Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі

Loading...


Pdf көрінісі
бет9/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

7-Модуль Ақпарат жəне ақпараттану
7.1. Лексикалық тақырып: Ақпарат
 Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлемдер жəне 
олардың байланысу жолдары.
 
Теориялық блок. Салалас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы 
жай  сөйлемдер  өзара  екі  түрлі  жолмен  байланысады:  көбіне 
жалғаулық  шылаулар  арқылы  немесе  интонация  арқылы.  Сала-
лас  құрмалас  сөйлемдердің  келесідей  түрі  бары:  ыңғайлас  сала-
лас, қарсылықты салалас, себеп-салдар салалас, кезектес салалас, 
талғаулы  салалас,  түсіндірмелі  салалас  сөйлемдер.  Ыңғайлас  са-
лалас  сөйлемдердің  құрамындағы  жай  сөйлемдер  өзара  жəне,  əрі, 
да,  де,  та,  те  жалғаулық  шылаулары  арқылы  байланысады.  Мы-
салы,  Кеше  күн  суық  болды,  əрі  қар  аралас  жаңбыр  жауды.  Виру-
стар  компьютерге  еніп  алады  да,  біртіндеп  файлдарды  бүлдіре 
бас тайды. Бүгін мəжіліске те қатыстық, гала концертке де бардық. 
Конференцияның пленарлық мəжілісіне қатысқандардың ішінде ми-
нистр, бір-екі депутат бар жəне шетелден біраз ғалымдар келіпті. 
Тəжірибелік блок
371-тапсырма.  Берілген  ыңғайлас  салалас  сөйлемдердің  қалай 
байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Ғаламторды  көбіне  жастар  қолданады  жəне  ғылыми-зерттеу 
жұмысымен  айналысатындар  пайдаланады. 2. Қазіргі  кезде  ком-
пьютермен  модельдеу  жəне  талдау  имитациялық  модельдерді 
қолдануға  негізделген  ақпараттанудың  қарқынды  дамып  келе 
жатқан  бағыты  болып  табылады  жəне  экономикада,  өнеркəсіпте, 
экологияда,  қойнауларды  пайдалануда  жəне  басқа  да  адам  қызмет 
ететін  салаларда  кеңінен  қолданылады. 3. Физикалық  табиғаты 
əртүрлі объектілерді модельдеу ғылыми танымның бір тəсілі болып 
табылады да, модельдерді құру үрдісінің негізгі заңдылықтары та-
ным теорияларының əртүрлі бөлімдерінде зерттеледі. 4. Модельдеу 
əдістері  басқару  теориясы  негізінде  жатыр  жəне  осы  ғылымның 
қолданбалы бөлімдерінде кеңінен пайдаланылады. 5. Олардың бірі 
үздіксіз əрекетті болады да, екіншісі дискретті бола алады. 6. Модель-

103
 
деу қоршаған болмысты зерттеудің негізгі əдістерінің бірі саналады, 
əрі  барлық  мамандардың  ғылыми  жəне  практикалық  қызметіндегі 
құрал  болып  табылады. 7. Модельдеудің  мақсаты  қасиеттері  мен 
сипаттамаларын зерделеу, əрі жобаланатын жəне нақты жүйелердің 
тəртібін болжау. 
372-тапсырма.  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. Ақыл жастан шығады, асыл  тастан шығады. 2. Мəліктің əкесі 
инженер болатын да, ол да инженер мамандығын алыпты. 3. Кей бір 
металдар табиғатта  өте  аз  жəне  таза  түрінде  сирек  кез  деседі. 
4. Дирек тордың орын  басары сту денттерді заводтағы тəлім герге апа-
рып тапсырды да, өзі бірер сағаттан кейін қайтып кетті. 5. Дербес 
компьютердің  негізгі  құрылғылары  деректерді  өңдейді,  əрі  электр 
тогының  қосылуын  қамтамасыз  етеді. 6. Академиялық  ұтқырлық 
бағдарламасы  бойынша  біздің  студенттердің  шетелде  оқуларына 
мүмкіндік бар жəне шетелдік студенттер біздің елге келіп білім алу-
ларына болады. 
373-тапсырма.  Жалғаулық  шылаулар  арқылы  байланысқан 
бірнеше ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
374-тапсырма.  Өзара  интонация  арқылы  байланысқан  бірнеше 
салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 
375-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
маңызды – важный
тасушы – переносящий
ақпарат – информация
жеткізуші – поставщик
адамзат – человечество
көзі – источник
қоршаған – окружающий
бейнелеу – изобразить
 
376-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мазмұнын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Ақпарат
Бізді қоршаған əлемнің ең маңызды мəні зат, энергия мен ақпарат 
болып  табылады.  Өсімдіктердің,  жануарлардың,  адам  мен  жалпы 
адамзат  қоғамының  өмірінде  зат  пен  энергия  сияқты  ақпараттың 

104
да  мəні  өте  зор.  Əдетте  кітаптардан,  газет  мақалаларынан  немесе 
берілген жаңалықтардан алынған мəліметтерді ақпарат деп атаймыз. 
Күрделі  биологиялық  молекулалардың  құрылымында  да  ақпарат 
бар,  радиосигналдар  мен  кілт  рельефінде  сақталатын  мəліметтер 
де ақпарат болып саналады. Бұл ұғымды тек материалдық ақпарат 
тасушы,  ақпарат  көзі  деп  те,  ақпарат  жеткізуші,  оны  қабылдаушы 
арасындағы  байланыс  арнасы  деп  те  пайымдауға  болады.  Ақпарат 
ұғымы  барлық  салаларда:  философияда,  жаратылыстану  мен 
гуманитарлық  ғылымдарда,  биологияда,  медицина  мен  физио-
логияда  қолданылады,  адам  мен  жануарлар  психологиясында, 
əлеуметтануда,  өнерде,  техникада,  экономикада  жəне  күнделікті 
өмірде де пайдаланылады.
  Бір  сөзбен  айтқанда,  ақпарат – бұл  бізді  қоршаған  əлемді  
таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу.
  
377-тапсырма.  Берілген  сөздерді  дəптерге  жазып,  есте 
сақтаңыздар.
 1. Əлем. 2. Əлеуметтану. 3.Қоғам. 4. Мəлімет. 5. Қабылдаушы. 
6.Таңба. 7. Жеткізуші. 8.Тасушы. 
378-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерімен  ыңғайлас  салалас 
құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1. Маңызды ақпарат. 2. Ақпарат ұғымы. 3. Ақпарат қабылдаушы. 
4.  Ақпарат  тасушы. 5. Ақпаратты  өңдеу. 6. Ақпаратты  сақтау. 
7. Қор                    шаған əлем. 8. Байланыс арнасы. 9. Ақпарат көзі.
379-тапсырма. Мəтіннен зат есімдерді теріп жазып, олармен са-
лалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 Үлгі: Өсімдік. Өсімдіктер де ақпарат таратушылар болып табы-
лады.
380-тапсырма.  Мəтіннің  ішінен  салалас  құрмалас  сөйлемдерді 
анықтап, байланысу жолын түсіндіріңіздер.
381-тапсырма.  Мына  сөйлемдерден  сұраулы  сөйлемдер 
жасаңыздар.

105
 
 1. Зат  пен  энергия  сияқты  ақпараттың  да  мəні  өте  зор. 2. Біз-
ді қоршаған əлемнің ең маңызды мəні энергия мен ақпарат. 3. Ақ-
парат  бұл  тек  кітаптардан,  газет  мақалаларынан  немесе  берілген 
жаңалықтардан  алынған  мəлімет. 4. Ақпарат  барлық  салаларда 
пайдаланылады. 5. Ақпарат – бізді  қоршаған  əлемді  таңбалар  мен 
сигналдардың көмегімен бейнелеу.
382-тапсырмаМəтіннен ”Ақпарат“ сөзі тіркесе алатын сөздерді 
теріп алып, тор көздерге орналастырыңыздар.
                          
 
ȺԔɉȺɊȺɌ 
 
 
 
ɤԧɡɿ 
 
 
 
383-тапсырма.  Мəтіннен  септік  жалғаулы  сөздерді  теріп  жа-
зып, жасалу жолын түсіндіріңіздер. Олармен сөз тіркестерін құрас-
тырыңыздар. 
Үлгі:  ақпараттың – ақпарат + тың (-тың-)  ілік  септік  жалғауы, 
сөздің  негізі  қатаң  т  дыбысына  аяқталғандықтан, -тың  жалғауы 
жалғанады. – Ақпараттың маңызы.
384-тапсырма.  Мəтіннен  тəуелдік  жалғаулы  сөздерді  теріп 
алып,  жасалу  жолын  түсіндіріңіздер  жəне  олармен  сөз  тіркестерін 
құрастырыңыздар. 
 Үлгі: ұғымы – ұғым + ы (-ы- тəуелдік жалғауы, 3 жақ). – Ақпарат
ұғымы.
385-тапсырма.  Кестеге  өздеріңіз  алған  ақпараттарды  жəне 
ақпарат көздерін жазыңыздар.

106
Ақпарат
Ақпарат көздері
1. Internet бүкіл əлеммен 
байланысты. 
Информатика сабағы
2. Қосылғыштардың орнын 
ауыстыру қосындыны өзгертпейді.
3.
Қазақ тілі оқулығы
4. Дербес компьютерде суланған 
қолмен жұмыс істеуге болмайды. 
5.
Теледидар
6.
 386-тапсырма. Төмендегі сөздерді 3  жақта тəуелдеңіздер.
 Үлгі: Менің затым                                 Біздің заттарымыз
 Сенің затың                                           Сендердің заттарың
 Сіздің затыңыз                                      Сіздердің заттарыңыз
 Оның заты                                             Олардың заттары
 
1. Ақпарат. 2. Өмір. 3. Мəлімет. 4. Таңба. 5. Қоғам.
387-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
388-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
389-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер.  Əр  абзацқа  тақырып  беріп,  мазмұнын  қосымша  ақ-
паратпен толықтырыңыздар.
390-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
ақпарат  ұғымы  қолданылатын  барлық  салалар  жайында  өзара 
əңгімелеcіңіздер.
1. Ақпарат дегеніміз не?
2. Ақпаратты қайдан аламыз?
3. Ақпарат ұғымы қандай салаларда кездеседі?
4. Ақпарат туралы тағы не білесіздер?

107
 
391-тапсырма.  Мына  жағдаят  бойынша  сұхбат  құрастырып, 
рөлге бөліп ойнаңыздар.
                       
392-тапсырма. «Ақпараттың техника ғылымдары жəне техноло-
гиялар саласындағы маңызы» тақырыбында өзара ой бөлісіңіздер.
393 - тапсырма. Адам ақпаратты қалай жəне қайда сақтайтыны 
туралы өз сөздеріңізбен баяндап беріңіздер.
394-тапсырма. «Ақпараттың адам өміріндегі мəні» тақырыбына 
эссе жазыңыздар.
395-тапсырма«Ақпараттық модель» сөзжұмбағын шешіңіздер.
 







1































2


1



3
























4







2





5


















6


3











































7




































4












108
Көлденеңінен:  1.  Ақпараттық  модель - _______ мен  олардың 
арасындағы  қатынастарды  математикалық  жəне  программалық 
тəсілдермен  ұсыну  2.  Барлық  моделдердің  бейнелігі  негізінен  үш 
топқа бөлінеді. Олар материалдық (табиғи) модельдер, бейнеленуші 
модельдер жəне ______ модельдер. 3. Материалдық (табиғи) модель-
дер - объектінің сыртқы түрін, құрылымын, жағдайын бейнелейтін 
кішірейтілген / ұлғайтылған _______4.  Ақпараттық  модель - 
тұтастық ______ жиынтығы.
Тігінен:  1.  Негізінен        ақпараттық    модельдер  қайда  қарас-
тыры   лады. 2. Ақпараттық модельге не жатады. 3. Модель - заттың 
кішірейтілген / ұлғайтылған  түрдегі ______і  4.  Ақпараттық 
модельдердің,  басқа  да  ақпарат  түрлері  сияқты,  өзіндік _______сы 
болуы  керек.  5.  Ақ параттық  модельдің  өзіндік  тасымалдаушы-
сы.  6.  Геометриялық  нүктелер,  математикалық  маятник,  идеал  газ, 
шексіздік қандай модельге жатады? 7. Табиғат пен қоғамдағы қандай 
да бір процесстің / құбылыстың бейнесі, сипаттамасы жəне схемасы.
7.2. Лексикалық тақырып: Ақпарат түрлері
  Грамматикалық  тақырып:  Қарсылықты  салалас  сөйлемдер 
жəне олардың байланысу жолдары.
 
Теориялық  блок.  Қарсылықты салалас сөйлемдердің құрамын-
дағы жай сөйлемдер өзара тең дəрежеде, бірақ мағыналары қарама-
қарсы  болады.  Қарсылықты  салалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай  сөйлемдер  өзара  дегенмен,  бірақ,  сонда  да,  сөйтсе  де,  əйтсе 
де,  алайда  жалғаулық  шылаулар  арқылы  байланысады  да,  ара-
ларына  үтір  қойылады.  Егер  қарсылықты  салалас  сөйлемдердің 
құрамындағы жай сөйлемдердің арасында жалғаулық болмаса, онда 
ара  жігі  үтір  мен  сызықша  арқылы  ажыратылады.  Мысалы,  Атын 
атап шақырған дауыс жаққа тесіле қарап еді, бірақ ешкімді таныма-
ды. Ағасына сəлем беріп еді, – ол қарамастан өте шықты. 
Тəжірибелік блок
396-тапсырма.  Берілген  қарсылықты  салалас  сөйлемдердің 
қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Ақпараттық  модельді  қолмен  ұстап,  көзбен  көре  алмаймыз, 

109
 
бірақ  мұндай  модельдер  қоршаған  ортаны  ғылыми  зерттеуге 
мүмкіндік береді. 2. Ойын деген сөз өзара əрекет мағынасын береді, 
дегенмен  сол  əрекетке  өздерінің  мүдделерін  жүзеге  асыру  үшін 
күресетін екі немесе одан да көп тараптар қатысады. 3. Физикалық 
табиғаты  əртүрлі  объектілерді  модельдеу  ғылыми  танымның  бір 
тəсілі  болып  табылады,  алайда  модельдерді  құру  үрдісінің  негізгі 
заңдылықтары  таным  теорияларының  əртүрлі  бөлімдерінде 
зерттеледі. 4. Мо дельдердің  түрлері  көп,  əйтсе  де  уақыт  факторы-
на байланысты олар тек екіге бөлінеді. 5. Кейбір арнайы функция-
ларды орындауға арналған қалталық компьютерлерге пернетақтаны 
қосуға  болады,  бірақ  пайдаланушы  қалам  мен  көрсеткіштердің 
қатар  жұмыс  істеуін  қадағалауы  қажет. 6. Қалтаға  салып  жүретін 
сканердің ақпаратты сыйдыру мүмкіндігі төмен, дегенмен ақпаратты 
сақтайтын арнайы карталарды пайдалануға болады. 
397-тапсырма.  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Интернетті    пайдалана  отырып  статистикалық  мəліметті  он 
есеге  көбейтуге  болады,  бірақ та тез нəтижеге жету мүмкін емес. 
2. Ком                  пьютермен матрицалық амалдарды жүргізуге болады, алайда 
ол ұз  ақ уа қыт ала  ды. 3. Математикалық  есептерді   бүгінгі  күні  ком-
пьютерде тез   шығаруға болады, дегенмен кейде ол да қателеседі.
4.Тə               жіри  беде  элек  трондық  есептеуіштердің  жылдамдығы  өте 
жоғары, əйтсе де нəтижесі əрдайым дұрыс бола бермейді. 5. Компью-
терде берілетін командалар жинағы əдетте экранда болмайды, сонда 
да  арнайы  директивалардың  көмегімен  оны  қажет  кезінде  экранға 
шығаруға болады. 6. QUERY_STRING жолын программалау тілінің 
қарапайым функциялары арқылы өңдейді, бірақ оны қайта өңдеуге 
тиым  салынады. 7. Қолын  бұлғап  қасына  шақырып  еді, – келмеді. 
398-тапсырма.  Жалғаулық  шылаулар  арқылы  байланысқан 
бірнеше қарсылықты салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
399-тапсырма. Жалғаулықсыз байланысқан бірнеше қарсылық-
ты салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
400-тапсырмаБерілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.

110
сипаты – характер, свойство
туынды – вторичный, прозводный
тұрақты – постоянный
аралық – промежуточный
айнымалы – изменчивый
соңғы – заключительный
алғашқы – первичный
қысқалық – краткость
айқындылық – ясность
анықтық– достоверный 
толықтық –п олность
бағалылық – ценность
нанымдылық – убедительный
маңыздылық – важность
401-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мазмұнын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Ақпарат түрлері
 Ақпаратты бізді қоршаған заттар мен құралдар береді: кітаптар, 
журналдар, газеттер, теледидар, радио
,
 т.б. Адамдар үйде, жұмыста, 
оқу орындарында, көшеде өзара қарым-қатынас жасау арқылы бір-
біріне ақпарат береді. Адамның барлық іс-əрекеті кез келген уақытта 
ақпарат  алумен  байланысты:  көріп,  естіп,  затты  ұстап,  асты  ішіп, 
дəмді сезіп, иіскеп те ақпарат аламыз. Барлық ақпараттарды былай-
ша бөлуге болады: қоғамдық-саясаттық, əлеуметтік-экономикалық, 
ғылыми-техникалық, химиялық, биологиялық, физиологиялық. 
  Мұнымен  қатар  ақпарат  өзінің  сипаты  бойынша:  тұрақты  не-
месе  айнымалы;  алғашқы  немесе  туынды,  аралық  немесе  соңғы; 
басқарушы  жəне  мəлімет  беруші;  объективті  жəне  субъективті  бо-
луы  мүмкін.  Ақпараттың  қасиеттеріне  мыналарды  жатқызуға  бо-
лады:  толықтық,  анықтық,  бағалылық,  маңыздылық,  айқындылық, 
қысқалық, нанымды.
 402-тапсырма. Төмендегі сөздерді қолдана отырып, қарсылықты 
салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
Тұрақты,  туынды,  басқарушы,  мəлімет,  табиғат,  сезу,  толқын, 
кеңістік, өңдеу, бекіту, сұрыптау, белгі, құрал, деңгей.
403-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен бірнеше қарсылықты са-
лалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
1.  Иісті  сезу. 2. Ақпаратты  өңдеу. 3. Ақпаратты  тасу. 4. Тұқым 
қуалау. 5. Ақпарат беру. 6. Құрттардан қорғану. 7. Мəлімет беру.

111
 
404-тапсырма. Мəтіннен көсемшелерді теріп жазып, жасалу жо-
лын түсіндіріңіздер.
 Үлгі: көріп – көру + -іп жұрнағы түбір етістікке жалғану арқылы 
жасалған.
 405-тапсырма. Тақырып мазмұны бойынша сұхбат құрастырып, 
өзара  сөйлесіңіздер.  Сұхбат  барысында  қарсылықты  салалас  сөй-
лемдерді қолдануға тырысыңыздар.
 
406-тапсырма.  Мəтіннен  бірыңғай  мүшелерді  тауып,  олардың 
өзара  қалай  байланысқанын  жəне  қай  мүшеге  қатысты  екенін 
жазыңыздар.
 Үлгі: Сипаты бойынша алғашқы немесе туынды ақпарат болуы 
мүмкін. – алғашқы  немесе  туынды – талғаулықты  жалғау  арқылы 
жалғасқан анықтауыштар.
407-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
408-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
409-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер.  Əр  абзацқа  тақырып  беріп,  мазмұнын  қосымша  ақ-
паратпен толықтырыңыздар.
410-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып,  ақ-
параттану тақырыбы мəселесі жайында өзара əңгімелеcіңіздер
 1.  Ақпаратты берудің қандай тəсілдері бар?
2.  Адамдар бір-біріне ақпаратты қалай береді?
3.  Ақпарат өзінің сипаты бойынша неше түрге бөлінеді?
4.   Ақпараттардың қандай қасиеттерін білесіздер?
411-тапсырмаРебусты   шешіп,  құпия сөзді торкөзге жазыңыз-
дар.

112
   
              
       
         ТҮС
      
 
 
 
 
 
 
 
 
412-тапсырма. «Қоршаған орта үшін ақпараттың маңызы неде?» 
 тақырыбына эссе жазыңыздар.
7.3. Лексикалық тақырып: Ақпарат беру жəне оны өңдеу
  Грамматикалық  тақырып:  Себеп-салдар  салалас  сөйлемдер 
жəне  олардың байланысу жолдары.
Теориялық  блок.  Себеп-салдар  салалас  сөйлемдердің  құрамын-
дағы  жай  сөйлемдер  екі  түрлі  жолмен  байланысады:  себеп  мəнді 
немесе  салдар  мəнді  болады.  Себеп-салдар  салалас  сөйлемдердің 
құрамындағы    жай  сөйлемдер  өзара  сондықтан,  сол  себепті, 
өйткені, себебі, неге десеңіз шылаулары арқылы байланысады. Мы-
салы, Əріптестері інімді өте сыйлайды, өйткені ол адамгершілігі мол, 
пейілі кең тұлға. Мемлекет жастардың жан-жақты терең білім алуы-
на барлық жағдайды жасауда, себебі еліміздің жарқын болашағы со-
лар!
Тəжірибелік блок
413-тапсырма.  Берілген  себеп-салдар  салалас  сөйлемдердің 
қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Математикалық  модель  əмбебап  болып  саналады,  себебі 
əртүрлі  жүйелерді  зерттей  алады. 2. Экономикалық  есептің 
мағынасы математикалық  формула  түрінде беріледі, өйткені ол ең 
тиімді шешім болып табылады. 3. Қалтаға салып жүретін сканердің 
қолдану  аясы  кеңейді,  себебі  оны  кез-келген  жерде  қолдану 
өте  ыңғайлы. 4. Компьютерде  диалогты  жүргізудің  қарқынын 
шешілетін  есепке  қарай  білуге  болады,  өйткені  ол  бағдарламалық 

113
 
құрылғылардың сипаттамасына байланысты. 5. Вирустың зиянды іс-
əрекетін тұтынушы алғашында байқамайды, неге десеңіз ол файлға 
өте шапшаң жылдамдықпен енеді. 
414-тапсырма.  Салалас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы 
жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Модель    əрқашан    аналогия      ретінде    көрінеді,  неге  десеңіз 
модель  мен  түпнұсқа  бір-біріне  ұқсас. 7. Ақпараттық  модельді 
қол  мен  ұс     тап,  көз  бен  кө   ре  ал   май        мыз,  себебі  олар  тек  мəлімет-
тер  легі   нен  тұра ды. 3. Мо 
 
   дель  көрнекі  түрде  жазбаша  сызба,  жос-
пар,  кескін  ретінде  жас алуы  мүмкін,  сон дықтан  санамызда  оны 
бейненің прототипі ретінде елестетеміз. 4. Математикалық модель-
деу  көбінесе  компьютерлер  арқылы  орындалады,  сол  себепті  оны 
математикалық-компьютерлік модельдеу деп атайды. 
415-тапсырма.  Жалғаулық  шылаулар  арқылы  байланысқан 
бірнеше себеп-салдар салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
 416-тапсырма. Жалғаулықсыз байланысқан бірнеше себеп-сал-
дар салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
417-тапсырма.  Берілген  сөздерді  мұқият оқып, есте сақ таңыз-
дар.
таңба – метка, тавро
мəжбүр – вынуждены
тірі – живой
улы – ядовитый
иіс – запах
бейсаналы – бессознательно
белгі – знак, примета
сезім – чувство
418-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мазмұнын  түсінуге 
тырысыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...