Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі


 Лексикалық тақырып: WWW – Интернеттегі ақпарат

Loading...


Pdf көрінісі
бет7/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

5.2. Лексикалық тақырып: WWW – Интернеттегі ақпарат 
іздеу жүйесі
 Грамматикалық тақырып: Мезгіл  жəне  мекен  пысық тауыш-
тар, олардың жасалу жолдары.
 
Теориялық блок. Пысықтауыш мағынасына қарай мезгіл, мекен 
пысықтауыштар  болып  бөлінеді.  Мезгіл  пысықтауыштар  мезгіл 
мəнді  есімдер,  шылаулы  сөздер,  мезгіл  үстеулер,  мезгіл  мəнді 
есімше,  көсемшелерден  жасалады.  Мысалы,  Төрге  шығыңыз, 
кеңшілікте  еркін  отырып  сырласқанға  не  жетсін.  Қалаға  жеткенде 
телефон шала сал. Бүгін түнде толық ай туды. Біз вокзалға жеткен 
уақытта поезд да келіп тоқтады. Ол Астанадан келгелі тек қана осы 
жобамен айналысып жүр.
Мекен  пысықтауыштар  мекен  мəнді  үстеулерден  жəне  есімдік, 
есімше,  көмекші  есім,  септеуліктермен  тіркесіп  мекен  мəн  беретін 
зат  есімдерден  жасалады.  Мысалы,  Қалың  шаң  аспанға  көтерілді. 
Ыстықтаған бір топ студент суға шомылды. Алматыда көше сайын 
метро станциясы салынуда.
Тəжірибелік блок
275-тапсырма. Берілген сөйлемдердің ішіндегі мекен жəне мез-
гіл пысықтауыштардың қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.
 1. Балалар сабаққа таңғы сағат сегізде барады. 2. Манадан бері 
неге келгеніңді айтпайсың ба? 3. Студенттер практикадан жаңа ғана 
келді. 4. Поезға уақытында үлгеру үшін ерте шықтық. 5. Осы жаз-
да  барлығы  Сеулға  бармақ. 6. Англияға  кеткен  Сажилядан  əлі  ха-
бар жоқ. 7. Əрбір университетке жоба бойынша келісім шарт үлгісі 
жіберілген. 8. Машинадан түскен соң тауға қарай бет алдық.
276-тапсырма. Берілген сөйлемдердің ішінен пысықтауыштарды 
анықтап, қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.
1. Күн біздің галактикамызда секундына 250 км. жылдамдықпен 
айналатынды  екен. 2. 1929 жылы  америкалық  астроном  Эдвин 

77
 
П.Хаббл (1889-1953) галактикалардың    бастапқы  нүктеден  жан 
жаққа шашырайтындығын анықтады. 3. ХХ  ғасырда модель түсінігі 
нақты жəне идеалдық модельдерді қатар қамтитындай болып жал-
пыланды. 4. Ертедегі  философтар  табиғи  процестерді  модель-
деу  мүмкін  емес  деп  санады. 5. Компьютерлік  модельдеу – қазіргі 
заманғы ғылыми танымның басқарушы негізі. 6. Қалада, облыстар-
да, ел ішінде орналасқан компьютерлік желілер аймақтық деп ата-
лады. 7. Ара ұясындағы математикалық сыр туралы не білесіздер? 
277-тапсырмаҚұрамында мезгіл пысықтауыштары бар бірнеше 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
278-тапсырма.  Құрамында  мекен  пысықтауыштар  кездесетін 
бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
 279- тапсырмаБерілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
əлемдік – мир, вселенная
қатысу – участвовать
деңгей – уровень
мүмкіндік – возможность
дəлел – аргумент, основание
іздеу – искать
меншік – собственность
құрамдас – составной
сілтеме – ссылка
тұтынушы – пользователь
280-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мазмұнын  түсінуге 
тырысыңыздар. 
           WWW – Интернеттегі ақпарат іздеу жүйесі
 Қазір кез  келген уақытта үйде отырып та, жұмыста отырып та 
əлемдік деңгей дегі семинар, конференцияларға қатысуға толық мүм-
кіндік бар. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық - телекоммуникациялық 
технологиялардың  виртуалды  байланыс тар бойынша  жетістіктерінің 
дəлелі. WWW  (World Wide Web – ғаламтор) – Интернеттегі 
гипермəтіндік  ақпарат  іздеу  жүйесі,  оны Wid деп  те  айта  береді. 
Əдетте  мəліметтер  блоктары (Wid-парақтар)  мекемелердің  немесе 
жеке  тұлғалардың  меншігіндегі WWW-сервер  немесе Web-сервер 
деп  аталатын  жеке  компьютерлерде  сақталады. World Wide Web 
қызметіндегі құжаттар үшін арнайы бағдарламалар-броузерлер бо-
лады.  Олар  қажетті  жағдайда  құжаттарды  экранда  көрсете  алады. 

78
Броузердің көмегі арқылы біз WWW құжаттарына өзімізге ыңғайлы 
уақытта  шыға  аламыз. Web құжаттарының  кез  келгенінің  əдетте 
гиперсілтемелері болады. Гиперсілтеме – бұл басқа Web-құжаттың 
адресімен  байланысқан  мəтіннің  фрагменті  немесе  құрамдас 
объектісі.  Əрдайым Web-құжаттарға  енгізілген  гипермəтіндік 
сілтемелер арқылы тұтынушы олардың бірінен біріне ауыса береді.
281-тапсырма.  Берілген  сөздерді  қолдана  отырып,  мезгіл  жəне 
мекен пысықтауышты сөйлемдер құрастырыңыздар. 
 1.  Гипермəтін.  2.  Wid-парақтар.  3.  Web-құжат.  4.  Сілтемелер. 
5.  Жабдықтар. 6.  Шолушы. 7. Тұтынушы. 8. Амал.
282-тапсырма. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толық тырыңыз-
дар.
 1. WWW – интернеттегі  гипермəтіндік ... іздеу  жүйесі. 2. 
Мəліметтер  web -  сервер деп аталатын жеке ... сақталады. 3. Броузердің 
көмегі  арқылы  біз www  ...  шыға  аламыз. 4. Web құжаттарының 
кез  келгенінің  əдетте ... болады. 5. Гиперсілтеме – бұл  басқа Web-
құжаттың адресімен байланысқан ... фрагменті 6. WWW мен оның 
бағдарламалық ... – желінің ең қуатты құралдары. 7. Гипермəтіндік 
... тасымалдау хаттамасы – НТТР. 8. WWW мəліметтерімен жұмыс 
істеу үшін ... қолданылады. 9. Telnet клиенттің алыстағы сервер-ком-
пьютермен ... қамтамасыз ететін бағдарлама.
  Тірек  сөздер: 1.  Құжаттарына. 2. Компьютерлерде. 3. Гипер сіл-
темелері. 4. Жабдықтары. 5. Мəтіннің. 6. Ақпарат. 7. Мəлі мет    
  
тер ді. 
8. Қатынасуын. 9. Броузер.
 283-тапсырма. Қос шеңбердегі сөздерден жасалған сөз тіркес-
терін қолдана отырып, мезгіл жəне мекен пысықтауышты сөйлемдер 
құрастырыңыздар. 

79
 
      
 
ɠԛɣɟɫɿ 
           
ɯɚɬɬɚɦɚɫɵ   
           
ɨɛɴɟɤɬ 
    
ɠɚɛɞɵԕ     
           
ɮɪɚɝɦɟɧɬɿ 
ɬɚɫɵɦɚɥɞɚɭ 
ɿɡɞɟɭ 
     
ɦɟɤɟɦɟ        
ɦԥɬɿɧɧɿԙ               
    
ԕԝɪɚɦɞɚɫ 
            1. _________________   4. _______________ 
            2. _________________   5. _______________ 
            3. ________________     6. _______________ 
284-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
285-тапсырма. Мəтінді мұқият оқып, ішінен мезгіл жəне мекен 
пысықтауышты сөйлемдерді теріп жазыңыздар. 
286-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
287-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер.  Əр  абзацқа  тақырып  беріп,  мазмұнын  қосымша 
ақпаратпен толықтырыңыздар.
288-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
интернеттегі  гипермəтіндік  ақпарат  іздеу  жүйесі  жайында  өзара 
əңгімелеcіңіздер.
1. Интернеттегі гипермəтіндік ақпарат іздеу жүйесі қалай атала-
ды?
2. WWW құжаттарына қалай шыға аламыз?
3. WWW-сервер дегеніміз не?
4. Гиперсілтеме дегеніміз не?
 289-тапсырма  .  
«Ақпараттық-телекоммуникациялық техноло гия-
лардың виртуалды байланыстар бойынша жетістіктерінің маңызы» 
тақырыбында өзара ой бөлісіңіздер.

80
 290-тапсырма. «IT жетістіктері: өткені, бүгінгісі жəне келешегі» 
тақырыбында эссе жазыңыздар.
 291-тапсырма. Төмендегі «Ғаламтор» сөзжұмбағын шешіңіздер.
               
         

   

           
   

   
 
     
 
             
   
 
 

 
 
     
 
             
1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
             
   
 
 
 
   
 
     
 
             
   
 
 
 
   
 
 
2
 
 
 
 
             
   
 
 
 
   
 
     
 
             
   
 
 
 
   
 
     
 
             
   
 
 
 
   
 
     
 
   
8
       
   
 
 
 
         
 
   
         
   
 
 
 
       
3
 
 
             
               
 
   
         
               
 
   
         
                   
         
Көлденеңінен:
1. ARPnet (Advanced Research Projects Agency net) ... жүйе болған.
2. Ақпараттың негізгі қайнар көздері адам жəне ...
3. Ақпарат алудың басты қайнар көзі ... 
Тігінен:
4. Стандарттаудың халықаралық ұйымы ... тораптарға байланыс-
ты көп жылдар бойы жұмыс істеді.
5. IP – интернет … адресі
6. Ғаламтор осыдан 25 жыл бүрын АҚШ-тың ... министрлігінің 
ARPnet 
тармағын 
радио 
жəне 
спутниктік 
жүйелермен 
байланыстырудың нəтижесінде пайда болған.
7. Жұмыс станцияларының көбісі UNІX ... тораптарымен жəне ІP 
жұмыс жасады.
8.  Аэронавтика  жəне … кеңістігін  зерттеу  жөніндегі  ұлттық 
басқарма (NASA)

81
 
5.3. Лексикалық тақырып: 
WWW мен оның бағдарламалық жабдықтары
  Грамматикалық  тақырып:  Мақсат,  себеп,  сын-қимыл 
пысықтауыштар, олардың жасалу жолдары.
  Теориялық  блок.  Мақсат  пысықтауыштар  мақсат  мағыналы 
үстеулерден,  көсемшелерден,  барыс  септігіндегі  тұйық  рай  жəне 
–у  үшін  тұлғалы  етістіктен  жасалады.  Мысалы,  Бəрін  өз  көзіммен 
көргелі келіп тұрмын. Ол осы конференцияға арнайы барады. Рау-
за менің орныма мəжіліске қатысуға кетті. Симпозиумға уақытында 
бару үшін таксиге отырғанымыз жөн. 
 Себеп пысықтауыштар абстрактылы зат есімдерден, өткен шақ 
есімшелерден  жасалып,  іс-əрекеттің  себебін  білдіреді.  Мысалы, 
Министр көкемді ғылымға сіңірген еңбегі үшін төс белгімен мара-
паттады.  Еріген  қардың  суынан  сай-сала,  өзен  кемерінен  шықты. 
Қабылдауға  кешіккендіктен  дəрігермен  жолыға  алмады.  Сегізінші 
наурызда  проректорлардың  əн  шырқағанына  отырғандардың 
барлығы сүйсінді. 
  Сын-қимыл  пысықтауыштар  сын  есімдерден,  сан  есімдерден, 
есімшеден,  көсемшеден,  зат  есімдерден  еліктеуіш  сөздерден,  сын-
қимыл үстеулерден жасалып, іс-əрекеттің сынын, амалын білдіреді. 
Мысалы,  Соққан  дауылға  қарамастан  машина  тоқтаусыз  жүріп 
отырды. СМК бойынша екі құшақ папка дайындалды. Біз кеткенде 
ол креслода қалғып отырған күйі қалды. Тəтем бізді биязы үнімен 
қарсы алды.
Тəжірибелік блок
292-тапсырма.  Берілген   сөйлемдердің  ішіндегі  пысықтауыш-
тар дың түрлерін анықтап, қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.
1.  Келген  комиссия  арнайы  кафедралардың  құжаттарына 
шұқшиды. 2. Форумға қатысқан министр ұзақ сөйледі. 3. Біз Түргенге 
демалу үшін бір аптаға барып қайттық. 4. Қайрат Швейцарияға оқуға 
бара жатқанын хабарлады. 5. Аз сөйлеп, көп тыңдаған дұрыс, балам. 
6. Эдвайзерлер залдағы шуды əрең басты. 7. Кафедраның іші жым-
жырт, үнсіз отыр. 8. Медеуден төменге жаяу түстік.

82
293-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  пысықтауыштарды 
анықтап, қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.
1. Delphi-дi  Паскаль  программалау  тiлiмен  жұмыс  iстеген 
адамдардың меңгеруi көп қиындық келтiрмейдi. 2. Бiрақ  мұнда про-
граммалауды үйрену үшiн объект, оқиға, қасиет түсiнiктемелерiмен 
еркiн  танысу  қажет. 3. Осы  деректерді  оптимальды  басқару 
алгоритмдерін  жасау  үшін  қолдануға  болады. 4. Маған  бола 
қызметкерлерді  бөгемеңіз. 5. Анар  арнайы  өзінің  идеясын  айтып 
бергелі келді. 6. Қуанғандықтан құшақтап бетінен сүйе берді. 7. Осы 
жолы елге анамды сағынып келдім. 8. Біздің мамандар ғарышқа ұшу 
үшін талай жыл дайындықтан өтті.
294-тапсырма. Құрамында мақсат пысықтауыштары бар бірнеше 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
295-тапсырма.  Құрамында  сын-қимыл,  себеп  пысықтауыштар 
кездесетін бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
296-тапсырмаБерілген   сөздерді мұқият оқып, есте сақ таңыз-
дар.
жабдықтар – оборудование
ауысып – переходя
тасымалдау – переносить
алыстағы – дальный
шолушы – обозреватель
белгілеу – отметить, обозначать
қашықтық – расстояние
керектілері– нужные
297-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мазмұнын  түсінуге 
тырысыңыздар.
 
WWW мен оның бағдарламалық жабдықтары
WWW мен оның бағдарламалық жабдықтары – желінің ең қуатты 
құралдары. WWW негізінде  гипермəтіндік  мəліметтерді  тасы-
малдау  хаттамасы – НТТР  (Нуреr Teхt Transfer Protocol) арқылы 
жұмыс  істейді.  Оның  ішкі  ақпараттары  құжаттарды  белгілеудің 
гипермəтіндік НТМL (Нуреr Teхt Markup Language) тілі көмегімен 
құрастырылады. WWW мəліметтерімен жұмыс істеу үшін броузер, 
шолушы  деп  аталатын  бағдарламалар  қолданылады.  Ағылшынша 

83
 
browsers («browse» - қарап  шығу,  шолу)  дегенді  білдіреді.  Қазіргі 
кезде Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator тəрізді броузер-
лер жиі қолданылады.
  FTP (File Transfer Protocol) – файлдарды  тасымалдау  хаттама-
сы.  Ол  қашықтықта  орналасқан  машинаның  каталогтарымен  жəне 
файлдарымен  жұмыс  істейтін  бағдарлама. FTP құралдары  сервер 
каталогтары мен файлдарын көріп, олардың бірінен біріне ауысып, 
керектілерін көшіріп алуға, жаңартуға мүмкіндік береді.
Telnet  клиенттің  алыстағы  сервер-компьютермен  қатынасуын 
қамтамасыз  ететін  бағдарлама.  Байланыс  орнатылғаннан  кейін 
тұтынушы  қашықтағы  компьютердің  амалдық  жүйесіне  кіріп, 
сондағы  орнатылған  бағдарламалармен  өз  бағдарламалары  тəрізді 
жұмыс істей алады.
298-тапсырма. «Web 
» сөзін  қажетті  формаға  қойып,  сөз 
тіркестерін құрастырыңыздар.
                                                   құжаттар
                        
    
Web 
 
299-тапсырма. Мына сөздердің орысша баламасын табыңыздар.
1. Іздеу
2. Сақтау
3. Ауысу 
4. Тасымалдау
5. Шолу
6. Жаңарту
А.хранить
В. поиск
С. переносить
D. переходить
E. обновить
F. обозреть
300-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерін  қолдана  отырып, 
мақсат,  себеп,  сын-қимыл  пысықтауыштары  бар  сөйлемдер  құрас-
тырыңыздар.
 1.   Мəліметті    көшіру. 2. Файлды    жаңарту.  3.  Жүйеге    кіру. 
4.  Ги      пер   мəтін  тілі. 5. Құжаттарды  белгілеу.  6. Броузердің  көмегі. 
7. Тұ        тынушылар меншігі. 8. Тасымалдау хаттамасы. 9. Қуатты құрал.
 

84
301-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, WWW 
мен  оның  бағ  дарламалық  жабдықтары  жайында  өзара  əңгіме-
леcіңіздер.
1. WWW-тың бағдарламалық жабдықтарына нелер жатады?
2. WWW құжаттарына қалай шыға аламыз?
3. Мəліметтерді тасымалдау хаттамасы қалай аталады?
4. Файлдарды тасымалдау хаттамасы қалай аталады?
5. Telnet дегеніміз не?
6. IP-телефония – қандай қызмет түрі? 
302-тапсырма.  Төмендегі  мəтінді  тыныс  белгілерін  қойып, 
оқыңыздар.
Броузердіқарағандамəтіндігиперсілтемелертүсіменастысызылум
енал  графикалықгиперсілтемелержақтауыменерекшеленедімаустың
көрсеткішін  гиперсілтемеболыпкелетінобъектігебағыттағандакөрсе
ткішпішінінөзгертіп  алақанбейнесінқабылдайдыгиперсілтеменішер
ткендеброузеравтоматтытүрде бұлсілтеменұсқағанWeb-құжаттытіпт
ібұлқұжатбасқаконтиненттеорналасқан компьютердеболсадажүктей
діосылайгиперсілтемелербойыншабірқұжаттан басқасынаөтіпжүріп
Web-кеңістігібойыншасаяхатжасауғаболадыеңтанымал жəнекеңтара
ғанброузерNetscapeNavigatorодансоңеnternetExplorerол Windows95о
перациялықжүйесінеқосатіркеледі
303-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
304-тапсырма.  Мəтіннің  ішіндегі  пысықтауыштардың  қалай 
жасал     ғанын түсіндіріңіздер. 
305-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
306-тапсырма. Мəтінді мұқият оқып, мағыналық бөліктерге бө-
л і  ңіз  дер. Əр абзацқа тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен 
толықтырыңыздар.

85
 
307-тапсырма. Ребусты шешіп, құпия сөзді тор көзге жазыңыз-
дар.
        
           
+ ЕТ 
                                                                                              Ң = Н               
Ԙ
 
 
 
 
 
 
 
 
    
    308-тапсырма«WWW-пен жұмыс жасай білесіз бе?» тақыры-
бына эссе жазыңыздар.

86
6-Модуль. Виртуалды байланыс түрлері
6.1.  Лексикалық  тақырып: Usenet, IRC, ISO, IP-телефония 
жүйелері
  Грамматикалық  тақырып:  Сөйлемнің  бірыңғай  мүшелері 
жəне олардың  байланысу тəсілдері.
 
  Теориялық  блок.  Сөйлемнің  тұрлаулы  мүшелері  де,  тұрлаусыз 
мүшелері  де  бірыңғай  мүше  бола  алады.  Сөйлемнің  бірыңғай 
мүшелері  өзара  төмендегідей  жалғаулық  шылаулар  арқылы  байла-
нысады: 1. Ыңғайластық жалғаулықтар: мен, бен, пен, да, де, та, те, 
əрі, жəне. 2. Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, əйт кенмен. 
3.  Тал ғаулықты    жалғаулықтар:  немесе,  не,  я,  əлде. 4. Кезектестік 
жалғаулықтар:  бірде,  біресе,  кейде  Сөйлемнің  бірыңғай  мүшелері 
өзара  жалғаулықсыз  байланысса,  немесе  жалғаулық  шылаулар 
бірыңғай  мүшелердің  арасында  қайталанып  келсе,  араларына 
үтір  қойылады.  Мысалы,  Мини  ЭЕМ-дардың  үлкен  ЭЕМ-дарға 
қарағанда,  өлшемдері  шағын  жəне  өнімділігі  мен  құны  да  төмен. 
Қазіргі ДК көлемі əрі шағын, əрі өнімділіктері жоғары. Телеконфе-
ренциялар бірде ғылым, бірде өнер, бірде спорт тақырыптарын не-
месе денсаулық мəселелерін көтеруі мүмкін.
Тəжірибелік блок
309-тапсырма. Берілген сөйлемдердің ішіндегі бірыңғай мүше-
лерінің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
 1. Қазір үйде отырып та, жұмыста отырып та əлемдік деңгейдегі 
семинар,  конференцияларға  қатысуға  толық  мүмкіндік  бар. 2. Ақ-
парат  біреудің  іс – əрекеті  туралы  ақпарат,  мəлімдеме  немесе 
қандайда  бір  нəрсе  туралы  мəліметтер  жиыны. 3. Ол  компьютер 
жұмысының  сенімділігін  де,  құнды  мəлеметтердің  сақталуын  да, 
ақпараттың өкілеттілігі жоқ адамдардың өзгеріс енгізуінен қорғауын 
да,  электронды  байланыспен  хат  жазысу  құпиясын  сақтауды  да 
меңзейді. 4. Ақпараттың  құпиялығын  жəне  қорғау  стратегиясын 
бақылау  қажет. 5. Дербес  компьютерлер  пайдалануға  ыңғайлы, 
қара  пайым,  жұмысының  сенімділігі  жоғары,  арзан  болып  келеді 
əрі  оларда  бағдарламалық  жабдықтар  тез  игеріледі. 6. Жүйелік 
блоктың  алдыңғы  тақтасында  компьютерді  қосу,  өшіру  батырма-

87
 
сы  орналастырылған. 7. Жүйелік  блоктың  ішінде  аналық  тақша, 
қоректендіру блогы, жедел жад, қатқыл диск, дискжетек, CD-ROM, 
бейнетақша, дыбыс тақшасы  мен  көптеген  басқа  құрылғылар бар. 
8. Мұнда немесе нұсқаушы, немесе басқару пернелері қолданылады. 
9.  Бұл  перне  алдыңғы  символды  өшіру  үшін,  не  болмаса  қатені 
түзету үшін қолданылады. 
309-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  ішіндегі  бірыңғай 
мүшелерін анықтаңыздар жəне қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
1. ЭЕМ — есептеулерді жүргізуге, ақпаратты қабылдауға, қайта     
өңдеуге,  сақтауға  жəне  нəтиже  шығаруға  арналған  машина. 
2. Ол квант  тық бөлшектердің ағынын немесе физикалық құбылыс 
əсер лерін  қол данады. 3. Бұл  шешім дер  торап тың  қолай лығы  үшін 
күмəн  ді  болуы  мүмкін,  алайда  тарих  дəлелдегендей  дұрыс  қадам. 
4.  Маңыз ды  құрыл ғыларға  монитор,  жүйелік  блок  пен  пернетақта 
жатады. 5. Басқа құрылғылар да, жабдықтар да пайдалы міндеттер 
атқарады,  бірақ  компьютер  оларсыз  жұмыс  істей  алады. 6. Дер-
бес  компьютердің  жүйелік  блогы  мен  жедел  жадынан  басқалары 
оның  сыртқы  құрылғылары  болып  табылады. 7. Олар:  монитор, 
пернетақта, принтер, тінтуір, модем. 8. Дербес компьютердің негізгі 
құрылғылары деректерді əрі өңдейді, əрі электр тогының қосылуын 
қамтамасыз етеді. 
310-тапсырма. Бірыңғай      мүшелері    ыңғайластық   жалғаулықтар-
мен  бай  ланыс қан бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
311-тапсырма. Бірыңғай    мүшелері   қарсылықты  жалғаулық-
тар   мен байланысқан бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
 312-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
талқылау – обсуждение
тең құқықты – равноправный
тармақ – ответвление
қатынасушылар – участники
жүйке – нерв
қарастырылатын – рассматриваемый
пікір – мнение
нақты уақыт – реальное время
 313-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мазмұнын  түсінуге 
тырысыңыздар.

88
Usenet, IRC, ISO, IP-телефония жүйелері
 Бүкілəлемдік виртуалды байланыс түрлері сан түрлі жəне олар-
ды  əр  адам  қажетіне  қарай  өзі  таңдайды.  Мысалы, Usenet жүйесі 
бірнеше  бағытта  жұмыс  істейді.  Олар – тармақталған  дискус-
сия  клубы,  телеконференция,  жаңалықтар  тобы. Usenet арқылы 
мəліметті  бір  адамға  да,  бірнеше  абоненттер  тобына  да  жолдауға 
болады. Əр түрлі мəселелерді талқылау кезінде телеконференцияға 
қатынасушылар  тең  құқықты  болып  саналады.  Əрбір  телеконфе-
ренция  бір  тақырыпқа  (ғылым,  өнер,  спорт,  т.с.с.)  арналады  жəне 
оның өзіндік адресі болады. Мұндағы қарастырылатын  мəселелер 
ауқымы  əр  түрлі  бола  береді.  Əдетте  өте  ауқымды  тақырыптың 
ішінде бірнеше шағын мəселе қамтылады.
 IRC (Internet Relay Chat) – нақты уақыт кезеңінде  телеконферен-
ция өткізудің бір түрі. Өзекті бір мəселе төңірегінде тұтынушылар 
бір-бірімен виртуальды əңгіме-дүкен құрады, пікір алмасады. IRC-
серверлері  мен IRC-клиенттері  көмегімен  тұтынушылар  перне-
тақтада  сөздерді  теру  арқылы  бір-бірімен  «виртуальды»  түрде 
əңгімелеседі.
ISO (I seek you – мен  сені  іздеймін) – желі  тұтынушыларына 
нақты уақыт кезіңінде əрі хат-хабарлармен алмасып, əрі чат (сһаt - 
əңгіме) құрып немесе файл жіберіп, əңгімелесуге мүмкіндік беретін 
қызмет түрі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...