердің патронаттық тәрбиеге берілген баланы (балаларды) тәрбиелеу және күтіп-бағу үшін материалдық құралдарды пайдалануын тексеру түрінде жүзеге асырады.

38. Патронат тәрбиеші қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы және оны тәрбиелеу, сондай-ақ оның мүлкін басқару бойынша жұмыс туралы есептерді органға жылына кемінде бір рет ұсынады.

_________________________

Патронаттық тәрбие туралы

ережеге қосымша

Баланы (балаларды) патронаттық

тәрбиеге беру туралы шарт
_________________                        201__ж. «__» ______________ № _______ (қала, аудан)                   

      1. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 134-бабының негiзiнде әрекет ететiн қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган атынан

____________________________________________________________________
         (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

және бұдан әрi патронат тәрбиешi деп аталатын,

азамат (тар, ша)________________________________________________тұратын
                  (мекенжайы)

_________________________________________________________ азамат (тар)


   (тегi, аты, әкесiнiң аты, паспорт деректері, сериясы, №)
төмендегiлер туралы осы шартты жасасты:

Шарттың мәні

2. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган патронат тәрбиешi

____________________________________________________________________
                         (тегi, аты, әкесiнiң аты)

тәрбиелеуге, ал патронат тәрбиешi бала (балалар)

____________________________________________________________________
(баланың (балалардың) тегi, аты, әкесiнiң аты

____________________________________________________________________

тууы туралы куәлiгiнiң №, сериясы, кiм және қашан бердi)

тәрбиелеуге алады және тұруы, тәрбиеленуi мен оқуы, сондай-ақ дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуы үшiн қажеттi тұрғын үй-тұрмыстық жағдай жасауға мiндеттенедi.

10 жасқа толған бала патронаттық тәрбиеге осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын оның жазбаша келiсiмiмен берiледi.

Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

3. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның құқығы:

оқыту мен тәрбиелеудiң нысандары мен әдiстерiн ұсынады.

4. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган:

1) патронат тәрбиешілердің қызметіне бақылауды жүзеге асыруға;

2) баланы күтіп-бағуға және тәрбиелеуге, оның денсаулық жағдайына бақылауды, оның мүлкiн басқаруды жүзеге асыруға;

3) патронат тәрбиешiге мынадай құжаттарды:

туу туралы куәлiкті;

№ 026/е нысанды медициналық құжаттаманы, егу паспортын және № 063/е нысанды медициналық құжаттаманы;

бiлiмi туралы құжатты;

баланың (балалардың) ата-ана қамқорлығынан айырылғанын растайтын қайтыс болуы туралы куәлiктің, сот үкiмiнің немесе шешiмiнің, ата-анасының сырқаттануы немесе iздестiрiлуi туралы анықтаманың және басқа да құжаттардың көшірмелерін;

аға-iнiлерiнің және апа-сiңлiлерiнің-қарындастарының болуы және тұратын жерлерi туралы ақпаратты;

балаға тиесілі мүліктің тізімдемесін және оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтерді;

балада (балаларда) тұрғын үй-жайдың болуын растайтын құжатты;

алименттердi өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн, сондай-ақ жәрдемақыға, зейнетақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын растайтын құжаттарды;

банк мекемесiнде баланың (балалардың) атына ашылған есепшоттың болуы туралы құжатты;

баланың (балалардың) жеке ісіндегі өзге де құжаттарды тапсыруға;

4) патронат тәрбиешілердің әрекеттеріне шағымдарды қарауға міндетті.

5. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бiлiм беруді басқару органдары арқылы ай сайын, ағымдағы айдың 25-күнінен кешiктiрмей, патронат тәрбиешiнiң ағымдағы шоттарына патронат тәрбиешінің еңбекақысын, сондай-ақ баланы күтіп-бағуға кететін қаражатты қамтитын ақшалай қаражатты аударуға мiндеттенедi.

6. Патронат тәрбиешi:

1) баланың (балалардың) пiкiрi мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органының ұсынымдарын ескере отырып, оны (оларды) тәрбиелеудiң тәсiлдерiн айқындауға;

2) бiлiм беру мекемесін және оқыту нысанын таңдауға құқылы.

7. Патронат тәрбиеші:

1) баламен (балалармен) бірге тұруын қамтамасыз етуге;

2) баланың (балалардың) тиiстi бiлiм алуы үшін жағдайлар қамтамасыз етуге;

3) баланы (балаларды) тәрбиелеуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның денсаулығына, дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуына қамқорлық жасауға;

  4) баланың (балалардың) патронат тәрбиешiге берiлген құжаттарының, балаға (балаларға) тиесілі ақшалай қаражаттың және өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;

5) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім алуы үшін қолайсыз жағдай туындағаны туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органды хабардар етуге;

6) өзінің қамқорлыққа алынушыларының басқа адамдармен қатынасындағы, оның ішінде соттарда арнайы өкiлеттiктерсiз құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.


Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу
7. Осы шарт:

1) дәлелдi себептер болған жағдайда (сырқаттану, баламен (балалармен) өзара түсiнушiлiк болмағанда, отбасылық немесе мүлiктiк жағдайы өзгергенде); патронат тәрбиешiнiң (патронат отбасының) бастамасы бойынша;
2) патронат тәрбиешiде (патронат отбасында) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оған бiлiм беру үшiн қолайсыз жағдайлар немесе баланы (балаларды) ата-аналарына қайтарған немесе баланы (балаларды) асырап алған жағдайда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылу мүмкін.


Қорытынды ережелер
8. Осы шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде екi данада жасалды, олардың әрқайсысының заңды күшi бар.

9. Осы шарт _______________________ мерзiмге жасалған және қол қойылған сәтiнен бастап күшіне енеді.

10. Осы шарттың қолданылу мерзiмi тараптардың өзара келiсiмi бойынша оның аяқталуына дейiн _____________________ бұрын ұзартылуы мүмкiн.

11. Осы шарттың талаптары орындалмаған кезде оны тараптар бұзуға құқылы (шарттың бұзылу жағдайын көрсету).

12. Осы шартты орындау үдерісінде тараптар арасында туындайтын дауларды тараптар келiсiлген шешiмдi әзiрлеу мақсатында олар туындағаннан кейiн ___________________ мерзiмде қарайды, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда шешу үшiн сотқа берiледi.

Қорғаншылық немесе қамқоршылық Патронат тәрбиешi

жөніндегі функцияларды (патронат отбасы)

жүзеге асыратын орган

_____________________________ ____________________________
(заңды мекенжайы, есепшоты) (тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың №)
_____________________________
    (тегi, лауазымы)

қолы ________________________ қолы ______________



М.О.

_________________________
Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files -> Zakony
files -> Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидалары Жалпы ережелер
files -> «Сенім телефонының» жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер
files -> Математикалық анализ I
files -> Отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің үлгілік қағидалары Негізгі ережелер
files -> Биология (ботаника)
Zakony -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №386 қаулысы
Zakony -> Утверждены


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы