Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі

Loading...


Pdf көрінісі
бет6/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 227-тапсырма. А  бағанасында   тұрған  ұғымдарды В бағанасын-
да тұрған  ұғымдармен сəйкестендіріңіздер. 
А
В
1. сақтау құрылғылары А) показывает обрабатываемую информацию
2. енгізу құрылғылары
Ə ) поддерживает программы и данные, 
используемые процессором
3. шығару 
құрылғылары
Б) делает всю обработку, контролирует 
переферийные устройства
4. жады
В) позволяет вводить информацию
5. жүйелік блок
Г)  поддерживает длительность хранения 
программ и данных

63
 
 228-тапсырмаМəтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, 
анықтауышты сөйлемдер құрастырыңыздар.
 Үлгі: Түтікшеден (-ден – шығыс септік). Компьютер құрылымының 
маңызды бөліктерінің бірі – түтікше.
229-тапсырма. 
Компьютер 
құрамына 
енетін 
негізгі 
құрылғылардың атауын торға жазыңыздар. 
 230-тапсырма.  Берілген  сөздердің  орысша  баламасын 
 сəй   кес    тендіріңіздер. 
жады
постоянный
тұрақты
память
құрылғы
непрерывно
қоректендіру 
устройство
түтікше
питать
үздіксіз
трубочка.
  231-тапсырма.  Мəтіннің  ішінен  анықтауышты  сөйлемдерді 
көшіріп алып, жасалу жолын анықтаңыздар.
 232 -тапсырма. Мəтіннің мазмұнына байланысты көршіңізбен 
сұхбат құрып, əңгімелесіңіздер.
233-тапсырма Сөздікті қолдана отырып, мəтінде кездес кен кəсіби 
ұғымдар мен терминдердің түсіндірмесін дəптерге жазыңыздар.
 

64
234-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспар жасаңыздар. Жос пар 
бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
235-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер.  Əр  абзацқа  тақырып  беріп,  мазмұнын  қосымша  ақ-
паратпен толықтырыңыздар.
 236-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, жедел 
жады жəне дисплей жайында əңгімелесіңіздер.
1.  Жедел жад дегеніміз не?
2.  Компьютердің ішкі жады туралы не білесіздер?
3.  Ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад жайында не 
білесіздер?
4.  Дисплей туралы түсініктеріңізді айтыңыздар.
5.  Дисплей неден тұрады? 
237-тапсырма.  Қатқыл  дискінің  схемасын  толтырып,  түсін-
діріңіздер.
          
  
238-тапсырма.  «Адамның  жады  мен  компьютер  жадының 
ұқсастықтары бар ма?» тақырыбына эссе жазыңыздар.
4.3. Лексикалық тақырып: 
Пернетақта құрылымы жəне     қызметі
  Грамматикалық  тақырып:  Айқындауыш  жəне  оның  жасалу 
жолдары. 

65
 
  Теориялық  блок.  Сөйлем  ішінде  айқындауыш  өзімен  қатар 
тұрған  сөздің  мағынасы  мен  мəннін  басқа  сөз  арқылы  түсіндіріп, 
айқындап тұрады. 
Айқындауыш  оңашаланған  жəне  қосарлы  айқындауыш  болып 
бөлінеді. 
Оңашаланған    айқындауыш  қатар  тұрған  сөзді  дəлелдеп,  түсін-
діріп тұратын бір немесе бірнеше сөз. Мысалы, Еліміздің инженер 
кадр лар дайындайтын техникалық оқу орындарының қара шаңырағы 
– ҚазҰТУ 1935 жылы ашылған. Қосарлы айқындауыш қосалқы атау 
арқылы қатар тұрған сөзді айқындайтын мүше. Мысалы, Өтеген ба-
тыр көшесінің бойында жаңа метро ашылады. 
Тəжірибелік блок
239-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  ішіндегі  айқындауыш-
тардың түрлерін анықтап, қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.
1.  Кешегі  өткен  «Ғарыштық  технологиялар  жетістіктері»  фору-
мында  ұшқыш-ғарышкер  Т.Əубəкіров  мағыналы  баяндама  жаса-
ды. 2. Жер-ананың  қойнауындағы  қазынасын  ысыраптамай  иге-
ру  мін  детіміз. 3. Еліміз  Тəуелсіздік  алғалы  көп  балалы  Батыр-
аналардың  саны  көбеюде. 4. Университеттің  студенттері,  əсіресе 
2-3 курстар, пəндік олимиадаларға белсенді қатысады. 5. Академик 
О.Байқоңыровтың  қызы,  Ə.О.Байқоңырова,  əкесі  туралы  естелік 
кітапты баспадан шығарыпты. 
240 -тапсырма. Құрамында қосарлы айқындауышы бар бірнеше 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
241- тапсырмаҚұрамында оңашаланған айқындауыш кездесетін 
бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
242-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
пернелер – клавиши
нұсқаушы – инструктор
басқару – управлять
түзету – исправлять
енгізу – вводить
өзгерту – менять
243-тапсырма.  Мəтінді  мəнерлеп  оқып,  кəсіби  сөздерді  дəп-
терге  жазып  алыңыздар  жəне  олардың  мағынасын  сөздік  арқылы 
анықтаңыздар.

66
 Пернетақта құрылымы жəне қызметі
 Əр адамның компьютерлік сауаттылығының 
көрсеткіші  пернетақтаның  құрылымын  білу 
жəне  оны  тəжіри  беде  дұрыс  қолданудан  ба-
стады.  Пернетақта – компьютерге  ақпарат 
енгізуге  арналған  құрылғы.  Ол  əріптің  жəне 
цифр  пернелерінің  көмегімен  компьютер-
ге  кез-келген  ақпаратты  беруге  мүмкіндік  жасайды.  Қазіргі 
компьютердің  пернетақтасында 101 немесе 102 перне  бола-
ды.  Пернелер  бірнеше  блокқа  бөлінеді.  Символдық  пернелер 
пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі 
бөлігі  болып  табылады.  Функциялық  пернелер  символдық 
пернелердің  үстіндегі  жолда  орналасқан.  Олар  нұсқаушы  не-
месе  меңзерді  экранда  басқару  пернелері.  Меңзер  дегеніміз 
экранда  жыпылықтап  тұратын  символ.  Келес  цифрлық  перне-
лер немесе қосымша пернетақта.
 «Enter» немесе енгізу пернесі – ең басты перне. Оны басу əдетте 
белгілі  бір  əрекеттің,  амалдың  аяқталғанын,  компьютердің  енді 
бұл  əрекеттерді  өңдеуі  керек  екенін  көрсетеді. «Backspace» неме-
се өшіру пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін, қатені 
түзету  үшін  қолданылады. «Shift», пернесі.  Бұл  кіші  əріптерді  бас 
əріптерге  жəне  керісінше  өзгертуге  пайдаланылады. «Caps Lock», 
яғни,  өзгерту  пернесі.  Егер  бұл  пернені  бір  рет  басса,  бас  əріптер 
енгізіледі, тағы бір рет басса, қайта кіші əріптер енгізіледі. «Delete» 
өшіру  пернесі.  Бұл  перне  меңзердің  оң  жағында  тұрған  символды 
өшіреді.
 244-тапсырма. «Перне» сөзін қажетті формаға қойып, онымен 
сөз тіркестерін құрастырыңыздар. 
                         
ɛɚɫԕɚɪɭ 
                                                         
                                                         
 
ɩɟɪɧɟ 
  245-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерін  қолдана  отырып, 

67
 
оңашаланған  жəне  қосарлы  айқындауышты  сөйлемдер  құрас-
тырыңыздар.
1.  Сауаттылық  көрсеткіші. 2. Пернетақта  құрылымы. 3. Негізгі 
бөлік. 4. Басты перне. 5. Əрекеттерді өңдеу. 6. Өзгертуге пайдалану. 
7. Символдарды өшіру. 8. Меңзерді басқару. 9. Амалды аяқтау.
246-тапсырма.  Мəтіннен  зат  есімдерді  теріп  жазып,  олармен 
қосарлы айқындауышты сөйлемдер құрастырыңыздар.
Үлгі:  Меңзер. Deleta, өшіру  пернесі,  меңзердің  оң  жанындағы 
символды немесе қажетсіз материалды өшіруге мүмкіндік береді.
247-тапсырмаТөмендегі сөйлемдерді қажетті сөздермен толық-
тырыңыздар.
1.  Пернетақта –  компьютерге ... енгізуге    арналған    құрылғы. 
2. Пернелер бірнеше ... бөлінеді. 3. Ентерді басу əдетте белгілі бір 
əрекеттің, ... аяқталғанын  білдіреді. 4. «Caps Lock» ... басса,  бас 
əріптер енгізіледі.
 Тірек сөздер: 1. Амалдың. 2. Блокқа. 3. Пернесін. 4. Ақпарат.
248-тапсырма Сөздікті қолдана отырып, мəтінде кездес кен кəсіби 
ұғымдар мен терминдердің түсіндірмесін дəптерге жазыңыздар.
249-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
250-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер.  Əр  абзацқа  тақырып  беріп,  мазмұнын  қосымша  ақ-
паратпен толықтырыңыздар.
251-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, перне-
тақтаның жəне тінтуірдің соңғы нұсқалары, олардың құрылымы мен 
қызметі жайында əңгімелесіңіздер.
1.  Пернетақта дегеніміз не, оның құрылымы неден тұрады?
2.  Символдық пернелер деп нелер аталады?

68
3.  Функциялық пернелерге нелер жатады?
4.  Тағы қандай пернелерді білесіздер?
5.  Олар қандай қызмет атқарады?
252-тапсырма. Арнайы  пернелердің  қызметін  кестеге  тол ты   -
р ыңыз  дар.
Перне аты
Перненің қызметі
 1. Enter
 2. Backspace
 3. Бос орын
 4. Shift
 5. Caps Lock
 6. Delete
 7. Alt
 8. Ctrl
 9. Num Lock
 10. Esc
253-тапсырма. Төмендегі «Delpһі программалау тілі» сөзжұм-
бағын шешіңіздер.
                                                                 
                                   6
        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
8
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
5
1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
7
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

69
 
Көлденеңінен:  1.  Программалармен  қамтамасыз  етудің  тиімді 
өңдеу  құралдарын  қажет  ету “... жасау”  ортасы  деп  аталатын  про-
граммалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. 2. Жылдам жасау 
RAD – жүйесінде “Rapid Application Development” жүйесінің негізі 
...  жобалау  жəне  оқиғаны  өндеуді  программалар  технологиясы  жа-
тады. 3. Borland корпорациясы  аз  ғана  мерзім  ішінде Delphi7-нің 
негізгі   версиялары   мен   бірнеше ...ларын   шығарды. Тігінен: 
4.  Delphi-дің  ұлғайтылған  мүмкіндіктері  графикпен,  мультиме  ди-
ямен,  дерекқорларымен  жұмыс  істейтін  жəне ... құрылымдармен 
қосымшаларды  құруға  мүмкіндік  береді. Delphi-дің  айрықша 
ерекшелігі .NET технологиясының  сүйемелдеуі  болып  табылады. 
5.  Компьютерде  дыбысты,  ақпаратты,  тұрақты  жəне  қозғалыстағы 
бейнелерді  біріктіріп  көрсету  үшін  жинақталған  компьютерлік 
технология. 6. Delphi-дi  Паскаль  программалау  тiлiмен  жұмыс 
iстеген адамдардың меңгеруi көп ... келтiрмейдi. 7. Delphi екi түрде 
дайындалған:  бiрiншiсi – күрделi  қосымшаны  бiрлесiп  дайындау-
шылар үшiн (Delphi ... – сервер). 8. Программашыларды оқыту курс-
тарында пайдаланылатын жоғары құрылымды программалау тілі.

70
5-Модуль. Бүкілəлемдік ғаламтор жəне 
оны тиімді пайдалану
5.1. Лексикалық тақырып: Ғаламтордағы ТСР/ІР қызметтері
  Грамматикалық  тақырып:  Пысықтауыш  жəне  оның  жасалу 
жолдары.
 
Теориялық блок. Пысықтауыш қайда? қайдан? неге? не себептен? 
не үшін? не мақсатпен? қалай? қалайша? қайтіп? деген сұрақтарға 
жауап  бере  келе,  сөйлемде  іс-қимылдың  себебін,  мақсатын,  ама-
лын,  мезгілі  мен  мекенін  білдіретін  мүше.  Сөйлемде  пысықтауыш 
қызметінде төмендегідей сөз таптары жиі қолданылады: барыс, жа-
тыс, шығыс, көмектес септіктерінің біріндегі зат есім, есім сөздер, 
сан есім, сын есім, үстеу, көсемше, есімше жəне еліктеуіш сөздер. 
Мысалы,  Сəкен  диплом  қорғауға  үлкен  дайындықпен  келіпті.  Ол 
жазғы каникулға үйіне барарында досын ерте кетті. Күні бойы емти-
хан қабылдаған оқытушылар шаршаған сияқты. Күннің суықтығына 
қарамай  жеңіл  киінді.  Директор  студенттерді  жылы  жүзбен  қарсы 
салды.  Ол  ректоратқа  бір  келгенде  үш  рет  келді.  Инженер-техник 
бала компьютердің ішіне шұқшиып қарап қалыпты.
Пысықтауыштар  құрылысына  қарай  дара  жəне  күрделі  болып 
келеді. Мысалы, Биыл қосқан технопаркте жұмыс қызу жүріп жатыр. 
Ұялы телефон арқылы күнбе-күн хабарласып тұр. Олар мағынасына 
қарай мезгіл, мекен, сын-қимыл, себеп, мақсат пысықтауыштар бо-
лып бөлінеді.
Тəжірибелік блок
254-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  ішіндегі  пысық тауыш-
тардың түрлерін анықтап, қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.
 1. Ертеңіне кешке таман бір топ мамандар Грецияға ұшып кетті. 
2. Жергілікті жұмысшылардың  көбі  заводқа жақын  тұрады  екен. 
3. Студенттердің сөзіне өндіріс жетекшісі қарқылдап күлді. 4. Мəнді 
де  мағыналы  өмір  сүру  үшін  еңбектену  қажет. 5. Желіні  қосып 
жүрген жүйетехниктер жұмысқа қайта кірісті. 6. Кешкі сағат сегізде 

71
 
самолет  та  келіп  қонды. 7. Сөздің  мағынасын  түсінбеген  əріптесі 
үрке қарады. 8. Əңгімемен төртеуі Көктөбеге де жетіп қалыпты.
255-тапсырмаБерілген сөйлемдердің ішінен дара жəне күрделі 
пысықтауыштарды анықтап, қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.
1.  Ғаламтор  осыдан 25 жыл  бұрын  АҚШ-тың  қорғаныс 
министрлігінің  ARPnet тармағын    радио    жəне  спутниктік    жүйе-
лермен  байланыстырудың  нəтижесінде  пайда  болған. 2. Ғаламтор 
пайда  болған  кезде  локальды  есептеу Ethernet технологиясы  ЛАС 
өмірге  келді. 3. Бұл технология 1983  жылға  дейін   дамытылды. 
4.  Ал  столды  жұмыс  станциялары  пайда  болған  кезде  локальды 
торапта  шынайы  өзгерістер  орын  алды. 5. Жұмыс  станциялардың 
көбісі UNІX  операциялары  тораптарымен  жəне ІP жұмыс  жасады. 
6. Соңғы уақытта интернетті барлық адамдар үйлерінде де қоса ала-
ды. 7. НАСА аэронавтика  жəне  ғарышқа  ұш у саласында  зерттеу-
лер  жасау  үшін  1958  жылы  құрылған  АҚШ  үкіметінің  агенттігі. 
8.  НАСА-ның  штаб-пəтері  Вашингтон  қаласында  орналасқан.   
9. Не     гізгі алаңы – Флорида шатының Кеннеди ғарыш орталығындағы 
Кана  верал  мүйісінде  орналасқан. 10. НАСА-ның  алғашқы  ғарыш 
бағдарламасы 1958 жылы  «Пионер»  ғарыш  кемесінің  ұшыруынан 
басталды. 
256-тапсырма. Құрамында дара пысықтауыштары бар бірнеше 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
257-тапсырма.  Құрамында  күрделі  пысықтауыштар  кездесетін 
бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
 258-тапсырма. Берілген сөздерді мұқият оқып, есте   сақ таңыз-
дар.
негізгі – основной
тірек – опорный
желіаралық – межпроводной
желгілікті – местный
хаттама – протокол
пайдаланушылар – потребители
өнімді – продуктивный
ескіру – устаревать
 
 259-тапсырма. Мəтінді  мəнерлеп  оқып,  мағынасын  түсінуге 

72
тырысыңыздар.
Ғаламтордағы ТСР/ІР қызметтері
  Ақпараттық  жəне  телекоммуникациялық  технологиялар-
ды  ұтым  ды  пайдалану  жолдарының  негізгісі – бүкілəлемдік 
ғаламтор.  Ғаламторда  ТСР/ІР  пайдаланылады.  Бұл  аббривиату-
ралар Transmission Control Protocol/ Internet Protocol (Ақпараттың 
берілуін бақылау хаттамасы/желіаралық хаттама) дегенді білдіреді. 
ІР  желідегі  адрестеуге  жауап  береді,  ал  ТСР  хабарларды  тиісті 
адрестер  бойынша  жеткізуді  қамтамасыз  етеді.  Олар 1974 жылы 
жасалған.  Байланыстың  талшықтық-оптикалық  жəне  спутниктік 
тізбектерімен  біріктірілген  ең  өнімді  компьютерлердің  бірнешеуі 
Интернеттің  тірек  желісін  құрайды.  Тірек  желісінде  суперком-
пьютерлер  жұмыс  істейді,  олар  əдетте  аса  ірі  университеттік  не-
месе ғылыми орталықтарда орналасады. Тірек желісі тізбектерінің 
өнімділігі  секундына  бірнеше  Гбит-қа  жетеді.  Ұлттық  желілерге 
кəсіпорындар  мен  провайдерлердің  жергілікті  желілері  қосылады. 
Тізбектің  типіне  байланысты  олардың  өнімділігі  ондаған  Мбит/с-
қа дейін барады. Кейін бұл жергілікті желілердің компьютерлеріне 
жеке пайдаланушылар қосыла алады. Егер ұйымдар мен жеке адам-
дар ақы төлеу негізінде Интернетке шығарылатын болса, провайдер-
лер деп аталады. 
Интернетте  көптеген  қызмет  түрлері  бар.  Олардың  ішіндегі 
ақпаратты  таратуға  арналғандары:  www  мəліметтер  базасы, FTP 
файлдық архивтер жүйесі, Telnet, т.б.; электрондық мəліметтер ал-
масу үшін: электрондық пошта (E-mail), Usenet телеконференциялар 
жүйесі, ICQ, IRC, IP-телефония  жəне  басқалары.  Интернеттің  əр 
қызмет бабы мəлімет таратудың немесе алмасудың əр түрлі функци-
яларын атқарады. Жыл сайын олардың кейбірі ескіріп жойылса, енді 
бірі жаңадан қолданысқа енеді.
 260-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын жəне жасалу жо-
лын  түсіндіріңіздер.
 1.   Бүкілəлемдік.  2.  Ғаламтор.  3.  Желіаралық.  4. Талшықтық-
оптикалық. 5. Кəсіпорындар. 6. Телеконференциялар.
  261-тапсырма.  Қос  шеңбердегі  сөздерді  біріктіре  отырып,  сөз 
тіркестерін жасаңыздар.

73
 
   
4
            
ɬɢɩɿ 
           
ɠɟɥɿɥɟɪ  
ɩɚɣɞɚɥɚɧɭɲɵ 
          
ɛɚɛɵ      
   
ɠԛɣɟɫɿ 
ԝɥɬɬɵԕ 
ɬɿɡɛɟɤɬɿԙ 
     
ɠɟɤɟ        
ɦԥɥɿɦɟɬɬɟɪ           
    
ԕɵɡɦɟɬ 
         1. _________________    4. _______________ 
         2. _________________    5. _______________ 
         3. ________________      6. _______________ 
 262 - тапсырма. Сөйлемдерді тірек сөздермен толықтырыңыздар.
 1. Телекоммуникациялық  технологияларды  ұтымды  пайдалану 
... бірі – бүкілəлемдік ғаламтор. 2. Ғаламторда ІР ... адрестеуге жау-
ап береді. 3. ТСР ... тиісті адрестер бойынша жеткізуді қамтамасыз 
етеді. 4. Тірек  желісінде ... жұмыс  істейді. 5. Олар  əдетте  аса  ірі 
университеттік  немесе  ғылыми ... орналасады. 6. Тірек  желісі ... 
өнімділігі секундына бірнеше Гбит - қа жетеді. 7. Ұлттық желілерге 
кəсіпорындар мен провайдерлердің ... желілері қосылады. 8. Кейін 
жергілікті желілердің компьютерлеріне жеке ... қосыла алады. 
 Тірек сөздер: 1. Хабарларды. 2. Жолдарының. 3. Орталықтарда. 
4. Жергілікті. 5. Тізбектерінің. 6. Пайдаланушылар. 7. Суперкомпью-
терлер.8. Желідегі.
 263-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін жазып, олар-
мен дара жəне күрделі пысықтауышты сөйлемдер құрастырыңыздар.
1
Атқару
орындау
Еліміздің өндірістерінде инновациалық 
бағыттағы шаралар жүзеге асуда.
2
Тарату
3
Алмасу
4
Қосылу
6
Пайдалану
7
жеткізу 
 264-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен дара пысықтауышты 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1. Қолданысқа ену. 2. Ескіріп жойылу. 3. Мəлімет алмасу. 4. IP-
телефония қызметі. 5. Usenet жүйесі. 6. Аспап жасау. 7. Интернетке 

74
шығару. 8. Тізбектің өнімділігі. 9. Жергілікті желілер.
265-тапсырма.  Мына  сөздерді  сыңарларымен  тіркестіріп, 
күрделі пысықтауышты сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. Бүкілəлемдік
2. Бақылау
3. Спутниктік 
4. Тірек
5. Жеке
6. Мəліметтер
А. хаттамасы
В. ғаламтор
С. базасы
D. адамдар
E. тізбектер
F. желісі
266-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен  кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
267-тапсырма.  Мəтінді  қайта  оқып,  тезистік  жоспарын 
жасаңыздар.  Жоспар  бойынша  өз  сөздеріңізбен  мазмұнын  айтып 
беріңіздер.
268-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер.  Əр  абзацқа  тақырып  беріп,  мазмұнын  қосымша 
ақпаратпен толықтырыңыздар.
269-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
бүкілəлемдік ғаламтор жайында өзара əңгімелеcіңіздер.
1. Бүкілəлемдік ғаламтор дегеніміз не?
2. Ғаламторда нелер пайдаланылады?
3. ТСР дегеніміз не? ІР желі дегеніміз не?
4. Интернетте қандай қызмет түрлері бар?
5. Сіз интернетті жиі қолданасыз ба?
270-тапсырма.  Мына  сөз  тіркестерімен  дара  жəне  күрделі 
пысықтауышты сөйлемдер құрастырыңыздар.
 
1.  Ауқымды желілер. 2. Интернет желісі. 3. Тапсырыс бойынша.
 4. Біріктіретін желі. 5. Қашықтағы компьютер. 6. Мəліметтер база-
сы. 7. Жеке пайдаланушы.
 
 

75
 
271-тапсырма. Берілген тірек жоспар бойынша «Бүкілəлемдік 
ғаламтор  жəне  оны  тиімді  пайдалану»  тақырыбында  дөңгелек 
үс     тел ұйымдастырыңыздар.
1.  Бүкілəлемдік ғаламтор
2.  Ғаламтордағы ТСР/ІР қызметтері
3.  Суперкомпьютерлер жұмысы 
4.  Ұлттық интернет желілері
5.  Жергілікті желілер қызметі
6.  Ақпаратты таратуға арналған қызметтер
7.  Электрондық мəліметтер алмасу жүйелері
 272-тапсырма.  Дəрісханалардағы  компьютерлердің  жергілікті 
желіге    біріктірілу    схемасын    салып,  дара    жəне  күрделі  пысық-
тауышты сөйлемдер арқылы түсіндіріңіздер. 
 
273-тапсырма. Мəтін мазмұнын түсінгеніңізді шын (ш) немесе 
жалған (ж) жауабын таңдай отырып, дəлелдеңіздер.
 Сөйлемдер
Шын Жалған
1. Қазіргі уақытта 100-ден аса ауқымды желілер бар.
2.  Интернет – бүкіл  əлемдегі  миллиондаған  шағын 
компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған 
орасан зор компьютерлік желі.
3.  Ол  хаттама  деп  аталатын  бірыңғай  стандартпен  жұмыс 
істемейді.
4. Желідегі компьютерлерде мəтін, сурет, аудио-бейнемате-
риалдар, өте үлкен ақпарат көлемі сақталмайды.
5.  Интернет 1969 жылы  АҚШ-та  осы  елдің  қорғаныс 
министрлігінің  тапсырысы  бойынша  жасалған ARPANET 
желісінен пайда болды.
6. Интернетте TCP/ IP пайдаланылмайды.
7.  Тірек  желісі  тізбектердің  өнімділігі  секундына  бірнеше 
Гбит-қа жетпейді.
8.  Ұлттық  желілерге  кəсіпорындар  мен  провайдерлердің 
жергілікті желілері қосылмайды.
9. Интернетте көптеген қызметтер жұмыс істемейді.
10.  Егер  ұйымдар  мен  жеке  адамдар  ақы  төлеу  негізінде 
Интернетке шығарылатын болса, оларды провайдерлер деп 
атайды.
11. Тірек желісінде суперкомпьютерлер жұмыс істемейді.

76
274-тапсырма.  «Ғаламтордың  адам  өміріндегі  маңызы  неде?» 
тақырыбына эссе жазыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...