Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Б. Жақсылықова кəсіби қазақ тілі


Үлгі: Өзі осында, ойы сонда.   181- тапсырма

Loading...


Pdf көрінісі
бет5/20
Дата02.04.2020
өлшемі1.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 Үлгі: Өзі осында, ойы сонда. 
 181- тапсырма.  Берілген    сөздерді  мұқият  оқып,  есте      сақ-
таңыз дар.
мүмкіндіктері – возможности
өнімділігі – производительность
арналуы – предназначение
өндірістік – производственный
қуатты – мощный
жүктелетін – загружаемый
дербес – персональный
пайдаланушы – пользователь
тұтастай – компактный, сплошной, 
өлшемдері – мера, размер
  182-тапсырма.  Мəтінді  мəнерлеп  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
Дербес компьютерлер
Есептеу  машиналары  өздерінің  арналуы  жəне  функционалдық                               
мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дарға, мини ЭЕМ - дарға, микро 
ЭЕМ - дарға жəне  дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді. 
 Үлкен ЭЕМ-дар – бұл өте қуатты компью-
терлер,  олар  ірі  мекемелерге,  кəсіпорындарға 
немесе  халық  шаруашылығының  тұтастай  са-
лаларында  жұмыс  істеу  үшін  қолданылады. 
Үлкен  ЭЕМ-дарды  пайдалану  үшін  көптеген 
қызметкерлері  бар  есептеу  орталықтары 
құрылады.  Олар  бірнеше  міндеттерді  қатар 
шешіп, бірнеше пайдаланушымен қатар жұмыс 
істей алады. Мини ЭЕМ-дардың үлкен ЭЕМ-дарға қарағанда, көлемі 
шағын жəне өнімділігі мен құны да төмен. Мини ЭЕМ-дар өндірістік 

51
 
процесстерді басқаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды 
оқу ісімен үйлестіретін жоғары оқу орындарында қолданылады. Ми-
кро ЭЕМ-дардың тиімділігі үлкен ЭЕМ-дарға қарағанда төмен жəне 
олар негізінде деректер дайындау, бағдарламалық қамтамасыз етуін 
жетілдіру бойынша көмекші операцияларды орындайды. 
 Дербес компьютерлер бүгінгі күні көпшілік арасында кең тара-
ды. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі – ол бір-ақ адам 
жұмыс  істеуге  арналған.  Қазіргі  ДК  көлемі  шағын,  өнімділіктері 
жоғары.  Дербес  компьютерлер  адам  əрекетінің  барлық  салала-
рында  қолданылады.  Дербес  компьютерде  жұмыс  істеу  дегеніміз, 
оның  операциялық  жүйесімен  жұмыс  істеу.  Операциялық  жүйе - 
бұл  компьютерді  іске  қосқан  кезде  жүктелетін  жəне  оның  барлық 
құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.
  183-тапсырма.  Төмендегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  есте 
сақтаңыздар.
 
 
 
 
 
1.
Ԕԝɪɵɥԑɵɥɚɪ 
2.
Ɇԛɦɤɿɧɞɿɤɬɟɪ 
3.
Ⱦɟɪɛɟɫ ɤɨɦɩɶɸɬɟɪ 
4.
Ԛɣɥɟɫɬɿɪɟɬɿɧ ɠԛɣɟ 
5.
ȿɫɟɩɬɟɭ ɨɪɬɚɥɵԕɬɚɪɵ 
6.
Ԧɥɲɟɦɞɟɪɿ ɲɚԑɵɧ 
7.
Ԧɧɿɦɞɿɥɿɝɿ ɬԧɦɟɧ 
8.
Ⱦɟɪɟɤɬɟɪ ɞɚɣɵɧɞɚɭ 
 184-тапсырма.  Сөз  тіркестерімен  дара  жəне  күрделі  баянда-
уышты сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. Мүмкіндігіне қарай. 2.Өте қуатты. 3.Жүктелетін бағдарлама.
4. Көпшілік арасында. 6. Операциялық жүйе.
  185-тапсырма.  Мəтіннен  септік  жалғаулы  сөздерді  теріп 
жазып,  олармен  дара  жəне  күрделі  баяндауышты  сөйлемдер 
құрастырыңыздар.
 Үлгі: Компьютерді (-ді- табыс септік). Оқытушының рұқсатынсыз 
компьютерді іске қосуға болмайды
  186-тапсырма.  Төмендегі  сөздердің  синонимдерін  тауып 
жазыңыздар. 
 1. Қуатты. 2. Шағын. 3. Тұтас. 4. Ірі. 5. Төмен. 6. Кең. 7. Жоғары. 

52
 187-тапсырма.  Мəтіннен  тəуелдік  жалғауы  бар  сөздерді  теріп 
жазып, олармен есім баяндауышты сөйлемдер құрастырыңыздар
 Үлгі: орталықтары – ( -ы ) тəуелдік жалғау, 3 жақ.- Əлемде ком-
пьютер шығаратын орталықтардың қызметі өте жоғары деңгейде. 
188-тапсырма.  Төмендегі  сөйлемдердің  тұрлаулы  жəне 
тұрлаусыз мүшелерін ажыратып, астын сызыңыздар.
 1. Үлкен  ЭЕМ-дар  ірі мекемелерде, кəсіпорындарда қол даныла-
ды. 2. Дербес  компьютермен  жұмыс  істеу  өте  қолайлы. 3. Мини 
ЭЕМ-дар үлкен ЭЕМ-дардан шағын жəне өнімділігі төмен. 4. Дер-
бес  компьютер  бірнеше  құрылғылардан  тұрады. 5. Жедел  жадты 
электрмен коректендіріп отыру керек. 6. Пернатақта – компьютерге 
ақпарат енгізуге арналған құрылғы.
 189-тапсырма. Мəтін мазмұнын негізге алып, төмендегі кестені 
толтырыңыздар.
 
Үлкен ЭЕМ Мини ЭЕМ Микро ЭЕМ Дербес компьютер
Көлемі
Өнімділігі
Қолдану 
саласы
 190-тапсырма.  «Компьютер»  деген  ұғым  төмендегі  сын 
есімдердің қайсысымен тіркесе алады.
 1. Жоғары. 2. Өнімді. 3. Қосымша. 4. Дербес. 5. Ауыр. 6. Элек-
тронды. 7. Арнайы. 8. Қысқы. 9. Сапасыз. 10. Заңды. 11. Үлкен. 
12. Мини.
 191-тапсырма. Көп  нүктенің  орнына тиісті жалғауларды қойып, 
жазыңыздар.
    1. Дербес компьютер .... 2. Барлық құрылғы...ының. 3. Есептеу 
машина...ы. 4. Қуатты компьютер... . 5. Ірі кəсіпорын...ға. 6. Барлық 
сала...ында. 7. Көптеген қызметкер...і. 8. Есептеу орталық...ы. 
8. Бірнеше міндет...ді. 9. Өлшем...і шағын. 10. Ғылыми мекеме...де. 
11. Дерек... дайындау. 12. Көмекші операция...ды. 

53
 
192-тапсырма.  Тірек  сөздерді  пайдалана  отырып,  берілген 
сөйлемдерді толықтырыңыздар.
 1.   Ақпарат  жинақтауыштар  – кез  келген  ЭЕМ-нің ... бөлігі. 
2. Олар ... ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қажет. 3. Сыртқы ... кез 
келген программа, мəлімет сақтала береді. 4. ДЭЕМ-дерге ақпаратты 
жинақтауыш  ролін  магниттік  дискілердегі ... атқарады. 5. Қатты 
дискідегі  мəлімет  жинақтауыштар  ақпаратты ... сақтауға  арналған. 
6.  Дискетті  алғаш  рет  пайдалану  алдында,  оны  арнайы ... формат-
тайды.
 Тірек сөздер: 1.  Сақтауға.  2.  Тəсілмен.  3.  Жадта.  4.  Көлемді. 
5. Қажетті. 6. Жинақтауыштар.
193-тапсырма.  Сөздікті  қолдана  отырып,  мəтінде  кездес-
кен    кəсіби  ұғымдар  мен  терминдердің  түсіндірмесін  дəптерге 
жазыңыздар.
194-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос-
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
195-тапсырма.Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер.  Əр  абзацқа  тақырып  беріп,  мазмұнын  қосымша 
ақпаратпен толықтырыңыздар.
196-тапсырма.  Төмендегі  сұрақтарды  пайдалана  отырып, 
алғашқы  дербес  компьютерлер  жəне  олардың  соңғы  жетілдірілген 
түрлері жайында əңгімелесіңіздер.
1. Үлкен ЭЕМ-дар – қандай компьютерлер?
2. Мини ЭЕМ-дар қайда қолданылады? 
3. Микро ЭЕМ-дардың тиімділігі неде?
4. Дербес компьютерлер туралы тағы не білесіздер? 
197-тапсырма.  Өздеріңіз  оқитын оқу  орнындағы  мультимедия-
лық кабинеттер жұмысы жайында шағын əңгіме құрастырыңыздар.
198-тапсырма.  Анықтамаларды  мағынасы  бойынша  орналас-
тырыңыздар.

54
1. Бұл компьютер бір-ақ адам жұмыс істеу үшін арналған.
2. Бұл компьютерлер кəсіпорындарда, халық шаруашылық сала-
ларында қолданылады.
3.  Басқа  ЭЕМ-ға  қарағанда,  құны  мен  өнімділігі  төмен,  өлшемі 
де шағын.
4. Келесі ЭЕМ-ның жұмысы көмекші операцияларды орындау.
1    ------------------------------------------- Дербес компьютерлер
2.   ------------------------------------------- Микро ЭЕМ
3.   ------------------------------------------- Үлкен ЭЕМ
4.   ------------------------------------------- Мини ЭЕМ
199-тапсырма.  «Компьютердің  пайдасы  неде?»  тақырыбына 
сұх бат құрып, өзара сөйлесіңіздер.
200-тапсырма. “Компьютерлердің  соңғы  модельдері”  тақыры-
бына баяндама дайындаңыздар.
201-тапсырма.  “Дербес  компьютерлердің  мүмкіндіктері  мен 
жетістіктері” тақырыбына эссе дайындаңыздар.
202-тапсырма.  «Компьютер»  тақырыбы  бойынша  берілген 
сөзжұмбақты шешіңіздер.
           

                       
   

     
 
                         
 
1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
         
8
           
   
 
       
 
     

   
             
2
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     
             
   
 
       
 
     
 
     
       
9
   
   
 
       
 
     
 
     
       
     
   
 
       
 
     
 
   
4
             
   
 
             
 
     
       
     
   
 
     
3
 
 
 
 
 
 
 
             
     
   
 
             
 
             
     
                               
     
                               
     
                               
     

55
 
  Көлденеңінен: 1.  Компьютерде  ақпарат ... жүйеде  көрсетіледі. 
2.  Компьютерге  мəліметтер  мен  командаларды  енгізуге  арналған 
құрылғы. 3. Мəтіндік  не  графиктік  ақпаратты  қағазға,  плас тикке 
шығаруға  арналған  құрылғы,  ЭЕМ-ның  ақпарат  басып  шығаруға 
арналған  перифериялық  құрылғыларының  бір  түрі. 4. Электронды 
сəулелік түтікше экранында ақпаратты көрсетіп бейнелеуге арналған 
құрылғы, бейнетерминал.
Тігінен: 5. Компьютер ағылшын тілінен «computer» - «…». 6. Бей-
небетте  көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, олар-
ды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы. 7. Компьютер 
шеше алмайтын есептерді кім сипаттайды? 8. Сəулеті мен элементтік 
негізінің  түрлері  бойынша  біріктірілген,  тарихи  қалыптасқан  ком-
пьютер  топтары – компьютер ... . 9. Математика,  кибернетиканың 
жəне информатиканың негізгі ұғымдарының бірі.
       

56
 4-Модуль Дербес компьютерлер жабдықтары
 
       4.1. Лексикалық тақырып: Жүйелік блок қызметі
 Грамматикалық тақырып: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. 
Толықтауыш жəне оның жасалу жолдары.
 
Теориялық  блок.  Сөйлем  ішінде  толықтауыш  табыс,  барыс, 
шығыс,  жатыс,  көмектес  септіктерінің  бірінде  тұрып,  осы  сеп-
тіктердің  сұрақтарына  жауап  береді  жəне  толықтайтын  мүшесімен 
заттық  ұғымда  байланысады.  Толықтауыштар  мағынасына  қарай 
тура  жəне  жанама  болып  бөлінеді.  Тура  толықтауыштар  табыс 
септік  жалғауында,  жанама  толықтауыштар  барыс,  шығыс,  жатыс, 
көмектес  септіктерінің  бірінде  тұрады.  Мысалы,  Баланы  оқытуды 
жек көрмедім (Абай) - тура толықтауыш. Ас иесімен тəтті. –жана-
ма  толықтауыш.  Толықтауыштар  зат  есімнен,  есімдіктерден  жəне 
заттанған басқа да сөз таптарынан (сын есім, сан есім, етістік) жа-
салады. Мысалы, Университеттің студенттері Белоруссиядан келген 
ғалымдармен кездесті. Бəрі оған аса құрметпен қарайтын. Жақсыда 
кек  жоқ,  кектіде  тек  жоқ.  Атадан  алтау,  анадан  төртеу,  жалғыздық 
көрер жерім жоқ (Абай). Олар деректерді өңдеуді, электр тогының 
қосылуын,  қосымша  құрылғыларды  қосуды  қамтамасыз  етеді. 
Толықтауыштар құрылысына қарай дара жəне күрделі болып келеді. 
Мысалы,  Студенттер  қазақ  елінің  қаһарманы  Т.Бигельдиновпен 
кездесті. Бұл жайында бас инженерден сұраңыз. Өтінішті ректордың 
атына жазарсыз.
Тəжірибелік блок
203-тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  ішіндегі  толық тауыш-
тардың түрлерін анықтап, қандай септікте тұрғанын түсіндіріңіздер.
 1. Оқытушылар  бұл  хабарды  қуана  қарсы  алды. 2. Тəжірибелі 
инженер  екені  іс-əрекетінен  аңғарылды. 3. Студенттердің  жасаған 
ғылыми  жобаларының  болашағына  сенемін. 4. Абай  тапсырма-
ны  тəп-тəуір  орындапты. 5. Бұл  аспап  бір  секундта  қосу,  азайту, 
көбейту амалдарын шапшаң орындай алды. 6. Соңғы жылдары оның 
жетілдірілген түрі пайдалануға енгізілді. 7. Жақсының жақсылығын 
айт, нұры тасысын. 8. Кеше мұнайдың бағасы төрт барельге өсті. 

57
 
204-тапсырмаБерілген сөйлемдердің ішінен тура жəне жанама 
толықтауыштарды анықтап, қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.
 1. Public relations қоғамдық  феномен  сияқты  əлдеқашан  пайда 
болды. 2. IT - технологиялар қоғамдық өмірдің барлық саласына енді. 
3. Бұл үрдіс PR саласына да өз ықпалын жасады. 4. Сіз ақпаратты 
жеткізуді жəне оның тұтастығын сақтауды бақылаңыз. 5. Компьютер 
мəлеметтерін  қорғаудың  жаңаша  тəсілі – шифрлау  əдісі. 6. Қазіргі 
таңда  бірде-бір PR-акциялар  интернетсіз  іске  аспайды. 7. Орташа 
статистикалық  есеппен  алғанда  презентация  кезінде  ау диторияда 
бірнеше  ондаған  адам  болады. 8. Ал  далада  өтетін PR-акцияларда  
бірнеше жүз адам болады. 
205-тапсырма.  Құрамында  дара  толықтауыштары  бар  бірнеше 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
206-тапсырма.  Құрамында  күрделі  толықтауыштар  кездесетін 
бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
207-тапсырмаБерілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
пернетақта – клавиша
жүйелік блок – системный блок
оларсыз – без них
жинақталған – собранный
дискжетек – дисковод
аналық тақша – материнское плато
тінтуір – мышь
бейнетақша – видеоадаптер
деректер – данные
дыбыс тақша – звукоадаптер
батырма – кнопка
қоректендіру блогы – блок питания
208-тапсырма.  Мəтінді  мəнерлеп  оқып,  мағынасын  түсінуге 
тырысыңыздар.
 Жүйелік блок қызметі
Кез  келген  дербес  компьютер  бірнеше  құрылғылардан  тұрады. 
Бұл  құрылғылардың  кейбірі  өте  маңызды  саналады.  Маңызды 
құрылғыларға  монитор,  жүйелік  блок  пен  пернетақта  жатады. 
Өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді. Басқа құрылғылар да 
пайдалы міндеттер атқарады, бірақ компьютер оларсыз жұмыс істей 
алады.  Дербес  компьютердің  жүйелік  блогы  мен  жедел  жадынан 

58
басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: мо-
нитор, пернетақта, принтер, тінтуір, модем. 
Жүйелік  блокқа  дербес  компьютердің  негізгі  құрылғылары 
жинақталған. Олар деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын, 
қосымша құрылғыларды қосуды қамтамасыз етеді. Жүйелік блоктың 
алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу - өшіру батырмасы, дискже-
тек, компакт-дискіден оқитын CD-ROM орналастырылған.
Жүйелік  блоктың  ішінде  аналық  тақша,  қоректендіру  блогы, 
жедел  жад,  қатқыл  диск,  дискжетек, CD-ROM, бейнетақша,  ды-
быс тақшасы мен көптеген басқа құрылғылар бар. Жүйелік блок – 
компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің “миы”. Ол бүкіл 
компьютердің жұмысын атқарады жəне бағдарламалардағы барлық 
командаларды орындайды. 
  209-тапсырма.  Берілген  сөздермен  дара  жəне  күрделі  толық-
тауышты сөйлемдер құрастырыңыздар.
 
 
        
ɀԛɣɟɥɿɤ ɛɥɨɤ,  ɩɟɪɧɟɬɚԕɬɚ,  ԕԝɪɵɥԑɵ, ɠɟɞɟɥ ɠɚɞ, ɬɟɬɿɤ, ɬɿɧɬɭɿɪ, 
ɦԥɥɿɦɟɬ, ɠɟɥɿɥɿɤ ɚɞɚɩɬɟɪ, ɬɨɪɚɩ. 
                            
  210-тапсырма.  Мəтін  мазмұнына  сүйене  отырып,  берілген 
сөйлемдерді толықтырыңыздар.
 1. Дербес компьютер бірнеше... тұрады. 2. Дербес компьютердің 
процессоры  мен  жедел  жадынан  басқалары  оның...  құрылғылары 
болып      табылады. 3. Жүйелік    блоктың  алдыңғы  тақтасында 
компьютерді қосу/өшіру ... орналасқан. 4. Процессор компьютердің 
... . 5. Жедел жад –  бұл компьютердің ... жады. 6. ЖЖҚ – ақпараттарды 
уақытша ... арналған жад. 7. ... компьютерге ақпарат енгізуге арналған 
құрылғы. 
  211-тапсырма.  Төмендегі  етістіктерді  болымсыз  түрге 
қойыңыз дар.
 Атқару, алу, табылу, істеу, жалғасу, айналдыру, жинақтау, өңдеу, 
орналастыру, шығару, орындау, енгізу, орнату, өшіру.
212-тапсырма. «Компьютерде» деген ұғым қай сөзбен етістікті 
тіркес жасай алады?

59
 
Теру
Компьютерде
 
            
Орындау
Жазу
Тарау
Салу
Арнау
Ойнау
Төлеу
Секіру
Есептеу
Өндіру
Ұйымдастыру
Өткізу
Есептеу
Дайындау
Көбейту
Бөлу
Ескерту
Істеу
Шығару
Қолдану
Жинау
 
213-тапсырма.  Төмендегі  етістіктерге  есімшенің  жұрнақтарын 
жалғап, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
Үлгі:  орналасу - орналас - қан,  орналас - ар,  орналас - атын. – 
Берік орналасқан.
Жалғасу,  өңдеу,  енгізу,  орнату,  өшіру,  қосу,  сөндіру,  ісеу,  жазу, 
беру, шығару, басу, көрсету, бөлу, қолдану.
214-тапсырма. Мəтін  ішінен  толықтауыштарды  тауып, олардың 
қандай септіктер арқылы жасалғанын  анықтаңыздар.
215-тапсырма Сөздікті қолдана отырып, мəтінде кездес кен кəсіби 
ұғымдар мен терминдердің түсіндірмесін  дəптерге жазыңыздар.
216-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жос -
пар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
217-тапсырма.  Мəтінді  мұқият  оқып,  мағыналық  бөліктерге 
бөліңіздер. Əр абзацқа тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпарат-
пен толықтырыңыздар.
218-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, дербес 
компьютерлер жабдықтары жайында өзара əңгімелесіңіздер.

60
1.  Дербес компьютер неден тұрады? 
2. Жүйелік блок дегеніміз не?
3. Жүйелік блоктың  қызметі неде?
4. Жүйелік блокта не орналастырылған? 
5. Жүйелік блок компьютердің қандай жұмысын орындайды? 
6. Деректер қайда сақталады? 
 219-тапсырма.  «Келешектің  зерек  компьютері»  тақырыбында 
эссе жазыңыздар.
 
4.2. Лексикалық тақырып:  
Жедел жады жəне дисплей
  Грамматикалық  тақырып:  Анықтауыш  жəне  оның  жасалу 
жолдары. 
 
Теориялық блок. Сөйлем ішінде анықтауыш  қандай? қай? кімнің? 
ненің?  қанша?  неше?  нешінші?  қайдағы?  қашанғы?  сұрақтарына 
жауап  беріп,  заттық  ұғымда  жұмсалған  басқа  мүшелердің  сын-
сипатын,  мөлшерін  сипаттайды.  Мысалы,  Халық  сайлаған 
қалаулылар жазғы демалыста шалғай ауылдарды аралауға шығады. 
Анықтауыш негізінен сын есім арқылы жасалады. Кейде сан есім, 
есімдік, есімше, зат есімдер де анықтауыш қызметін атқарады. Мы-
салы, Күндер зымырап өтіп жатыр. Кəсіподақ ұйымының төрайымы 
Ж.Калиакпарова  студенттерді  сертификатпен  марапаттады.  Кел-
ген  шетелдік  ғалымдардың  ішінде  Нобель  сыйлығының  иегерлері, 
əлемнің атақты сарапшылары бар. Бас жүлдені үшінші курс студенті 
Айдынов алды. Кеше университетке екі жүз компьютер алып келді. 
Осы алған білімің сені алға жетелесін, балам.
Анықтауыштар  құрылысына  қарай  дара  жəне  күрделі  болып 
келеді. Мысалы, Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Статистикаға сенсек, 
елімізде жұмыссыз отырған адам жоқ. Алматы – əсем қалам. 
Тəжірибелік блок
220-тапсырма.  Берілген    сөйлемдердің      ішіндегі  анықтауыш-
тар  дың түрлерін анықтап, қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.
1.  Сематикалық  сүзгі  мəлімдеменің  мазмұның  меңгеруге  мүм-
кіндік  береді. 2. Есептеуіш  техникада  қауіпсіздік  ұғымы  өте  кең 

61
 
мағынада қолданылады. 3. Барлық өркениетті елдерде азаматтардың 
қауіпсіздігін  заң  қорғайды. 4. Бүгінгі  операциялық  жүйелердің 
барлық  жақсы  қасиеттерін Linux  өзінде  қамтыған. 5. Оны OS/2 
операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. 6. Интернетте 
Linux  жүйесі  персоналды  компьютерлерде  жұмыс  жасайтындарға 
негізгі тірек болып табылады. 
221-тапсырма. Берілген   сөйлемдердің  ішіндегі  анықтауыш тар     -
дың қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.
1.  Дербес компьютерлер  пайдалануға  ыңғайлы,  қарапайым,  жұ-
мысы ның  сенімділігі  жоғары,  арзан  болып  келеді. 2. Оларда  қол-
данылатын  бағдарламалық  жабдықтар  тез  игеріледі. 3. Сондықтан 
оларды  қызметтің  алуан  түрлі  саласында  кеңінен  қолдануға  бола-
ды. 4. Мамандандырылған  дербес  компьютерлер  қызметкерлердің 
жұмыс орны ретінде пайдаланылады. 5. А.А.Фридман  Эйнштейннің 
салыстырмалық теориясына сəйкес Əлемнің эволюциялық сипатын 
ашты. 6. Бұл  теорияда  кеңістіктің  үш  өлшемі  жəне  уақыттың  бір 
өлшемі байланыстырылған. 7. Осылардың қосылуы нəтижесінде төрт  
өлшемді  кеңістік  пайда  болады. 8. Осы  объектілердің  жақындауы 
мен алыстауын Доплердің эффектісін пайдалану арқылы анықтауға 
болады. 9. Шыңның басындағы жалауша алыстан көз тартады. 
222-тапсырма.  Құрамында  дара  анықтауыштары  бар  бірнеше 
сөйлемдер құрастырыңыздар.
223-тапсырма.  Құрамында  күрделі  анықтауыштар  кездесетін 
бірнеше сөйлемдер құрастырыңыздар.
224-тапсырмаБерілген сөздерді мұқият оқып, есте сақтаңыздар.
тұрақты – постоянный
орнатылады – вставляется
ішкі жады – внутренняя память
жүйе – система
уақытша – временно
көмегімен – с помощью
 
225-тапсырма.  Мəтінді  мəнерлеп  оқып,  кəсіби  сөздерді 
дəптерге жазып алыңыздар жəне олардың мағынасын сөздік арқылы 
анықтаңыздар.

62
Жедел жады жəне дисплей
Жедел  жад – бұл  компьютердің  ішкі  жады.  Жедел  жад  неме-
се  амалдық  жадтайтын  құрылғы – ол  қажет  ақпараттарды  өзіне 
жылдам  жазуға  жəне  одан  оқуға  мүмкіндік  береді.  Жедел  жадта 
деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру 
керек. Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын 
құрылғы. Тұрақты жадтайтын құрылғы (ТЖҚ ) – бұл компьютердің 
ішкі  жады.  Ол  компьютердің  ішіне  құрастырушы  фирмада  орна-
тылады.  Компьютерді  іске  қосқанда,  алдымен  ақпарат  ТЖҚ-дан 
алынады.  Содан  соң  компьютерге  орнатылған  амалдық  жүйе  іске 
қосылады.  Жедел  жадтайтын  құрылғы  (ЖЖҚ) – ақпараттарды 
уақытша сақтауға арналған жад.
Дисплей – компьютердің  экранына  ақпаратты  шығаратын 
құрылғы. Дисплей – компьютердің “тілі”. Дисплей оның көмегімен 
өзінің  жұмысы  туралы  барлық  қажет  ақпаратты  беріп  отырады. 
Дис плей электрондық-сəулелік түтікшеден, қоректендіру блогынан 
жəне сəулені басқарушы электрондық блоктан тұрады.
 226-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерімен  дара  жəне  күрделі 
анықтауышты сөйлемдер құрастырыңыздар.
 1.  Жедел  жады.  2.  Қоректендіру  блогы.  3. Амалдық  жүйе. 
 4. Шы  ғаратын құрылғы. 6. Сəулелік түтікше.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...