Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі

Loading...


Pdf көрінісі
бет8/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

  E-mail – электрондық  поштаның  ағылшынша  атауы.  Ол  желі 
қызметтерінің ішіндегі электрондық мəлімет алмасудың ең негізгісі. 
Электрондық пошта көмегімен барлық құрылықтарда тұратын адам-
дар бір-біріне электрондық хаттар мен файлдар жібере алады.
 IP-телефония – бұл ТСР/ІР хаттамалары негізінде электрондық 
мəлімет алмасудың жеке бір түрі. Адамның дауысы цифрлы файлға 
(аудиофайлдар жасау сияқты) түрлендіріледі де, желідегі қарапайым 
мəліметтер  пакеттері  тəрізді  түрде  тасымалданады.  Қазақстан  Ре-
спубликасы  байланысының  ұлттық  операторы  болып  саналатын 
«Қазақтелеком» ААҚ-ы тəжірибеде осы байланыс түрін пайдаланып 
жүр.
314-тапсырма. Мəтіннен көсемшелерді теріп жазып, жасалу жо-
лын түсіндіріңіздер.
  Үлгі:  Электрондық  пошта  арқылы  хатты  жіберіп  үлгеріпті. – 
жіберіп  үлгеріпті – жіберіп – жіберу + -іп – көсемше  қимылды 

89
 
білдіреді; үлгеріпті – үлгеру + -іп + -ті – өткен шақ тұлғалы етістік 
– негізгі қимылды білдіреді.
315-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті  сөздерді  қойып, 
көшіріңіздер.
 1. Сіз      үйде    отырып    əлемдік    деңгейдегі … қатыса    аласыз. 
2.  Бұл  ақпараттық-телекоммуникациалық ... виртуалды  байланыс-
тар  бойынша  жетістіктері. 3. Usenet … бірнеше  бағытта  жұмыс 
істейді. 4. Usenet арқылы  əр  түрлі  мəселелерді  талқылау  кезінде 
телеконференцияға … тең  құқықты  болып  саналады. 5. Мұндағы 
қарастырылатын … ауқымы  əр  түрлі  бола  береді. 6. IRC арқылы 
бір  мəселе  төңірегінде … бір-бірімен  виртуальды  түрде  пікір  ал-
маса алады. 7. ISO желісі тұтынушыларына нақты уақыт кезіңінде 
…  алмасып,  əңгімелесуге  мүмкіндік  береді. 8. Электрондық  по-
шта  көмегімен  адамдар  бір-біріне  электрондық … жібере  ала-
ды. 9. IP-телефонияны  Қазақстан  Республикасы  байланысының 
ұлттық … «Қазақтелеком»  ААҚ-ы  тəжірибеде  пайдаланып  жүр.
 Тірек сөздер: 1.  Мəселелер.  2.  Хат-хабарлармен.  3.  Жүйесі. 
4. Хаттар. 5. Технологиялардың. 6. Қатынасушылар. 7. Телеконфе-
ренциялар. 4.Операторы. 9. Тұтынушылар. 
316-тапсырма. «Виртуалды байланыс» түрлерін жазып, олармен 
бірыңғай мүшелі сөйлемдер құрастырыңыздар. 
                                                     Usenet жүйесі
               
                                        
                                                                     
                                                          
ȼɢɪɬɭɚɥɞɵ 
ɛɚɣɥɚɧɵɫ
 
317-тапсырма.  Берілген  сөздерді  қолдана  отырып,  бірыңғай 
мүшелі бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1. Виртуалды.  2.  Тармақ.  3.  Қатынасушылар. 4. Құқық. 5. Тал-
қылау. 6. Тақырып. 7. Əңгіме. 8. Байланыс.

90
318-тапсырма.  Мына  сөздерді  сөз  таптарына  ажыратып, 
түсіндіріңіздер.
 1. Əлемдік. 2. Қатысу. 3. Байланыстар. 4. Бірнеше. 5. Арқылы. 
6. Əр түрлі. 7. Өзіндік. 8. Өте. 9. Шағын. 10. Бірден. 11. Бір-біріне. 
12.Түрлендіріледі. 13. Тасымалданады. 14. Ұлттық.
319-тапсырма.  Бірыңғай  мүшелері  кезектес  жалғаулықтармен 
байланысқан бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
 320-тапсырма. Мəтін мазмұны бойынша сұхбат құрас тырыңыз-
дар.
321-тапсырма.  Мына  сөздердегі  жалғаудың  түрлерін  анық-
таңыздар  жəне  оларды  қолданып  бірыңғай  мүшелі  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
1.  Жетістіктерінің. 2. Тармақталған. 3. Жолдауға. 4. Қарас-
тырылатын. 5. Төңірегінде. 6. Тұтынушыларына. 7. Құрылықтарда. 
8. Байланысының. 9. Тəжірибеде. 10. Пайдаланып.
322-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кезде-
скен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
323-тапсырма. Бірыңғай мүшелері талғаулықты жалғаулық тар-
мен байланысқан бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
324- тапсырма. Мəтіннің ішінен бірыңғай мүшелі сөйлемдерді 
көшіріп алып, байланысу жолын түсіндіріңіздер.
325-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
 
326-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер.  Əр  абзацқа  тақырып  беріп,  мазмұнын  қосымша  ақ-
паратпен толықтырыңыздар.
327- тапсырма. Төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, вир-
туалды  байланыстар  қызметінің  қоғамдық-саяси  жəне  əлеуметтік 

91
 
саладағы маңызы жайында пікірталас ұйымдастырыңыздар.
1. Виртуалды байланыс түрлеріне нелер жатады? 
2. Usenet жүйесінің қызметі жайында не білесіздер?
3. IRC арқылы не істеуге болады?
4. ISO желісінің жұмысы жайында не білесіздер?
5. Электрондық пошта қызметін қолданасыз ба?
6. IP-телефония – қандай қызмет түрі? 
 328-тапсырма.  «Виртуалды  байланыс:  қазіргі  жағдайы  жəне 
болашағы» тақырыбында өзара ой бөлісіңіздер.
 329-тапсырма«Виртуалды байланыстар қызметінің қоғамдық-
əлеуметтік саладағы маңызы» тақырыбына эссе жазыңыздар.
6.2. Лексикалық тақырып: Электрондық пошта
Грамматикалық тақырып: Ыңғайластық, қарсылықты жалғау-
лықтар  арқылы байланысқан сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
 
Теориялық  блок.  Сөйлемнің  бірыңғай  мүшелері  өзара  төмен-
дегідей жалғаулық шылаулар арқылы байланысады: 1. Ыңғайластық 
жалғаулықтар:  мен,  бен,  пен,  да,  де,  та,  те,  əрі,  жəне.  Мысалы, 
Синоптиктердің  айтуынша,  бүгін  де,  ертең  де  жаңбыр  жауады 
екен.  Кеше  Департамент  директоры  Лондонға  іссапармен  ұшып 
кетті.  Соңғы    кезде    талапкерлердің    көбі  «Ақпараттық  қауіпсіздік 
жүйелері» жəне  «Компьютерлік модельдеу» мамандықтарын таңдап 
жүр. 2. Қар сылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, əйткенмен. Мыса-
лы, Сəкен директорды көрді, бірақ жолықпады. Осы есепті студент-
тер сабақтың соңына дейін шығарды, алайда шешімін таба алмады. 
Тəжірибелік блок
330-тапсырма. Берілген сөйлемдердің ішіндегі бірыңғай мүше-
лерінің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1.  Бұл  мəдениетке  де,  журналистикаға  да,  ақпараттық  техноло-
гиялар  саласына  да,  сондай-ақ  техникалық  жəне  қоғамдық-саяси 
мамандықтарға  да,  ұлттық  қауіпсіздікке  де  қатысты. 2. Кадрлар-

92
ды  шетелде  мақсатты  даярлау  жоспары  еліміздің  əрі  бəсекеге 
қабілеттілігін,  əрі  зияткерлік  əлеуетін  жақсартуға  бағытталған 
жаңа қадам болып табылады. 3. Қазіргі таңда шетелдің əрі мұрағат 
орталықтарында,  əрі  АҚШ  пен  Еуропа,  Жақын  Шығыс  пен  Азия, 
жəне Ресей елдерінің ірі кітапханаларында жұмыс істей алатын, əрі 
жинақталған мұрағаттық жəне ғылыми-зерттеу материалдарына са-
палы талдау жасауға дайын жас мамандар қажет. 4. Ұлттық тарихты 
зерттеу  барысында   қызығушылық  тудыратын  тарихи   ақпаратты 
қазақ,  орыс  жəне  ағылшын  тілдеріне  сапалы  жəне  жалпыға 
қол  жетімді  аударатын  кəсіби  аудармашылар  тапшы. 5. Шетел-
де  білім  алған  білікті  мамандардан  Бауыржан  Байбек,  Ғабидолла 
Əбдірахымов,  Қуандық  Бишімбаев,  Қуаныш    Тілеушин  жəне  
басқаларды  атауға болады. 6. Болашақ түлектері мемлекеттік сек-
торда да, ұлттық компанияларда да, жекеменшік компанияларда да, 
халықаралық  ұйымдар  мен  үкіметтік  емес  ұйымдарда  да  табысты 
еңбек етуде.
331-тапсырма. Берілген сөйлемдерді дəптерге жазып, бірыңғай 
мүшелерінің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. «Болашақтың»  танымал  түлектері  деп  инженер  Мақсұт 
Бақтыбаев жəне өсімдіктерді қорғау маманы Қазыбек Төлеубаевты, 
дəрігерлер      Айгүл    Бримова    жəне    Қанат    Төсекбаевты,  хирург 
Дмитрий  Горбуновтты,  дирижерлар  Алан  Бөрібаев  пен  Абзал 
Мұхитдиновты  айтуға  болады. 2. «Болашақ»  ақпараттық  жүйесі 
стипендиаттар  бойынша  мониторингті,  қаржыландыруды  жəне 
статистикалық  есепті  қамтамасыз  етеді,  бірақ  шетелде  қалып 
жатқан  мамандарымыз  да  аз  емес. 3. Бұл  үшін  қалалар  да,  аудан-
дарда  да  ресурстық  орталықтар  құрылуда,  алайда  ауылдық  округ-
терде  жас тармен  жұмыс  істейтін  инструкторларға  тапшылық 
бар. 4. Мұндай  схема  олардың  əрі  тұратын,  əрі  оқитын  жəне 
əрі  жұмыс  істейтін  жерлері  бойынша  жастармен  жүргізілетін 
атаулы  жұмыстың  негізі  болмақ. 5. Компьютердің  басты 
құрылғылары  монитор,  жүйелік  блок  пен  пернетақта,  əйткенмен 
басқа  жабдықтар  да  пайдалы  міндеттер  атқарады. 6.Ғаламтор-
ды  пайдаланушылардың  көбі  ақпарат    көзі  ретінде  қолдана-
ды,  алай  да  оның  басқа  да  маңызда  қызметтері  баршылық. 
332-тапсырма.  Бірыңғай  мүшелері  ыңғайластық  жалғаулық-
тармен байланысқан бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.

93
 
333-тапсырма.  Бірыңғай  мүшелері  қарсылықты  жалғаулықтар-
мен байланысқан бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
 334-тапсырма.   Берілген  сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыз-
дар.
кəдімгі – обыкновенный
білдіреді – означает
ұқсас – похожий
жөнелтіледі – отправляется
туғызбайды – не создает
шектеулер– ограничения
қиындық – трудности
тəжірибеде – на практике
335-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мазмұнын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Электрондық пошта
Электрондық  пошта  жұмысы  кəдімгі  тұрмыстағы  поштаға  ұқ-
сас  бол  ғандықтан,  оның  жұмыс  істеу  ұстанымдарын  меңгеру 
тұтыну шылар үшін аса көп қиындықтар туғызбайды. Оның негізгі 
айырмашылығы – физикалық  заттар:  хат,  бандероль,  посылкалар 
емес,  ақпараттық  мəліметтер,  бейнесуреттер  мен  бейнежазбалар 
жөнелтіледі.  Бұл – байланысқа  бірқатар  шектеулер  қояды,  алайда 
электрондық  алмасудың  кəдімгіге  қарағанда  айырмашылықтары 
бар  екендігін  білдіреді.  Осы  себепті  де  электрондық  поштаны 
планетаның  бүкіл  аймағында  бар  пошталық  қызметтің  баламасы 
деп қарастыруға болмайды. Тек байланыстың бір түрін басқасымен 
алмастыру деп айтуға болады.
Электрондық  пошта  географиялық  адрестеуді  қолданбайды. 
Электрондық  поштаның  адресі  төменгідей  түрде  болады: 
Тұтынушы_ аты, @домен_ аты (мысалы, intkaz@ok.kz) «@» симво-
лы – тұтынушы аты мен домен атының айырым белгісі. Орыс тілінде 
мұны  көбінесе  күшік  (собачка)  деп  атайды,  ал  ағылшынша - «аt» 
дейді, біздің тəжірибеде «ok.kz» доменінде «intkaz» тұтынушы аты.
 336-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын жəне жасалу жо-
лын түсіндіріңіздер.
 1. Ұстанымдары. 2. Айырмашылығы. 3. Бейнелер. 4. Алмасу. 
5. Құралдары. 6. Баламасы. 7 Аймағында. 8. Белгі.

94
337-тапсырма.  Қос  шеңбердегі  сөздерді  біріктіре  отырып,  сөз 
тіркесін жасаңыздар.
      
 
1. _________________                       4. _______________        
2. _________________                       5. _______________        
3. ________________                         6. _______________        
ɠԧɧɟɥɬɭ 
           
ɩɨɲɬɚ 
ɚɣɵɪɦɚɲɵɥɵԑɵ 
             
ɚɞɪɟɫɿ    
ɚɬɵ 
ɷɥɟɤɬɪɨɧɞɵԕ 
ɧɟɝɿɡɝɿ 
            
ɦԥɥɿɦɟɬ     
ɞɨɦɟɧ               
    
ɩɨɲɬɚɧɵԙ 
      
338-тапсырма.  Мына  сөздерді  орысша  аудармасымен  сəй кес-
тендіріңіздер.
7.  
Кəдімгі
8.  
Қиындық
9.  
Шектеулер
10.  Қызмет
11.  Тұтынушы
12.  Байланыс
А. трудность
В. обычный
С. функция
D. ограничение
E. связь
F. потребитель
 339-тапсырма.  Сөз  тіркестерімен  бірыңғай  мүшелі  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
 1. Қиындықтар  туғызбау. 2. Бейнежазбалар  жөнелту. 3. Элек-
трондық алмасу. 4. Шектеулер қою. 5. Usenet жүйесі. 6. Аспап жасау. 
7. Айырым белгісі. 8. Пошталық қызмет. 9. Басқасымен алмастыру.
  340-тапсырма.  Берілген  сөйлемдерді  тірек  сөздермен 
то лық            тырыңыздар.
 
1.Оқу  үрдісінде  студенттер  көп  арналы  телекоммуникация 
...  меңгереді. 2. Электрондық  ақпаратты  түрлендіру  жəне  ны-
сандарды  компьютерлік  басқару  жүйелері ... болашақ  инженер-
бағдарламашылар  оқиды. 3. Білікті  оқытушылар  студенттерге 
телекоммуникациялық  жүйелерде  ақпаратты  қорғау ... тəжірибеде 
қолданудың  қыр-сырын  үйретеді. 4. Ғарыштық  технологиялар 
мамандықтары  бойынша  студенттер  мехатроника  жəне  робототех-
ника ... бойынша  білім  алады. 5. Студенттер  əр  түрлі  деңгейдегі 
 

95
 
про  граммалау ... , ақпаратты  қорғауды,  компьютермен  модельдеуді 
оқып-үйренеді. 6. Академиялық ұтқырлық аясында жыл сайын сту-
денттер шетелдік оқу ... тəжірибеден өтеді. 
  Тірек  сөздер: 1. Бағыттары. 2. Орындарында. 3. Пəндерін. 
4. Құралдарын. 5.Тілдерін. 6. Жүйелерін.
341-тапсырма.  Берілген  сөздердің  синонимдерін  жазып,  олар-
мен бірыңғай мүшелі сөйлем құрастырыңыздар.
 1. Жөнелту. 2. Сақтау. 3. Қолдану. 4. Меңгеру. 5. Қорғау. 6. Жеткізу.
342-тапсырма.  Мына  сөздерді  алдымен  сөз  таптарына 
ажыратыңыздар  да,  бірыңғай  мүшелі  сөйлемдері  бар  шағын  мəтін 
құрастырыңыздар.
 Көп, хат, бұл, осы, мұны, сол, əрбір, бірнеше, ешқандай, екінші, 
қабылдау, немесе, кейбір, өзіңіз.
343-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті  сөздерді  қойып, 
көшіріңіздер.
 1. Пошталық  қызмет  кез  келген  жағдайда  сіздің  хатыңыз ... 
жоғалып  кетпейтіндей  етіп  жасалған. 2. Дербес  компьютерлерге 
арналған пошталық программалар поштаны ... жəне ... үшін əр түрлі 
хаттамаларды  қолданылады. 3. Электрондық  пошта ... адрестеуді 
қолданбайды. 4. Оның  негізгі  айырмашылығы – физикалық  заттар 
емес, ... мəліметтер,  бейнелер  жөнелтіледі. 5. Электрондық  пошта 
... өзімізге таныс клиент-сервер принципі бойынша жұмыс істейді. 
6. Бұдан кейін ... сеансы аяқталып компьютерлер бір-бірінен ажы-
ратылады. 7. Тұтынушы ... құру  жəне  келген  поштамен  атқаратын 
жұмысты сол клиенттік  программа  көмегімен Интернетке қосыл-
май-ақ    атқара  алады. 8. Сіздің ... жөнелту  əрекеті  бірнеше  күнге 
дейін қайталанады. 9. Егер бірнеше сағаттан кейін əрекет ... болса, 
сізге  хабарламаның  көшірмесі  жазылған  бірінші  ескертпе  мəлімет 
келеді. 10. Бұл  ескертпе ... ақпараттық  сипатта  болады,  сізден 
ешқандай əрекет талап етілмейді.
344-тапсырма.  Берілген  сөздерге  қандай  қосымшалардың 
жалғанғанын түсіндіріңіздер.

96
  Принциптерін,  поштаны,  хаттамаларды,  серверлердің,  провай–
деріңізден, компьютеріңізге.
345-тапсырма.  Мəтіннің  ішінен  бірыңғай  мүшелі  сөйлемдерді 
жазып алып, байланысу жолын түсіндіріңіздер. 
 
346-тапсырма.  Сурет  бойынша  сұхбат  құрастырып,  өзара 
сөйлесіңіздер.
                           
                         
347-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
348-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
349-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Əр абзацқа тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпарат-
пен толықтырыңыздар.
350-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, элек -
трон дық  пошта,  оны  қолдану  тəсілдері  жайында  өзара  əңгіме-
леcіңіздер.
1. Электрондық пошта дегеніміз не?
2. Оның кəдімгі тұрмыстағы поштадан айырмашылығы неде?
3. Электрондық поштаның адрестері қалай аталады?
4. Қазақстандық электрондық пошталар қалай жазылады?
351-тапсырма.  Төмендегі  ребусты  шешіп,  атауын  торкөзге 
толтырыңыздар.

97
 
             
                                                                                         мі
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
352-тапсырма.  «Электрондық  поштаның  өмірдегі  маңызы» 
тақырыбында эссе жазыңыздар.
6.3. Лексикалық тақырып: Электрондық пошта қызметі
  Грамматикалық  тақырып:  Талғаулықты,  кезектестік 
жалғаулықтар арқылы жəне өзара жалғаулықсыз байланысқан сөй   -
лемнің бірыңғай мүшелері.
Теориялық  блок.  Сөйлемнің  бірыңғай  мүшелері  өзара  төмен-
дегідей жалғаулық шылаулар арқылы байланысады: 
Талғаулықты  жалғаулықтар:  немесе,  не,  я,  əлде.  Мысалы,  Мен 
кешке жақын шырын немесе айран ғана ішемін. Əкем көбіне не дом-
быра шертіп, не əн салып отыратын.
Кезектестік  жалғаулықтар:  бірде,  біресе,  кейде.  Мысалы,  Оның 
қуанғаны сонша, біресе отырды, біресе тұрды. Кезекшілікке кейде 
Əсем, кейде əсел барып жүр.
  Сөйлемнің  бірыңғай  мүшелері  өзара  жалғаулықсыз  байланыс-
са  немесе  жалғаулық  шылаулар  бірыңғай  мүшелердің  арасын-
да  қайталанып  келсе,  араларына  үтір  қойылады.  Мысалы,  Өзі  бір 
кішіпейіл,  байсалды,  білімді  кісі.  Биыл  не  Дубайға,  не  Стамбулға 
барып демаламын. 
Тəжірибелік блок
353-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  ішіндегі  бірыңғай 
мүшелерінің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
 1. ХХ  ғасырда модель түсінігі нақты не идеалдық модельдерді 
қатар  қамтитындай  болып  жалпыланды. 2. Абстрактылы  модель 
түсінігі кейде математикалық модельдер шеңберіне, кейде əлем ту-
ралы білімдер мен танымдардың барлығына қатысты болды. 3. Мо-
дель  түсінігін  біресе  ақпараттық,  біресе  кибернетикалық  ғылыми 

98
пəндер  аясында  қарастырады,  кейде  ғылымның  басқа  да  салала-
рында  іске  асырылатын  тəсіл  ретінде  танылды. 4. Олар  табиғатты 
не логиканың талқылау əдістерінің, не пікір алмасулардың, не тілдік 
моделдеудің  көмегімен  бейнелеуге  болады  деп  жобалады. 5. Ұзақ 
уақыттар  бойына  «модель»  түсінігі  арнайы  типтегі  материалдық 
объектілерге  ғана,  мысалы,  манекен  (адам  денесінің  моделі),  я 
плотинаның  кішірейтілген  гидродинамикалық  моделі,  я  кемелер 
мен самолеттердің, я жануарлардың модельдері ретінде қалыптасты. 
6.  Модельдеу - кез  келген  құбылыстардың  немесе  процестердің, 
заттардың немесе объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау, 
я зерттеу əдісі деп саналады. 7. Ақпараттық ресурстарға программа-
лар  жəне  деректер,  техникалықтарға – принтерлер,  модемдер,  ска-
нерлер, график салғыштар кіреді.
354-тапсырма. Берілген сөйлемдерді дəптерге көшіріп, ішіндегі 
бірыңғай мүшелерінің қалай байланысқанын талдаңыздар.
 1. Модельдеу – жүйесі  зертелетін  жүйенің  немесе  оның 
элементтерінің  математикалық  жəне  физикалық  анологтарын  құру 
жəне  талдау. 2. Модельдік  тəжірибе  зерттеу  тəсілі  ретінде  жүйені 
не жанғыртуға, не зерттеуге мүмкіндік береді. 3. Кейде зерттелетін 
жүйеге  тікелей  тəжірибе  жүргізу  қиын,  немесе  экономикалық 
түрғыдан тиімсіз болуы мүмкін. 4. Адамдар тарапынан құрылатын 
объектілерде мұндай жағдайлар толық ескерілмейді, кейде тіпті елен -
бейді. 5. Математикалық модель немесе оның бөліктері теориялық 
əдістемелер  арқылы  зерттеледі,  кейде  есептеу  немесе  модельдеу 
объектісі деп аталатын математикалық есептерді шешу жүзеге жа-
салады. 6. Модельдің түрі жəне оның құрылуы субъектінің біліміне, 
тəжірибесіне,  іскерлігіне,  жеке  қызығушылығына  байланыс ты. 
7.  Заманауи  компьютерлік  модельдеу  бағдарламаларын  игерген 
студенттердің кəсіби шығармашылық қабілеттерінің дамуына жаңа 
мүмкіндіктер ашылады, бірақ олардың тарапынан бұл ескерілмейді. 
8.  Олар  корпоративтік,  жалпы,  жеке  де  бола  алады. 9. Ком      
     
пью  -
терлерді  желіге  олардың  ресурстарын  бірлесіп  пайдалану  үшін, 
ақпаратпен алмасу үшін біріктірілді. 10. Компьютердің ресурстары 
ақпараттық, техникалық деп екіге бөлінеді. 
355-тапсырма.  Бірыңғай  мүшелері  кезектес  жалғаулықтармен 
байланысқан бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.

99
 
356-тапсырма. Бірыңғай мүшелері талғаулықты жалғаулықтар-
мен байланысқан бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
357-тапсырма.  Бірыңғай  мүшелері  жалғаулықсыз  байланысқан 
бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
358-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
қызмет – функция
қабылдау – принимать
байланыс – связь
ажырату – отделять
жəшік – ящик
кіріс – входящий
жөнелту – отправлять
шығыс – исходящий
359-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мазмұнын  түсінуге  ты-
рысыңыз дар.
Электрондық пошта қызметі
Электрондық  пошта  қызметі  өзімізге  таныс  «клиент-сервер» 
ұстанымы  бойынша  жұмыс  істейді.  Тұтынушы  компьютерінде 
оның электрондық пошталық жəшігі тіркелген пошталық сервермен 
үнемі байланыс жасап отыратын клиенттің пошталық бағдарламасы 
(мысалы Outlook Express) орнатылған.  Байланыс  сеансы  кезінде 
тұтынушыларға жөнелтуге дайындалған хат-хабарды жөнелту жəне 
тұтынушы  компьютеріне  келген  хат-хабарды  қабылдау  əрекеті 
орындалады. Бұдан кейін байланыс сеансы аяқталып компьютерлер 
бір-бірінен  ажыратылады.  Тұтынушы  хаттарды  жазу  жəне  пошта-
мен  жіберу  жұмысын  клиенттік  бағдарлама  көмегімен  Интернетке 
қосылмай-ақ атқара алады. Пошталық қызмет кез келген жағдайда 
сіздің хатыңыз із-түссіз жоғалып кетпейтіндей етіп жасалған.
  Дербес  компьютерлерге  арналған  пошталық  бағдарламалар 
поштаны  қабылдау  жəне  жөнелту  үшін  əртүрлі  хаттамаларды 
қолданылады.  Поштаны  жөнелту  кезінде  бағдарлама  жөнелтілетін 
(шығыспошта серверімен немесе SMTP-серверімен SMTP хатта-
масы  бойынша  бірге  жұмыс  істейді.  Поштаны  қабылдау  кезінде 
бағдарлама  қабылданатын  (кіріс)  пошта  серверімен  немесе  РОРЗ-
серверімен  РОРЗ  хаттамасы  бойынша  бірге  жұмыс  істейді.  Бұл 
əртүрлі  компьютерлерде,  сондай-ақ  бір  компьютерде  болуы  да 
мүмкін.  Бұл  серверлердің  аттарын  өзіңіздің  провайдеріңізден 
алу  керек.  Кейбір  кезде  поштаны  қабылдау  үшін  пошталық  сер-
верден  таңдамалы  түрде  кейбір  хаттарды  сіздің  компьютеріңізге 

100
көшіру  мүмкіндігін  беретін  кейінірек  шыққан  ІМАР  хаттамасы 
қолданылады. 
360-тапсырма.  Сөз  тіркестерімен  бірыңғай  мүшелі  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
 Мəлімет алмасу, дүниежүзілік өрмек, ақпарат іздеу, гипермəтіндік 
сілтеме, файл жіберу, мəселе талқылау, өзіндік адрес, байланыс ор-
нату.
361-тапсырма.  Төмендегі  сөз  тіркестерін  тірек  ретінде  алып, 
бірыңғай мүшелі сөйлемдер бар шағын мəтін құрастырыңыздар.
 Интернеттің қызметі, электрондық мəлімет, дүниежүзілік өрмек, 
мəлімет  алмасу,  гипермəтіндік  сілтеме,  көшіріп  алу,  электрондық 
пош та, файл жіберу. 
362-тапсырма.  Мəтінге  сүйене  отырып,  сөйлемдерді  қажетті 
сөздермен толықтырыңыздар.
 1. Web – құжаттарға  енгізілген ... ауыса  береді.  Интернетте ... 
бар. 2. WWW мен  оның ... бар  құралдары. 3. Электрондық  пошта 
көмегімен ... жібере алады. 4. Мұның электрондық поштадан ... то-
бына жолдайсыз. 5. Бұл электрондық поштаның ... ең негізгісі. 
363-тапсырма. Төмендегі сөздерді қолдана отырып, өзара сұхбат 
құрастырыңыздар.  Сұхбаттың  барысында  бірыңғай  мүшелі 
сөйлемдерді қолдануға тырысыңыздар.
 Электрондық пошта, тұтынушы, тұрмыстағы пошта, ақпараттық 
мəлімет, байланыс, поштаның адресі, жəшік, жөнелту, қабылдау, по-
шта сервері, ескерту.
 
364-тапсырма.  Электрондық  пошта  мен  кəдімгі  поштаның 
ұқсастығы жəне айырмашылығы неде, соны жазыңыздар.
 
 Ұқсастығы                                                 Айырмашылығы 
1................................................             1........................................
2................................................             2........................................ 
3................................................             3........................................
4................................................             4 .......................................

101
 
365-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
366-тапсырма.  Мəтінді    қайта  оқып,  жоспарын    жасаңыздар. 
Жос   пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
367-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер.  Əр  абзацқа  тақырып  беріп,  мазмұнын  қосымша  ақ-
паратпен толықтырыңыздар.
368-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
элек  трондық  пош  та  қызметі,  олардың  түрлері  жайында  өзара 
əңгімелеcіңіздер.
1. Электрондық пошта қалай жұмыс істейді?
2. Тұтынушы хаттарды қалай жібереді?
3. Жөнелтілетін пошта сервері дегеніміз не?
4. Қабылданатын пошта сервері дегеніміз не?
5. ІМАР хаттамасы туралы не білесіздер?
369-тапсырма.  «Электронды  пошта  қызметі  жəне  оның  адам 
өміріндегі рөлі» тақырыбында өзара ой бөлісіңіздер.
370-тапсырма.  «Арасы  айлық  жерлерден  жылдам  хабар 
алғызған» тақырыбында эссе жазыңыздар.

102

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...